Мемлекет пен ҚҰҚыҚтыҢ арабайланысы жӘне мӘні
Мемлекет пен құқықтың арабайланысының 3 бағыты бар:
Бірлігі
Мемлекет пен құқық ↔ қоғамның құбылыстары болып табылады, олар бірге қалыптасады және олардың ортақ мақсаты бар: қоғамның қалыпты дамуы және қалыптасуы. Мемлекеттік және құқықтық даму – бір процесс/үрдіс. Алайда, мемлекетке тән қасиеттер құқыққа да тән, немесе керісінше – деу дұрыс емес. Олар ортақ қасиеттері бар және де өздеріне ғана тән сипаттағы белгілерден тұратын, жеке құрылымдар болып табылады. Құқық мемлекетпен бірге қоғамның обьективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді.
Згешелігі
Мемлекет пен құқық ↔ ортақ мақсатта болғанмен, осы мақсаттарды әртүрлі жолмен орындайды. Мемлекет – әлеуметтік басқару саласы бойынша, құқық – әлеуметтік реттеу саласы бойынша мақсаттарды орындайды.
Мемлекет – органдардан тұратын билікті ұйымдастырушы болса, құқық – нормалар жүйесі, субьективтік құқықтар мен заңи операциялар жүйесі болып табылады.
Мемлекет – азаматтардың ортақ мүддесін білдіреді, қоғамның жалпы мүддесі үшін әрекет етеді, жеке адамның мүддесінен топ/қауымның мүддесін жоғары қояды. Ал, құқықта – жеке тұлғаның мүддесін қорғау басымдылықта.
Мемлекет – билікпен байланысты болғандықтан мәжбүрлеу сипатқа ие, ал құқыққа– еркіндік, әділеттілік, теңдік орнату қасиет тән.
Зара әрекеттестігі
Мемлекет пен құқық бір-біріне ықпал етеді.
Мемлекет ↔ 1) құқық нормаларды ресми көздерде (источниктерде) бекітеді, 2) мемлекет өзінің органдары арқылы құқықтың қызмет етуін, жүзеге асуын қамтамасыз етеді; субьективтік құқықтың орындалуына көмектеседі, заңи міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді. 3) мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының көмегімен құқық бұзған тұлғаларды заңды жауапкершілікке тарта отырып, құқықтың қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Құқық ↔ мемлекеттің барлық қызметі: мемлекеттік биліктің қалыптасуы, азаматтармен өзара байланысының құқықтық нысанда өтуін қамтамасыз етеді. Құқық ↔ мемлекеттік қызметті белгілейді, ресмилендіреді; құқық арқылы мемлекеттің мақсаты мен қызметі жүзеге асырылады, мемлекеттің сыртқы және ішкі саясаты жүзеге асырылады; қоғамдық құрылыс, қоғамдағы жеке тұлғаның орны заңды түрде орнықтырылады және ресімделеді. Кез келген мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды.
Құқықтың әлеуметтік құндылығы, қызметі:
§ Құқық әлеуметтік құбылыс, онсыз қоғам дамымайды, қоғамды реттеп, басқарудағы негізгі құрал;
§ Құқық қоғамдағы бостандықты, әділеттікті, теңдікті, адамгаршілікті қалыптастыратын негізгі құрал;
§ Құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік даму процесінің бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал,;
§ Құқық қоғамның және жеке адамдардың мүддесін қорғайтын негізгі құрал; барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құрал;
§ Құқық меншіктің барлық түрлерін қорғайтын негізгі күш;
§ Құқық мемлекетті қалыптастырады және қоғамдық тәртіпті реттейтін құрал;
§ Құқық қоғамдағы барлық прогресстік дамудың негізгі құралы
§ Халықаралық байланыстардың қайнар көзі.
«Құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады:
1) Субьективтік мағынада → жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет етуі. М: азаматтардың еңбек ету құқықы, білім алу, демалу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың белгілі бір кәсіп түрімен айналысу, меншік иесі болу, мәмілелер жасасу құқығы.
2) Обьективтік мағынада → құқық – құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы
3) «Құқық» термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. М: коституциялық құққық, әкімшілік құқық, азаматтық, еңбек, отбасы, қылмыстық құқық т.б.
4) «Құқық» термині → субьективтік құқық пен обьективтік құқықтың жиынтығы ретінде қолданылады. М: құқық жүйелері мен құқықтық жүйе
Құқық– адам әділдігі мен бостандықтары идеяларына сүйенетін, көп жағдайда заңнамада көрініс табатын және қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік ережелер жиынтығы.
Құқық – адамдардың өміріне қалыпты жағдайларды қалыптастыруға тиісті, қоғамның дамуын заңдық жағынан қамтамасыз етуге тиісті мемлекеттік қуатты құрал болып табылады.
Құқық –дегеніміз қоғам билігін, саясатын, мүддесін жүзеге асыруды толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз.
Құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
Құқық мемлекетпен бірге қоғамның обьективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Қоғамдағы алғашқы әлеуметтік нормалар – әдет-ғұрып нормалары, салт-дәстүр, мораль, діни өсиеттер мемлекеттік жүйеде 2-қатардағы нормаларға айналып, ал құқық негізгі әлеуметтік нормаларға айналды. (алғашқы рулық қоғамда құқықтың қажеттілігі болмады. Ру, тайпалардың арасындағы қатынастар әдет-ғұрып, салт-дәстүрлермен реттеліп отырды. Осы әдет-ғұрыптарды бұзған адам ру мүшелерінің пікірімен жазаланып келген. Осындай адамның құнын ешкім сұрамаған. Егер басқа рудың адамы зорлық көрсетсе, қарымтасына қанмен қайтарылған, бүкіл рудың намысына тигенмен тең саналған. Жеке меншік қалыптасқаннан кейін мүліктік теңсіздік пайда болды, әдет-ғұрыптар өзгеріп жаңа жеке мүліктік мүдделерді қорғайтын құқықтық ғұрыптар – жалпыға бірдей міндетті ережелерге айналды. Қабылданған құқықтық нормалар негізінде құқықтық жүйе қалыптасты. Құқықтық тәртіпті қадағалайтын, заң бұзушылықпен күресетін арнаулы органдар құрылды – әскер, сот, полиция, прокуратура т.б.)
Қоғам өмірін құқық арқылы реттеу арқылы әртүрлі құқықтық қатынастар туады. Яғни қоғам мүшелері – азаматтар, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар осы құқықтық нормалардың талаптарын іс жүзінде жүзеге асыру үшін өзара қарым-қатынастарға түсіп, заңдарда көрсетілген міндеттерді орындауға міндетті болады. Құқықтық қатынастар қоғам өмірінің негізгі салаларын (әкімшілік, қаржы, мүліктік, отбасы, еңбек, процессуалдық т.б.) қамтиды.
Құқықтық қатынастар негізінде, құқықтық нормалар (актілер) арқылы қоғамдық тәртіп орнатылады, оны тәртіп органдары қамтамасыз етеді.
Құқықтың негізгі белгілері мен қасиеттері:
· Нормативтілігі. Өйткені құқық жалпы жүріс-тұрыс ережелерінің жиынтығы
· Мемлекетпен өзара тығыз байланыста болуы. Себебі құқық нормаларды мемлекет қабылдайды және ол мәжбүрлеу сипатқа ие.
· биліктік-реттеушілік табиғаты
Құқықтың негізгі 2 функциялары:
Құқықтың функциялары мемлекеттің функцияларымен сәйкес келеді. М: Мемлекеттің 3 билік тармағына (заң шығарушылық, заң орындау, сот билігі) сәйкес құқықтың да 3 функциясы бар: заң шығару, заңды орындау, заңды қорғау. Қоғамның әртүрлі салаларына сәйкес құқықтың да әртүрлі: экономикалық, мәдениеттік, тәрбиелік, қаржылық, экологиялық т.б. функциялары бар. Осы барлық фунцияларды жиынтықтап, 2 топқа бөлеміз:
1) Құқықтық реттеу функциясы → нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастарды реттеп отырады: құқықтық актілерде субьектілерге торлық бостандық бере отырып, қоғ.қатынастардың дұрыс орындалу бағыты мен жолдарын көрсетеді.
2) Құқықтық қорғау функциясы → қоғамдық қатынастардың дұрыс орындалуына бақылау қояды, құқықтық нормаларда жаман қатынастарға тыйым салады және оны бұзған жағдайда жауапкершілік түрін көрсетеді, жасаған қателері үшін субьектілерді жауапқа тарту функциялары.
ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМА – бүкіл халықтың мүддесін қорғайтын және қоғамды реттеп-басқару құралы, сондай-ақ мемлекеттің билігін, саясатын жүзеге асыру құралы болып табылады. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді. Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды.
Құқық - әртүрлі салаларды, күрделі мәселелерді реттейді. Мысалы: қоғам мүддесін, мем.саясатын, мем.билікті, бостандықты, теңдікті,әділеттілікті, адамгершілікті, заңдылықты, тәртіпеті, білімді, ғылымды, халықтың әлеуметтік жағжайын, денсаулығын, демократиялық іс-әрекеттерді т.б. қамтиды.
Қоғамдағы барлық процесс, барлық қарым-қатынастар құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып отырылады.
Құқықтық нормалардың белгілері:
1. Норма – мем.органның қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңдылық күші бар.
2. Нормада субьектілірдің құқығы мен міндеттері, орнындалу жолдары толық көрсетіледі.
3. Құқық нормасы өкілдік-міндеттеушілік сипатқа ие, яғни норма ерікті түрде орындалмаса, еріксіз мәжбүрлеп орындатылады.
4. Нормалардың орындалуын, жүзеге асырылуын мемлекет қамтамасыз етеді
5. Құқықтық нормалар адамдардың, қоғам тәртібінің кепілдігі болады.
6. Құқықтық нормалар мемлекеттік қарым-қатынастардың негізгі реттеушісі болып табылады.