Тақырып: Қазақстан Республикасының дін туралы жаңа заңы және дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты.

1. Діни сенім бостандығы туралы түсінік.

2. Қазақстандағы дін жөніндегі мемлекеттік саясат және ҚР-ның «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы.

3. Қазіргі Қазақстандағы конфессионалдық жағдай және дінаралық диалог.

4. Қазақстан Республикасының дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты.

Діни катынастарды жан-жақты және терең түрғыдан реттеуді 1992 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандыгы және діни бірлестіктер туралы» (бұдан былай - ДСБ және ДБ) заңы және үкімет пен басқа даорталық атқару органдарының нормативтік құкықтық актілері жүзеге асырып келді. Сондай-ақ діни бірлестіктердің қызметі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен де реттеледі. Діни бірлестіктердің қызметіне кедергі келтіру, әдейі бұзу ҚР Қылмыстық кодексімен реттеледі. Сонымен қатар діни қатынастар көптеген заңға тәуелді актілермен реттеліп жатады. 2007 жылдың 30 қаңтарында баспасөзде ҚР Үкіметінің діни сараптама жүргізу туралы арнайы қаулысы жарияланды. Өмірдің талабына сай діни қатынастарды реттейтін нормативтік-кұкықтық актілер үнемі өзгеріп, жаңалары қабылданып отырады. [1]

Осы заң негізінде тәуелсіздік алғаннан бері елімізде діни конфессиялардың да, діни бірлестіктердің де саны күрт өсіп кетуіне жөнсіз негіздер қаланды. Діни бірлестіктерді қүру және оларды мемлекеттік тіркеу мейлінше жеңілдетілді.Кез келген он азамат діни бірлестік кұра алды. Тіпті қандай дінге катыстылығын өздері шешті. Осы зан бойынша олар кез келген жаңа дінді жасай алды. Ке- рек десеңіз, олардың басшылары өздерін жаңа діни көсем деп те жа- риялай алды. Олардың соңынан азаматтардың үлкен тобы еріп кетті.

Діни сенім бостандығы күкьп ы. Қазақстан Республикасы- ның, басқамемлекеттердің азаматтары жоне азаматтығы жок адам- дар жеке өзі, сондай-ақ басқалармен бірге кез келген дінді еркін ұстануға немесе ешкайсысын ұстанбауга кұқылы, дінге деген, Құдайга құлшылық жасауга, діни жоралар мен рәсімдерге, дінді оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға көзқарасты айқындау кезінде қандай да бір күштеп мәжбүр етуге жол берілмейді.

Азаматтардың дінге көзқарасына қарай олардың қүқыктарын тікелей немесе жанамалап шектеу немесе қандай да бір артықшылықтар белгілеу немесе соған байланысты өшпенділік пен жеккөрушілік туғызу, не азаматтардың сезімдерін жәбірлеу, сондай- ак, қайсыбір дінді ұстанушылар қадір тұтатын заттарды, кұрылыстар мен орындарды қорлау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеліп соғады.

Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ешкімнің де өз діни сенімдерін себеп етіп азаматтық міндеттерін атқарудан бас тартуға қакысы жоқ.

Бұл заңды тым либералды және демократияшыл заңдардың қатарына қосуға болады. Заң кейбір өзгерістермен 2011 жылғы дейін колданыста болды. Осы заң негізінде тәуелсіздік алғаннан бері елімізде діни конфессиялардың да, діни бірлестіктердің де саны күрт өсті. Діни бірлестіктерді құру және оларды мемлекеттік тіркеу мейлінше жеңілдетілді. Сондай-ақ, жаңа дін немесе діни ағым ашу мәселесі ең оңай әрекеттердің біріне айналды. Керек десеңіз, дін жөніндегі заңда «діни бірлестік», «дін» «конфес­сия» ұғымдарының түсінігі де берілмеген, аражігі де ашылмаған. Керісінше, олар бір-бірімен шатысып теңесіп кеткен. Оған дәлел үшін заңның 4-бабындағы «барлық діндер мен діни бірлестіктер заң алдында бірдей» деген норманы талқылар болсак, онда мынадай қайшылыкты сұрақтар туады. Біріншіден, барлық діндерді тең деуге әркім келіседі. Мысалы, ислам, христиан, будда, иудаизм діндерін, тіптен діни ағым деп саналатын иегова куәлерін немесе баптистерді тең деуге болады.

Екіншіден, осы нормадан діндер мен діни бірлестіктердің заң ал­дында бірдей екендігі туындайды. Сонда миллиондаған адамдарды біріктіретін ислам діні мен ондаған адамды ғана біріктіретін кез кел­ген діни бірлестік. Әрине, заңға кіріп кеткен бұл норманың ешкандай да қисыны жок. Керісінше, осы норма еліміздегі ислам діні ішіндегі қайшылыктардың өсіи кетуіне себеп болды. Осы норма негізінде Республика бойынша жүздеген ислам діни бірлестіктері ҚМДБ-ға тәуелсіз заңды ұйымдар ретінде тіркеліп кетті және жаңа дін заңы қабылданғанша олар құқықтық дербестігін сақтап кала алды.

Діни бірлестіктер мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының сайлауына катыспайды. Діни сипаттағы партияларды және өзге де саяси құрылымдарды құруға, сондай-ақ діни бірлестіктердің сая- си партиялар қызметіне қатысуына немесе оларға қаржы жағынан қолдау жасауына жол берілмейді. Діни бірлестіктердің қызметшілері саяси өмірге барлық азаматтармен бірдей тек өз атынан ғана қатыса алады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазакстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында сөйлеген сөзінде Дін істері жөніндегі агенттік құру туралы идеяны алға тартқан болатын. Бұл құрылымның міндеттерін белгілей келіп, Президент «біздіц шешуші конфессияларымыз мемлекеттік органдармен ынтымақтастық бары- сында дінге сенуші жастармен белсенді жұмыс жүргізіп, олардың шынайы діни білім алуына көмектесе алар еді» деп атап көрсетті.

Бүл Дін істері жөніндегі агенттік 2011 жылы 7 мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен қүрылды.

Мемлекетіміздің арнайы ресми мереке ретінде демалыс күні ретінде Құрбан айт пен Рождество бекітілді. Қазақстан бүгінде бүкіл әлем үшін конфессияаралық келісімнің үлгісі ретінде таныл- ды. Бүгінгі таңда Қазақстан - діни толеранттылық идеясын тарату жөнінде талассыз көшбасшы. Біздің еліміздің конфессияаралық үнкатысудағы тәжірибесі бүкіл әлемдегі діни жетекшілердің колдауы мен мойындауына ие болып отыр.

Р Президенті Н. Назарбаев 2011 жылғы қазанның 11-і күні «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы№483-lV Қазақстан Республикасының Зацына кол қойды.

Бүл заң еліміздегі ең көп талқыланған, пікірталас тудырған қүжат болды.

Заңның кіріспесінде «әркімнің ар-ождан бостандыгы кұкыгын растайтынын, әркімнің діни нанымына қарамастан тең қүқылы болуына кепілдік беретінін, ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандыктың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитыны....» атап көрсетілді.

Заңда «ешбір дін мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді» деп көрсетілді.

Діни білім беру үйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республика- сында білім беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлінген және зайырлы сипатта болады.

Дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттен бөліну қағидатына сәйкес мемлекет: Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның дінге және ұстанатын дініне өз көзкарасын айқындауына, ата-аналардың немесе балалардың өзге де заңды өкілдерінің балаларды өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуіне, мұндай тәрбиелеу баланың өмірі мен денсаулығына катер төндірген, оның құқықтарына кысым жасаған және жауапкершілігін шек- теген, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының конституциялық кұрылысына, егемендігіне және аумактық тұтастыгына қарсы бағытталған жағдайларды қоспағанда, араласпайды.

Діни бірлестіктер: мемлекеттік органдардың функцияла-

рын орындамайды және олардың қызметіне араласпайды; саяси партиялардың қызметіне қатыспайды, оларга қаржылык қолдау көрсетпейді, саяси қызметпен айналыспайды.

Діни негіздегі партиялардың қызметіне, мақсаттары мен іс-әре- кеті мемлекетте бір діннің үстемдігін орнықтыруға, оның ішінде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыкқа үндеумен және өзге де кұқыққа карсы іс-әрекеттермен байланысты діни өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыруға бағытталған діни бірлестіктер кұруға және олардың қызметіне тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жок адамдарға зорлық-зомбылық көрсетумен не­месе олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен не ерлі- зайыптылардың некесін бұзумен (отбасының бұзылуымен) не­месе туыстык қарым-қатынастарды тоқтатумен, имандылыққа нұксан келтірумен, адамның және азаматтың кұкыктары мен бостандықтарын бұзумен, азаматтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болумен және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылықпен ұштасатын діни бірлестіктер қызметіне жол берілмейді.

Адамдардың материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып бопсалау, күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту жолымен не алдау жолымен өз қызметіне мәжбүрлеп тартатын діни бірлестіктердің кызметіне жол берілмейді.

Дінді және діни көзқарастарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың қызметіне қасақана іріткі салуга, олардың үздіксіз жұмыс істеуінін бұзылуына, елдегі басқарушылық деңгейін төмендетуге әкеп соғатын шешімдерді қабылдауға және іс-әрекеттер жасауға жол берілмейді. Діни бірлестіктердің қьпмстімен мемлекеттеік уәкілетті орган- дар айналысады. Уәкілетті орган болып Қазақстан Республикасының Дін ісгері жөніндегі Агенттігі және оның облыстардагы департаменттері саналады. Уәкілетті орган: діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі багыттарын қалыптастыруға және іске асыруға қатысады; Қазакстан Республикасынын аумагында құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің, діни білім беру ұйымдарының кызметін зерделеп, оған талдау жүргізеді; өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды камтамасыз етеді; дінтану сараптамалары және діни бірлестіктерді құруга бастамашы азамат- тар тізімдеріне тексеру жүргізілуін камтамасыз етеді;

Республика аумағындагы шетелдік діни бірлестіктердің қызметі- не, шетелдік діни орталықтардын Қазакстан Республикасындагы діни бірлестіктер басшыларын тагайындауына келісім білдіреді; өңірдегі діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізеді.

- діни әдебиетті және діни мазмұндагы өзге де ақпараттық мате- риалдарды, діни мақсаттагы заттарды тарату үшін арнайы тұракты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ак, гибадат үйлерінен (гимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналган үй-жайлардың орналастырылуын келіседі;

- уәкілетті органмен келісе отырып, гибадат үйлерін (гимараттарын) салу туралы, олардың орналасатын жерін аныктау, сондай-ақ, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (гимараттары) етіп кайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімдер кабылдайды.

Авторлар: Баярисов Р.У.,Спанов М.Ж.

Наши рекомендации