Жалған кәсіпкеріктің субьективтік белгілері
Жалған кәсіпкерлік қылмысы зерттей отырып, обьективті белгілермен қатар субьективті белгілерді де сараптама жасауымыз шарт. Қылмыс құрамының маңызды белгілерінің бірі субьект болып табылады.
Субьектіні зерттеу қылмыстық – құқықтық ғылымда маңызды орынға ие. Осыған байланысты отанымыздың белді ғалымы, отандық заң ғылымының корифейі профессор Е.И. Қайыржанов айтып кеткендей «Қылмыс – ол әрдайым адамның жасаған іс әрекеті , соның үшін обьектіні оған әсерін тигізетін субьектіден бөлу мүкін емес » деп баға беріп кетті[89, с. 89]. Бұл жерде автор тарапынан субьектінің маңыздылығы және өзге қылмыс құрамы элементтермен өзара қарым қатынасы көрсетіліп отыр.
Жалған кәсіпкерліктің субьектісін мәлімдеуге байланысты отандық та рессейлік те ғалымдардың ойлары әртүрлі.
А. Н. Ағыбаев жалған кәсіпкерліктің субьектісі ретінде кез келген 16-жасқа толған, есі дұрыс адам бола алады деген пікір қадырып кеткен [8, Б. 191]. бірақ өз ойын шегелейтіндей артынан дәлелдер қалдыра алмағандықтан бұл ойға қарсы шағатындардың саны көп.
Ал тағы бір отандық ғалымдар А.Б. Бекмагамбетов, В.П. Ревин, О.А. Рыхловтың пайымдауы бойынша 18 жасқа толған, есі дұрыс жеке тұлға немесе ата-анасының өзге де заңды өкілінің рұқсатымен 16 жасқа толғаннан кейін кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға денен секілді қызықты ой қалдырып кеткен [9, Б. 604]
Ал рессейлік Ю.П. Кравец болса мүлде жаңаша ой білдіріп өтті. Оның пайымдауы бойынша қылмыс субьектісі ретінде 18 жасқа толған есі дұрыс адам танылады деген секілді ойды бідіріп өткен [140. Б.94]
Бұл ой біздіңше терең ойланбай жазылған пікір себебі ҚР АК-де 22-1-бап.Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке
қабiлеттi деп жариялау (эмансипация) баптың болуы Ю.П. Кравецтің пайымдауларын толығымен жоққа шығарады.
Аталған мәселені шешу үшін ҚР Азаматтық кодексіне сілтеме жасауымызға тура келеді.Азаматтық кодекстің 17-бабының, 1-тармағында «Азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде пайда болады»,-делінген. Бірақ осы баптың 2-тармағында болса: «Заң құжаттарында он сегiз жасқа жеткенге дейiн некелесуге рұқсат етiлетiн жағдайда, он сегiз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемiнде әрекет қабiлеттiлiгiне ие болады»,- делінген.
Ал М.К. Сулейменов пен Ю.Г. Басиннің пайымдауы бойынша «Несовершеннолетние, достигшие четырнадцати лет, обладают дееспособностью не в полном объеме, т.е. частичной дееспособностью. Они могут совершать сделки сами, но, как правило, с согласия родителей, усыновителей или попечителей. (22.б,1.т), Несовершеннолетние... самостоятельно на общих основаниях несут ответственность по сделкам, заключенным ими в соответствии с правилами комментируемой статьи, а также несут ответственность за вред, причиненный их действиями (22.б,1.т) » [123. С. 98]
Осы пайымдауларға қарай отырып жалған кәсіпкерлік үшін жауаптылық 16 жастан туындайды деп есептейміз. Себебі Азаматтық кодекстің 17 -бабының, 1-тармағы, және 22-1-бабына сүйене отырып осындай пайымдауды жасап отырмыз.
Осы тақырыпқа байланысты рессейлік ғалым Л.Л. Кругликов та біршама қызықты ой қалдырып өткен. «жалған кәсіпкерліктің субьектісі арнайы субьекті болады. Ол субьекті құрылтайшы болып есептелінеді»,- деген секілді ой қалдырып кеткен.
Бұл ойға отандық ғалымдар С.М. Рахметов пен И.И. Рогов өте дәйекті қарсылықтар келтіріп, бұл ойдың теріс екенін дәлелдеп кеткен. « соответсвии с п. 13 названного выше нормативного постановления Верховного Суда Республики Казахстан « субьектами лжепредпринимательства могут являться не только участники коммерческой органмзации, но и руководитель ,а также иные лица, которые осведомлены о том, что эта организация не будет осуществлять предпринимательскую деятельность или будет заниматься запрещенной деятельностью, и дают на это согласие.»»,- деген секілді әдемі ой қалдырып өткен.
Осылайша біздің пайымдауымызша да жалған кәсіпкерліктің субьектісі 16 жасқа толған есі дұрыс, кез келген адам болуы мүмкін.