Курортология. Тәртіп мақсаттары мен маңызды түсініктері.

Қонақжайлылық индустриясы экономикалық құбылыстың бір түрі ретінде адамдарды санаториялар мен курорттарға, қонақ үйлер мен кемпингтерге, мотельдерге, ботельдер мен флотельдерге, ротельдер мен хостельдерге, профилакторияларға, пансионаттар мен сауықтыру орындарына, қалпына келтіру орталықтары мен рекреациялық фермаларға, демалыс үйлеріне, еңбек және демалыс лагерлеріне, экологиялық, археологиялық лагерлерге тағы да басқа жалға берілетін тұрақтарға орналастыруға мүмкіндік беретін қызметтердің жиынтығы болып табылады.

Адамдарды орналастырудың кең таралғандығы емдеу мен сауықтыру, экскурсиялар мен саяхаттар, демалыс пен көңіл көтеру, транспорт және мейрамхана бизнесі, іскерлік кездесулерді өзара біріктіреді. Қазіргі кезде Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) және басқа да халықаралық ұйымдар заңдық базаның жүзеге асуына және қонақжайлылықтың дамуына жағдай жасайтын әдістерді енгізуде үлкен мүмкіндікке ие болып отыр. Емдеу – сауықтыру орындары таза ауада демалу, белсенді қимылдар жасау арқылы әр түрлі жастағы және мамандықтағы адамдардың сұранысын қанағаттандырып, өзінің мүмкіндіктерін кеңейтіп отыр. Қазіргі кезде қоғамда белсенділікті немесе белгілі бір жұмысты, еңбек іс – әрекетін немесе нақты еңбекті білдіретін «қызмет» деген түсінік қалыптасқан. «Әлеуметтік – мәдени қызмет» түсінігі мәдениет және өнер туындыларын пайдалана отырып, әлеуметтік жұмыс жүргізуден көрініс табады. Ал гуманитарлық аспектіде әлеуметтік – мәдени қызмет өзіндік бағыты мен атқаратын қызметі бар, отандық және шетелдік тәжірибеге ие, жеке және шаруашылық әдістері бар әлеуметтік жұмыс, қызмет, әлеуметтік – мәдени кеңістік мағынасында түсіндіріледі. Ұйымдастырушылық – басқарушылық аспектіде әлеуметтік – мәдени қызмет менеджмент түсінігін, орталықтандыру және өзін – өзі басқару, бақылау және есеп беру, болжамдау мен жоспарлау әрекеттерін біріктіреді. Және экономикалық аспектіде әлеуметтік – мәдени қызмет рентабельділік, эффективтілік, материалдық қамсыздандыру, пайда, шығын т.б. категориялар арқылы ерекшеленеді. Қазіргі уақытта көптеген ғалымдар мен мамандар «санаторлы – курорттық саладағы әлеуметтік – мәдени қызмет» түсінігін қолданып жүр. Бұл тұлға мәдениетінің емдеу, сауықтыру, денсаулықты жақсарту мен демалысты біріктіретін маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Қызмет көрсету функциясын іске асыра және сақтай отырып, өзінің мазмұнын өзгертіп, ол әлеуметтік, тұрмыстық, діни, мамандандырылған және саяси әрекетпен тығыз байланысты. Сонымен қатар, табиғаттың сауықтыру факторларын пайдалана отырып, ұрпақтан – ұрпаққа тарап келе жатқан өзін – өзі дамытудың да бір шартты іспеттес. Жеке тұлға өзінің рухани қажеттіліктерін өзін қоршаған әлемді тану арқылы, өзінің бос уақытын тиімді жұмсап, көңіл көтеру арқылы қанағаттандырады.

Санаторлық – курорттық емдеу, демалыс, туризм әлеуметтік – мәдени қызметтің құрамында болып, мыналарға мүмкіндік береді:

денсаулықты жақсарту және қалпына келтіру; ауыр еңбектен кейін белсенді түрде демалуға;халықтардың мәдени қызмет бағыттарымен танысуға және т.б.

тәрбие мен адамдар білімінің жеке бір бөлшегі ретінде қарауға болады. Оны мемлекеттік (басқарушылық) және мемлекеттік емес (санаторлы – курорттық бағыт) құрылысның маңызды функциясы ретінде есептеуге болады.

Әлеуметтік – мәдени қызмет түсінігін дұрыс түсіну үшін онымен тең дәрежеде қолданылатын «әлеуметтік – мәдени орта» түсінігін ұғу қажет. Ол өз құрамына санаторияларды, курорттарды, сауықтыру орындарын, демалыс үйлерін біріктіреді және де медицина мамандарымен, сауықтыру қызметінің мамандарымен, сонымен қатар психологтар, дизайнерлер, диетологтар және т.б. тығыз байланыста болады. Демалушылар әлеуметтік – мәдени ортамен танысып, арнайы мамандардың сапалы қызмет көрсетуіне ие болады, жаңа ортамен араласып, табиғатпен танысады.

Осы қызмет түрінің маңызды функцияларының бірі – бұл рекреативті сауықтыру функциясы. Ол емделу, демалу, көңіл көтеру, ойын және туристік – экскурсиялық бағдарламалардың негізінде құралады. Сауықтыру орындарында бұл функция емдеу мен аурудың алдын алуға, белсенді және пассивті, ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған, жеке және топтық демалуға бағытталған. Сонымен, санаторлы – курорттық шараларға арналған әлеуметтік – мәдени қызмет сауықтыру процессіндегі адамдардың қажеттілігін қанағаттандырумен байланысты адамдардың психикасы мен ұжымның психологиясын танып – білуге негізделген бағыт ретінде қарастырылады.

Наши рекомендации