Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. «БЕКІТЕМІН» «КЕЛІСІЛДІ» Педагогика факультетінің деканы КӘС жетекшісі
Оқыту бағдарламасы
(силлабус)
Орал – 2016ж.
«БЕКІТЕМІН» | «КЕЛІСІЛДІ» | ||
Педагогика факультетінің деканы | КӘС жетекшісі | ||
Джумакаева Б.С. | Айтмуканова Г.М | ||
__________________ | ___________________ | ||
«___»_______20__ ж. | «___»_______2016ж. |
Растырушы: экономика ғылымының магистры, аға оқытушы Салимбаева Шолпан Дисенбаевна
Қаржы кафедрасы
«300 кабинет»
Кредит саны – 3
Дәріс– 30 сағат
Практикалық сабақтар – 15 сағат
СОӨЖ – 23 сағат
СӨЖ – 67 сағат
Бақылау түрі - емтихан
Барлық сағат саны – 135 сағат
«__» _________ 2016 ж кафедра отырысында талқыланды, №__хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________ А.А.Ким
«__» ____________2016ж университеттің ӘК мақұлдаған, №__хаттама
1. Оқытушы туралы деректер:
Салимбаева Шолпан Дисебаевна - Қаржы кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистры
2. Өтетін уақыты және орны:
Өтетін уақыты: 6 семестр 2011-2012 оқу жылы
Өтетін орны: Орал қаласы, Құрманғазы көшесі 177А, 302 кабинет, сағаттар: сабақ кестесі бойынша және СӨЖ кестесіне сәйкес
Пререквизиттері және постреквизиттері
Пререквезиттері: бұл оқу курсы «Қаржы» мамандығының студент-бакалаврларына арналған. «Мемлекеттік бюджет және қазынашылық» пәнін оқытудың қажетті шарттары болып экономикалық теория, ақша, несие, банктер пәндерін оқып білу табылады.
Постреквизиттері: «Мемлекеттік бюджет және қазынашылық» пәнін оқыту басқа да пәндермен тығыз байланысты. Қаржы, салық және салық салу пәндерін оқу бұл курсты оқытуда қажет болады.
4. Қысқаша сипаттама:
«Мемлекеттік бюджет және қазынашылық» пәнін студенттерге оқытудағы мақсаты – бюджеттердің құрылуы, атқарылуы бойынша және мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуындағы қолданылатын сыныптаманы, әлеуметтік – экономикалық үрдістердегі қазынашылықтың алатын орнын талдауда студенттердің теориялық және тәжірибелік жағынан дайындығын қамтамасыз ету.
Курстың мақсаты: берілген пән мемлекеттік бюджетті экономикалық категория ретінде экономиканы басқару үшін мемлекет қолданылатын және мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде қарастырады. Қазіргі заманғы нарық экономикасы мемлекеттің реттеуімен толықтырылатын әлеуметтік бағытталған шаруашылықты нақты оқытып үйрету болып сипатталады.
Курстың тапсырмасы: Қазынашылықты ұйымдастыруда оны реформалауда қазынашылықты модернизациялау бағыттары үлкен рөл атқарады. Мемлекеттік бюджеттің шығындарын экономикалық тұрғыдан жіктеу және біркелкі стандарттық есеп жоспарына сәйкес келтіру, оны қадағалау қарастырылады. Сонымен қатар: - мемлекеттік бюджеттің кассалық атқарылуының әдістерін үйрену;
- қазынашылық рұқсаттардың құрылу тәртібі мен әр деңгейдегі сметалардың құрылу ерекшеліктері қарастыру.
Курсты толық меңгерген соң студент білуге тиіс:
- бюджет түсінігін білу;
- бюджет артықшылығын анықтау;
- бюджет тапшылығын анықтау;
- қазынашылық жүйені оқу;
- елдің бюджет жүйесін оқу;
- шет елдердің бюджетімен танысу;
- бюджет түсімдерін анықтау;
- бюджет шығыстарын анықтау.
Баға қою саясаты
Студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіліп, аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылау бағасы (жіберілу рейтингісінің бағасы) аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау мен межелік бақылау (аудиториядан тыс сабақтар) бағаларынан жинақталады.
Үлгеріміне ағымдық бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсырмалары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын тапсыру, студенттің дербес жұмысы, межелік бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланып, үлгерімнің ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орта арифметикалық қосындысы ескеріле отырып есептеледі.
Курстың, академиялық тәртіптің және этиканың саясаты
- Сабақ қалдырмау;
- Қалдырған сабақтарды оқытушының арнайы бөлген уақытында орындау.
- Сабаққа кешікпеу.
- Ұялы телефондарды сөндіру.
5. Тапсырма орындалмаған жағдайда қорытынды бағасы төмендейді (айыппұл балдары).
6. Оқыту барысына белсенді қатысу.
7. Үй тапсырмаларын және басқа да тапсырмаларды жауапты және ұқыпты орындау.
8. ЖОО жарғысын, ар-намыс Кодексін, ішкі тәртіп ережелерін сақтау.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Апта | Тақырыптардың атауы | Дәріс | Практика | ОСӨЖ | СӨЖ | Барлығы |
1-2 | Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны | |||||
Мемлекеттік бюджет-экономиканы басқару құралы ретінде | ||||||
Бюджет жүйесі | ||||||
Жекелеген бюджет түрлерінің сипаттамасы мен экономикалық мазмұны | ||||||
Бюджеттік жіктелу | ||||||
Бюджетаралық қатынастарды реттеу механизмі | ||||||
Бюджет түсімдерінің экономикалық мазмұны | ||||||
Салықтық түсімдерді болжау | ||||||
Мемлекеттік бюджеттің шығыстар жүйесі | ||||||
Қазынашылықтың құрылу және даму тарихы | ||||||
Қазақстан Республикасында қазынашылықты ұйымдастыру | ||||||
Мемлекеттік қаржы ресурстарын, мемлекеттік кірістерді және шығыстарды басқару | ||||||
Бухгалтерлік есеп және ақпараттық жүйе | ||||||
Қазынашылық жүйені дамыту және мемлекеттік бюджет қаржыларын қазынашылық атқаруын жетілдіру | ||||||
Пән бойынша қорытынды |