Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың субьективтік белгілері

Обективті белгілерді қарастырып болғаннан соң иіндетті түрде субьективті бегілерге де тоқталып өткеніміз жөн болады. Жоғарыда атап кеткеніміздей субьективтң белгілер мен обьективті белгілердің өзара қатынасының, бір мақсатқа бірігуінің нәтйжесінде белгілі бір қоғамға қауіпті әрекет жасалынады.

Қылмыс құрамының міндетті бегісі ретінде өзі жасаған әрекеттерге жауап бере алатын жеке тұлға субьектідеп танылады.

Қылмыстық заңнама тұлғаны қылмыс субьектісі деп тану үшін қажеті жалпы және арнайы субьектілердің белгілерін көрсетіп кеткен.

Жапы лалпы субьектілерге тән белгілер:

1) Адам болуы керек;

2) Есі дұрыс болуы керек;

3) Заңмен көрсетілген жауаптылық жасына толуы керек (14-бап, 1-бөлік)

Ал арнайы белгілерге жалпы белгілермен қатар өзге де қылмыстық заңнамада бекітілген белгілер тән болуы керек. Мысалы ретінде ерекше қызметтік ( мемекеттік қызметтерді орындау функциясы берілген уәкілетті тұлға) немесе өзге де жеке қасиеттері бойынша ерекшелінетін тұлғалыр.

Ал біз қарастырып отырғанымыз ол – кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың тұлғалары болып отыр.

Заңсыз кәсіпкеріктің субьектісі сыбайлас жемқорлық қылмыстары секіліді арнайы болып есептелінеді.

2003 жылғы 25 қыркүйектегі « Жемқорлықпен күресу туралы заңнамалық актілерге өзгерістер мен тоықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес субьектіері мыналар бола алады:

1) Мемлекеттік қызметтерді орындау уәкілеттілігі берілген тұлға;

2) Мемлекеттік функциясын орындау берілген тұлғаға теңестірілген тұлға;

3) Лауазымды адам.

Мемлекеттік функцияларды орындау уәкілеті берілген тұлға. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдеде қабылданған Қылмыстық кодексінің 3-бабының 27-тармағына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметші, мәслихат депутаты жатады. Енді осы анықтамадан келіп шыққан халде заңсыз кәсіпкеріктің субьектілерін көрсететін боламыз.

Ал мемлекеттік қызметші туралы Қазақсатан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі заңының 1-бабының 12-тармағындағына сәйкес «мемлекетік органда Қазақстан Республикасының заңнамасында бегіленгег тәртіппен республикалық және жергілікті бюджеттерден не Қазақстан Республикасының Ұлттвқ банкінің қаражатынан ақы төленетін лауазымды атқаратын және мемлекеттік міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттіліктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.

Міне жоғарыда атап өткен тұлғалар мемлекеттік функцияарды орындау уәкіеттілігі беріген тұлғалар қатарына жатады.

Мемлекеттік функциясын орындау берілген тұлғаға теңестірілген тұлға.Қазақсан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жоғарыда аталған тұлғаларға мынандай анықтама берілген «мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам – жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адам; Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген азамат; жергілікті өзін-өзі басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін, еңбекақысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің қаражатынан төленетін қызметші; мемлекеттік ұйымда немесе жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан асатын ұйымда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингте, ұлттық холдингте, ұлттық компанияда, ұлттық даму институтында, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі олардың еншілес ұйымында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымға тиесілі заңды тұлғада басқару функцияларын орындайтын адам; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері».

Біздің ойымызша осы тізімді жеке-жеке бөліп қарастырған дұрыс деп есептейміз.

1. жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адам;

2. Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген азамат;

3. жергілікті өзін-өзі басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін, еңбекақысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің қаражатынан төленетін қызметші;

4. мемлекеттік ұйымда немесе жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан асатын ұйымда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингте, ұлттық холдингте, ұлттық компанияда, ұлттық даму институтында, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі олардың еншілес ұйымында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымға тиесілі заңды тұлғада басқару функцияларын орындайтын адам;

5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері;

Біздің райымдауымызша осылай бөліп қарастырғанымыз түсінікті әрі жеңіл деп есептейміз.

Лауазымды адам.Қазақстан РеспубикасыныңҚылмыстық кодексінде лауазымды адамдарға мынандай анықтама берілген: «лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша билік өкiлi функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам»,- деп жазылған (ҚК.1-бап,26-т)

Жоғардағы аталған анықтамаларды ескере отырып кәсіпкерлікке заңсыз араласудың субьектісі арнайы субьекті деп есептейміз, оның ішінде мына аталған арнайы тұлғалар:

1. Мемлекеттік қызметтерді орындау уәкілеттілігі берілген тұлға;

2. Мемлекеттік функциясын орындау берілген тұлғаға теңестірілген тұлға;

3. Лауазымды адам;

Осы осы аталған үш нысанның біренде мемлекеттік қызметші кәсіпкерік қызметке заңсыз қатынасатын болса онда қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Жоғарыда аталған үш нысанға басымдылық беріп отырған себебіміз, тұлға аталған үш нысанның бірде – біріне сәйкес келмесе онда қылмыстық жауаптылық та болмайды деген сөз.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың субьективтік жағы.

Қылмыстың субьективтік жағы дегеніміз – адмамның өзі жасаған іс – әрекетіне және оның зардаптарыеа психикалық қатысы.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың субьективті жағы тіккелей қасақаналықпен сипатталалыды. Отандық ғалымдардың көпшілігі бір ауыздан жоғарыда аталған қылмыс тікелей қасақналықпен жасалатыны жайлы айтып кеткен [3. Б. 631,11. Б. 582].

Осы ойлаармен санаса отырып біздің пікірімізше кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың обьектісі тек қана тікелей қасақаналықпен сипатталады, және бұл қылмысты жасаған адам сол қылмысқа саналы түрде бара отырып, болашақта келетін зардабін көре біледі, және со зардаптың болуын қалайды.

Наши рекомендации