Бюджет түсінігі. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны. Бюджеттің ерекше айналымы

Бюджет - ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракциянын басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондыктан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық күндылык өнім бөлу аумағында мемлекет пен занды және жеке түлғалар арасындағы қаржылық қарым-қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын кұндылык бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды аткаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар корын калыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет — ол мемлекеттің міндетгері мен функцияларын іске асыруын қаржылык қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң.

Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формациядан баска формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгерпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік карым-катынаста жатыр.

Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан, ол сол қаржының барлық негізгі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде «қаржы» жалпы ақша қарым-қатынас жүйесі болса, яғни мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру және пайдалану процесі, онда «бюджет» өз алдына ақша қарым-қатынас жүйесін құрады, яғни бюджеттік қорды калыптастыру және пайдалану процесі. Бюджеттік қор көптеген коғамдық қажеттілік шығындарды (әлеуметтік, қорғаныс, т.б.) қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар) беттерінде «бюджет» термині әр түрлі ұғымда пайдаланады, мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған қоса, әдебиетте мем-лекеттік бюджетке тағы да келесідей аныңтама берілген: бюджет - ол қаржылық жоспар; бюджет - ол басқарушылық жоспар; бюджет - ол заңнамалық құжат; бюджет - ол коммуникация құралы; бюджет - ол бюджеттік салық саясатты дәлелдейтін құжат деген. Бірақ, бюджеттік салық саясатының мазмүны өте кең, себебі оған мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен фискалдык саясаттың көрсеткіштері, бюджеттің көрсеткіштері тағы басқа көрсеткіштер мен ережелер кіреді.

«Бюджет» деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей түсініктемелерден калыптасады деп айтуға болады:

• ол өз алдында жеке бір экономикалық категория;

• ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;

• ол экономиканы реттеуге арналған құрал (бюджеттік механизм арқылы);

• ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;

• ол барлық бюджеттік қарым-қатынасқа қатысушылар міндетті түрде орындайтын заң.

Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде сипатгалады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдык өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Акша қаражатгары ресурстарын орталыктандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар мемлекеттін жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі кұралы, біріккен экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.

Сондықтан, Бюджет кодексіңде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген - ол «республикалык және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет». Сонымен қатар, «мемлекеттік бюджет» термині - мемлекет кұрастыратын және баскаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланады.

Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылық карым-қатынастағы әр түрлі катысушылардың әлеумелік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі ымыраға (компромисс) келеді, бюджеттік дотациялар мен трансфертер бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясатгық және әлеуметтік дамуын көрсетеді.

Наши рекомендации