Антикалық философияның пайда болуы және даму кезеңдерінің ерекшеліктерін атап өтіңіз.

Антикалық философия алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.

Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.

Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.

Антикалық философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:

Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.

Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.

Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.

Милет мектебі - Грекиядағы ең көне материалистік философиялық мектеп. Милет қаласы сауданың, теңізде жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы болды, ал бұл жағдайлар Фалес, Анаксимандр және Анаксимен секілді көрнекті милеттіктердің ой-өрісі мен ғылыми ынта-талабының жан-жақты өрістеуіне жағдай жасады. Олар математика, география, астраномия салаларында ғылыми жаңалықтар ашты.

Пифагоршылдар-б.д.д. 6-ғасырдың 2-жартысында пайда болған философиялық ағым. негізін қалаған көне грек философы, математик және астраном. Пифагордың философиялық теориясы біртұтас жүйе болып қалыптасты. Пифагоршылдар бастапқы негізді санмен таңбалап, осы бағытта жұмыс жасайды. Сан-негіз; сан-заттар үшін материя; сан-үйлесімді тіркестерге тән ерекшеліктермен қатынастардың көрінісін, арақатынасын зерттей отырып, кез-келген процестердің бастауында теориялық жағынан санмен өрнектелетін жекелеген пропорция, заңдылық бар деген қорытынды жасайды. Бірліктен ондыққа дейінгі сандық қатарды Пифагор дүниенің сандық алуан түрлілігінің түп негізі деп санаған.

Элей мектебі-б.д.д. 6-5 ғ.ғ. Элей қаласында (оңтүстік Италия) пайда болған философиялық мектеп. Басты өкілдері - Ксенофан, Парменид, Зенон, Мелисс. Элей мектебінің негізгі мәселесі-болмыс болды.

Классикалық философия – антика философиясының екінші кезеңі. Ол Сократтың есімімен (б.д.д. 469-399 жж.) тығыз байланысты болғандықтан, «Сократтан кейінгі» немесе «классикалық кезең» деп аталады. Сократ жазбаша еңбектер қалдырмаған, оның философиялық көзқарастары бізге Платон, Аристотельдің еңбектері арқылы жетті. Сократ ауызша пікірталастырып, диалог арқылы өзінің қарсыластарын қарастырылып отырған мәселе туралы жаңа, тың білімге сендіруге тырысты. Оның қағидалары: «Мен өзімнің түк білмейтіндігімді білемін» және «Өзіңді өзің танып-біл». Киниктер философиясының («Киносарг» деп аталған гимназияның атымен аталып кеткен, аудармасы – «көреген ит») негізін қалаушы Антисфеннің (б.д.д. 444-368 жж.) пікірінше, нақты өмір сүретін тек жеке заттар ғана, ал жалпы ұғымдар заттардың қандай зат екенін анықтайтын сөз ғана. Антисфен өзінің ұстазы Сократтың рақымшылық, ізгілік, басқа туралы ілімін ілгері қарай жалғастырып, түкке тұрмайтын құндылығы жоқ байлық, денсаулық, т.б. сияқты игіліктермен салыстырғанда, рақымшылық – ең құнды және жалғыз ғана игілік деп уағыздаған. Себебі, адам өзінің негізгі мақсаты бақытқа тек рақымшылық арқылы жетуге болады. Рақымшыл болу үшін ол туралы көп сөздің, немесе көп білімнің қажеті жоқ, ол – тек іс-әрекет арқылы ғана көрінеді.

Антикалық философияның үшінші кезеңі римдік –эллиндік кезең ( б.д.д. 3ғ – б.д. 6ғ.). Платон мен Аристотельдің философияға енгізген орасан зор еңбектері мен жаңалықтарынан кейін философия айтарлықтай беделге ие болып, дәрежесі өсе бастады. Бұл жағдай «Эллиндік дәуірдің» өркендеп, гректік ойлау ерекшелігінің Жерорта теңізінің барлық территориясына таралуына септігін тигізген еді. Мұнымен қоса, Александр Македонскийдің бірнеше елді мекендерді жаулап, сол жерлерде жаңа мәдениетті жасауы боды.

Наши рекомендации