Азақстан Республикасының зауыттары
МАЗМҰНЫ
Кіріспе | ||
Қазақстан Республикасының зауыттары | ||
1.1 | «Қазатомөнеркәсіб» | |
1.2 | Алматы ауыр машина жасау зауыты | |
Кескіш аспаптар және оның негізгі элементтері мен геометриясы | ||
2.1 | Кескішленталы станог | |
2.2 | Порталды көлденең кескішленталы станог | |
Қорытынды | ||
Пайдаланған әдебиеттер тізімі |
КІРІСПЕ
Адамзат пайда болғалы адам мен техника бір – бірімен тығыз байланыста. Техниканың пайда болуының алғы шарты – табиғатты тану, одан қорғана білу және оны түсінуге талпыну. Оның мақсаты – адамның өмір сүруін қауіпсіздендіру және жақсарту. Техниканың жалпы мәні ХІХ ғасырда өзгерді. Бұл кезеңдерде механикалық машиналар келіп, олар адамзат қызметінде, әсіресе материалдық өндірісте қолданыла бастады. Техника ғылым жетістіктерін кеңінен қолдануға негізделген машиналық техникаға айналды, өндіріске индустриалдық қоғамға дейінгі шебердің орнына инженер келді. Техника бірте – бірте өндіріс саласын ғана емес, адам өмірінің басқа салаларын да қамти бастады, автоматтандырылған машиналар пайда болды және бұл процесс өте тез қарқынмен жүре бастады.
Қазіргі заман талабына сай ғылыми техникалық прогресті және әлеуметтік мәселелерді тез шешуіміз керек. Осы себептен де ғылыми техникалық прогрестің қарқынды дамып келе жатқан негізгі – негізгі салаларын қолға алу дұрыс. Себебі, бізді дамытатын да, атымызды шығаратын да, байытатын да осы салалар. Мұндай салалардың бірі машина жасау саласы болып саналады. Машина жасау саласын дамытудың негізі көздері – электротехника өнеркәсібін, микроэлектроника, станок жасау, есептеу техникасы мен прибор жасау және айтылғандардың бәрін автоматтандыру болып саналады. Машинаның техникалық сипаттамасының жоғарлауы мен олардың қызметінің көбейуі, олар құрамдас тетіктер мен құрам бірліктерінің сандарында көбейуіне, физико – механикалық қасиеті жоғары, материалдарымен ауыстыруына әкеледі.
Өнеркәсіптің жетекші саласы ретінде машина жасау дамыған елдерде айрықша орынға ие. Оның үлесіне өнеркәсіп өнімінің 36÷40%-ы, индустрияда жұмыс істейтіндердің 34%-ы тиесілі. Қазіргі заманғы машина жасау – 300-ден астам өндіріс түрін біріктіретін, ғылымды ең көп қажет ететін, шығаратын өнім түрі бірнеше миллионмен есептелетін аса күрделі сала. Машина жасау бүкіл әлемде ұлттық өнеркәсіптің технологиялық деңгейінің көрсеткіші ретінде қабылданады. Машина жасау саласында дүниежүзіндегі аса ірі "Дженерал Моторс", "Форд Мотор", "Дженерал Электрик" (АҚШ), "Даймлер-Крайслер", "Сименс" (ГФР), "Мицубиси", "Тойота Мотор" (Жапония) ұлтаралық бірлестіктері жұмыс істейді. Бұл сала жанама салаларды дамыту үшін мультипликативтік әсер береді, халықтың жұмыспен қамтылуын бірнеше рет ұлғайтады және сол арқылы тұтастай алғанда экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Жалпы машина жасау шаруашылықтың барлық саласына қажетті құрал-жабдықтар жасау мен күнделікті тұрмыста қолданылатын машина өнімдерін (сағаттар, тоқыма және тігін машиналары, т.б.) шығаруды қамтиды. Мұнда бірнеше данадан ғана (атом реакторы, металлургия комбинаттарының жабдығы) шығарылатын күрделі, қымбат жабдықтан бастап, саны миллиондап есептелетін жаппай өнімдерге дейін өндіріледі. Бұл сала бойынша дүниежүзінде АҚШ, Германия, Жапония алдыңғы орын алады. Кейбір елдердің айрықша маманданған салалары бар; Швейцария сағат өндірісіне қажетті өте дәл станок жасауға, Жапония мен Корея аса ірі станок жасауға маманданған.
Республикадағы машина жасауды дамыту жөніндегі бағдарлама негізінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жоғары технологиялық және қазіргі заманғы жабдықпен жаңғыртуға, халықаралық стандарттың бәсекеге қабілетті өнімін шығару бойынша жаңа кәсіпорындар құруға, барлық жұмыс істеп тұрған отандық машина жасау кәсіпорындарының байланыстары мен кооперациясын дамытуға бағытталған.
Машина жасау кешені – шаруашылықтың әр түрлі салаларына құрал-жабдық, елдің қорғаныс жағдайы үшін қару – жарақ, халыққа қажетті тауарлар шығарумен айқындалады. Сондықтан халықаралық деңгейде ұйымдасу тиімді болып есептеледі. Ғылымда көп қажет ететін бұл салада өнім көлемі бойынша Жапония, АҚШ, Азиядағы жаңа индустриялдық елдер, Қытай, Батыс Еуропа елдері жетекші орынға ие.
Қазақстандағы машина жасау кешенінің құрамында 2500-ден аса өнім түрлерін шығаратын 370 зауыт бар. Кеңестер Одағы ыдырағанға дейін еліміз аумағындағы қорғаныс – өнеркәсіп кешені құрамынд 50 жоғары технологиялық зауыт жұмыс істеді. Олар әскери техника, қару – жарақ және оқ дәрі шығарды. Алматы, Орал, Зырян, Петропавл қалаларында орналасқан жетекші зауыттар орта қашықтықтағы зымырандар, әскери – теңіз флоты үшін торпедо, атқыш қару – жарақ зымыран техникаларының микро сызбаларын шығаратын. Қазір де бұл зауыттар Қазақстан мен ТМД елдерінің Қарулы күштеріне арналған өнімдер шығарады. Қазақстан да қазіргі таңда металлургия, ауылшаруашылық және көліктік машина жасау салаларына айрықша басымдылық берілуі тиіс. Өйткені, дәл осы бағыттар ел экономикасындағы көптеген өндірістік салалардың дамуына жағдай туғызу арқылы, Қазақстанның экспорттық әлеуетінің өсуіне айтарлықтай ықпал ететіні анық.
Ұлт Көшбасшысы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп ауылшаруашылығын, соның ішінде, мал шаруашылығын дамытуға айрықша назар аударып отырғандықтан, біз үшін, ең алдымен диқандарымызбен шаруаларымызды заманауи ауылшаруашылық машиналармен қамтамасыз ету өте маңызды.
Қазақстан алға қойған мақсаттарына жетіп, дүниежүзілік қауымдастық арасының өзінің лайықты орнын аламын десе, машина жасау өнеркәсібіне деген көзқарас пен мемлекеттік қолдауды түбегейлі өзгерту қажет [1].
азақстан Республикасының зауыттары
1. Қазақстандағы ең алғаш құрылған машина жасау көсіпорнына 1909 ж. Верный (Алматы) қаласында орналаскан тұқым сепкіш машинасын жатқызуға болады.
2. Металл өңдеу өнеркөсібінің ең бір ерекше кәсіпорны - Өскемен қаласындағы Қазақстан Республикасының Монеталар сарайы. Ол 1992 жылы ұлттық валюта - теңгенің енуіне дайындыққа байланысты Үлбі металлургия зауытының бір цехының негізінде құрылған. Монеталар сарайы монеталар соғады, Қазақстан Республикасының ордендері мен медальдарын, төс белгілер мен әскери қызметкерлердің айыру белгілерін, әшекей бұйымдар шығарады.
3. Құны 20 млн. долларды құрайтын «Азия-Авто» зауыты Өскеменде 2003 жылы салынған. Бұл зауытта автокөлік дайын күйінде келген бөлшектерден құрастырылады. Оны ресейлік «АвтоВАЗ («Ниват») зауыты, чехиялық «Шкода-Ауто» («Шкода») және америкалық серіктестігінің оңтүстік корей филиалы «Дженерал Моторс» («Шевроле») зауыттары «Шкода» маркалы автокөлігін құрастыруға көшуде. Зауыттың жобалау қуаты - жылына 15 мың, 2008 ж. 3271 автокөлік құрастырылды: оның 2358- «Лада», 593 - «Шевроле» және 320 -«Шкода». Бұл еліміздегі ең ірі автокөлік құрастыратын өндіріс (1.1-суретте көрсетілген – Өскемендегі «Азия-Авто» зауыты).
1.1 - сурет – Өскемендегі «Азия-Авто» зауыты
4. Қазақстанда барлығы 30-дай әр-түрлі құрастыру өндірісі жұмыс істейді. Олардың көбі «Газель» автомобильдерін (микроавтобустар, самосвалдар, рефрижераторлар) троллейбустар, автобустар, ауыр жүк таситын «Камаз» автокөліктері, коммуналдық техника шығаратын Алматы қаласында орналасқан. Орал қаласында ресейлік «Ростауылмаш» зауытының «Нива-Эффект» комбайнын шығарады.
5. Жоспарлы экономика кезінде Қазақстанда өнімдері КСРО-ның басқа еш жерінде шығарылмайтын бірнеше ерекше зауыттары болды. Олардың ішінде «Ақтөбеауылмаш» (қой қырқатын машинкалар шығаратын), Алматы электротехника зауыты (жер асты тұзды суларын тұщыландыратын қондырғылар), «Целиноградауылмаш» (жер кабаттарын үйіндісіз өңдеу құралдары, дестелегіш жөне қар тоқтатқыштар) зауыттарын айтуға болады.
6. Көп уақытқа дейін Қазақстанның ауыр машина жасау өнеркәсібінде жетекші орында Алматы ауыр машина жасау зауыты болды. Зауыт әлі күнге дейін жұмыс істеуде. Зауыт өнімдері - алюминий, мыс сым темірлері, құбыр, прокат құралдары, металлургия, химия өнеркәсіптеріне және атом реакторларына арнап күрделі прокаттық құрал-жабдықтар шығарылады, олар - ТМД және шетелдердің көптеген зауыттарында пайдалануда (1.2-суретте көрсетілген – Алматы ауыр машина жасау зауыты).
1.2 - сурет – Алматы ауыр машина жасау зауыты
7. Жоспарлы экономика кезеңінде республика аумағындағы корғаныс-өнеркәсіп кешені құрамында 50 жоғары технологиялық зауыт жұмыс істеді. Бұл зауыттар өскери техника, қару-жарақ және оқ-дәрі шығарған. Солардың арасындағы жетекші зауыттар Петропавл (орта қашықтыққа ататын зымырандар, бүл зымырандар ядролық зарядтарды тасымалдай алатын КСРО мен АҚШ арасындағы келісім бойынша қарудың бұл түрі жойылды), Алматы (әскери теңіз флотына арналған торпедо), Орал (атқыш қару-жарақ), Зырян (зымыран техникаларына арналған микросызбалар) қалаларында орналасты. Қазіргі кездің өзінде де осы аталған 50-ге тарта қорғаныс зауыттар Қазақстан жөне ТМД елдерінің Қорғаныс күшіне арнап, өнімдер шығаруда.
8. 2009 ж. Астана каласында америкалық «Дженерал электрик» компаниясы мен ірі тепловоз құрастыратын зауыт пайдалануға берілді. Ол бүгінгі күнге сай Қазақстандықтар және шетел нарығы үшін ДЭ «Эволюция» маркалы 150 тепловоз шығаратын болды (1.3-суретте көрсетілген – ДЭ «Эволюция» маркалы 150 тепловозы).
1.3-сурет – ДЭ «Эволюция» маркалы 150 тепловозы
1.1 «Қазатомөнеркәсіб»
«Қазатомөнеркәсіб», ұлттық атом компаниясы – атом-энергетикалық ірі кәсіпорын. 1997 ж. 14 шілдеде құрылған. Компанияның жарғылық қорына Степной, Орталық, республикалық біріккен мемлекеттік кен басқармаларының мүліктік кешені, Үлбі металлургия зауыты, “Волковгеология”, “КАТЭП” акционерлік қоғамдарының мемлекеттік пакеттері енгізілген. Степной кен басқармасы, Орталық кен басқармасы және ғ6 кен басқармасы “Қазатомөнеркәсібі“ компаниясының бөлімшелері болып қайта құрылды. “Қазатомөнеркәсібі” КОЖЕМА ядролық материалдар бас компаниясы (Франция), КАМЕКО корпорациясы (Канада), ЗАМБЕЗИ холдинг С.А. халықаралық корпорациясы (Швейцария) сияқты әлемдік маңызы бар фирмалармен бірлесіп, “Катко біріккен кәсіпорны” ЖШС мен “Инкай біріккен кәсіпорны” ЖШС-н құрды. Уран өндіруші және оны ішінара өңдеуші бұл кәсіпорындар 2001 жылдан бастап өнім бере бастады. Степной кен басқармасы (Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Степной кенті) – Уванас, Мыңқұдық кеніштері кенін байытады. Кеніштің жобалық қуаты – жылына 800 т. Орталық кен басқармасы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Таукент кенті) Қанжуған кеніші кенін байытады. Жобалық қуаты жылына – 600 т. ғ6 кен басқармасы (Қызылорда облысы) – Сырдария уранды өңіріндегі қалың қабатты-инфильтратты уран кеніші кенін байытумен айналысады. Солтүстік-Қарамұрын кенішінде уран бірегей терең әдіспен – құбыр арқылы жер асты күкірт қышқылымен сілтісіздендіру жолымен өндіріледі. Жобалық қуаты жылына – 700 т. Үлбі металлургия зауыты ашық акционерлік қоғамы (“ҮМЗ”) ИСО стандарттарына сәйкес сапаны басқару менеджменті бойынша халықаралық сертификаттаудан өткен. Кәсіпорында өндірілетін берилий сапасының жоғарылығы нәтижесінде әлемдік нарықтың 10%-ы осы зауыттың үлесіне тиеді. Кәсіпорында реактор қауіпсіздігін арттыратын эрбий мен гадолиний күйгіш жұтқыштары қосылған отындық өнім өндіріле бастады. Қазіргі кезде әлемнің әр 20-энергия блогі “ҮМЗ-да” дайындалған отынды тұтынады (2003). АҚШ,Англия, Франция және Германия тұтынушыларымен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасалған. Зауытта Еуразия құрлығындағы ең ірі тантал-ниобий өндірісі қайта қалпына келтірілді. Оның өнімдері электрондық, ядролық, химиялық, мұнай-газ және металлургия өнеркәсібінде, сондай-ақ, медицинада қолданылады(1.4-суретте көрсетілген – АҚ «Волковгеология» өндірістік жұмыс цехі).
1.4 - сурет – АҚ «Волковгеология» өндірістік жұмыс цехі
«Қазатомөнеркәсіп» АҚ(Қазақстанның ұлттық атом компаниясы) — Қазақстанның уран және өзге металдарды экспорттау жөніндегі ұлттық операторы. Компанияның 100% акциясы мемлекетке тиесілі. Мұхтар Жәкішев басқаратын «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы Қазақстандағы уран сатуға рұқсаты бар жалғыз кәсiпорын. Бiрақ, қазақстандық ураны толығымен дерлiк шет елге шығарылады. Өйткенi, Қазақстанда Маңғыстау облысында тек бiр атом стансасы бар. Сондықтан, елдегi iшкi тұтыну мөлшерi аз, дейдi мамандар. Оның үстiне, бұл атом стансасы қазiр тоқтап тұр. Қазақстандық уранды табу жолы басқа елдермен салыстырғанда оңай, сондықтан, оның өзiндiк құны да айтарлықтай қымбат емес деген пiкiр бар. Ал уран өндiрiсiнiң ұлғайтылуы экологияға кесiрiн тигiзбейдi дейдi мамандар.
2007 жылы жапондық «Тошиба» корпорациясынан «Қазатомөнеркәсіп» АҚШ атомдық реакторларды өндіруші болып табылатын «Вестингхауз» компаниясының 10 пайызын сатып алды.
2010 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы табиғи уран өндірісі жөнінде әлемнің №1 компаниясы атанбақ (1.5-суретте көрсетілген – АҚ «Волковгеологияда» құралған машиналар).
1.5 - сурет – АҚ «Волковгеологияда» құралған машиналар