Оспаның иіру қабілеттілігінің резервін есептеу

Иірімжіптің есептелген ең төменгі сызықтық тығыздығын Оспаның иіру қабілеттілігінің резервін есептеу - student2.ru матаның техникалық сабақталуына сәйкес қоспадан алынатын иірімжіптің нақты сызықтық тығыздығмен салыстыру үшін М.В. Эммануэль қоспа қабілетінің резерві Оспаның иіру қабілеттілігінің резервін есептеу - student2.ru түсініктемесін енгізген.

Оспаның иіру қабілеттілігінің резервін есептеу - student2.ru (24')

R шамасы иірімжіптің түрі мен белгіленуіне, техникалық деңгейі мен өндіріс технологиясына байланысты 15-30% шегінде өзгеріп отырады. Химиялық талшықтарды қосқан кезде қоспаның иіру қабілетінің резерві едәуір жоғарылайды; қаншалықты қоспа үлесінде химиялық талшық көп болса, соншалықты иіру қабілетінің де резерві жоғары болады. Резерві жоғары болған сайын шикізатты дұрыс пайдалану мүмкіндігі пайда болады.

Аппаратты жүн иіру жүйесінде таза жүнді иірімжіп өндіру кезінде Оспаның иіру қабілеттілігінің резервін есептеу - student2.ru -ны анықтау үшін қоспаның иіру қабілетінің резервін есептегенде (22), ал жүн мен химиялық талшық қоспасынан иірімжіп өндіру кезінде (23) және (24) формулаларын пайдаланған жөн.

Технологиялық режимнің бірдей шарттарында иірімжіптің төменгі сызықтық тығыздығы – қоспаға енгізілетін химиялық талшықтың параметрлеріне байланысты ауыспалы шама болып табылады, оның есебін иірімжіптің сапасына қойылатын стандарт талаптарына сәйкес шығару қажет. Қоспаның иіру қабілетінің резервін пайдалана отырып, қайсы химиялық талшықты тиімді және үнемді пайдалануға болатынын әртүрлі жағдайда есептеуге болады.

В.Е. Гусев тарақты қоспалар үшін де иіру қабілетінің резервін есептеу әдісін қолданды. Әдістің негізі болып, жоғарыда аталған ережелерге сәйкес жүнмен бірге қоспаға кіретін химиялық талшықтың сызықтық тығыздығы мен ұзындығын шамамен анықтау табылады. Тарақты иірімжіп үшін есепті сызықтық тығыздықты төмендегі формуламен анықтауға болады:

Оспаның иіру қабілеттілігінің резервін есептеу - student2.ruқоспа n (25)

мұндағы, Тқоспа - жүн мен химиялық талшықтардың құрамын ескере отырып есептелген қоспа талшықтарының сызықтық тығыздығы; n – есептеу үшін қабылданған және 40-қа тең иірімжіптің көлденең қимасындағы талшықтар саны (талшықтар түріне, олардың беріктігіне, өңдеу тәсілі мен иірімжіп талаптарына байланысты бұл сан 5-10 талшықтарға көбеюі мүмкін).

Қоспа талшықтарының орташа сызықтық тығыздығы:

Тқоспа1Т12Т2+...+аnTn (26)

мұндағы, а1, а2, ..., аn – қоспаға кіретін әр компонент талшықтарының үлесі, Т1, Т2,..., Тn – қоспаға кіретін әр компонент талшықтарының орташа сызықтық тығздығы.

(26) мәнін (25) формуласына қойып болғаннан соң

Оспаның иіру қабілеттілігінің резервін есептеу - student2.ru =(а1Т12Т2+...+аnTn )n (27)

Жобаланатын иірімжіптің көлденең қимасындағы талшықтардың орташа саны

Оспаның иіру қабілеттілігінің резервін есептеу - student2.ru Тиір/(а1Т12Т2+...+аnTn ) (28)

мұнда, Тиір – жобаланатын иірімжіптің сызықтық тығыздығы.

Осы шамаларды ескере отырып, тарақты иірмжіптің иіру қабілетінің резервін (24') формуласы бойынша анықтайды.

Осы әдіс бойынша 64с бірінші ұзындықты жіңішке жүн және 285 мтекс химиялық талшықтан тұратын қоспадан 31 тексті иірімжіпті өндіру кезінде 53,6%-ға тең қоспаның иіру қабілетінің резерві анықталған, ал 64с екінші ұзындықты жүн мен сол химиялық талшықты пайдаланған кездегі резерв 41,3%-ды құрайды.

R көрсеткішін пайдалану өнеркәсіптің камвольды саласында да шикізатты дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді, бұл дегеніміз, жоғары сапалы тарақты иірімжіп шығаруды ұлғайтуға себебін тигізеді деген сөз.

Осылайша, жүн мен химиялық талшық қоспасының иіру қабілетінің ғылыми негізделген бағасы тек аппараттыда ғана емес, сондай-ақ жүнді тарақты иіру жүйесінде де болуы мүмкін, ал химиялық талшықтарды дұрыс таңдау аз, орташа және жоғары сызықтық тығыздықты иірімжіп өндіру кезінде маңызды мәнге ие, яғни қоспа талшықтарының тегіссіздігі азаяды, иірімжіптің беріктігі жоғарылайды және иіруде үзілгіштік төмендейді.

Наши рекомендации