Мұнда t- уақыттың кез-келген моменті; tb – объектінің пайдаланбаған уақыты.
Технологиялық машиналардың сенімділігі бойынша емтиханға арналған сұрақтар тізімі
1.Бұйымның техникалық күйіне әсер ететін пайдалану факторларын атаңыз.
Жауабы:
машина тетіктеріне әсер ететін факторлар | |||||||||||||
күштік әсер | температуралық | қоршаған орта | |||||||||||
көлемдік | ұзақ уақыт бойынша | атмосфералық | |||||||||||
беткейлік | біртіндеп бір рет қана | Газдық | |||||||||||
үздіксіз | біртіндеп көп рет | сұйықтық | |||||||||||
уақытша | дүркін-дүркін | Аралас | |||||||||||
тұрақты | жылулық соққы | ||||||||||||
2 – сурет | |||||||||||||
2.Машина элементтерінің бұзылуын жіктеу.
Жауабы:Істен шығу (бұзылу) келесі түрде жіктеледі: кенеттен істен шығу; біртіндеп; параметрлік; кезектесіп істен шығу; функйионалдық істен шығу.
3.Элементтердің тозуы қалай өтеді.
Жауабы:Біртіндеп істен шығу мен тотығу тозуға байланысты. Пайдалану мерзімі өскен сайын тозу мен тотығу ұлғая түсетін болғандық, бұзылу ықтималдығы да өсе түседі.Үйкеліс жұбының тозуы шарасыз. Алайда, машинаны топтамалы өндірістен шығарғанға дейін тозу шамасының шегін анықтап, алдын-ала бұзылу болатынын анықтауға болады. Одан басқа бұзылу барысын төмендететін шаралар қабылдап, оның тозу жылдамдығы азайтуға болады немесе үйкеліс жұбының материалдарын қайта таңдауға тура келеді.
4.Істен шығу қарқындылығы және оны өмірде қалай қолданамыз
Жауабы: істен шығу қарқындығы λ дегеніміз, қарастырып отырған мезгілге дейін бұйым істен шықпаса, оның істен шығу ықтималдығын анықтайтын шарттық тағыздылық. Американың техникалық әдебиеттерінде бұл аймақтарды түсіндіру үшін, адам өліммен салыстырады; II-аймақ-тұрақты шетнеу; III-аймақ-кәрілердің өлуі.
5. Машинаның сапасын қалай анықтайды?
Жауабы:Сапа деңгейінің көрсеткіштері ретінде әр машина қасиеттерінің сандық сипаттамалары саналады. Оларды пайдалану жағдайларына қарай біліп, машинаның сапасын анықтайды.
6. Машинаны жобалағанда, жасағанда және пайдаланғанда қолданатын көрсеткіштер нені сипаттайды және қалай іске асырылады.
Машинаны жасауға, жобалауда және пайдалану мезгілдерінде қажетті сапа деңгейін сақтау үшін жүйелік бақылау мен мақсатқа байланысты әсер етіп оның іс істеу қабілетін сақтап отыру қажет.Жасалатын және пайдалануға берілген машиналардың сапасын бақылау мен басқару 15467-79 ГОСТ сәйкес өндірістің техникалық басқармасы, ғылыми-зерттеу институттары және жобалау-конструкторлық мекемелер жүргізеді.
7.Машиналардың өнімділігін қалай анықталады және қандай түрлерге бөлінеді Егер өнімнің техникалы-экономикалық сипаттамалары өзімізде және шет елдерде шығарылатын өнімдердің сипаттамаларынан артық болса немесе соған сәйкес болса, онда оны жоғары сапалы өнім деп бағалайды. Егер өнімнің техникалы-экономикалық көрсеткіштері ықпал ететін стандартқа және техникалық жағдайларға сәйкес болған да, он бірініші категорияға жатқызады.
Егер өнім сапасының техникалы-экономикалық көрсеткіштері ықпал ететін стандартпен, техникалық жағдайлардың талаптарына сай келмеген жағдайда, оны екінші категорияға жатқызып, ондай өнімді тізімнен шығаруға немесе жетілдіруге тағайындайды.
8.Техникалық қолдану және дайындық коэффициенті Дайындық коэфийиенті kг – деп объектінің кез-келген уақыт ішінде жұмыс қабілеттілігінде болуын айтады, егер объектінің қолдануы жобаланған мерзім ішінде тағайындалуы бойынша қарастырылмаса:
Kг= , (2.2)
мұнда t- уақыттың кез-келген моменті; tb – объектінің пайдаланбаған уақыты.
Техникалық қалдану коэффициенті k – деп пайдалану кезінде объектінің жұмыс қабілеті күйіндегі уақыт интервалының математикалық күтуінің жалпы пайдалану уақытының, техникалық күту мен жөндеу уақыттары ескергенде, математикалық күтулердің қосындысына қатнасын айтады:
Km.u= , (2.3)
Мұнда tc – іс істеу мерзімінің жинағы, сағ; tp, tm.o – жөндеу мен тезникалық күтуге жұмсалған уақыттардың қосындысы, сағ.
9.Техникалық жүйелердің сапасын қамтамассыз ету мәселелері.
Машинаның техникалық деңгейі сапа деңгейінің құраушы бөлігі болғандықтан, ол машинаның конструкторлық дамуы мен пайдаланудағы жүктелген міндетін сипаттайды.
10.Техникалық жүйелердің сапасы мен сенімділік мәселелерін шектейтін құжаттар.
11. Істен шығу ағыны.
12.Істен шығу жағдайлары және жіктелуі. Істен шығу (бұзылу) келесі түрде жіктеледі: кенеттен істен шығу; біртіндеп; параметрлік; кезектесіп істен шығу; функйионалдық істен шығу.
13.Функционалдық істен шығу Функционалдық істен шығу деп бұйым өзіне жүктелген міндетті атқармауы мысалы сынып, қирап істен шығу. Кейбір жағдайларда функционадық істен шығу объектінің техникалық жағдайы іске жарамжы күйінде де болуы мүмкін.
14. Кенеттен істен шығу. Кенеттен істен шығудың негізгі белгісі болып оның пайда болуы элементтің жұмыс істеу ұзақтығына тәуелді емес. Бірақ та пайдалану уақытының өсуіне қарай, мешинаның кенеттен істен шығу ұлғаятыны анықталған.
15. Біртіндеп істен шығу. Біртіндеп істен шығу мен тотығу тозуға байланысты. Пайдалану мерзімі өскен сайын тозу мен тотығу ұлғая түсетін болғандық, бұзылу ықтималдығы да өсе түседі.
16. Кезектесіп істен шығу. Кезектесетін бұзылу деп жұмысты атқару кезінде әлсін-әлсін бір ақаудың әсерінен істен шығуды айтады.
17. Істен шығуды анықтайтын блок-схема
18. Істен шығу қарқындылығының графигі
19. Сенімділіктің негізгі терминдері және олардың анықтамалары (сенімділік, “объект” және ақаусыздық (безотказность)). Сенімділік – деп белгіленген уақыт ішінде объектінің (заттың) шектік мәнінің барлық параметрлері сақталынып, өзіне жүктелген функцияны тағайындалған жағдайда пайдалану, техникалық күту, жөндеу, сақтау және тасымалдау ережелерін қолдана отырып іс тәртібін атқару қасиетін айтады.
Объект” деген термин бұл жерде жалпылама сөз ретінде қолданылады да, ол сөзді сөйлем мағынасына байланысты қабылдау керек, айталық машина ретінде немесе оның бөлшектері ретінде. Мысалы көпірлі кранды қарастырғанда, “объект” болып өзі саналса,ал жеке механизмдерді қарастырғанда, механизмдер объект болып саналады. Егерде сол механизмнің бір тетігі қарастырылатын болса, онда ол тетікте “объект” ретінде қарастырылады.
Ақаусыздық (безотказность) – деп объекті қасиетінің өзінің жұмыс істеу қасиетін белгіліенген уақыт ішінде немесе іс мерзімі ішінде үздіксіз сақтауды айтады. Іс мерзімі ретінде объектінің орындайтын жұмысының көлемі сағат өлшемімен, текшеметр және т.б. саналады. Бұл қасиет тежегіш құрылғының элементтерін, жүк көтеру механизмінің қарастырғанда өте маңызды болып есептелінеді, өйткені олардың істен шығуы апатқа әкеліп соғуы мүмкін.
20.Сенімділіктің негізгі терминдері және олардың анықтамалары (іске жарамды, жарамсыз күйіжәне жұмыс істеуге қабілетті күйі). Іске жарамды күйі – деп объекті күйінің нормативті-техникалық құжаттардың барлық талаптарына сай жағдайын айтады.
Іске жарамсыз күйі – деп объекті күйінің нормативті-техникалық құжаттарында қойылған талаптардың ең болмағанда біреуіне сай келмейтінін айтады. Ерекшкліктеріне қарай іскежарымсыздық тақтап қалуға әкеліп соқпайтын жағайда да қарастырады, мысалы, кабина шынысының сынуы немесе металконструкциясының қатаңдық жонының пісіру жігінің ашырауы және т.б.
Машинаның жұмыс істеу қабілетсіздігі деп ең болмаса оның бір параметрінің нормативті-техникалық құжаттардың тараптарына сай келмегендігін айтады.
Жұмыс істеуге қабілетті күйі – деп объекті жағдайының берілген функцияны орындауға әзір екенін сипаттайтын барлық параметрлер мәндерінің нормативті-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестігін айтады.
21. Сенімділіктің негізгі терминдері және олардың анықтамалары (шектік күйі, зақымдалу (бұзылу) және істен шығу). Шектік күйі– деп объекті жағдайының одан әрі оның қолдануы ретсіз, пайдасыз немесе оны қайта қалпына келтіріп іс қосу немесе жұмыс қабілетіне келтіру мүмкін емес жағдайын айтады.