Кесте. Салаларына қарай ірі және орта бизнес кәсіпорындарының салық салынғанға дейінгі табысы (шығыны), млрд. теңге

КӘСІПОРЫН КІРІСТЕРІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ

1.1 Кірістердің мәні мен маңызы және оның түрлері

Кіріс – белгілі бір уақыт аралығы ішінде кәсіпорынның тауарлар жасау мен қызмет көрсетуінің динамикалық процесі. Кірістер ұйымның өмір сүру көзі болып саналады. Кіріссіз пайда жоқ, пайдасыз кәсіпорын да жоқ. Сондықтан да әрбір кәсіпорынның шаруашылық процесіндегі негізгі мақсаты – табыс табу болып табылды. Табыс – төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражаттарының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді. Яғни, кірістер (табыс) – есептік кезең ішінде экономикалық пайданың көбеюі немесе активтердің ұлғаюы, міндеттемелердің азаюы. Алайда құрылтайшылардың салымдары кәсіпорынға табыс болып саналмайды. Кәсіпорын табысының негізгі функциялары[5,56-60]: 1.Ол мемлекеттік бюджеттің табыстарының көзі болып табылады; 2.Ол кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі; Табысқа тез қол жеткізу үшін кәсіпорын өз әрекетінің өрісінде төменгі қағидаларды басшылыққа алу қажет: 1.Бір өнімге, не қызметке монополиясының болуы; 2.Экономикалық циклдың кезеңдеріне бизнестің өсуі тәуелсіз болуы қажет, яғни өндірістің құлдырау уақытында фирманың айналымы өсуін тоқтатпайды; 3.Кәсіпорын өз кірісін өнімді өткізуден алса, коммерциялық табысқа жету үшін сатылатын тауардан алынатын пайданың үлесі жоғары болады; 4.Кәсіпорынның пайда мөлшері және тапсырманың өсу қарқыны әрқашан жоғары болып, өнімге қайталап берілетін тапсырма мол болу қажет; 5.Кәсіпорын баяндамалар мен биржаның оперативтік есептерінде аз жазылатын бизнес өрісінде қызмет істеуі қажет; 6.Кәсіпорын өз шаруашылық әрекетіне, менеджерлердің қабілетіне тәуелді өрісті таңдауы қажет; Кіріс: • тауарлы материалды қорларды сатудан; • қызметтер көрсетуден • ұйымға жататын, сыйақы, роялти мен дивиденттерден әкелетін активтерді пайдалануға беруден алынады. Алынған кірістерді есебі өз кезегінде әр түрлі әдістері: жеткізу бойынша есеп әдісі, келісім шартты (контрактіні) пайдалану кезеңдері бойынша есеп әдісі, өндіріс бойынша есеп әдісі, мерзімін ұзарту әдісі қолданылады. Табыстарды өлшеу – операция нәтижесінде толық алынуы тиіс ақшаға берілген құқықтың дисконтталған ағымдағы құны немес ақшалай баламасы. Көптеген жағдайларда ақша баламасы шартпен белгіленеді. Ережелер бойынша қайтарып берулер, саудалық жеңілдіктер және басқа азаюлар шаруашылық операциялармен құрылған табыстан шегерілуі тиіс. Табыс – капиталды көбейтуге әкелетін жарғылық қызмет барысында кәсіпорынның есеп беру кезеңіндегі экономикалық пайданың жалпы түсуі. Капиталдың көбеюі деп құрылтайшылар жарнасынан басқа оның кез келген көбеюі түсініледі. Сатылған тауарлардың кірістері танылады, егер: - кіріске алу ақылар мен тәуекелділіктерді кәсіпорын сатып алушыға аударып тастаса; - егер кәсіпорын сатылған тауарларға бақылау жасамаса; - егер кірістер сенімді бағаланса; - егер жасалған делдалдықтан пайда алуына сенімді болса; - егер жасалған делдалдықтан алынатын табыс дұрыс бағаланса; Тауарды сатқаннан түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде танылады: Табыс сомасын үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәмлеге қатысқан кезде, сатушы қандай соманы сұрап отырғанын және қандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда; мәмлемен байланысты экономикалық олжаны және соны субъектінің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін. Ал бұл сатушының сатқан тауары үшін келісім-шартта көрсетілген соманы сатып алушының төлейтіндігі туралы сенімін білдіреді. Келісім шарт сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік құқығы болып табылады, бұл әдетте берілген кезден басталады, ал егер сатушы меншік иесі ретінде құқығын және міндеттемесін сақтаған болса, онда ол сатылған болып танылмайды және табыс танылмайды, мәміле бойынша күтілетін шығынүлкен нольдік деңгейдегі бағалауды қажет етеді[8,100-102]. Көрсетілген қызметтен және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайды қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады: • есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі үлкен деңгейдегі дәлдікпен анықталса; • мәмілені жүргізу кезінде жұмсалатын шығыстары да, мәмлені аяқтау үшін қажет шығыстары да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса; Кәсіпорын барынша дәлдік деңгейде табысын анықтай алады, ол: мәмілеге қатысушылармен төлем жағдайы мен тәсіліне, күтілетін компенсациясына әрбір тараптың құқығына қатысты мәселелер бойынша мәмілеге қатысушылармен ортақ шешімге келген жағдайда қол жеткізеді. Мәміленің сипатына қарап, оның аяқталу кезеңін анықтаған кезде мына әдістердің бірін пайдаланылады: • белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша жасалған шығыстардың пайыздық қатынасы; • белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша орындалған қызметтердің пайыздық қатынасы; • орындалған жұмысты талдау Аралық негізде жасалатын төлемдер, яғни сатып алушылардын алынатын аванстар, табыс болып танылмайды. Қызмет көрсетудің, яғни мәміленің нәтижесінде үлкен деңгейдегі дәлдікпен табысты анықтау мүмкін болмаған жағдайда, табыс жұмсалатын шығыс мөлшерінде танылады, яғни ол сол шығыстың орнын жабады. Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші – бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әдебиеттерде "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықгалады: "Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдары-ның есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі"[1,64-71]. Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 жел-тоқсандағы "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: "Табыстар - бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы" . Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс. Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді. Нарық жағдайында табыстың рөлі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін[9,23-31]. Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады. Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады. Нарықтық экономика жағдайында табыстың рөлі ол атқаратын қызметтермен анықталады. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады. Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады: • мемлекеттік бюджет табысының көзі; • кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі. Функциялардың және олардың езара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді. Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар қажет болады: 1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті шығындарын керсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықгау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек. Табысты бөлу (тарату) механизмі белсенді рольатқаруы керек және өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс[13,20-24]. 4. Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу, акциздер, жал төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер, арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін. Табысты тануға байланысты 2 негізгі мәселе бар: 1. Табыс қашан (қай есепті кезеңде ) танылуы қажет 2. Қандай сала табыс ретінде танылуға тиісті. Консерватизм қағидасына сәйкес табысты тану қажет есепті кезең анықталады. Осы қағида бойынша табыс ең алғашқы кезеңде, яғни кәсіпорын табысты алу мақсатында барлық әрекетті жүзеге асырған кезде танылуға тиісті. Табыстың қандай сала мөлшерінде танылуы қажеттігі сату қағидасына сәйкес тьанылуға тиісті. Мысалы: компания екінші компанияға ксерокс сатып алу жөнінде келісімшарт жасады. Ксероксті келесі айдың басында жеткізіп беру келісілді. Егер келісім желтоқсан айында жасалған болса, онда консерватизм қағидасына сәйкес сатып алушы ұйым сатушыдан ксерокс келіп жеткенге дейін сатушы табыс алғандығын көрсете алмайды. Егер аппаратты қаңтар айында жеткізген болса , онда табыс сомасы келесі есепті жылы танылуға тиісті. Сату қағидасына қатысты мысал: Сауда ұйымы кондиционерлерді 30000тг сатады. Сатып алушы 30 күн ішінде шотты төлеуге келісім береді. Сатушы ұйым сатып алушы ұйымның төлем қабілеттілігінің жоғары болуға байланысты 30000 тг мөлшеріндегі табысты танып есепке алады. Қаржылық септілік көрсеткіштері ретінде табысты тану үшін келесі шарттардың бірі орындалуы қажет : 1. Алынатын табыс сомасының өте жоғары шынайлық дәрежесінде бағалау мүмкіндігі бар 2. Осы іс – шарамен байланысты табыс сомасы алынуының мүмкіндігі өте жоғары болған жағдайда Табыс келесі операциялар нәтижесінде алынуы мүмкін: 1. Тауарлы – материалдық қорларды сату нәтижесінде 2. Қызмет көрсету нәтижесінде 3. Активтерді уақытша пайдалануға беру нәтижесінде Қызмет көрсетумен байланысты табыстар келесілер орындалғанда танылады: 1. мәмленің есепті кезең соңына аяқталатындығын дәл анықтау мүмкін болғанда 2. мәмлені жүзеге асырумен байланысты шығындарды дәл бағалау мүмкін болған жағдайда. Өндіріс пен тауарды өткізуден кәсіпорынның негізгі және айналым капиталының қозғалысын қамтамасыз ететін қаржы ресурстары қалыптастырылады. Қаржылық көрсеткіштерге талдау жүргізгенде қалыптасқан табыстың құрылымы мен оның қалыптасу динамикасына көп көңіл бөлінеді. Бұл кәсіпорынның жағдайын анықтаудың және салық арқылы мемлекеттік бюджет түсімін қамтамасыз ететін бірден бір шарасы. Кәсіпорын қызметінің сәттілігін қамтамсыз ететін маңызды бір фактор ол операциялық қызмет негізінде алынған табыс жатады. Кез келген ұйым табыс табу мақсатында құрылғады, сонда оның алатын табыс түрі де әр түрлі болып келеді. Мысалы, қызметкерлердің алып жатқан жалақысы, жалға берген мүліктен түсім, берілген несие бойынша немесе бағалы қағаздар бойынша төленетін пайыздық табыс түрлері[21,56-58]. Табыстар өз ерекшігіне, ұйым қызметінің бағыты мен шарттарына қарай келесілерге бөлінеді: • Жай қызмет түрінен алынатын табыс; • Операциондық қызметтен түсетін табыс; • Өткізуден тыс қызметтен алынатын табыс түрі. Жай қызмет түрінен алынатын табыстан басқа өзгеше табыс түрлері басқа да түсімдер деп танылады. Өзге де табыс түріне төтенше түсімдері де жатады. Жай қызметтен алынатын табыс деп қызмет көрсетумен және тауар өндірумен байланысты тауарларды сатудан түсетін табыс. Тауарлар мен құралдарын уақытша пайдалануға беру арқылы табыс алатын ұйымдардың табысы деп осы қызметтен, яғни жалға беру қызметінен түсетін түсімді айтамыз. Жай қызметтен алынатын табысқа мыналар да жатады: Өзіне тиесілі актвитерді, патенттік құқықты, өндіріс схемалары мен интеллектуалды меншік түрінің басқа да құқығын уақытша пайдалануға беру қызметінен түсім; Басқа ұйымдардың жарғылық капиталына салым жүргізгенде. Операциондық табысқа төмендегілер жатады: Ұйымның активтерін уақытша пайдалағаны үшін төлем; патенттік құқықты, өндіріс схемалары мен интеллектуалды меншік түрінің басқа да құқығын уақытша пайдалануға беру қызметі бойынша төлем; Басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталының мүшесі бола отырып, оның бағалы қағаздары бойынша немесе пайыздар бойынша алынатын табыс; Серіктестік қызмет түрінде басқа ұйымдармен біріккен қызмет атқару арқылы алынатын түсім (жай серіктестік келісім шарты негізінде); Негізгі құралдарды, өзге де активтерді, тауарлар мен өнімдерді сатудан түсетін түсімдер; Кәіспорынның бос ақша қаражаттарын уақытша пайдалануға беруден және сол қаржы бойынша төленетін пайыздық қойылымдар (яғни банк шоттарындағы ақша салымдары). Төтенше табыстар деп: шаруашылық қызметтің әр түрлі төтенше жағдай кезінде туындайтын табыстар (авария, өрт, табиғи апат, нациоландыру және т.б.); сақтандыру төлемдері, материалдық активтердің қолданысқа келмейтінін байланысты құрылған қор негізінде жабу. Жалпы салық салынатын табыс ретінде былай болып бөлінеді: Тауарларды, мүлікті және мүліктік құқықты сатудан түскен қаражаттар; Өткізуге байданысты емес түсімдер. Енді осы табыс түрлерін кесте түрінде көрсетуге болады. (кесте 1) 1 – кесте. Табыс құрылымы Табыстар түрі Кәсіпорын табыстарының құрылымы А Б 1. тауарларды (жұмыс, қызмет) және мүліктерді сатудан алынатын табыс Бұл кезде табыс деп тауарларды (жұмыс, қызмет) және мүлік пен мүліктік құқықты (бағалы қағаздар) сатудан алынған түсім танылады. • басқа ұйымдарға үлестік қатысудан; • шетелдік валюталарды сату және сатып алудан (бұл кезде келісім шарт жасалынған күнгі Ұлттық Банктің бағамы есепке алынады); • келесімшарттарда көрсетілген міндеттемелерін орындауға байланысты түсімдер (пеня, санкция түрінде); • мүлікті жалға беруден; • интелектуалдық меншікті пайдалануға беруден түсетін түсім; • келісімшарттық займ, несие мен банктік шоттан алынатын табыс; • қалыптастырылған резервтер (шығындар құрамында көрсетілген қаражаттан қалыптастырылса); • тегін берілген мүліктер мен меншік құқығы; • салық кезеңі кезінде анықталған өткен жылдың табысы; • құны шетелдік валютада көрсетілген мүлік пен міндеттемелерді қайта бағалау кезінде болған оң бағамы; • мүліктерді қайта бағалау кезінде табылған оң нәтиже; • тозығы жеткен және сынған материалдар негізгі құралды бүзудан алынған бөліктернің құны; • қайырымдылқ қордан алынған тауарлар, қызмет көрсетулер мен тегін берілетін өнімдер; • бұрын уақыт өтуіне қарай қайтарылмай қалған кредиторлық қарыздың сомасы • мерзімді шарт негізінде қаржы құралдарымен жасалынған операциялар бойынша табыс; • түгендеу нәтижесінде анықталған тауарлы матриалдық қорлардың артықшылығы; • апат, табиғи апат, өрт, соғыс кезінде көмек ретінде келіп түскен түсімдер; • сақтандыру төлемдері; • істен шыққан активтер бойынша қордан ақша аудару. 2. Өткізуге байланысты емес түсімдер 3. Төтенше табыс 1.2 Кәсіпорын кірісының экономикалық мәні Кірістың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық ең бір күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық қөзқарас бойынша кіріс дегеніміз-бұл ақша шығыстары мен кірістерінің айырмасы бо лып табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, кіріс-бұл кәсіпорынның есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы болып табылады. Бұл жерде кіріс ұғымы кәсіпорынның өзінің қаржылық –шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі кірістарының шығындар көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді. Біз білетіндей, кәсіпорын кірістары оларды алудың және қолданудың сипаттамасы мен шарттарына байланысты негізгі екі түрге бөлінеді; • негізгі қызметтен алынған кіріс; • өзге де кірістар. Негізі қызметтен алынған кіріс өнімді өткізумен, қызметтер көрсетумен және жұмыстар орындаумен байланысты қаражат крістерін қамтиды. Өзге кірістарға өткізілімнен тыс операциялардан, мүлікті сатудан түскен қаражаттар, сондай-ақ, төтенше жағдайлардан алынған кіріс жатады. Бухгалтерлік есеп теорияшылары кіріс ұғымымен байланысты келесідей мәселелерді атап көрсетеді. Тауарлар жөнелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, демек кәсіпорын әлі кіріс алған жоқ. Тауарлар жөнелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, алайда кәсіпорынның балансында кіріс көрсетіледі. Бұл жағдайда құндылықтар толық құны бойынша дебиторлық борыш құрымында тіркеледі. Қаржылық тұрғыдан қарастырғанда кәсіпорынның өзінің алған кірісын пайдалануға нақты мүмкіндіктері жоқ. Кәсіпорын өзінің кіріс сомасына үлкен сомаға ірі көлемдегі құндылықтар сатып алды. Бухгалтерлік есеп бойынша кіріс бар, алайда кассада немесе есеп-шоттарда нақты ақша қаражаттары жоқ. Бұл жағдайда кәсіпорын ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілмеген салықтық, пайыздық, дивидендтік төлемдерді жүзеге асыруына тура келеді. Жоғарыда аталған жағдайдың шегіне жеткен нұсқасы – бухгалтерлік есепте кіріс көрсетілген кәсіпорын банкрот деп жарияланады. Мұндай жағдай кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған кірісты өтімсіз активке салумен сипатталады. Кәсіпорынның мүлкі есепті кезеңде ұлғайғанмен, кіріс жоқ. Құндылықты қайтарымсыз және өтелімсіз берген жағдайларда кәсіпорынның кірісы емес, қосымша капиталы ұлғаяды. Мұндай жағдай мүлікті қайта бағалау немесе инвентаризация барысында артық құндылықтарды анықтау нәтижесінде де кездеседі. Кәсіпорын нақты түрде шығын көруде, бірақ бухгалтерлік есепте номиналды есептік кірісты көрсетеді. Мысалға, кәсіпорын қандай да бір өндірістік активке ірі көлемдегі қаражаттар салды, ал бұл актив бірнеше жылдан кейін ғана толық өтеледі. Нәтижесінде, активтік бүкіл өтелім кезеңі бойында кәсіпорын зиян көруде болады, ал бухгалтерлік есеп тұрғысынан осы кезеңдер ішінде ай сайын кіріс көрсетіледі. Кәсіпорынның біртұтас тұлға ретіндегі құны мен оның активтерінің құнының жиынтығының арасында айырмашылықтар Бұл көрсеткіштер айырмасы «гудвилл» немесе «фирманың құны» деген ұғыммен белгілі.Әдетте бұл көрсеткіш оң нәтижені көрсетеді,яғни кәсіпорынды бөлшектеп жағдайда оны толық сатқандағы жағдаймен салыстырғанда көп қаражат өндіріп алуға болады[22,81-82]. Кіріспен байланысты барлық көзқарастарды зерттеудің нәтижесінде ғалымдар мынадай қорытындыға келді: «бухгалтерлік есепте көрсетілген кіріс деген түсініктерді бөліп қарастыру керек деген тұжырымға алып келді» Біріншісі-тауарлар мен қызметтерді өткізудің нәтижесі деп қарастырылса, екіншісі-капиталдың «жұмыс істеуінің» нәтижесі деп қарастырылады. • Кірістың осындай екі түрлі тұжырымдамасы батыс елдерінде кеңінен даму алды. Батыстық негіздерге сүйенсек, кіріс концепциясы үш түрлі мақсат үшін маңызды: • салықтарлы есептеу үшін; • кредиторлар мен акционерлердің мүдделерін қорғау үшін; • тиімді инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін. Кірістың бухгалтерлік тұжырымдамасы тек бірінші мақсатқа қол жеткізу үін қолайлы және үшінші мақсатты қамтамасыз ету үшін мүлдем қолайсыз болып табылады. Кірістың түрлі ғылыми тұжырымдамаларын талдай отырып «кіріс» ұғымына келесідей анықтама беруге болады. Кіріс деп тауарды өткізу, қызметтер көрсету және жұмыстар атқару нәтижесіде қалыптасқан қосылған құнды айтады. Өзге мүліктерді сату,өткізілімнен тыс операциялардан түскен қаражаттар және басқа да қаражат кірістері кәсіпорынның пайдасын атқарады. Бүкіләлемдік банктің бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп беру және аудит бойынша әдістемелік нұсқаулығында «кіріс» ұғымы келесідей түрде анықталады. «Кіріс дегеніміз-қаржының кемуі немесе активтер құнының өсуіне болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады; бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдыңөсуінеалып келеді» Ықшамдалған түрде бұл ұғым 1995жылдың 26желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар «Бухгалтелік есеп және қаржылық есеп беру туралы» №2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13 бабы былай дейді: «Кірістар –бұл есепті кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы болып табылады» Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті кіріс алу әсте мүмкін емес. Өз кезегінде,кіріс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселерді шешу мүмкін емес. Осы орайда кірістың кәсіпорын қызметіндегі,сонымен қатар қоғам өміріндегі ролі маңызды болып табылады. Кәсіпорын іс-әрекетінің маңызды көрсеткішінің бірі кірістілік болып табылады. Кірістілік – бұл өндіріс кәсіпорын жұмысының саласын сипаттайтын жалпы көрсеткіш. Себебі тапқан пайда көлеміне қарамай кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің толық салалық бағасын тек кірістіліктің деңгейі ғана көрсете алады. Ол пайданың өндіріс қорына немесе өнімнің өзіндік құнына қатынасын білдіреді. Кірістіліктің көрсеткіші өндіріске кеткен шығын мен кірісті салыстыра отырып, өндірістің тиімділігін бағалайды. Кәсіпорындарда кірістілік деңгейінің жоғарылауына тікелей әсер ететін негізгі факторларға келксілер жатады: -өндірілген өнім көлемінің өсуі -өндірістің өзіндік құнының төмендеуі -өндірістік негізгі қор мен айналым қаражаттарының уақытының қысқаруы -кіріс көлемінің өсуі -қорлардың дұрыс пайдалануы -құрал-жабдықтарға, ғимаратқа және құрылысқа деген бағаны дұрыс қалыптастыратын баға жүйесі -материалдық ресурстардың аяқталмаған өндірістің және дайын өнімнің запас мөлшерлерін дұрыс , тиянақты ұстап тұру -жоспарлы және жүйелі түрде ғылым мен технологияның алдыңғы қатарлы жетістіктерін ендіру -еңбек ресурстры мен өндіріс қорларын тиімді пайдалану Кірістіліктің экономикалық мәні өнімнің бірлігіне кететін нақты және заттай еңбектің шығынымен ғана шектелмейді. Өндіріс үрдісіне қатынасатын қаражаттардың көлемі өнімді дайындауға кеткен шығындар қосындысынан елеулі айырмашылығы болады. Өндіріс үрдісінде ғимарат, құрылыс, құрал-жабдық және саймандар түрінде болатын негізгі қордың біраз мөлшері қатысады. Өндіріс шығындарының құрамына тек амортизациялық аударымдар ғана қосылады, яғни белгілі бір уақытта өндіріп отырған өнімнің өзіндік құнына біртіндеп қосылатын олардың құнының белгілі бір үлесі ғана. Айналым қорының құны өнімді дайындау негізінде пайдаланылған көлемінде ғана қосылады. Өндіріс кірістілігін жоғарылату үшін әр түрлі қаражаттар қолданылады. Өндіріс кірісінің өсуінің бірден бір басты көзі ретінде кәсіпорын тапқан пайданың көлемі болып табылады. Өткізілген өнімнің әр түріне келетін пайданы сақтай отырып, алынған кірістің жалпы сомасын көбейту арқылы бұл өсу өндіріс шығындарын азайтуға өндірілген өнімнің құрылымының өзгеруі, осыған байланысты өндіріс ауқымы өзгеруі арқылы қол жеткізіледі. Өнімнің өзіндік құнының төмендеуі пайданы өсіруге алып келетін негізгі фактор болып табылады. Алайда кірістің көлеміне әсер ететін бірнеше факторлар бар, олар: өнім бағасының өзгеруі, өткізілген өнімнің қалдығы, өткізу көлемі, өндіріс құрылымы және тағы басқалар жатады. Бірінші фактор алдыңғы уақытта жоғары дәлелдігі бар бағаның өзгеруі белгілі болған жағдайда ғана ескеріледі. Өндіріс кірістілігінің жоғарылауы алдын ала жұмсалған әрбір теңгеден түсетін қайтарымның өскендігін білдіреді. Сондықтан оларды онан да артық пайдаланудың тиімділігі өседі деген сөз. Кірістілік көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық нәтижесі мен іс-әрекетінің тиімділігін көрсететін салыстырмалы сипаттама болады. Олар кәсіпорын іс-әрекетінің әрбір тұғырынан алынған кірістерді өлшейді және экономикалық үлгеріс, нарықтық айырбастауға қатынасатын қатысушылардың мүддесіне байланысты топтастырылады[7,31-34]. Кәсіпорын деңгейінде қолданылатын кірістіліктің негізгі көрсеткіштері ретінде келесідей біріктіруге болады: -өнім табыстылығының көрсеткіштері -капитал табыстылық -қолма қол ақша табысы бойынша саналатын кіріс. Кірістіліктің өсуі кәсіпорын жұмысының тиімділігінің жоғарылауы тек тапқан кірістің арқасында ғана емес, әрбір теңге түріндегі шығындарға келетін кірістердің көбейгенін көрсетеді. Кірістілікті жоғарылату 2 бағыт бойынша жүргізілуі мүмкін: кірістің өсуі және өндіріске кететін шығындардың азаюы. Басқаша айтқанда , оң нәтижеге өзіндік құнның төмендеуінен немесе өнімнің бағасының өсуі арқылы қол жеткізуге болады. Кірістіліктің өсуінің басты көзі- өндіріске кететін шығындарды, өнімнің өзіндік құнын төмендету болып саналады.Өнімнің өзіндік құнын төмендету көбінесе, негізгі қордың тиімділігін жоғарылату, материалдық ресурстарды үнемдеу, еңбек өнімділігін өсіру арқылы жетуі болады. 1.3 Кірістың кәсіпорын қызметіндегі рөлі және функциялары Нарықтық жағдайда кірістың рөлі айтарлықтай өсті. Өзіміз білетіндей, жоспарлы-дерективті экономика жағдайларында оның ролі төмендетілген болатын. Кіріс табу кез келгенкәсіпорынның мақсаты функциясы ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен кіріс кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды.Тек кіріс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Кіріс табу кез-келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістікжәне әлеуметтікдамуының көзі болып табылады. Бұл принціп өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымды және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаражат көздерінен жабатындығын білдіреді.Уақытша қаржы тапшылығы кезінде оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымды шығындар болса, олар банктердің қысқа мерзімді несиелермен және коммерциялық несиелермен, сонымен қатар,капитал салымдары банктердің ұзақ мерзімді несиелерімен жабылуы мүмкін. Нарықтық экономикада кәсіпорын кірісының рөлі оның атқаратын функцияларымен анықталады. Экономикалық нарықтық қатынастардың маңызды категориясы ретінде кірістар бірқатар маңызды функцияларды атқарады. Біріншеден, кіріс кәсіпорын қызметінің тиімділігін білдіретін көрсеткіш болып табылады. Басқаша айтар болсақ, кәсіпорынның кірістылығы деген деректің өзі оның қызметінің тиімділігінің айғағы болып табылады. Алайда, бұл көрсеткіш кәсіпорын иелері мен кредиторлары үшін нақты бір қолайлы жағдайдың дәлелі бола алама? Әрине жоқ, себебі кәсіпорынға кез-келген бір кіріс қажет емес, оның барлық мүдделі тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандырарлық мөлшері қажет. Кіріс мөлшері көптеген факторлармен анықталады, олардың кейбіреулері кәсіпорынның қолынан келмейтін шаралар болып таблады. Екіншіден, кіріс ынталандырушы функция қызмет атқарады. Кәсіпорындардың қорытынды қаржылық-экономикалық нәтижесі бола отырып, кіріс нарықтық шаруашылық өмірде шешуші рөл атқарады. Кіріс «кәсіпорынның басты мақсаты» деген дәрежеге ие екенін білеміз. Бұл шаруашылық субъектілерінің экономикалық әрекеттерінің алғы шарты болып табылады, ал бұл әрекеттердің игіліктерге ұласуы кірістың мөлшеріне, сонымен қатар ұлттық экономикада қалыптасқан оны үлестіру тәртіптеріне байланысты. Кіріс-меншікті капитал өсімінің бірден-бір көзі. Нарықтық қатынастар жағдайларында акционерлер мен қаржы менеджерлері, кәсіпорын қарамағында қалатын кіріс мөлшеріне икемделе отырып, кәсіпорынның даму перспективаларына сәйкес дивиденттік және инвестициялық саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды. Нарықтық экономикада кіріс-өндірістік активтердің және өндірілетін өнімнің қозғушы күші болып табылады. Тағы да айта кететін жағдай-кіріс кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік игіліктерінің көзі болып табылады.Салықтарды, дивидендтерді және де басқа да бірінші кезектегі төлемдерді өтегеннен кейін кәсіпорын қарамағында қалатын кіріс жұмысшыларға материалдық жәрдемақы төлуге, оларға әлеуметтік жеңілдіктер жасауға, әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады. Үшіншіден, кіріс мемлекеттік бюджет қаражаттарының қалыптасу көзі болып табылады. Кіріс мемлекеттік бюджет қазынасы салықтар түрінде, сондай-ақ экономикалық санкциялар түрінде кездеседі. Бұл қаражаттар,өз кезегінде, бюджеттің шығыстық баптарымен қарастырылған және заңды түрде бекітілген мақсаттарына бағытталды. Сонымен кәсіпорынның кірісы-оның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы болып табылады. Бұл қорытынды кәсіпкерлік қызметтің түпкі мақсатынан келіп туындайды. Қазіргі заманғы батыстық экономика ғалымдары кәсіпорындардың мақсаттарын келесідей тәртіппен тұжырымдайды: -акционерлік меншікті арттыру; - кірісті арттыру; -басқарушылық сыйақыларды арттыру; -әлеуметтік жауапкершілікті арттыру. Қаржыны басқарудыың бүгінгі теориясы бизнестің еңбіріні кезектегі мақсаты-кәсіпорын акционерлерінің материалдық мүдделерін арттыру болып табылады деген тұжырымға негізделген. Яғни кәсіпорындар өздерінің қарапайым акцияларының биржалық құнын арттыру тиіс. Кәсіпорынның басқа мақсаттары да оның экономикалық саясатына өз әсерін тигізетіні сөзсіз, алайда олар алғашқымен салыстырғанда маңыздылығы төмен болып саналады. Кәсіпорын мақсаттары бұлайша саралау батыстық экономика үшін әбден ақылға қонымды. Кірісты арттыру аз ғана уақытты қамтитын қысқа мерзімді міндет болып табылады,ал акционерлік меншікті арттыру-ұзақ мерзімді мақсат болып табалады. Себебі кәсіпорын иелері бүгінгі кірісқа да,келешектегі кірісқа да мүдделі. Кәсіпорын кірісының қалыптасуы және орналастырылуы Кәсіпорын кірісының қалыптасуы және оның орналастырылуы (үлестірілуі, пайдаланылуы) оның кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктерімен және стратегиялық мақсаттарымен анықталады. Кәсіпорынның жалпы кірісы оның ағымды кезеңдегі негізгі, қаржылық, инвестициялық қызметтерден, төтенше жағдайлардан алған кірістарының жиынтығынан қалыптасады. Жалпы кірістың құрамында кәсіпорынның барлық қызмет түрлерінен алынған кірістары кіреді.Бірінші кезекте жалпы кіріс өнімді өткізуден, яғни негізгі қызметтен алынған кірісты қамтиды. Бұл кіріс жалпы өнімді өткізуден түскен сомадан қосылған құн салығы мен акциздерді өнімді өндіруге, өткізуге кеткен шығындарды шегеріп тастау арқылы анықталады. Екіншіден, жалпы кірістың құрамына тауарлық емес өнімдерді сатудан алынған кіріс, яғни кәсіпорынның балансында есептелетін қосалқы өзгерістердің (ауыл шаруашылық өндірісінің, көлік шаруашылығының және басқа да шаруашылықтардың)кірістары кіреді. Үшіншіден, жалпы кірістың құрамына негізгі қорларды және өзге де мүліктерді студан түскен кіріс кіреді. Сондай-ақ,жалпы кіріс өткізілімнентыс алынған кірістар мен шығындарды, яғни тауар немесе қандай да бір активті сатудан тыс операциялардың нәтижесін қамтиды. Кәсіпорынның қарамағында қалатын жалпы кірісы әрі қарай үлестіру объектісі ретінде қпрастырылады.Оны үлестіруді кірістың бір бөлігін мемлекеттік бюджетке және басқа да міндеттемелерді өтеуге,ал қалған бөлігін кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына сәйкес мүдделеріне бағыттау деп түсінуге болады. Кірісті үлестіру заңдылығы-салықтар мен басқа да міндетті төлем шарттары түрінде түрлі деңгейдегі бюджетке түсетін бөлігі.Содан кейін қалатын кірісты үлестірудің бағытына анықтау кәсіпорынның құзыретіне жатады. Кірісты үлестірудің негізгі принціптері келесілер: - кәсіпорынның өндірістік -шаруашылық, қаржылық және инвестициялық қызметтерден алынған кірісі шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен кәсіпорын арасында бөлінеді; - мемлекет қазынасына түсетін кірістің бөлігі салықтар және алымдар ретінде мемлекеттік бюджетке түседі.Салықтардың құрамы,мөлшерлемелері және сәйкес деңгейдегі бюджеттердің есебіне түсу тәртібі заңды түрде бегіленеді; -салықтардан кейін шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын кіріс мөлшері өндіріс көлемінің арттыруға және өндірістік-шаруашылық, қаржылық, инвестициялық қызметінің жақсаруына, сонымен қатар, кәсіпорынның қаржы қызметінің жақсаруына мүдделілігін арттыруға жетерліктей болуы керек; Кәсіпорынның әрі карай дамуын қамтамасыз ететін қорларға ал қалаға бөлігі тек тұтыну қорларына кетеді[14,25-28]. Кәсіпорын қарамағында қалатын кіріс (таза кіріс) екі бөлікке бөлінеді.Бірінші бөлігі тұтыну қорлаоына,екінші бөлігі жинақтау қорларына бағытталады. Тұтыну қорларына бағытында қолданылып кіріс кәсіпорынның мүлкін арттыру мақсатында өндірістік активтерді, жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ, қосымша еңбек ресурстарын тартуға жұмсалады. Кәсіпорынның капиталын ұлғайтұға орналастырылған кіріс өндірілген өнімнің көлемін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, түптеп келгенде шаруашылық субъектінің келешектегі әлеуетті(потенциалды) кірістылығын арттырудың алғы шарты болып табылады. Сондай-ақ, кіріс тек өндіріс процесіне орналастырылып қана қоймай, сонымен қатар, жұмысшылар мен қызметкерледдің әлеуметтік мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге, олардың біліктілігі мен жауапкершілігін арттыруға, оларға қосымша сыйақылар төлеуге,басқа да әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады. Бұл, өз кезегінде, қызметкер тарапынан еңбекке деген арттыруға септігін тигізеді. Жинақталу қорларына бағытталатын кіріс алуан түрлі қосымша қорларды қалыптастыркға жұмсалады:әлеуметтік сақтандыру қоры, резервтік қорлар, экологиялық қор және тағы басқа да қорлар. Бұл кәсіпорындардың келешекте болу ықтимал күтпеген шығындар мен зияндардың орнын толтыруға, қоғам өміріне өндіріс барысынан келетін зиянды өтеуге, сондай-ақ қолайлы жағдайлары туындаған кездерде резервтік қорлардағы қаражаттар есебінен қосымша күтпеген кірістарды алу мүмкіндіктерін жүзеге асыруына көмегін тигізеді.

II. КӘСІПОРЫН КІРІСТЕРІНІҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Наши рекомендации