Бап. Кедендік телемдер мен алымдарды төлеуден жалтару
1. Ірі мөлшердегі кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды немесе басңа да кедендік төлемдерді төлеуден жалтару -
2. Лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаган дәл сол іс-әрекет -
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -
Ескерту.
Бересінің сомасын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген есептелген өсімпұлдарды, айыппулдар сомасын өз еркімен телеген адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс қурамы болмаса, осы баптың бірінші бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Қылмыстық кодекстің 236-бабында ірі мөлшерде кеден бажын, салықтарды, ке-ден алымдарын, лицензия бергені үшін алынатын алымдарды немесе басқа кедендік төлемдерді төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі мемлекеттік кеденді реттеу саласында қалыптасқан қоғамдық қатынастар.
Қылмыстық қүдық бүзушылықтың заты - кеден төлемдері мен алымдары.
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы кодекстің 18-бабына сэйкес кеден төлемдеріне - кеден бажы, кеден ақы жэне басқалар; кеден алымына - лицензиялар бер-гені үшін алым, маманның кедендік ресімдеу жөніндегі біліктілік аттестатын бергені үшін алым, кедендік ресімдеу үшін кедендік алым, тауарларды сақтау үшін кедендік алым, тауарларды кеденнен ілесе өткізгені үшін кедендік алымдар жатады.
Объективтік жағынан қылмыстық кұқық бұзушылық эрекетсіздік арқылы - кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай кінэлі адамның кеден төлемдері мен алымдарын төлеуге міндетті болғанын жэне оны жүзеге асыруға толық мүмкіндігі болғанын анықтау өте қажет. Қьшмыстық кодекстің 236-бабының негізгі шарты - қылмыстық кұқық бұзушылық үшін жауаптылықтың ірі мөлшердегі кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтарған жағдайда ғана орын алатыны болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 3-бабының 38-тармағына сэйкес «егер төленбеген кеден төлемдерінің құлы бес мың айлық есептік көрсеткіштен асса, кеден төлемдерін төлеуден жалтару ірі мөлшерде жасалған деп танылады», - делінген. Бұл жерде төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтарудың тэсілдері сан қилы болуы мүмкін. Олар алдау әрекеттері: кеден декларациясына көрінеу жалған мэліметтер енгізу; жалған құжаттарды пайдала-ну т.б. эрекеттер, қылмыстық құқық бұзушылықтың саралау үшін мұлдай тэсілдердің маңызы жоқ, бірақ бұлар жаза тағайындағанда еске алынуы мүмкін. Қылмыстық қүдық бұзушылық құрамы формальдық, ол төлемдер мен алымдарды төлеуден жалтарған уақыттан бастап аяқталған деп саналады.
Осы қылмыстық күқьтк бұзушылық құрамын Қылмыстық кодекстің 234-бабындағы экономикалық контрабанда, 286-бабындағы айналыстан алынған заттардың немесе айна-лысы шектелген заттардың контрабандасы қүрамдарынан ажырата білудің маңызы зор. Осыған байланысты істелген іс-эрекеттер де Қылмыстық кодекстің 234, 286-баптарын-да көрсетілген белгілері жоқ болуы, оның ішінде осы баптарда көрсетілген қылмыстың арнаулы заттарының, қылмыстың осы құрамдарға тэн тэсілдерінің орын алмауы басты шарт болып табылады.
Қылмыстық қү_қық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істе-леді. Кінэлі адам ірі мөлшердегі кеден алымдары мен төлемдерін төлеуден жалтарғанын се-зеді жэне соны тілеп әрекет істейді. Қылмыстық кұкық бұзушылық ниет- пайдакүнемдік.
Қылмыстың субъектісі - кеден төлемдері мен алымдарын төлеуге міндетті кез келген 16-ға толған есі дұрыс адам.
Қылмыстық кодекстің 236-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі: лауазымды адамның қызмет бабын пайдаланып жасаған эрекеті; ал баптың 3-бөлігінде:
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер үшін қылмыстық қүкық бұзушылық аса ауырлататын құрамы көрсетілген.
ҚК-тің 236-бабының ескертулерінде: Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бересінің сомасын, есептелген өсім-пүлдарды, айыппүлдар сомасын өз еркі-мен төленген адамның әрекетінде өзге қылмыстың құрамы толмаса, ол осы баптың бірін-ші бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.