Икемділік ұғымы. Икемділік кэффиценті.

Икемділік дегеніміз – бір айнымалының екінші айнымалыға жауап ретінде өзгеру дәрежесі. Икемділіктің негізгі көрсеткіші икемділік коэффициенті болып табылады. Икемділік коэффициенті дегеніміз – бір айнымалының пайыздық өзгеруінің екінші айнымалының пайыздық өзгеруін көрсететін сандық көрсеткіш. Икемділіктің екі түрі бар: сұраныс және ұсыныс икемділіктері.Сұраныс икемділігінің келесідей түрлері бар: сұраныстың баға бойынша икемділігі, қиылысымды бағалық икемділік, табыс бойынша сұраныс икемділігі. Ұсыныс икемділігінің негізгі формасы баға бойынша ұсыныс икемділігі болып табылады.Сұраныстың баға бойынша икемділігі барлық жағдайлардың тұрақты болған уақытындағы тауарға деген сұраныстың пайыздық езгеруінің оның бағасының пайыздық өзгеруіне қатынасы немесе бағаның өзгерісіне тұтынушының әсер беру дәрежесін өлшеуді білдіреді.Сұраныстың қиылысымды бағалық икемділігі дегеніміз –сұранылатын тауардың көлеміндегі басқа тауардың бағасының өзгеруіне жауап ретінде өзгеру дәрежесі.Табыстар бойынша сұраныс икемділігі дегеніміз – тұтынушылар табыстарының көлеміндегі өзгеріске байланыстысұранылатын тауарлар көлеміндегі өзгеру дәрежесі.Табыстар бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті барлық шарттар тұрақты болған уақыттағы тауарларға сұраныс деңгейіінің пайыздық өзгеруінің тұтынушылар табысының пайыздық өзгеруіне қатынасы.

Билет 7

1Инвестициялар және оның түрлері

Инвестиция дегеніміз – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықттар.

Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.

Инвестицияларға жататындар:

- қаржы көздері, банктік салымдар, акциялар және басқа да бағалы қағаздар;

- жылжыйтын және жылжымайтын мүлік (ғимараттар, құрал-жабдықтар, және басқа да материалды игіліктер);

- авторлық құқықтар, жерді қолдану құқығы;

- меншіктік құқытар, тәжірибе және басқа да интеллектуалды игіліктер;

Инвестициялаудың негізгі объектілері:

- жаңа құрылып жатқан, реконструкторланып жатқан және кеңейтіліп жатқан негізгі фондтар және де барлық шаруашылықтағы айналым көздері;

- бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және т.б.);

- қаржылық салымдар;

- ғылыми-техникалық өнім және басқа да меншік объектілері;

- меншік құқығы және интеллектуалды меншік құқығы;

Инвестициялық іс-әрекет заңды және жеке тұлғалардың, ал мемлекет көлемінде инвестицяларды жүзеге асыру және инвестициялық процестің сәтті орындалуына бағытталған іс-әрекеттердің жиынтығы.

Нарықтық экономика жағдайында инвестициялық сұраныстың 2 түрі ажыратылады:

1)потенциалды сұраныс;

2)нақты сұраныс;

Потенциалды сұраныс, кей кезде оны формальді деп атайды, инвестициондық потенциал, яғни болашақ инвестициялауға ниет болып табылады. Сұраныстың бұл түрі әдетте жеке және заңды тұлғалардың берілген бір уақыт мерзімдегі табысты иелене тұрғандағы оны қорлану мен көбеюге жұмсауға қызығушылығы тумаған жағдайларда пайда болады.

Инвестициялық сұраныстың екінші түрі, нақты сұраныс инвестициялық іс-әрекеттің субъектілерінің нақты реализациясын сипаттайды. Ол инвестициялық тауарлар нарығында капитал ұсынысы формасында әрекет етеді. Инвестициялық ұсынысқа жаңа негізгі фондтарды құру, оларды реконструкциялау, кеңейту және техникалық қайта жабдықтау , айналым көздері, бағалы қағаздар және басқа да меншік түрлері жатады.

Инвестициялық іс-әрекеттің субъектілері мыналар:

- инвесторлар;

- атқарушылар;

- инвестициялық іс-әрекеттің объектілерін пайдаланушылар;

- қаржыландырушы және несиелендіруші банктер;

- Қазақстанның және сонымен қатар, шетелдердің жеке және заңды тұлғалары;

Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:

- ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар;

- жылжымайтын және жылжымалы мүлік;

авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;

- жерді, суды, ресурстарды, үйлерді падалану құқығы және басқа да мүліктік құқықтар;

- қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген “ноу-хау” емес) ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.

Құралдардың салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша бөлінеді:

- нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы, яғни нақты инвестициялар – кәсіпорынның негізгі және айналыс капиталын қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын салым. Материалды активтер – ғимараттарға, станоктарға, қосымша материалдық бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған құралдар;

- материалды емес активтер – лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің құны, жарнамаларға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;

- қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдарының салынуы – депозиттер, құнды қағаздар, банктық салынымдар.

Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:

- тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулеге, инвестицияландыру объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне;

- жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы (инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асады. Мұндай делдалдар инвестицияландыру объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салымдарды портфельдік деп те атайды.

Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге бөледі:

- қысқа мерзімді, ұзақтығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар);

- ұзақ мерзімді, бұның ұзақтығы бір жылдан көп.

Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:

- азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;

- мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырылады.

Инвестордың қатысу түріне байланысты:

- қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас);

- инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;

- жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе басқа да құнды қағаздар түрінде алу;

- табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да мүліктік құқықтарға концессия алу.

Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:

- тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қолданылады;

- тәуекелді инвестициялар. Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты факторларға тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне және жобаның масштабы мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін болатын әрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру, өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік тапсырыстарды орындау және т.б.). Дәрежені бағалау критерийлері мыналар болуы мүмкін:

- барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы мүмкін;

- жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік табысты жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағдарысты болып табылады;

- барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа ұшырауы немесе апаттық тәуекел.

Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы мүмкін:

- жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып жатқан жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың салынуы;

- шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі - өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорныдардың екінші және келесі кезектерін, қосымша өндіріс кешендерін және өндірістерді, жаңа кәсіпорындарды салу немесе қызмет етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту;

- шаруашылық жүргізіп жүрген кәсіпорынды қайта құру – моральды тұрып қалған және физикалық жағынан тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы жаңа өнімнің шығарылуының профилін өзгерту мақсатымен өндірісті толық немесе жартылай қайта жабдықтауды ортақ жоба бойынша жүзеге асыру;

- техникалық қайта қамтамасыздандыру – жекелеген цехтардың, өндірістердің, учаскелердің өндірісінің техникалық-экономикалық деңгейлерін арттыруға бағытталған шара кешендерін жүргізу.

Наши рекомендации