Кіл көмегіне ақы төлеуден босату

Іске қатысушы тұлғаның материалдық жағдайы өкіл қызметіне ақы төлеуден босату негіздемесі болып табылады. Бұл жерде іс жүргізуге (процеске) қатысушыларға оңдай мүмкіндіктерді берудің қаншалықты негізді екендігін білдіретін заң шығарушының ұстанымына негіз болатын жайттарды бөліп көрсеткен жөн.

ҚР АІЖК 114-ші бабына сәйкес, тегің заң көмегі тек азаматтарға, яғни жеке тұлғалаларға ғана көрсетілуі мүмкін. Заң көмегіне ақы төлеуден босату туралы сұрақтарды судья істі сотта қарауға дайындау кезінде, немесе істі қарау кезінде шешеді. Азаматтық мүліктік жағдайы ондай шешімнің қабылдануының негізгі себебі болып табылады; бюджеттік қаржылар есебінен сот оны заңи көмекке ақы төлеуден толықтай немесе ішінара босатуға құқылы.

Судья (сот) азаматтың өтініші негізінде заңи көмек және сотта өкілдік етумен байланысты шығындарды келесі жағдайларда міндетті түрде босатып, ол шығындарды бюджет есебінен өтеуге аударуы тиіс:

асыраушының қайтыс болуына байланысты, жұмыс бабымен денсаулығына нұқсан келтірілуімен байланысты шығындарға қатысты азаматтық дауларды қарастыруда;

Ұлы Отан соғысының ардагерлері немесе оларға теңестірілген тұлғалар, мерзімді қызметтің әскери қызмктшілері, 1 және 2 топ мүгедектері, жасы бойынша зейнеткерлер талап қоюшы және жауапкер болып табылатын кәсіпкерлік қызметке байланысты емес азаматтық дауларды қарастыруда.

Адвокат көрсеткен заңи көмекке ақы төлеу және сотта өкілдік етумен байланысты сот шығындарын өтеу Қазақстан Республикасы заңнамаларымен белгіленген тәртіпті және көлемде жүзеге асырылады.

Заңи көмек алу және өкілдік етумен байланысты сот шығындарын өтеуден босату туралы өтініміне азамат тегін заңи көмек алу құқығын беретін, шығындарды растайтын құжаттар тіркелуі тиіс.

Берілге өтінім сотпен қарастырылуы нәтижесінде азаматты заңи көмек алғаны үшін төлемнен толықтай немесе ішінара босату туралы немесе өтінімді қанағаттандырусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарылады.

Егер сотқа түскен өтінім қанағаттандырылса, онда сотпен немесе судьямен шығарылған ұйғарым кәсіби адвокаттар ұйымына тез арада жіберіледі, ал ол ұйым өз кезендегі сот белгілеген мерзімде азаматтық процеске адвокаттың қатысуын қамтамасыз қамтамасыз етуі тиіс.

Мүлікті тыйым салудан босату туралы азаматтық істерге қатысты жеке ережелер қолданылады. Мұндай санаттағы азаматтық істердің ерекшеліктерін анықтау үшін ондай талап арызды кімнің бергеніне, жауапкердің (жаупкерлердің) кім екендігіне назар аудару қажет. Азаматқа айып тағылып, қылмыстық заң бабының санкциясы бойынша келешекте оның мүлкі сот үкімімен тәркіленуі мүмкін. Қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталғанға дейін тергеушінің қаулысымен айып тағылған тұлғаның мүлкіне тыйым (арест) салынады. Тергеуші айыпталушының үйіндегі (пәтеріндегі) мүлікке, сондай-ақ оның атына тіркелген (басқа жерде сақталып тұрған) мүлікке тыйым сала алады. Егер айыпталушы заңды некеде тұрса, ал тыйым салынған мүлік некеде тұрған уақытта алынған болса, онда оның зайыбы (әйелі) мүлікті тыйым салудан босату туралы талапты азаматтық тәртіпте қоя алады.

Қылмыс жасаған тұлға және мемлекет сот процесіне қатысуға жауапкер ретінде тартылады. Қылмыс жасаған адам іске жауапкер ретінде тартылады, себебі талап қанағаттандырусыз қалдырылған жағдайда мүліктің екі бөлігі де (қылмыстық іс бойынша айып тағылған тұлғаның және оның зайыбының үлесі) сот үкімі бойынша мемлекет меншігіне өтеді. Мемлекет (тиісті мемлекеттік орган) іс бойынша жауапкер ретінде танылады, қойылған талап қанағаттандырылған жағдайда тыйым салынған мүлік ерлі-зайыптылардың (толық немесе бөлігінде) меншігінде қалады және сот үкімі бойынша мүлік тәркілінсе де, осы шешімде аталып көрсетілген мүлікке мемлекет билік ете алмайды.

Мұндай санаттағы азаматтық істерді қарау талап қоюшы үшін белгілі деңгейдегі шығындарға алып келуі мүмкін. Мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қою қанағаттандырылған жағдайда талап қоюшыға ол жұмсаған сот шығындары республикалық бюджеттің қаражатынан өтеледі.

Наши рекомендации