Карадринаның даму кезеңдеріне болжам жасау
Қысқа мерзімдік анықтауларға қарағанда, көбелектер көктемде алғашқы пайдалы температура жиынтығы 170-180 0 -қа жеткеннен кейін өсе бастайды (карадрина үшін пайдалы температура деп, орташа бір күндік температурадан 10 0 ты алып тастасталған температура айтылады). Біздің жағдайда пайдалы температура қосындысы 220 0 –қа барғанда көбелек ең көп ұшады. Зиянкестің көбейген жылдарында бұл жағдай 15-20 күнге созылады.
Зиянкестің санына байланыссыз, оның кейбір стадияларының өту мерзімдері сонымен қатар қайсы ұрпақтың дами бастауы төмендегіше есептеп шығарылады: зиянкестің тұқымнан бастап көбелек ұшып шыққанша керек болатын 350 0 –тан тұратын бастапқы пайдалы температура жиынтығы 220 0 алынған ай санынан басталып топталады. Әр бір 350 0 –тік жиынтық, яғни ұрпақтың басталғанын көрсетеді.
Карадринаның көбею мерзімі және оның ұрпақтарының санына байланысты анықтаулар қара күзгеше, шегара болып есептелетін орташа он күндік температура 10 0 –ға жеткенше, жалғаса береді.
Егер соңғы және соңғыдан алдыңғы ұрпақ көбелектері ұшып жатқан мезгілде ауаның орташа он күндік температурасы 13,5 0 тан жоғарырақ болып тұрған болса, бұл жәйт карадрина әле көбеюін жалғастырып жатқандығын және қыстамайтын стадиялары, демек қыстауға дайын емес, жұлдызқұрт, қуыршақ және көбелектер пайда болып жатқандығын көрсетеді.
Карадрина 13,5 0 тан жоғары температурада көбейе береді, дегенмен бірдестен суық (минусты) температурада ол барлық стадияларда қырылады және келесі жылы жаппай көбейіп кетуі күтілмейді.
Егер ақырғы ұрпағынан (бір бөлігі ақырғысынан алдынғы ұрпағынан) шыққан көбелектердің ұшу температурасы 13,5 0 тан төмен болуына тура келгенде, бұл жағдай карадринаның көбелек фазасында сақталып қалуынан және келесі жылы көбеюінен хабар береді.
Әр жылдық анықтаулар, соңғы ұрпақ көбелектері температура 13,5 0 тан төмен болғанда ұшу үшін қолайлы келетін жағдайлар, қатарынан неше жыл қайталануын анықтауға мүмкіндік береді. Біздің байырғы суармалы жер жағдайында, карадрина келесі жылы қатты көбейіп кетуі үшін осындай 2-3 жыл болуы жеткілікті. Бұндай жағдайларда өмір сүру қабілеті соншалықты көбейеді, тіптен ұрғашылары 2000 –ға дейін тұқым қояды және көптеп тірі шығады, олардың саны әр 1 м2 -та 300 –ге дейін жетуі мүмкін.
Карадринаға қарсы күресте де мақта көбелегіне қарсы пайдаланылатын агротехникалық және химиялық шаралар қолданылады.
Күздік көбелек — кеудесі мен қарыны жуан, әрі түкті болып келеді, ұзындығы 18-22 мм көбелек. Алдыңғы қанаттары сұрғылт топырақ түстес, әр қанатында бір-бірден дөңгелек, бүйрек тәрізді және сына тәрізді теңбілдері болады. Артқы қанаттарының түсі ашық, тіпті ақ деуге келеді.
Көбелек күйінде бір айға дейін өмір сүреді, гүлдердің шырынын қорек етеді. Өз өмірінің бойында олар 500-800 аралығында, тіпті 1800-ге дейін жұмыртқа салады (күн сайын 20-30 дана), олар қозаның, жоңышқаның, тағы басқа өсімдіктердің жапырағына бір-бірден шашыратып тастайды. Жұмыртқасы ақ, шар түрінде болады.
3-5 күннен кейін жұмыртқадан арқасында қарақоңыр жолағы бар сұрғылт-жасыл жұлдыз құрт пайда болады. Оның өсіп-жетілуі 25-40 күнге дейін созылады. Осы уақыттың ішінде жұлдыз құрт 5 мәрте түлеп, ұзындығы 45-52 мм жетеді. Ересек жұлдыз құрттың түсі сұрғылт-жасыл келеді, жалтырап тұрады. Түртіп қалған жағдайда олар бүктетіліп қалады да, біразға дейін қыбырсыз жатады.
Жазғы кезенде күздік көбелек 3 мәрте ұрық шашады. Жұлдыз құрты алғашқы кездерде негізінен жерде тіршілік етіп, қозаның жапырағымен қоректенеді, дамуының 2-3 кезеңінен бастап күндіз топыраққа жасырынып жатады да, түнде ғана жер бетіне шығады.
Жұлдыз құрттардың бірінші ұрпағы ғана зиян келтіреді. Бастапқыда олар себілген шиттің жарнағын толық тесіп кеміреді, кейінірек көктеп шыққан өсімдік сабағын да кеміріп тастайды.
Ересек жұлдыз құрттар жерде 25 см-ге дейінгі терендікте қыстап шығады. Көктемде, наурыз айында олар қуыршаққа айналады да, 15-20 күн өткеннен кейін, сәуір-мамыр айларында одан көбелек болып ұшып шығады. Көбелектің өсіп-жетілуі 40-45 күнде аяқталады.
Тіптен көбейген жылдарда жұлдыз құрттар мақтаның өскіндерін қатты сиретіп тастайды, кейде қайтадан шит себуге тура келеді..
Бұл зиянкеспен күресудің агротехникалық шараларына күзде жерді терең жырту, қыста суару, телім аралықтары мен арық жағаларынқазып аудару, жүйектерді шауып отыру сияқты тәсілдер жатады.
Жұлдыз құрттар пайда болған бастапқы кезде алқапты мынадай улы химикаттардың бірімен бүрку тиімді болады (л/га):
Децис, 2,5% Э.К. (0,7)
Диазинон, 10% Г. (0,50)
Ровикурт, 25% Э.К. (0,6)
Устад, 10% Э.К. (0,8)
Цимбуш, 25% Э.К. (0,32)
Шерпа, 25% Э.К. (0,32)