Гидрологиялық жағдай

Жолақлы орманда гидрологиялық тармақ нашар жетілген, тек аздаған мөлшердегі ащы-тұзды көл түрінде көрсетілген, гидрологиялық жағдайды аңықтауда жер асты сулары негізгі роль атқарады.

Жер асты суларының орналасу жағдайлары және химиялануы территорияның рельефіне, топырақ суының литологиялық құрамына, геологиялық құрылысқа тікелей байланысты.

Негізгі қоректену көзі болып атмосфералық жауын-шашындар болып табылады, сондай-ақ тасымал судар, яғни Обь-Ертіс сулары бөлігінде жырамен жырылып келетін тасқын сулар. Оның деңгейі ойпаттарда 1,5м.-3 м-ге дейін, дөң жерлерде 10-15 м. ауытқиды.

Құмды ормандағы сулар аз минералданғанымен сипатталады.

Жолақты орманның өте үлкен топырақ қорғанысын, ауа-райы реттеушілігін, суды сақтаудағы маңыздылатын ескере отырып, өте қысқа мерзімде кең көлемде орманды қалпына келтіруді орман екпе жұмыстарын жүргузі керек және бір мезгілде орманды өрттен қорғау жұмысын күшейту, өз бетімен орман кесетіндерді тоқтату керек.

Топырағы

Жердің солтүстіктен оңтүстікке созылып жатқанына қарамастан облыстың барлық территориясы бірдей –топырақ белдеуінің маңында каштан топырақта орналасқан. Территорияның үлкен бөлігін –қоңыр топырақты белдеу алып жатыр, тек солтүстік шетіне қарай қара топырақ белдеу, оңтүстік- шығыс белдеуінде топырақты ашық каштан. Горизонттың жоғарғы жағы , жыртылған жерлерін тозандату қара топырақта 97% жетеді. Жердің көптеген көлемі суландыруды, тұзды азайтуды керек етеді. Топырақта суды ұстап қалу үшін қар тоқтату жұмысы жүргізіледі.Топырақтың құңарлығын көтеру үшін тыңайту қажет, зиянкестермен, аурулармен күресу үшін химиялық қорғану амалдарын қорғанады.

Орман аудандарында топырақ түзуені сүр болып мұз қозғалысынан пайда болған тау жыныстары сынықтарының үйінділерінен қалған қалдықтардың жиналуы болып табылады. жолақлы орманды қоршап жататын дала топырағы негізінен құмдауытты қара топырақ, аздаған бөлікте селеулі далалардағы топырақ қою немесе ақшыл сары, оңтүстікке қарай азаған бөлікте қара топырақ болады.

Орманға жанасатын бөліктегі дала топырағы құмға ауысады. Мұндай өтпелі алабтың ен кейде 4-5 км барады.

Аймақтың жері түгелдей дерлік қызғылт қоңыр топырақ белдемінде орналасқан. Ертістің шығыс жағының жер қыртысы негізінен құм, құмдауыт және саздақ топырақтан, ал сол жағалық аңғары плейстоцен кезеңінің сортаңданған бозғылт топырағы мен ауыр саздақ топырақтан түзілген. Сарыарқа шоқыларында көбінесе тастақты-қиыршықтасты қоңыр топырақ, ал шоқыаралық жазықтарда сортаң, саздақ топырақтар дамыған. Облыстың өсімдік жамылғысы қызғылт қоңыр топырақ белдеміне тән селеулі-бетегелі астық тұқымдас өсімдіктерден тұрады. Облыстың қиыр солтүстігін қайың мен теректен тұратын ормандар алып жатыр. Олар 44,0 мың га жерді қамтиды. Оңтүстікке қарай даланың сұр, қызғылт қоңыр топырағында бетегелі-жусанды дала қалыптасқан. Оңтүстік-шығысындағы құмды өңірде қарағай ормандары, Ертіс өзенінің жайылмасында шалғындар мен тоғайлар тараған.

Сонымен қатар Павлодар облысы пайдалы қазындыларға бай: қоңыр көмір, полиметалл рудалары, отқа төзімді бұйымдар және шыны даярлаға жарамды құм, ас тұзы , құрылыс материалдары кездеседі. Шекара сипаттамасы: резерват территориясы республиканың солтүстік - шығыс бөлігінде қара – қоңыр (темно- каштановый) топырақты, селеулі – бетегелі құрғақ даласында (ковыльно - типчаковый) аймағында (подзона) орналасқан. Шекара ұзындығы 556км құрап, оның солтүстік – шығысы Ресей федерациясы Алтай өлкесімен ұзындығы 70км, оңтүстік - шығысын Шығыс Қазақстан облысының ұзындығы 30км шектеседі. Қалған 456 шақырымы батыс шекарасында Павлодар облысының далаларымен шектеседі.

Екпе орман қоры

Екпе орман алқаптарының категориялары. Екпе орманға арналған алқап деп – екпе орман құруға арналған учаскені айтамыз. Шығу тегі мен жағдайы біртекті екпе орман алқаптары бір категорияны құрайды, ал категория – екпе орман қорына жатады. Екпе орман қорының аумағы Қазақстанның мемлекеттік қорының 5,8 млн.га құрайды. Екпе орман алқаптары келесі категорияларға бөлінеді:

Орманмен қамтылған аумақ: орман шымылдығы аумағы; сүрекдің аумағы, бірінші кесу тәсілі жүргізілген жер; аз бағалы жапырақты жас ағаштар аумағы.

Орманмен қамтылмаған аумақ: ағашы кесілген жер; құмдар, жыралар және басқа да қолайсыз жерлер; алаңқайлар, ашық жерлер, тақырлар, ашық беткейлер; ауыл шаруашылық жерлер; өртенген жерлер; сирек ормандар; ескі өңделген жерлер; гидромелиоративті қор аумағы (кептірілген батпақтар); пайдалы қазбалары қазылып алынған аумақтар; екпелері қураған аумақтар.

Екпе орман қоры категорияларының бірлестігі.Учаскенің нақты жағдайы мен топырақ дайындау тәсіліне байланысты барлық екпе орман алқаптары түрлері 4 топқа топтастырылған:

«а» - бос жерлер, ашық жерлер мен алаңдар, ауыл шаруашылығы пайдалануынан шыққан жерлер, ескі ағашы кесілген және табиғи жаңаруы жоқ жанған және қазып алынған түбірлері бар өртенген жерлер, еңістігі 60 болатын беткейлерде, топырақты жаппай өңдейміз;

«б» - ағашы кесілген жерлер, сирек ормандар мен жаңаруы жоқ өртенген жерлерде 1га 600 данаға дейін түбірлері бар, сонымен қатар еңістігі 6-120 аралығында болатын беткейлерде, топырақты жолақтап немесе қарықтап жарым-жартылай өңдейміз;

«в» - ағашы кесілген жерлер, сирек ормандар мен жаңаруы жоқ өртенген жерлерде 1га 600 данадан астам түбірлері бар, сонымен қатар еңістігі 12-200 аралығында болатын беткейлерде, топырақты алаңшалап немесе қарықтап жарым-жартылай өңдейміз;

«г» - ескі ағашы кесілген немесе өртенген жерлер, басты ағаш түрлерінің жаңаруы төмен немесе төмен бағалы жұмсақ жапырақты түрлері бар немесе бұталармен зақымданған, орман астарындағы жиілігі жоғары сиретілген екпе ағаштар, басты ағаш түрінен екпе құру үшін алдын-ала дәліз жасап, содан кейін топырақты қарықтап немесе алаңшалап жарым-жартылай өңдейміз.

Келтірілген екпе орман алқаптары категорияларын жіктеу, көріп отырғанымыздай екі факторға негізделген: орманның қайта жаңару үрдісінің жағдайы мен топырақ өңдеуде технологиялық мүмкіндіктің бар немесе жоқ болуында (жеке тұрған ағаштар, түбірлердің саны, беткейлер).

Әрбір екпе орман қорының алқаптарында өсу жағдайының типін, сонымен бірге экономикалық мақсатын ескере отырып екпе орман жұмысының сипаты анықталады, нақтырақ: ағаш түрлерін таңдау, араластырудың типтері мен сүлбесі, өндіріс тәсілі, отырғызу немесе себу орындарын орналастыру, күтіп-баптау шаралары, және т.б. екпе орман өсіру жобасының негізінде өңделеді.

Екпе орман қорын бірінші кезекте игеру.

Бірінші кезекте игерілетін екпе орман қорына жататындар:

· жаңа кесілген қылқан жапырақты ағаш түрлері мен өртенген аумақтар, тез өсетін арамшөптермен зақымданған жерлер;

· жоғары өндірісті топырақты орманмен қамтылмаған аумақтар, жоғары класты бонитетті екпе ағаш өсіруге жарамды жерлер;

· елді мекендердегі жасыл аймақ учаскелері мен өзен, көл, су қоймасы, каналдар жағасы мен басқа да су жүйелері зерзаттары маңындағы тиым салынған орман жолақтары;

· топырағы жел және су эрозиясынан бүлінген учаскелер;

· ағашы кесілген, төмен бағалы жұмсақ жапырақты ағаштар және бұта түрлермен жаңарған учаскелер, бұл учаскелерді бағалы ағаш түрлерімен ауыстыру керек;

· пайдалы қазбалары қазылып алынған және қалпын келтірілген орман өсіруге жарамды жерлер.

Екпе орман қорын нақты кезекті игеру орман орналастыру және жобалы-іздестіру жұмыстары кезінде анықталады.

Наши рекомендации