Леуметтік педагогика әдіснамасының даму кезеңдеріне сипаттама беріңіз.

Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері теориясының құрылымы: 1. Әлеуметтік педагогиканың жалпы әдіснамалық негіздері. 2. Әлеуметтік педагогиканың жалпы ғылыми негіздері. 3. Әлеуметтік педагогиканың жеке ғылыми негіздері4. Әлеуметтік педагогиканың ғылыми-практикалық негіздері«Әлеуметтік педагогиканың әдіснамасы (грек.methodos-әдіс, және logos–ғылым) оның негізін, базалық сипатын анықтайды. Осының негізінде әлеуметтік педагогиканың жалпы ғылыми бағытының және оның құрылымдық компоненттерінің мәні анықталып, теория мен практиканың өзекті мәселелері зерттеледі. В.Л. Загвязинский былай деп есептейді, яғни педагогикалық әдіснамада төмендегілер қамтылған: педагогикалық білімнің құрылымы мен функциялары туралы, сонымен бірге педагогикалық проблематика бойынша ілім; әдіснамалық мәнге ие бастапқы, басты, іргелі әлеуметтік-педагогикалық қағидалар (теориялар, тұжырымдамалар, гипотезалар); алған білімдерді тәжірибені жетілдіруге арнап қолдану әдістері туралы ілім; әлеуметтік-педагогикалық ізденістің логикасы мен әдістері туралы ілім.Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық білімінің негізгі белгілері мыналар болып табылады:нәтижесі теориялық- әдіснамалық білімді құрайтын таным және қайта құру үдерістері арасындағы ерекше қайшылықты шешуге қатыстылығы. Әлеуметтік-педагогикалық практика нақтылы мәселелерді танып-білу пәні мен әдіс арасындағы қайшылықтарды анықтайды. Аталмыш белгі әлеуметтік педагогиканың «әдіснамалық негіздерінің теориясын» қалыптастыру қажеттігіне негізделеді;екі үдерістің – танымдық және қайта құру, теориялық және практикалық қызметтің бірлігі және таным мен практиканың өзара байланыстылығы. Әлеуметтік педагогика ғылыми-зерттеу (танымдық) және ғылыми-қайта құру (практикалық) қызметінің өзіндік теориясына ие. Бұл белгі әлеуметтік педагогиканы ғылыми пән (танымдық құрауыш), практикалық қызмет саласы (қайта құрушы құрауыш) және білім беру кешені (білімдік құрауыш) ретінде қарауға мүмкіндік береді. Әдіснамалық білім - жалпы, ерекше және жекелеген әдістемелердің бірлігі әдіснамалық қағидасынан туындайтын жалпы (философиялық жалпығылыми әдіснама); ерекше (педагогика әдіснама) және жекелеген (әлеуметтік педагогика әдіснамасы) әдіснамалық білім болып сипатталады.Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері әлеуметтік педагогика пайдаланатын басқа ғылымдардың білімдерін – жалпы және әлеуметтік психология, антропология, әлеуметтік құқық, әлеуметтік басқару, әлеуметтік ақпарат, әлеуметтік жұмыстар, валеология, экология және медицинаны қамтиды. Олардың және басқа ғылымдардың ережелері әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық құрылымына тікелей енеді және көбінесе әлеуметтік педагогиканың негіздерін анықтайды.Әлеуметтік педагогика негіздерінің мағынасы:кең мағынасында - объектілік-пәндік саланың ерекшелігіне сәйкес әлеуметтік-педагогикалық практиканың танып-білу және қайта құру әдістемесін, әдіснамалық бағдары мен негізгі бағыттарын, мазмұнын, ұйымдастырылуын анықтайтын қоғам мен адам туралы ғылымның негізгі ережелері;тар мағынасында - әлеуметтік педагогиканың оның танымдық және қайта құру қызметін (оның бөлімдерінде, пәндерінде, бағыттарында, ағымдарында т.б. шоғырланған теорияларды анықтайтын бастапқы ережелерін) анықтайтын және әлеуметтік педагогиканың нақтылы әлеуметтік-мәдени орталарда және т.б. әрбір нақтылы объектіге (үдеріске немесе құбылысқа) қолданылатын зерттеулерінің теориялық негіздерінің функцияларын орындайтын әлеуметтік педагогиканың іргелі ережелері. Әлеуметтік педагогика әдіснамасының ішкі құрылымы оның мазмұнын көрсетеді және мыналарды қамтиды: ғылыми-зерттеу қызметі теориясы («ішінде сыртында» танымдық әдісі). Әлеуметтік-педагогикалық практиканың таным туралы білімі (әлеуметтік педагогика әдіснамасы) әлеуметтік педагогтың ғылыми-зерттеу қызметін және ғылыми танымдық үдерістің қағидалары мен мазмұнын, ұйымдастырылуын, логикалық құрылымын және үдерістерін зерттеу мен қалыптастыруды көздейді. Ол ғылыми зерттеуге сипаттама: проблема, тақырып, өзектілік, зерттеу объектісі, оның нысанасы, мақсаты, міндеті, жорамал, яғни ғылым және практика үшін маңызды әдістемелік тізбе түрінде баяндалуы мүмкін;пәндік ғылымтану теориясы («өзіне» танымдық әдісі). «Әлеуметтік-педагогикалық ғылымтану» деп аталатын әлеуметтік педагогика әдіснамасының зерттеумен айналысатын бөлігі - әлеуметтік-педагогикалық ғылым туралы білім. Әлеуметтік-педагогикалық ғылымтану ғылыми қызмет үдерістерінің тиімділігін көтеру мақсатындағы тұтас жүйе ретінде ғылымның қолданылу тәжірибесін кешенді түрде зерттеу және теориялық қорыту болып табылады.1 Ол ғылыми пән ретінде әлеуметтік педагогиканың логикалық құрылымына, оның дамуы мен негізгі функцияларын дамытуға және іске асыруға тереңдетілген талдау жасау үшін қажет: - әлеуметті-педагогикалық қызметтің ғылыми-қайта құру теориясы (әлеуметтік-педагогикалық қызмет әдістері). Әлеуметтік-педагогикалық практиканы қайта құру туралы білім, оған ғылыми білімдерді ендіру, практикалық қызметтегі инноватиканы, озық тәжірибені пайдалану жолымен өзінше ұйғарылған теория.Әлеуметтік педагогика әдіснамасының негізін мынадай құрауыштар құрайды:әлеуметтік педагогиканың өзінің әдіснамасы - ғылымтану ұстанымы тұрғысында әлеуметтік педагогиканың мәнін тану деңгейі: гносеологиялық (әлеуметтік педагогикалық құбылыстарды тану); логикалық-гносеологиялық (таным логикасын танып-білу және технологиялық әлеуметтік-педагогикалық шындықты қалай танып-білу);әлеуметтік педагогиканы танып-білу және қайта құру әдіснамасы – субъекті (әлеуметтік-педагогикалық тапсырысты анықтаушы мемлекеттің және әлеуметтік-педагогикалық қызметті және оны бағалауды атқаратын маманның) ұстанымы тұрғысынан әлеуметтік педагогикалық болмыстың сапасын танып-білу және бағалау деңгейлері: аксиологиялық (әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды бағалау), дүниетанымдық (әлеуметтік-педагогикалық болмысты танып-білуге, қайта құруға және бағалауға қажетті) және әдістемелік (әлеуметтік-педагогикалық болмысты танып-білу, қайта құру және бағалау технологияларын іске асыру тәсілдері)

Наши рекомендации