Кесте. Ірі, шағын және орта бизгес кәсіпорындарының өндірістік емес шығындары млрд. теңге

Ағымдағы жылдың үш айында қандай кәсіпорындар пайда тауып, ал қайсылары шығынға ұшырады?

Сіздердің назарларыңызға ірі, шағын орта бизнес кәсіпорындарының қаржылық нәтижелерін ұсынамыз(2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша)

2015 жылдың 4-тоқсанынла ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ірі, шағын және орта кәсіпорындардың жалпы санынан тиісінше 30,6% және 45,1%-ын құраған 6 682 ірі және орта кәсіпорындары мен 146 793 шағын кәсіпорындары арасында сауалнама жүргізген.

Іріктеменің аталған көлемі жан-жақты таныстыру сипатына ие, қол жеткізілген деректер негізінде кәсіпорындардың экономикалық белсенділігіне мониторинг жүргізуге және болжам жасауға, сондай-ақ кәсіпорындардың ағымдағы қаржылық-экономикалық жағдайына баға беруге болады.

Жүргізілген зерттеу нәтижесінде төмендегі мәліметтерге қол жеткізілген:

1. Кәсіпорындардың кірістері

Сонымен, 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, кірістер өнімдерді өткізу және қызметтер көрсету есебінен ірі кәсіпорындар арасында 28,5%-ға және шағын бизнес арасында 21,1 %-ға артқан, ал орта кәсіпкерліктің кірістері керісінше, өткен жылдың осы кезеңіндегі кіріс деңгейімен салыстырғанда 35,4%-ға төмендеген.

Ірі, шағын және орта бизнес кәсіпорындары кірістерінің динамикасы 1 кестеде берілген.

Кесте. Ірі, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының кірістері, трлн. теңге

2. Кәсіпорындардың шығыстары

Сондай-ақ, 2-кестеден кірістердің артуымен бірге сауалнама алынған ірі, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жалпы шығыстарының да ұлғайғандығын айқын аңғаруға болады.

Кесте. Ірі, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жалпы шығыстары, трлн. теңге

Ірі, шағын және бизнес кәсіпорындарының өнімді өткізу және қызметтер көрсету бойынша шығындар, әкімшілік шығындар, қаржыландырумен байланысты және өзге де шығындардан тұратын өндірістік емес шығындары мен залалдары да біршама өзгерген (3 кесте).

Ірі, шағын және орта бизнестің «Басқа» (соның ішінде бағам айырмашылығымен байланысты шығындар)шығындары 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 есеге артқан. Қаржыландырумен байланысты (сыйақылар бойынша және қаржылық лизинг бойынша пайыздар төлеуге қатысты) шығындар – 3 есеге ұлғайған.

Бұл ретте өнімді өткізу және қызметтер көрсетумен байланысты, сонымен бірге әкімшілік шығындар аса қатты өспеген.

кесте. Ірі, шағын және орта бизгес кәсіпорындарының өндірістік емес шығындары млрд. теңге

3. Кәсіпорындардың табысы (шығыны)

Өзге шығыстардың өзге кірістерге қарағанда біршама басым түсуіне байланысты сауалнамаға қатысатын ірі, шағын және орта кәсіпорындар 2015 жылды шығынмен аяқтаған (4 кесте).

Егер 2014 жылдың 4-тоқсанының қорытындылары бойынша ірі және орта кәсіпорындардың табысы салық салынғанға дейін жиынтығында 1,2 трлн. теңгені құраса, 2015 жылдың осыған сәйкес кезеңінде аталған кәсіпорындардың шығысы 747 млрд. теңгені құраған.

Шағын бизнес кәсіпорындарының шығысы 2016 жылдың 1 қаңтарында 471 млрд. теңгені құраған, ал өткен жылдың осыған сәйкес кезеңінде шағын кәсіпорындар 229 млрд. теңгені құраған табысқа жеткен.

Наши рекомендации