Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы.
Мемлекеттiк қызметшi өзiе жүктелген мiнднеттерiн атқау кезiнде оның мүддесi ҚР заңнамаларымен қорғалатын болады. Әрбiр iс-қимылдары заң шеңберiнен шықпауы керек.
Мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық құқықтары:
- ҚР азаматтарына ҚР Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтары мен бостандықтарды пайдалануға;
- өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
- белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;
- лауазымды мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;
- басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес, қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;
- әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
- қызметшiнiң пiкiрiнше, негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;
- зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға.
Негiзгi мiндеттерi:
- Конституция мен заңдарды сақтауға;
- ант беруге;
- азаматтар мен заңды тұлғалардың мүддесiн қорғауға;
- өзiне жүктелген өкiлеттiгiн орындау;
- мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтауға.
Әрекет етуші заңдылық бойынша мемлекеттiк қызметшiнiң: Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға; өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге; белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға; лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға; басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге; жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына; өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне; тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға; өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге; бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға; қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге; еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына; әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға; мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға; зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға; жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар. Мемлекеттiк қызметшiлер: Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға; Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын беруге; азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға; өзiне берiлген құқықтар шегiнде және қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға; мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтауға; өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға; заңдарда белгiленген қызметтiк әдеп нормаларын сақтауға; басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға; мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, заңмен белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып сақтауға; қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге; мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге; мемлекеттiк қызметшiнiң жеке мүдделерi оның өкiлеттiгінен түйiсетiн немесе қайшы келетiн жағдайларда, оларды тағайындауға құқығы бар лауазымды адамды дереу хабардар етуге; қызметтiк міндеттерін тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен біліктiлiгiн арттыруға мiндеттi.