Субъективтік жақтың қосымша белгілері және олардың міндетті белгі ретінде бағаланатын жағдайын анықтаңыз.

Қылмыстық құрамның суб жағының қосымша белгілері ретінде қылмыстың мақсат ымен ниеті алынады. Бұл белгілерлің қосымша ретінде қолданылу себебі, ол қылмыстың суб жағының бар жоқтығын анықтау кезінде қоғамға қауіпті, арнайы мақсат немесе ниет түрі болмаса да абайсыздық немесе қасақаналық нысандардағы кінә болуымен суб жақтың бар деп танылуы болып таб. Қылм құрам элементтері қатарында ниет пен мақсат қажетті болмағанда және бұл белгілер балама түрде анықталғанда қылм ниет пен мақсаттың квал жүргізу үшін қажеттілігі болмайды.

Қылмыстық құқықта жекелеген қылмыс құрамдарын талдау кезінде қолданылатын ниеттер көбіне кек, бұзақылық, қызғаншақтық, пайдақорлық, жек көрушілік тәрізді адамгершілікке жатпайтын, әлеум тұрғыдан зиянды және құқықтық санаға қайшы ниеттер түрінде анықталады. Мұндай ниеттердің көбі қылмыстық заңда кінәнің ауырлататын құрам ретінде бағалауға негіз береді.

Ниеттің түрін қылмыстық ниет деп бағалау үшін оның барлық жағдайда қоғамға қауіпті зұлым сипатта болуы шарт емес. Қылм заңдағы қылмысты деп танылған әрекеттерді мағынасы жағынан пайдалы, сипаты жағынан жақсы ниеттермен жасауда қылм жауаптылыққа соқтырады.

Пайдалы ниет, мақсатпен қауіпті іс әрекет жасау бір ғана жағдайда, яғни адам өз іс әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті екендігін түсінуге мүмкіндігі болмағанда ғана қылмысты деп танылмайды. Қылмыстың мақсаты ретінде ниетті қанағаттандыру бағытында жасалған іс әрекеттің түпкі нәтижесіне қатысты кінәлінің ішкі шешімі алынады.

Ниет пен мақсаттың түріне қарай қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтауға болады. Кей мақсат пен ниеттер қылмыстың ауырлық санаттарын белгілеуге себепші болады.

ҚК ерекше бөлім баптарында мақсат не ниет түрі тікелей көрсетілгенде, бұл белгілер қосымша емес, міндетті белгі рөлін атқарады. Яғни жасалған қылмысты осы баппен немесе осы бөліммен квал үшін жасалған қылмыс бапта көрсетілгендей ниетпен немесе мақсатта жасалған болуы керек. Қылм кодекстің кей баптарында мақсаттың не ниеттің түрі арнайы көрсетілгенде бұл құрам өзге ұқсас қылмытсық құрамдардан осы ниет, мақсат түріне қарай ажыратылады немесе әрекет қылмыс болып саналмауы да мүмкін.

Ниет пен мақсат бойынша квал жүргізу мынадай жағдайларда жүргізіледі: заң баптарында көрсетілген ниет немесе мақсаттың жасаған іс әрекетте болмауының қылмыстық құрамның да жоқтығын білдіретін жағдайын ниет, мақсат түрінің осы қылмысқа ғана тән болуына байл деп және осы қылмысқа об жағы бойынша ұқсас қылмыс заңда жоқ болуына байл деп түссіну керек. Екінші жағдайда, заң бабының жауаптылықты ауырлататын бөлімінде арнайы көрсетілген ниет пен мақсаттың түрі жасалған іс әрекеттей болмауы қылмыстық жауаптылықты жоймайды немесе басқа баппен квалификациялауға негіз бермейді. Мұндай жағдайда іс әрекет негізгі құрам бойынша бағаланып, құрам элементтерінің негізгі белгілері бар деп саналады.

Кінәнің қос нысанымен жасалған қылмыстарды квалификациялау және кінәнің қос нысаны заңда арнайы келтірілмеген жағдайлардағы квалификациялаумен байланыстыра қарастырыңыз..

Қылмыстық заңдағы кей қылмыстық құрамдар суб жағынан кінәнәі қос нысанымен сипатталады. Кінәнің қос нысанымен анықталатын қылмыстардың ерекшелігі, ол мұндай күрделі кінәмен жасалатын қылмыстар ҚК ерекше бөлім баптарында тікелей келтіріледі. Келесі бір ерекшелігі, кінәнің екі түрімен де жасалатын құрамдар ҚКте негізгі құрамнан кейін жауаптылықты ауырлататын құрам ретінде қарастырылуы болып табылады. Кінәнің қос нысанын ҚК бабы “егер қасақана қылмыс жасау салдарынан заң бойынша неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын және адамның ниетімен қамтылмаған ауыр зардаптар келтірілсе, мұндай зардаптар үшін қылмысттық жауаптылық егер адам олардың пайда болатынын алдын ала білсе, бірақ осыған жеткілікті негіздерсіз оларды болдырмауға менмендікпен сенген жағдайда немесе адам бұл зардаптардың пайда болу мүмкін екендігін алдын ала білмесе, бірақ болжауға тиіс және болжай алатын болған жағдайда ғана пайда болады” деп анықтаған.

Кінәнің қос нысанымен жасалатын қылмыстардың заңда өмір сүру себебі, ол кей қасақана жасалатын қылмыстарды қылмыскердің қоғамға қауіпті әрекеттерді өзі ойлаған, тілеген мөлшерден де ауыр зардаптарға соқтыру ықтималдығы деп түсіну керек.

Заң нормаларын практикалық қызметте қолданушылар жасалған қылмыстың белгілерін толық анықтай отырып, кінәлінің қасақана қылмысы абайсыздықта ауыр зардаптарға соқтырумен кездессе және мұндай әрекеттер заңда арнайы келтірілсе, онда ҚК бір бабы көлемінде квал жүргізіледі. Мұндай күрделі кінә нысандарымен сипатталатын қылмыстың орын алған алмағанын білу үшін қылмыскердің іс әрекетке деген және сонымен бірге осы қылмысқа әдетте тән емес, негізгі белгісі ретінде бағаланбайтын абайсыздықтағы ауыр зардапқа деген психикалық қатынасын анықтау қажет.

Кінәнің аралас нысанымен жасалатын қылмыстар формальдық құрамда да, материалдық құрамда да кездесе алады. Негізгі құрамы формальдық құрамдар болып табылатын адамды ұрлау, әйел зорлау сияқты қылмыстарда кінәлінің іс әрекетке деген психикалық қатынасында қоғамға қауіпті әрекеттің орындалуын тілеу болса, ал ол әрекеттен туындаған зардапқа деген психикалық қатынасында зардаптың болуын көре білуге мүмкіндігі бола отырып, көре білмеу немесе болдырмаймын деп жеңіл ойлылық пен есеп жасау болады.

Кінәнің қос нысанымен жасалған әрекеттерді қылмыстардың жиынтығымен квал болмайды. Қылмыс жиынтығын қылм заң кей қасақана қылмыстарда абайсыздықепн ауыр зардапқа немесе кісі өліміне соқтыруды заң жүзінде арнайы қарастырмағанда ғана қолдануға болады.

Кінәнің қос нысанымен жасалған қылмыстардың және олардың заңдағы бейнесіне зер салсақ, онда кінәліде алдымен қасақаналық кейін абайсыздық орын алатынын байқауға болады. Кінә нысандарының мұндай кезеңдерінің тәртібі сақталмағанда, бірінші кезекті абайсыздық, одан кейін қасақаналық болғанда кінәнің аралас нысандағы жасалған қылмыс деп танылмайды.

Кінәнің қос нысанымен жасалған қылмыстар бойынша квал жасау қиын емес. Себебі кінәнің қос нысаны бойынша сипат алатын құрамдар ҚК ерекше бөлімінң баптарында ауырлататын құрам ретінде келтірілген. Тек жасалған қылмыстың белгілерінде қасқана қылм әрекеттің абайсыздықпен ауыр зардаптарға соқтыруы болғанда, мұндай белгілерді қамтитын баптың қҚКте бар немесе жоқтығын білу керек. Егер жоқ болса, онда абайсыздықта туындаған зардапты қарастыратын заң бабын қолданып, қылмыс жиынтығы түрінде квалификацияланад.

Наши рекомендации