Бехтерев ауруының клиникалық диагнозды дәлелдеу үшін қандай маңызды зертханалық диагностикалық көрініс болады?

/ НLА 27 антигендерінің анықталуы

/ Эритроциттердің тұну жылдамдығының ұзақ уақыт жоғарлауы

/ Гипохромды анемия

/ Қан сарысуында С реактивті ақуыз және глобулиндер фракциясының жоғарлауы

/ Ревматоидты фактор

! 26 жастағы науқас, 2 апта ішінде сол жақ тізе және тобық буындарының ауыру сезіміне, ісінуге, қозғалыстың шектелгеніне шағымданады. Қарап тексергенде сол жақ тізе, тобық буындарының пішіні өзгерген, гипертермия. Қанда: лейкоциттер-10 мың, эритроциттердің тұну жылдамдығы-25 мм/с.

Қандай болжам диагноз?

/ Реактивті артрит

/ Жедел ревматикалық қызба

/ Ревматоидты артрит

/ Септикалық артрит

/ Подагра

! 52 жастағы әйел, физикалық жүктеме кезінде аздаған ентігу, басының ауыруы, әлсіздік 2 апта ішінде пайда болғанын байқайды. Анамнезінен: 10 жыл көлемінде ревматоидты артритпен ауырады. Метотрексатты тұрақты қабылдайды. Рентгенде: өкпе түбірінің кеңеюі, өкпе суретінің күшеюі, өкпе құрылымының ұяшықталуы. Спирограммада: форсирленген тыныс шығару көлемінің төмендеуі.

Қандай дерттің болуы барынша мүмкін?

/ Өкпелік фиброздың

/ Өкпенің созылмалы обструктивті аурудың

/ Пневмонияның

/ Пневмониттің

/ Созылмалы бронхиттің

! 52 жастағы әйел, физикалық жүктеме кезінде аздаған ентігу, басының ауыруы, әлсіздік 2 апта ішінде пайда болғанын байқайды. Анамнезінен: 10 жыл көлемінде ревматоидты артритпен ауырады. Метотрексатты тұрақты қабылдайды. Қанда: АЛТ – 40 МЕ, АСТ - 55 МЕ.

Қандай дерттің болуы барынша мүмкін?

/ Токсикалық гепатиттің

/ Бауыр циррозының

/ Фелти синдромының

/ Майлы гепатоздың

/ Вирусты гепатиттің

! 50 жастағы науқас, соңғы екі жыл бойы тізе буындарының аздап ауыруы мазалайды, жүргенде күшейетін. Объективті: тізе буындарының пішіні бұзылған, буын айналасындағы тін тығызданған. Жалпы қан талдауы: өзгеріссіз. С реактивті ақуыз – теріс. Рентгенограммада: тізе буындарының саңылауының тарылуы, субхондральды склероз.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

/ Гонартроз

/ Коксартроз

/ Реактивті артрит

/ Анкилоздаушы спондилоартрит

/ Остеоартроз реактивті синовитпен

! 14 жастағы оқушы, дене қызуының 390С көтерілуі, ірі буындарында симметриялы, ұшпалы ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінде: 2 апта бұрын ангинамен ауырған. Қарап тексергенде: терісінде сақина тәрізді эритема, тізе буындары ісінген, қозғалғанда айқын ауырады.

Берілген диагноздардың қайсысы барынша мүмкін?

/ Жедел ревматикалық қызба

/ Ревматоидты артрит
/ Жүйелі қызыл жегі

/Бехчет ауруы
/ Анкилоздаушы спондилоартрит

! 25 жастағы ер адам, бел омыртқа аймағы және сол жақ жамбас - сан буындарында ауру сезімі пайда болған, тізе буындарының ауыру сезімін, әсіресе, түнде күшейетін және қозғалысының шектелуіне шағымданады. Алғашында 6 ай бұрын тізе буындарының ауыру сезімі пайда болған. Объективті: омыртқа бойымен ауру сезімі. Қозғалысы шектелген. Қанда: гемоглобин 120 г/л, эритроциттер 3,7 мил, лейкоциттер 7 мын, эритроциттердің тұну жылдамдығы-30 мм/сағ, С реактивті ақуыз (оң мәнді), ревматоидты фактор (теріс).

Берілген диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

/ Анкилоздаушы спондилоартриттің

/ Рейтер ауруының

/ Ревматоидты артриттің

/ Туберкулезді спондилиттің

/ Бел омыртқа аймағының остеохондрозының

! 20 жастағы ер адам, жедел респираторлы вирусты инфекциядан 2 апта өткеннен кейін дене қызуы 37,50С дейін көтерілуіне, аяқтарында бөртпелерге, буындардың ауырсынуына шағымданады. Объективті: аяқтарында симметриялы майда, папулезді бөртпелер, тізе, тобық буындарының ауру сезімі. Қанда: лейкоцитоз.

Берілген диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

/ Геморрагиялық васкулит

/ Аллергиялық дерматит

/ Түйінді полиартериит

/ Облитерлеуші тромбоангиит

/ Түйінді эритема

! 30 жастағы науқас әйел, емханада қарап тексергенде бетінде амимия, ауызы айналасында «шаќша» (кисет) тјрізді ќатпарлар, қол ұшы саусақтарының терісі тығыздалған , мұздай.

Берілген диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

/ Жүйелі склеродермия

/ Жүйелі қызыл жегі

/ Шегрен синдромы

/ Фелти синдромы

/ Дәнекер тінінің аралас ауруы

! 26 жастағы ер науқас, 2 апта ішінде сол жақ тізе және тобық буындарының ауыру сезіміне, ісінуге, қозғалыстың шектелгеніне шағымданады. Анамнезінен: 1,5 ай бұрын уролог дәрігерде емделген. Қарап тексергенде сол жақ тізе, тобық буындарының пішіні өзгерген, гипертермия. Қанда: лейкоциттер-10 мың, эритроциттердің тұну жылдамдығы-25 мм/с.

Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу қажет?

/ Уретрадан қырынды алу

/ Ревматоидты факторда анықтау

/ Стрептококкқа қарсы

/ Райт және Хедельсон реакциясы

/ Зәр қыщқылының деңгейін анықтау

! 26 жастағы науқас, дене қызуының 380С көтерілуіне, сол жақ тізе, сирақ буындарындағы өткір ауыру сезіміне, олардағы домбығу мен қозғалыстың шектелуіне шағымданады. Объективті: сол жақ тізе және тобық буындары ісінген, сипағанда ыстық, өткір ауру сезімді, сіңірі мен оң табан сүйегі ауырады. Қанында: лейк-10 мың, эритроциттердің тұну жылдамдығы-46 мм/сағ, С реактивті ақуыз оң мәнді. Ревматоиды фактор 1:10. Жалпы зәр анализі: протеин 0,066 г/л, лейкоциттер 7-8-8 к/а, эритроциттер 2-3 к/а.

Қандай препарат емге қажет?

/ Антибиотик макролидтер тобынан;

/ Қабынуға қарсы стероидты емес препарат;

/ Антибиотик пенициллин тобынан;

/ Алтын препараты;

/ Хинолинді.

! 50 жастағы науқас, соңғы екі жыл бойы тізе буындарының аздап ауыруы мазалайды, жүргенде күшейетініне шағымданады. Объективті: тізе буындарының пішіні бұзылған, буын айналасындағы тін тығыздалған. Рентгенограммада: тізе буындарының саңылауының тарылуы, субхондральды склероз.

Қандай препаратты тағайындау барынша тиімді?

/ Хондроитин сульфатты

/ Кальцеминді

/ Ампициллинді

/ Индометацинді

/ Триамцинолонды

! 32 жастағы әйел, соңғы 2 ай ішінде физикалық күш түскендегі еңтігуге, кешке қарай табанының сыртқы беткейінде ісінулерге, әлсіздікке, тез шаршаңдыққа шағымданады. Анамнезінде: 12 жасында буындардың зақымдалуымен және эндокардитпен жүрген, алғашқы ревматикалық шабуыл болған. Жүрек тондары бәсендеген, дөрекі пансистололық шу естіледі.

Көрсетілген зерттеулердің қайсысы барынша тиімді?
/ Допплерографиямен жүректің ультра дыбыстық зерттеу

/ Электрокардиография
/ Кеуде қуысының рентгенограммасы

/Фонокардиография
/ СРБ анықтау
! 25 жастағы жігітте, бел омыртқа аймағы және сол жақ жамбас - сан буындарында ауру сезімі пайда болған, тізе буындарының ауыру сезімі, әсіресе, түнде күшейетін және қозғалысының шектелуіне шағымданады. Алғашында 6 ай бұрын тізе буындарының ауыру сезімі пайда болған. Объективті: омыртқа бойымен ауру сезімі. Қозғалысы шектелген. Қанда: гемоглобин-120 г/л, эритроциттер-3,7 мың, лейк 7 мын, эритроциттердің тұну жылдамдығы-30 мм/сағ, С реактивті ақуыз оң мәнді, ревматоидты фактор теріс мәнді.

Науқастың емінде қандай алғашқы таңдаулы препараты қолданады?

/ Сульфасалазин

/ Хинидин

/ Кризанол

/ Метотрексат

/ D-пеницилламин

! 30 жастағы науқас әйелді, емханада қарап тексергенде бетінде амимия, ауызы айналасында «шақша» (кисет) тәрізді қатпарлар, қол ұшы саусақтарының терісі тығыздалған, мұздай.

Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу барынша тиімді?

/ Тропоизомеразаға антиденелерді анықтау

/ Циклдік цитрулиннирленген пептидке антиденелер

/ Ревмотоидты факторды анықтау

/ Қос спиральды ДНК- ға антиденелерді анықтау

/ Антинуклеарлық антиденелерді анықтау

! 30 жастағы науқас, дене қызуының 38°С дейін көтерілуі, бас ауыруы, бас айналуы, көз көру өткірлігінің төмендеуіне шағымданады. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары солға ығысқан, жүректің барлық нүктелерінде мойын тамырлары, құрсақ қолқасына берілетін систолалық шу естіледі. Сол жақ шыбық артериясының пульсациясының бәсеңдеуі артериалды қан қысымы оң қолында 230/130 мм б., сол қолда 150/130 мм б., аяқта 220/110 мм б.

Қандай диагноздың болуы мүмкін?

/ Спецификалық емес аортоартериит.

/ Жедел ревматизмдік қызба;

/ Ревматизмдік емес миокардит;

/ Гигантты жасушалық артериит;

/ Артериальды гипертония;

! 30 жастағы науқас әйелді, емханада қарап тексергенде бетінде амимия, ауызы айналасында «шақша» (кисет) тәрізді қатпарлар, қол ұшы саусақтарының терісі тығыздалған , мұздай. Қанда: гемоглобиндер-120 г/л, эритроциттер-3 млн, лейкоциттер-4 мын, эритроциттердің тұну жылдамдығы-34 мм/сағ. SCL-70(+). Базисті терапияны жүргізу үшін қандай препаратты тағайындау барынша тиімді?

/ D-пеницилламинді

/ Делагилді

/ Димексидті

/ Циклофосфанды

/ Метилпреднизолонды

! 65 жастағы науқас, кенеттен басының ауруы, оң жақ көзінің көру өткірлігінің төмендеуі, иық-белдеуі бұлшықетіндегі ауырсыну, жүдеуге шағымданады. 3 жыл бойы ауырады. Кейін оң жақ бетіндегі ауру сезімі мен парестезиялар қосылды. Жағдайы ауыр, сипағанда оң самайындағы артерия тығыз, пульсациясы төмендеген. Артериялық қан қысымы 140/30 мм с.б.б. Қанда: лейкоцитоз, эритроциттердің тұну жылдамдығы жоғарылаған.

Терапияны жүргізу үшін қандай препаратты тағайындау барынша тиімді?

/ Преднизалон

/ Кавинтон

/ Курантил

/ Селсепт

/ Плавикс

! 19 жастағы ер адам, 39оС дейінгі қызба, жөтел, бетінің қызаруына шағымданады. Объективті: бетінің ісінуі мен гиперемиясы. Кеудесінде, арқасында эритематозды папулезді бөртпе. Афтозды стоматит. Шаштарының түсуі. Қанда: эритроциттер - 3,0 млн, гемоглобин – 98 г/л, лейкоциттер - 3 мың, эритроциттердің тұну жылдамдығы – 40 мм/сағ. Жалпы зәр анализі: белок - 0,99 г/л, эритроциттер 2-3-8 көру алаңында, цилиндр 0-1 КА.

Терапияны жүргізу үшін қандай препаратты тағайындау барынша тиімді?

/ Преднизалон

/ Кавинтон

/ Курантил

/ Селсепт

/ Плавикс

! Науқаста ауыздың құрғауы, шөлдеу, жалпы әлсіздік, азғындық, зәр шығару кезінде қышынудың болуы. Жағдайының нашарлауы 1 ай көлемінде. Объективті: тері қабаты құрғақ , артерилады қан қысымы 135/80 мм/с б.б.

Қандай өзгеріске тән?

/ Инсулиннің салыстырмалы жетімсіздігі

/ Инсулиннің абсолютті жетімсіздігі

/ Инсулин резистенттілігінің төмендеуі

/ Антидиуретикалық гормонның төмендеуі

/ Глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы

! Науқас әйел тұншығу, ауа жетіспеушілігіне, ашуланшақтыққа шағымданады. Анамнезінде: жүйелі қызыл жегі. Тиретропты гормон төмендеген, тийодтиронин-72, тироксин-75.

Науқастың қазіргі жағдайын қандай өзгеріске байланысты?

/ Аутоиммунды өзгерістер

/ Қалқанша безінің қабынулы өзгерістері

/ Генетикалық өзгерістер

/ Хромосомды аномалиялар қалқанша безінің жарақаты

/ Қалқанша безінің жарақаты

! 55 жасар ер кісіде қант диабетінің І типі, физикалық жүктемеден кейін қысқа кезеңді қозулы кома дамыды.

Науқаста команың қай түрі дамыды?

/ Гипогликемиялық кома

/ Гиперосмолярлық кома

/ Кетоацидоздық кома

/ Бауырлық кома

/ Гипергликемиялық кома

! 43 жастағы әйел тез ашулануға, жалпы әлсіздік, құйылулар(приливы), тәулігіне 15 рет болуына шағымданады. Объективті: гипергидроз, артериалды қан қысымы - 150/90 мм.с. б.б. жүректің жиырылу жиілігі- 86 рет мин.

Қандай болжам диагноз?

/ Патологиялық климакс

/ Тиреотоксикоз

/ Ретериалдық гипертензия

/ Феохромоцитома

/ Гипотиреоз

! 39 жасар, әйел қаралу кезіндегі шағымдары: басының ауыруы, артық дене салмағына. Артериалды қан қысымы -180/100 мм.с.б.б. іш терісінің қоңыр қызыл жолақтары, тері гиперпегментациясы. Анамнезінде: қан сарусуында адреногортикотропты гормонның мөлшері аздап жоғарылаған.

Қандай келесі аурулардың салдары болуы мүмкін?

/ Иценко-Кушинг ауруы

/ Адиссон ауруы

/ Гипоталамиялық синдром

/ Алиментарлық семіздік

/ Конн синдромы

! 30 жастағы әйел қаралу кезіндегі шағымдары: жиі бас ауру. Тексергеннен кейін алғаш анықталған Конн синдромы диагнозы қойылды.

Науқаста артериялық қан қысымының жоғарылауы қай механизмге байланысты?

/ Қан тамыр ағымында судың және натрийдің жиналуы

/ Қандағы глюкокортикоид концентрациясының жоғарылауы

/ Қандағы катехоламиндердің концентрациясының жоғарылауы

/ Ангиотензин айналдырушы ферментінің активациясы

/ Ренин концентрациясының жоғарылауы

! Науқас 39 жаста қаралу кезіндегі шағымдары: бастың ауыруы, құлақтағы шуыл. Тексеру кезінде жоғары артериалды қан қысымы 180/110 м.с.б.б. Гиперкальцемия, екі бүйректің табақшасының конкременттері анықталды.

Қандай себеп артериялық гипертензияны дамытты?

/ Гиперпаратиреоз

/ Аорта коарктациясы

/ Гипертиреоз

/ Бүйрек үсті безінің альдестеромасы

/ Иценко-Кушинг синдромы

! 48 жастағы әйелде қорқыныш сезімі, полидипсия, тахикардия байқалады. Артериалды қан қысымы - 300/130 мм.с.б.б. Қандағы глюкоза 20 ммоль/л.

Науқастың диагнозы?

/ Ферхромоцитома

/ Иценко-Кушинг синдромы

/ Артериалды гипертензия

/ Тиреотоксикоз

/ Конн синдромы

! 3 жыл бойы қант диабетінің І типімен ауыратын 15 жасар қыз бала инсулино терапиясын алады. Аздаған физикалық жүктемеден кейін естен танып, қысқа мерзімде тырысу болды.

Терісі ылғалды, төменде көрсетілген диагноздың қайсысы болуы мүмкін?

/ Гипогликемиялық кома

/ Гиперосмолярлы кома

/ Кетацидоздық кома

/ Лактоацидоздық кома

/ Жедел өкпе-жүрек жеткіліксіздігі

! 46 жаста, ер кісі дәрігерге алғаш рет келуде. Шағымдары: шөлдеу, ауыздың құрғауы, айқ-қол саусақ ұштарының жансыздануы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі. Артериалды қан қысымы - 150/90 мм.с. б.б. Дене салмағы-80кг, дене салмағының индексі 32, қандағы глюкоза-9,1 ммоль/л.

Қандай диагноз барынша мүмкін?

/ Метаболикалық синдром

/ Қан диабеті 2 тип

/ Қан диабет 1 тип

/ Семіздік

/ Артериалды гипертензия

! 18 жастағы, жеткіншек жедел респираторлы инфекциямен ауырғаннан кейін 3 апта өткеннен соң салмағының төмендегенінің, шөлдеу сезімінің пайда болғанын, кіші дәреттің жиілегенін байқаған. Тілі мен тері қабаттары құрғақтау. Бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр. Ашқарынға гликемия 17 ммоль/л. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы-1030, кетон денелері (++), глюкоза 5 %.

Қандай ем тиімді?

/ Инсулин 0,1 б/кг есеппен

/ Инсулин 6 бірлік

/ Сиофор 1таб кешкі уақытта үнемі

/ Диабетон мр 2 таб азанда, үнемі

/ Инсулин 1,0 б/кг есеппен

! Ұзақ уақыт бойы қант диабеті І типімен ауыратын, 45 жастағы ер кісі тексеру кезінде тұрақты микроальбуминурия анықталды.

Қандай емдеу түрі тиімді?

/ Ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторларын тағайындау

/ Диуретиктерді тағайындау

/ Антикоагулянттар

/ Ақуыз препараттары

/ Антиагреганттар

! Жансақтау бөліміне қант диабеті І типімен ауыратын 29 жасар науқас диабеттік кетоацидозбен түсті.

Қандай дәрі бірінші кезекте тағайындалады?

/ Натрий хлорид 0,9% ерітіндісі

/ Реополиглюкин

/ Глюкоза 5%ерітіндісі

/ Глюкоза 40%ерітіндісі

/ Натрий хлорид 7,5% ерітіндісі

! Науқас, 44 жаста шағымдары салмағының артуы, басының ауыруы. Объективті: беті қошқыл қызыл түсті, іші өскен, аяқ-қолдары жүдеген, артериалды қан қысымы-190/110 мм.с.б.б. Рентгенограммада: омыртқада остеопороз белгісі анықталды. Қан мен зәрде гидрокортикотропин деңгейі сәл жоғарылаған.

Қандай ауру туралы ойлауға болады?

/ Иценко-Кушинго синдромы

/ Семіздік

/ Глоиерулонефрит. Созылмалы бүйрек жетіспеушелік

/ Біріншілік альдестеронизм

/ Гипертония ауруы

! 55 жастағы, әйел шөлдеуге, полиурияға, арықтауға, түнгі мезгілдегі тершеңдікке, бас ауруына шағымданады. Артериалды қан қысымы-70/40 мм.с.б.б. төмендеді.

Қандай мүмкін болатын диагноз?

/ Феохромацитома

/ Климактериялық невроз

/ Иценко-Кушинг ауруы

/ Иценко-Кушинг синдромы

/ Вегето-тамырлық синдром

! 40 жастағы, ер кісі шағымдары тез қозғыштық, жиі жүрек соғысы, тез шаршағыштық. Тексеруден кейін эндемиялық зобтың түйінді формасы диагнозы қойылды.

Емдеу тактикасы ?

/ Йодомарин

/ Тирозол

/ Преднизолон

/ Меркозолил

/ L-тироксин

! 30 жасар, әйел шағымдары салмағының артуына, жиі басының ауруы, іштің өтуі, аяқ қолдың жүдеуіне. Артериалды қан қысымы - 180/110 мм.с. б.б. Иценко-Кушенг ауруы диагнозды қойылды.

Қандай ем түрі тиімді?

/ Бүйрек үсті безінің ісігін алып тастау

/ Капотен

/ Преднизолон

/ Спиронолактон

/ Азатиоприн

! 40 жастағы, әйел 10 жылдан бері гипотиреозбен ауырады. 125 мг тәуліктік дозамен тиреоидты препаратты ұзақ уақыттан бері қабылдайды. Науқаста тері қабатының құрғақтығы, іш қатуы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, ұйқышылдық сақталады. Анамнезінде тиреоидты гормондардың деңгейі жоғары.

Дәрігердің жүргізу тактикасы қандай?

/ Тироксин мөлшерін жоғарылату

/ Преднизолон тағайындау

/ Меркозолилді тағайындау

/ Оперативті емге жіберу

/ Азотиоприн тағайындау

! 12елі ішек ойық жарасымен ауыратын науқастың уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі қанша?

/ 21-28 күн.

/ 45-50 күн.

/ 50-70 күн.

/ 9-12 күн.

/ 5-7 күн.

! Дене жүктемесін тоқтатқанда басылушы, жүгіру барысында пайда болатын төс тұсында қысып ауырсыну стенокардияның қай түріне тән?

/ Тұрақты күштемелі стенокардия I ФК.

/ Тұрақты күштемелі стенокардия II ФК.

/ Тұрақты күштемелі стенокардия III ФК.

/ Тұрақты күштемелі стенокардия IV ФК.

/ Тұрақсыз стенокардия.

! 29 жастағы әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге күндізгі уақытта аптасына 1-2 рет, түнгі уақытта айына екі реттен жиі мазалайтын демікпе ұстамасына шағымданды. Ұстама барысында сальбутамолды ингаляция түрінде қолданады. Ауру белгілері бір жылдан бері байқалады. Темекі шегеді. Жағдайы нашарлауын салқындаумен байланыстырады. Объективті - өзгерістер анықталған жоқ. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы сальбутамолмен дем алғаннан соң 20 минуттан кейін алғашқы көрсеткішімен салыстырғанда 25 % жоғары. Ұстамадан тыс уақытта тыныс шығарудың жылдамдық шыңы қажетті мөлшердің 80% құрайды, тыныс шығарудың жылдамдық шыңы көрсеткішінің ауытқуы 30%.

Қандай диагноз ең дұрысы?

/ Бронх демікпесі, инфекцияға тәуелді түрі, жеңіл ағымды персистирленген

/ Бронх демікпесі, инфекцияға тәуелді түрі, жеңіл интермиттирленген ағымы

/ Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жеңіл ағымы

/ Бронх демікпесі, инфекцияға тәуелді түрі, орташа ағымды персистирленген

/ Бронх демікпесі, инфекцияға тәуелді түрі, ауыр ағымды персистирленген

! 45 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге бас ауыруына, жүрек айнуына, жүрек тұсында қысып ауырсынуға шағымданып келді. Екі жыл ішінде артериялық гипертония және жүректің ишемиялық ауруы бойынша диспансерлік бақылауда тұрады. Артериялық қан қысымының ең жоғарғы деңгейі 150/95 мм сынап бағанасына дейін көтеріледі. Клиникалық зертханалық тексеру нәтижелері өзгеріссіз.

Артериялық гипертензияның дәрежесі мен қатер тобын анықта:

/ Артериялық гипертензия I дәрежесі, қатер тобы IV

/ Артериялық гипертензия II дәрежесі, қатер тобы III

/ Артериялық гипертензия II дәрежесі, қатер тобы IV

/ Артериялық гипертензия III дәрежесі, қатер тобы III

/ Артериялық гипертензия, III дәрежесі, қатер тобы IV

! 55 жастағы ер адам, дәрігерге аяқ астынан пайда болған ентігуге, көкірек тұсында ауырсыну, жүрек соғысы жиілеуі, қанды қақырық, тершеңдік пайда болуына шағымданды. Объективті тексергенде цианоз, мойын веналары кеңеюі, аяқ веналарының варикозды кеңеюі байқалады. Өкпеде плевра үйкеліс шуылы естіледі. Электрокардиограммада: SІQІІІ синдромы, P-pulmonale, Гис бұтағының оң жақ аяғының толық емес блокадасы анықталды. Қандай диагноз ең дұрысы?

/ Өкпе артериясының тромбоэмболиясы.

/ Миокард инфаркті.

/ Астматикалық статус.

/ Өкпе бөлігінің ателектазы.

/ Өкпенің ошақты туберкулезі.

! 19 жастағы ер бала дәрігерге жүрек тұсында қысып ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінде дене жүктемесінен кейін естен танып қалу байқалған. Анасы жағынан жақын туысқандарының ішінде жастай аяқ астынан өлім жағдайлары болған. Объективті тексеруде дене бітімі жақсы, көкірек торы деформацияланбаған. Тері қабаты қалыпты. Жүрек аускультациясында жүрек түрткісінде төс бойына жақсы берілетін қатал систолалық шу естіледі. АҚҚ 120/80 мм сынап бағанасы бойынша, пульс минутына 84 рет. Электрокардиограммада І, aVL, V5,V6 тіркемелерінде патологиялық Q тісшесі анықталды. Эхокардиограммада сол жақ қарынша мен қарыншааралық пердесінің айқын гипертрофиясы анықталды.

Осы патологияда кардиалгияның пайда болу себебі қандай?

/ Салыстырмалы коронарлық жетіспеушілік.

/ Спецификалық емес коронарит.

/ Коронарлық артериялар спазмы.

/ Қанда эндорфиндер деңгейінің төмендеуі.

/ Коронарлық артериялар атеросклерозы.

! 35 жастағы ер адам, дәрігерге бас ауруына, бұлшық еттер әлсіздігіне, шөлге, көп зәр шығуына, қайтымды тырысу байқалатынына шағымданып келді. Ауру белгілері бірнеше ай бойы мазалайды, аурудың басталуын ешқандай себеппен байланыстырмайды. Объективті тексергенде науқаста АҚҚ 170/100 мм сынап бағанасына дейін жоғарылауы анықталды. Анализдерінде гипокалиемия– 2,5 ммоль/л, гипернатриемия – 170 ммоль/л анықталды.

Болжам диагноз қандай?

/ Біріншілік гиперальдостеронизм.

/ Реноваскулярлы гипертония.

/ Феохромоцитома.

/ Диабеттік нефропатия.

/ Бүйрек поликистозы.

! 57 жастағы ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсында 30 минутқа созылған, нитроглицеринге басылмайтын қысып ауырсынуға, ауырсынудың сол қолға берілуіне шағымданды. Электрокардиограммада І, ІІ, aVL, V5-V6 тіркемелерінде Q тісшесі және монофазалы қисық анықталды.

Қандай диагноз ең дұрысы?

/ Сол жақ қарыншаның алдыңғы бүйірлік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

/ Сол жақ қарыншаның алдыңғы перделік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

/ Сол жақ қарынша түрткісінің Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

/ Сол жақ қарыншаның алдыңғы перделік және бүйірлік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

/ Сол жақ қарыншаның артқы бүйірлік Q тісшесімен жіті миокард инфаркті

! 30 жастағы әйел, дәрігерге жүрек айнуымен, іш кебуімен, қатты терлеумен бірге байқалатын және көп зәр шығарумен аяқталатын жүрек соғысы жиілеу ұстамасына шағымданды. Алғашқы ұстама үш ай бұрын мазалаған, дәрігерге қаралмаған. Объективті тексергенде ішкі органдар жағынан патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. АҚҚ 110/80 мм сынап бағанасы бойынша, пульс минутына 78 рет. Электрокардиограммада PQ интервалының қысқаруы, QRS комплексінің кеңеюі мен деформациясы, QRS комплексінің алдыңғы тармағының «сатылы» деформациясы, ST интервалының дискордантты жылжуы анықталды.

Науқаста қандай жүрек ырғағы бұзылысының түрі болу мүмкін?

/ Синдром Уайт-Паркинсон-Вольф синдромы пароксизмалды жүрекшелік. тахикардия ұстамасымен

/ Синустық түйіннің әлсіздік синдромы.

/ Қарыншалық экстрасистолия.

/ Гис буынының оң жақ аяқшасының толық блокадасы.

/ II дәрежелі атриовентрикулярлы блокада Адамс-Морганьи-Стокс ұстамасымен.

! 22 жастағы ер бала, жалпы тәжірибелік дәрігерге тез шаршауға, аздаған дене жүктемесінен кейін ентігуге шағымданып келді. Обьективті тексергенде беті көкшіл қызғылт, жүрек түрткісі солға жылжуы, жүрек аускультациясында І тонның әлсіреуі, сол жақ қолтықастына берілетін І тоннан кейін бірден естілетін систолалық шу, ІІІ патологиялық тон анықталды. Электрокардиограммада сол жақ жүрекше мен сол жақ қарынша гипертрофиясы анықталды.

Қандай диагноз барынша мүмкін?

/ Митралді жетіспеушілік

/ Митралді стеноз

/ Аорталді стеноз

/ Аорталді жетіспеушілік

/ Үшжармақты қақпақша стенозы

! 55 жастағы әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсында физикалық жүктемеге байланысы жоқ, бірақ нитроглицеринге басылатын, қысып ауырсынуға шағымданып келді. Аяқ көқтамырларында варикозды ісіну бар. Қан қысымы 160/90 мм сынап бағанасына дейін көтеріледі. Электрокардиограммада спецификалық өзгерістер жоқ.

Қандай келесі диагностикалық тексеру түрі болуі мүмкін?

/ Тәуліктік мониторинг

/ Велоэргометрия

/ Обзиданмен сынама жүргізу

/ Коронароангиография

/ Қандағы ферменттер мөлшерін анықтау

! 43 жасар ер адам, аспаз, жалпы тәжірибелік дәрігерге жеңілдік әкелмейтін, аз мөлшерде кілегейлі қақырық бөлінетін қатты жөтелге, физикалық жүктемеде пайда болатын ентігуге шағымданып келді. 4 жылдан бері ауырады. 14 жасынан темекі шегеді. Көкірек торы бөшке пішінді, бұғана үсті кеңістіктері ісінген. Дауыс дірілі екі жақтама төмендеген. Перкуссияда қораптық дыбыс. Тынысы қатаң, тыныс шығаруы ұзарған, бүйір бөлімдерінде дисканттық, қатты тыныс шығарғанда күшейетін сырылдар естіледі.

Науқасқа не тағайындау қажет?

/ Бронхты кеңейтуші препараттар.

/ Жөтелге қарсы препараттар.

/ Дәрумендер.

/ Антиагреганттар.

/ Седативті препараттар.

! 30 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге 1 ай бойы антибиотиктерге тұрақты, 38 0С дейін жоғарылаған дене қызуына, гипергидрозға шағымданып келді. Тексеріп көргенде: мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы, нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖ-ң 50 мм/сағатқа көтерілуі анықталды. Диагнозын анықтау үшін не істеу қажет?

/ Бейспецификалық ем тағайындап көру

/ Цитостатиктер тағайындап көру

/ Жергілікті антибиотиктер тағайындау

/ Кортикостероидтар тағайындап көру

/ Антибиотиктер тағайындап көру

! 40 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге әлсіздікке, бас айналуына, көз қарауытуына шағымданып келді. Объективті: жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық, терісі және кілегейлі қабаты бозғылт.

Эритроциттері – 3,6 х 109 г/л, гемоглобин – 100 г/л, түстік көрсеткіші – 0,83

Сарысудағы темір – 9 мкмоль/л. Сарысудың жалпы темірбекіту көрсеткіші – 76 мкмоль/л

Науқасқа қандай дәрілік ем тағайындау қажет?

/ Темір сульфаты 150 мг/т.

/ Витамин В12 200 мкг б/і күнара.

/ Преднизолон 20 мг/т.

/ Фолий қышқылы 5 мг/т.

/ Витамин Е 200 мг/т.

! 40 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге оң табанында қатты ауырсынуға шағымданып келді. Бір күн бұрын досының туылған күнінде болған, көп мөлшерде кәуап жеп, қызыл шарап ішкен. Ауырсыну таңғы сағат 6 шамасында басталып, оң аяқтың бірінші саусақ буынында орналасқан. Буын үстінде тері қызарған, ісінген, сипағанда ыстық және қатты ауырсыну байқалады, қозғалғанда, жүргенде күшейеді. Әлсіздік, дене температурасы 37,60С, бас ауыруы байқалады. Бұндай жағдай өмірінде бірінші рет болып тұр. Сіздің күдігіңіз подагралық шабуыл.

Сіздің диагностикалық тактикаңыз қандай?

/ Тәуліктік зәрде зәр қышқылын анықтау.

/ Буын пункциясы.

/ Қанның клиникалық талдауы.

/ Табанның R-граммасы.

/ Ревматоидты факторды анықтау.

! 55 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге жүрек тұсындағы қысып ауырсынуға шағымданып келді. Ауырсыну сол қолға беріледі, 3 қабатқа көтерілгенде немесе тегіс жерде 500 метрден артық жүргенде пайда болып, тыныштық күйде басылады. Бұл симптомдарға жүрек соғуы және беттің қызаруы қоса байқалады.

Қандай дәрі тағайындау дұрыс болады?

/ Метопролол 100 мг тәулігіне 2 рет.

/ Нитроглицерин тіластына (шектеусіз).

/ Кардикет 20 мг тәулігіне 3-4 рет.

/ ТромбоАсс 100 мг тәулігіне.

/ Симвастерол 10 мг тәулігіне.

! 67 жасар ер адам, жалпы тәжірибелік дәрігерге ентігу мен жөтелдің күшеюіне, кілегейлі-іріңді қақырықтың бөлінуіне, субфебрилді температураға шағымданып келді. Көп жылдан бері өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауырады. Аускультативті өкпеде әлсіреген везикулярлы тыныс фонында құрғақ ысқырықты сырылдар. Тыныс алу жиілігі – минутына 28 рет, жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Артериялық қан қысымы 130/90 мм сынап бағанасы, пульс минутына 88 рет. Қай препаратты тағайындаған дұрыс?

/ Кларитромицин per os.

/ Гентамицин бұлшықетке.

/ Сальбутамол көктамырға.

/ Вентолин ингаляциялық.

/ Сальбутамол ингаляциялық.

! 47 жасар әйел, жалпы тәжірибелік дәрігерге бас ауру, жүрек айну, жүрек тұсында ауырсыну, жүректің қатты соғуына шағымданып келді. 10 жылдан бері бронх демікпесімен диспансерлік тіркеуде тұрады. Қан қысымы 170/90 мм сынап бағанасы.

Науқастың қосымша бронх демікпесімен ауыратынын ескере отырып, қайсы препаратты тағайындауға болмайды?

/ Карведилол.

/ Лизиноприл.

/ Верапамил.

/ Индапамид.

/ Амлодипин.

! «Жедел дизентерияға» қандай нәжіс тән?

/ «Ректальді түкірік» тәрізді

/ «Таңқурай мүгі» тәрізді

/ «Батпақ балдыры» тәрізді

/ «Күріш қайнатпасы» тәрізді

/ «Бұршақ сорпасы» тәрізді

! Тілменің буллезді түріне қандай белгілер тән?

/ Серозды сұйықтықпен ірі көпіршіктер

/ Теріде майда көпіршіктің болуы

/ Ауырсынусыз карбункул

/ Ұзақ аурсыну синдромы

/ Жүйке талшықтары бойымен ауырсыну

! Әйел 60 жаста. Саяжайда тұрады, ешкілер бағады. Жұқпалы ауруханаға мынадай шағымдармен түсті: қызару, оң жақ тізесінің ісінуі, қалтырау, дене қызуының жоғарлауы. Анамнезінде жедел 3-күн бұрын ауырған. Қарап тексергенде дене қызуы 38,5, оң жақ балтырдың төмеңгі бөлігінде, шекарасы айқын қызару. Пальпацияда ауру сезімі байқалады, терісін ұстап көргенде ыстық. Оң жақ шап аймағында үлкейген лимфа түйіндері, айналасындағы тінмен бірікпеген.

Болжам диагноз?

/ Оң жақ тізе аймағындағы тілмелік зақымдану

/ Оң жақ тізе аймағындағы сібір жарасы

/ Оң жақ тізе аймағындағы карбункул

/ Оң жақ тізе аймағындағы инфицирленген жара

/ Оң жақ тізе аймағындағы эризипелоид

! Ер адам, 40 жаста. Жұқпалы ауруханаға ауруының 7-ші күні мына шағымдармен түсті: дене қызуының жоғарлауы, бас ауруы, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, оң жақ қабырға астының ауруы, терінің сарғыштануы және қышуы.

Эпидемиологиялық анамнез: Балықшы, жиі толық қайнатылмаған балықты қолданады. Сарғаю бар адаммен қатынаста болмаған. Соңғы 6 айда парентеральды егу болмаған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 37,2 оС, теріде, склерадағы сарғаю айқын. Терідегі қасынған іздер, тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған, іші кебіңкі, өт қабы аймағында ауру сезімі, бауыр қабырға доғасынан 1,5 см, зәрі қою қоңыр, нәжісі ашық сары, Жалпы қан анализінде –эозинофилия.

Болжам диагноз қойыңыз:

/ Вирусты гепатит А

/ Лептоспироз

/ Описторхоз

/ Иерсиниоз

/ Вирусты гепатит В

! Ер адам, 26 жаста. Жұқпалы ауруханаға ауруының 2-ші күні мына шағымдармен келді: дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, эпигастрий аймағындағы ауру сезімі, жиі шұрылдаған көп мөлшердегі нәжіс, жүрек айну, көп мөлшердегі құсу. Ауру жедел басталған, бір тәулік ішінде жоғарыдағы симптомдар пайда болған. Жақында асханадан тамақтанған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 38,3 оС, гипотония, тахикардия, тері тонусы төмендеген, ерні және тілі құрғақ, іші жұмсақ, эпигастральды аймақта және кіндік аймағында ауру сезімі, нәжісі қабылдау бөлімінде сұйық болды және көп мөлшерде, өткір иісті, жасыл түсті түрде.

Болжам диагноз:

/ Сальмонеллез

/ Тырысқақ

/ Дизентерия

/ Иерсиниоз

/ Іш сүзегі

! Ер адам, 23-жаста, жұқпалы ауруханаға мынадай шағымдармен түсті: нәжісінің сулы және жиі болуы, көп мөлшердегі сулы құсық, жүрек айнусыз. Жедел ауырған. Жақын арада Гаитиде қонақта болған. Қарап тексергенде: жалпы терісінің көгеруі, шырышты қабаттарының құрғауы, афония, көз алмасының төмен түсуі, бет ұштары үшкірленген. Тері тонусы төмендеген, айқын «кір жуушының қолы». Белгілері, тері жабындылары суық, дене қызуы 35,4 оС. Аяқ бұлшықеттерінде тырысу болған. Тілі құрғақ, қоңыр жабындымен жабылған, ентігу, жіп тәрізді пульс, жүрек тондары әлсіз, тахикардия, гипотония, іші тартылған, ауру сезімсіз.

Алдын ала диагноздың болжамы?

/ Тырысқақ, гиповолемиялық шок

/ Сальмонеллез, гиповолемиялық шок

/ Жедел дизентерия ИТШ

/ Ішектік иерсиниоз ИТШ

/ Іш сүзегі ИТШ

! Әйел, 32 жаста. Жұқпалы ауруханаға мынадай шағымдармен түсті: оң жақ тізесінің және оң жақ табан буындарының ауру сезімі, дене қызуының жоғарлауы, терлегіштік. 6-жылдан бері сауыншы болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде жағдайы орташа ауырлықта, t-37,5 оС, терісі таза, ылғалдылығы жоғары. Микрополиаденит анықталады. Тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған. Бауыр пальпацияланады. Оң жақ тізе буыны үлкейген, қимылы шектелген, ауырсыну сезімі байқалады. Анализінде: серологиялық реакция Райт әдісімен 1/200 қатынасы, Хеддльсон –оң.

Емдеу жоспарында қандай антибиотиктардын комбинациясын қолданған дұрыс?

/ Доксициклин, рифампицин

/ Пенициллин, канамицин

/ Левомицетин, эритромицин

/ Ампиокс, левомецитин

/ Тетрациклин, пенициллин

! Ер адам 40-жаста. Жұқпалы ауруханаға мына шағыммен келді: әлсіздік, жүрек айну, дене қызуының жоғарлауы, нәжісі сұйық, шырыш немесе қан аралас, сол жақ мықын аймағында ауру сезімі байқалады. Ауру жедел басталған. Асханадан тамақ ішеді, қолды жиі жумайды. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, t-37,7 оС, іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағында ауру сезімі. Сигма тәрізді ішек тығыздалған, ауру сезімімен, қабылдау бөлімшесінде нәжісі сұйық, шырыш пен қан аралас.

Бүл жағдайда кандай зерттеу тәсілін қолданған дұрыс?

/ Бактериологиялық

/ Иммунологиялық

/ Бактериоскопиялық

/ Вирусологиялық

/ Серологиялық

! Әйел адам, 44-жаста, ауруханаға ауруының 4-ші күні мына шағымдармен келді: әлсіздік, бас ауру, ауызының құрғауы, тыныс алуының қиындауы, көруінің нашарлауы. Анамнезінде маринадталған консервіленген саңырауқұлақ жеген. Қарап тексергенде : t-37,5 оС, жағдайы ауыр, адинамия, есі анық, птоз, жеңіл анизокория, дауысының қарлығуы, жұту қиындауы, суды қиналып ішеді, аз мөлшерде. Айқын тахикардия, гипотония, жүрек үндері әлсіреген, іші жұмсақ, кебіңкі, эпигастральды аймақта ауру сезімі байқалады. Нәжісі тек клизмадан кейін, зәр шығаруы қалыпты.

Бүл жағдайда алғашқы ретте қандай препаратты енгіземіз?

/ Ботулизмге қарсы сарысу

/ Сіреспеге қарсы сарысуы

/ Дифтерияға қарсы сарысуы

/ Вирусқа қарсы препарат Виферон

/ Антибактериальды препарат Пенициллин

! Геолог, 35-жаста. Жұқпалы ауруханаға ауруының 9-шы күні мына шағымдармен келді: Басының ауруы, әлсіздік, ұйқысының бұзылуы,тәбеттің төмендеуі, ауруы біртіндеп басталған, ауруының 4-5 күні, дене қызуы t-39,0 оС. Анамнезі: 14 күн алдын іс-сапардан келген. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, t-39,0 оС, адинамия, беті бозарған, теріде іш аймағында розеолезды элементтер, тілі ылғалды, көбіне тілінің және шеттерінде тістің іздері бар, оң жақ мықын аймағы шұрылдау және перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, гепатомегалия.

Аталған антибиотиктардің ішіндегі тиімдісі?

/ Левомецитин

/ Пенициллин

/ Доксициклин

/ Ампициллин

/ Тетрациклин

! 16-жасар оқушы, ер бала, жұқпалы ауруханаға ауруының 2-ші күні түсті. Шағымы: Жедел бас ауруы, t-39,5 оС, 3- рет құсу, жүрек айнусыз. Қарағанда: жағдайы ауыр, бозғылт, әлсіз. Қабылдау бөлімінде құсу, шүйде бұлшықетінің ригидтілігі, Керниг симптомы оң.

Бүл жағдайда қандай диагностикалық тексеру қажет?

/ Ликворограмма

/ Гемокультураға қан

/ Биохимиялық қан анализі

/ Қанның серологиялык тексеруі

/ Зәрдің бактериологиялық тексеруі

! Ер адам, 25-жаста, емханаға мына шағымдармен келді: науқастың дене қызуы 4 аптаға созылған. Нәжісі сұйық, тәулігіне 2-3 рет. Терісінде бөртпелер, түнде терлеу, 17-жасынан бері наркотикалық инъекция қабылдаушы. Қарағанда: дене қызуы 38,5 оС. Терісі бозғылт, ылғалды, кеуде клеткасының алдыңғы, жоғары бөлігінде және арқасында розеолезді бөртпелер, қолтық асты бездерінің мөлшері бұршақ тәрізді. Айналасындағы тінмен біріккен лимфа түйіндері анықталады.

Бүл жағдайда қандай диагностикалық тексеру қажет?

/ Иммуноблотинг

/ Биохимиялық анализ

/ ИФА

/ Серологиялық

/ Бактериологиялық

! 58 жастағы ер кісі 15 жыл бойы созылмалы пиелонефритпен ауырады.

Бірнеше рет стационарлық және амбулаториялық ем қабылдаған. Соңғы екі аптада аяғында ісік пайда болуына байланысты стационарға жатқызылған. Стационарда гентамицин 80 мг күніне 3 рет 7 күн бойы және емді бастаған күннен 3 күн өткен соң фуросемид 40 мг күніне 1рет қабылдаған.

Тағайындалған дәрілік препараттардың бір- бірімен әсерлесуі қандай жағдайға әкеледі?

/ Гентамициннің нефротоксикалық әсерінің күшеюіне

/ Гентамициннің гепатотоксикалық әсерінің күшеюіне

/ Гентамициннің нейротоксикалық әсерінің күшеюіне

/ Фуросемидтің гематотоксикалық әсерінің күшеюіне

/ Гипокалиемияның тез арада дамуына

! 34 жастағы созылмалы гломерулонефритпен ауыратын әйелге экстракорпоралды гемодиализді жүргізу кезінде 10 мың ӘБ дозада гепарин тағайындалды, содан соң сырқатта жатырдан қан кету басталды.

Бұл жағдайдың себебін немен түсіндіруге болады?

/ Гепариннің артық дозасымен

/ Гепаринге болған аллергиямен

/ Гломерулонефриттің асқынуымен

/ Диализдейтін ерітіндімен

/ Гемодиализдің асқынуымен

! 62 жастағы ер кісі оң жақ қабырға астының ауыруына, ішінің көлемінің ұлғаюына, аппетиттің төмендеуіне және жалпы әлсіздік шағымдарымен гастроэнтерологиялық бөлімге түсті. Жағдайының нашарлауы екі апта көлемінде. Ішті жалпы қарағанда оның үлкейгені байқалады, кіндігі шығыңқы, "медуза басы "симптомы, пальпацияда – флюктуация, перкуссия – іш қуысының шеткерлік бөлігінде перкуторлық дыбыстың бәсеңдеуі анықталды.

Сырқатқа қойылған диагноз: этиологиясы белгісіз бауыр циррозы. Порталды гипертензия синдромы. Асцит.

Төмендегі берілген зәр шығаратын препараттардың қай қосылыстары рационалды болып табылады?

/ Фуросемид және верошпирон

/ Триамтерен және гипотиазид

/ Маннитол және триампур

/ Индапамид және гипотиазид

/ Спиролактон және гипотиазид

! 62 жастағы ер кісі созылмалы обструктивті бронхитпен, созылмалы тыныс жетімсіздігімен, екіншілік эритроцитозбен, декомпенсацияланған өкпелік жүрекпен ауыратын науқаста төс артындағы стенокардиялық күшті ұстама дамыды. Обьективті: айқын акроцианоз, тыныс алу жиілігі минутына 25 рет, жүректің жиырылу жиілігі минутына 84 рет, АҚ 130/80 мм.сын. бағ.

ЭКГ түсіргенге дейін ауырсыну ұстамасын басу керек.

Негізгі ауруын ескере отырып қай аналгетиктің тағайындалуы қарсы көрсеткіш болады?

/ Морфин

/ Кетонал

/ Анальгин

/ Перлинганит

/ Диклофенак натрий

! 30 жастағы сырқат, аш қарында эпигастрии тұсының ауырсынуы, маалокспен нашар басылатын қышқылдың көбеюі шағымымен ауруханаға түсті. Эзофагогастродуоденоскопияда 12 – елі ішектің ойық жарасы ( 0,5см ) табылған. Асқазан сөлінің РН – метриясы: қышқыл шығару орташа интенсивті, төменгі резервті, рецепцияның холинергиялық типі. Иммундыферментті анализі бойынша Helicobacter pylori анықталмаған. Диагноз: 12 елі ішектің ойық жарасы. Өршу сатысы, Helicobacter pylori- мен ассоциирленбеген.

Ең эффективті және қауіпсіз дәрілік затты таңдаңыз:

/ Омепразол 0,02 1 капсуладан 1рет таңертең

/ Циметидин 0,2 1таблеткадан күніне 4 рет

/ Но – шпа 0,04 1 таблеткадан күніне З рет

/ Ампициллин 0,25 мг 2 таблеткадан күніне 4 рет

/ Метронидазол 0,025 1таблеткадан күніне 3 рет

! 36 жастағы әйел тез шаршау, көп ашуланғыштық, көңіл күйінің өзгеріп тұруы, басының ауыруы, жүректің шаншып ауыруы шағымдарымен терапевтке қаралды. 3 жыл бойы темекі шегеді. Жанұялық анамнезінде - артериалды гипертониямен анасы ауырған.Объективті: азғын, қолдарында тремор, қалқанша безінің үлкейгені байқалады. Жүрек тондары айқын, жүректің жиырылу жиілігі минутына 104 рет , АҚ 150/90 мм.сын.бағ. ЭКГ-да синустық тахикардия.

Артериалық гипертонияның емінде қай дәрілік топты қолдану тиімді?

/ Бета - адреноблокаторларды

/ Альфа – адреноблокаторларды

/ Альфа- и бета- адреноблокаторларды

/ Ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторларын

/ Диуретиктерді

! 37 жастағы ер адам тұрмыстық жарақат алған, оң қабырға астындағы ауырсынуға шағымданады. Тұратын орнындағы емханаға қаралған, дәрігер оны кеуде қуысының шолу рентгенограммасында оң жақ өкпеде негізгі плевраға жабысқан қабырғалық қараю байқалады, дем алғанда өкпемен бірге қозғалады.

Бұндай рентген көрінісі қандай ауруға тән?

/ қалталанған плеврит.

/ мезателиома.

/ шеткері өкпе рагі.

/ қабырғаның сынуы.

/ экссудатты плеврит.

! Ауруды медициналық тексеру кезінде, флюрограммада оң өкпенің төменгі бөлігінде домалақ көлеңке анықталды. Шағымдары жоқ. Ауруға кеуденің шолу рентгенограммасына жолдама берілді.Кеуденің жалпы шолу рентгенограммасында өзгеріссіз өкпе тінінде шеттері анық домалақ көлеңке байқалады, құрылымда әктенген көлеңкелер көрінеді.

Бұл қандай ауруға тән?

/ гамартохондрома.

/ шеткері өкпе рагі.

/ бронх аденомасы.

/ солитарлы киста.

/ қабырға сынығы.

! Аурудың өңеш пен асқазанын контрастты зерттеуде, өңештің құрсақ бөлігі кеуде қуысында байқалады, асқазандағы газ көлеңкесі көрінбейді, асқазан тіке ось бойынша айналып кеткен.

Бұл қандай ауруда кездеседі?

/ аксиалды жарық.

/ өңештің құрсақ бөлігінің қалыпты орналасуы.

/ өңештің құрсақ бөлігінің қатпарларының өзгерісі.

/ туа біткен қысқа өңеш.

/ ценкер дивертикулы.

! Ауру 45 жаста. Шағымдары: үлкен дәретке 2 – 3 күнде барады, ауырсынуды байқайды. Тоқ ішекті контрасты зерттеуге жолдама берілді. Баланың тоқ ішегінің ирригоскопиясында сигма және тік ішек аймағында шеттері тегіс, анық ішек қуысының тарылуы байқалады, өзгерістен жоғары супрастеникалық ішек кеңеюі көрінеді.

Бұл қандай ауруға тән?

/ Гиршпрунг ауруы.

/ ас қалдығының тастары.

/ ішек ісігі.

/ ішек полипы.

/ спецификалық емес ішек жарасы.

! Науқас 60 жаста, тамақ жеген кезде өңеште аздаған ауырсыну сезіледі, қызуы қалыпты. Жұтқыншақ пен өңешті констрастты зерттеу рентгенограммасында өңештің бірінші физиологиялық тарылуының сыртқы қабырғасында қап тәрізді, көлемі 2 х3 см., шеттері анық және тегіс бұлтию байқалады.

Бұл өзгеріс өңештің қандай ауруында кездеседі?

/ Ценкер дивертикулы

/ Тракциялық диверкул

/ Пульсациялық дивертикул

/ Эпифренальды дивертикул

/ өңеш дискинезиясы

! 42 жастағы ауру, ас ішкен кезде кеуде астының ауруына, жиі түйілуіне шағымданады. Тұратын жерінің емхана дәрігеріне қаралған, ауруды өңеш ренгеноскопиясына жіберілген. Рентгенде өңештің диафрагмадан жоғары сегментінде жиектік және рельефтік диаметрі 0,3 см «ниша» байқалады. Осы тұста өңеш қуысы тарылған, шеттері бұдырлы, барий қоспасының өтуі бұзылмаған. Диафрагманың өңеш тесігінде қозғалмайтын жарық бар. Клиникалық, рентгендік көрініс қандай ауруға тән?

/ эндофитті рак

/ тостағанша тәрізді рак

/ эзофагит

/ өңештегі тыртықты жара

/ өңештің көк тамырының варикозды кеңеюі

! Науқас 25 жаста, ауруханаға мына шағымдармен келіп түсті: 3 аптадан бері қақырықты жөтел, дене қызуы субфебрильді температурада, жалпы әлсіздік, арықтау. Қақырықты бактериоскопялық әдіспен тексерген кейін өкпе туберкулезінің белсенді түрі анықталды.

Науқастың қақырығында қандай қоздырғыш табылды?

/ Р.Кох бацилласы, 1882 жылы анықталған

/ Кальметт және Герен бацилласы, 1919 жылы анықталған

/ Лайэннек бацилласы, 1825 жылы анықталған

/ И.Мечникова бацилласы, 1888 жылы анықталған

/ А.Фонтес бацилласы, 1910 жылы анықталған

! Ер кісі 26 жаста, туберкулездің активті түрімен ауырады. Негізгі жұғу көзі қандай?

/ Туберкулезбен ауыратын науқастан

/ Инфекция жұқтырған адамдар

/ Туберкулезбен ауырған үй – жануарлары

/ Туберкулезбен ауырған жабайы құстар

/ Туберкулезбен ауырған үй құстары

! Науқас 30 жаста, соңғы 2 жылда өкпенің кавернозды туберкулезімен диспансерлік есепте тұрды. Рентгендік тексеруде: оң жақта 6 сегментте қуыстық деструкциялар анықталмайды, бұрынғы кавернаның орнында домалақ пішінді айқын шекарасы бар фокусты көлеңке анықталады. Қақырықтың 2 реттік бактериоскопиясында және егуде туберкулез микробактериясы анықталмады.Қандай диагноз сәйкес келеді?

/ Оң жақ өкпенің туберкулемасы, сорылу және тығыздалу фазасы. ТМБ-.

/ Оң жақ өкпенің кавернозды туберкулезі, сорылу фазасы. ТМБ-.

/ Оң жақ өкпенің инфильтративті туберкулезі. ТМБ-.

/ Оң жақ өкпенің инфильтративті туберкулезі, сорылу фазасы. ТМБ-.

/ өкпенің инфильтративті фазасы.

! Науқас 14 жаста жедел ауырған, стационарға ентігудің күшеюімен, бас ауру, құсу, дене қызуының 38,5°С жоғарлауы, жалпы әлсіздікпен келіп түсті. Анамнезінде балалық шағында омыртқа туберкулезімен ауырған. Өкпенің рентгенограммасында: жайылған ұсақ ошақты 2-3 мм көлемді, шекарасы айқын емес, интенсивтілігі төмен 2 жақты көлеңке анықталады. Қақырықта туберкулез микробактериясы анықталмайды. Жалпы қан анамнезінде: лейкоциттер 15х109, ЭТЖ– 35мм\сағ. Жұлын сұйықтығында: цитоз 1 мл 229 жасушалар, қабағы түскен, белок - 0,66 г/л.

Болжам диагнозыңыз?

/ Милиарлы туберкулез, инфильтрация фазасында

/ Диссеминирленген туберкулез, инфильтрация фазасында

/ Туберкулезді менингит, базиллярлы түрі.

/ Туберкулезді менингит, жұлындық түрі.

/ Ошақты туберкулез, туберкулезды менингитпен асқынған.

Наши рекомендации