Зертханалық жұмысты орындау тәртібі. 7.4.1 Уақыттың белгілі интервалында зерттелетін объекттің кірудегі және шығудағы айнымалылары тіркелген

7.4.1 Уақыттың белгілі интервалында зерттелетін объекттің кірудегі және шығудағы айнымалылары тіркелген. Осы өлшеулер нәтижелері негізінде автокорреляциялық және өзара корреляциялық функциялар есепетелген (нұсқалар кестесін қараңыз).

7.4.2 Өз вариантыңыз үшін (7.2) сызықты алгебралық теңдеулер жүйесін жазыңыз.

7.4.3 MatLab жүйенің бұйрық терезесін қолданып (7.2) жүйенің шешімін табыңыз (№6 зертханалық жұмыстың 6.4.6 тарауындағыдай).

7.4.4 Curve Fitting Tool пакеті көмегімен алынған дискретті мәндерді әр түрлі ретті ортогоналды полиномдарымен жуықтаңыз полиномами (жұп нұсқалар үшін Лагерр полиномдары қолданылады, тақ нұсқаларға - Лежандр полиномыдары).

7.4.5 Импульсті өтпелі функцияны тиімді аппроксимациялайтын полиниомды таңдаңыз.

7.4.6 Алынған импульсті өтпелі функцияны қолданып парметрлі емес моделді жазыңыз

Зертханалық жұмысты орындау тәртібі. 7.4.1 Уақыттың белгілі интервалында зерттелетін объекттің кірудегі және шығудағы айнымалылары тіркелген - student2.ru .

7.4.7 Модел теңдеуі бойынша блок-диаграмманы құрыңыз.

7.4.8 Модел кірісіне әртүрлі сигналдарды беріп, тәжірибелерді өткізіңіз; шығыс сигналдарын Scope терезесіне шығарыңыз.

7.5 Есеп беру құрамы

Зертханалық жұмыс бойынша есеп беру келесілерден тұрады:

-зертханалық жұмыстың мақсаты мен тапсырмасы;

- импульсты өтпелі функцияның дискретті мәндерін анықтауға негізделген алгебралық теңдеулер жүйесі;

- осы жүйенің шешімдер массиві;

- импульсты өтпелі функцияның дискретті мәндерін аппроксимациялауды орындаудың қадамдары;

-импульсты өтпелі функцияны аппроксимациялайтын өрнектері;

- тиімді аппроксимациялау полномын дәлелдеп таңдау;

- параметрлі емес моделдің блок-диаграммасы;

- моделдің шығу сигналының графигі.

7.6 Тапсырмалар нұсқалары

Нұсқа № t, мин
Rx(t) 0,37 0,16 0,05 0,02 0,01 0,005
Rxy(t) 0,1788 0,4729 0,3866 0,2565 0,1454 0,06 0,03
Rx(t) 0,47 0,2 0,1 0,05 0,01 0,005
Rxy(t) 0,2376 0,5128 0,1343 0,2848 0,155 0,003 0,003
Rx(t) 0,53 0,26 0,15 0,1 0,02 0,003
Rxy(t) 0.3049 0.5792 0.5575 0.4152 0.2176 0,002 0,002
Rx(t) 0,5 0,3 0,2 0,09 0,03 0,003
Rxy(t) 0.3978 0.7428 0.7030 0.5960 0.3200 0,001 0,001
Rx(t) 0,52 0,28 0,18 0,1 0,02 0,005
Rxy(t) 0.4872 0.9122 0.8998 0.7320 0.4088 0,002 0,002
Rx(t) 0,46 0,22 0,12 0,1 0,03 0,004
Rxy(t) 0.3825 0.8008 0.7846 0.6214 0.3794 0,001 0,002
Rx(t) 0,38 0,19 0,04 0,02 0,01 0,005
Rxy(t) 0.1735 0.4398 0.3637 0.2415 0.1026 0,003 0,002
Rx(t) 0,45 0,2 0,1 0,05 0,01 0,004
Rxy(t) 0.2531 0.5655 0.5020 0.3365 0.1445 0,003 0,002
Rx(t) 0,39 0,19 0,06 0,01 0,001 0,0001
Rxy(t) 0.2428 0.6008 0.5659 0.4181 0.1166 0,0005 0,003
Rx(t) 0,35 0,18 0,05 0,02 0,01 0,005
Rxy(t) 0.2495 0.6569 0.5835 0.3389 0.1058 0,002 0,003

7.7 Бақылау сұрақтары

7.7.1 Параметрлі емес идентификациялау деген не?

7.7.2 Импульсты өтпелі функцияның анықтамасы.

7.7.3 Автокорреляциялық және өзара корреляциялық функциялардың анықтамасын беріңіз.

7.7.4 Параметрлі емес идентификациялауда корреляциялық функциялар қандай мақсатымен қолданылады?

7.7.5 Винер-Хопф теңдеуі қандай объекттерді бейнелейді?

7.7.6 Винер-Хопф теңдеуі алгебралық теңдеулер жүйесіне қалай түрленеді?

7.7.7 Ортогоналды полиномның анықтамасын беріңіз.

7.7.8 Ортогоналды полиномдарды аппроксимациялауға қолданудың артықшылықтары?

7.7.9 Curve Fitting Tool пакетінің міндеті?

7.7.10 Функциялардың қайсысы жуықтаудың ең тиімдісі болды?

Дебиеттер тізімі

1. Ибраева Л.К., Хисаров Б.Д. Басқару объекттерді моделдеу және идентификациялау. Оқу құралы. – Алматы: АЭжБИ, 2009 - 207 б.

2. Ибраева Л.К. Басқару объекттерді моделдеу және идентификациялау. 050702 – Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша барлық оқу түрінің студенттеріне арналған дәрістер жинағы. – Алматы: АЭжБИ, 2009. – 84 б.

3. Ибраева Л.К., Хисаров Б.Д. Моделирование и идентификация объектов управления. Учебное пособие. – Алматы: АИЭС, 2009 – 209 с.

4. Ибраева Л.К. Моделирование и идентификация объектов управления. Конспект лекций для студентов всех форм обучения специальности 5В0702 – Автоматизация и управление. - Алматы:АИЭС, 2009 – 84 с.

5 Сыздыков Д.Ж. Идентификация в системах управления. – Алматы: Изд-во «Эверо», 2007.

6 MATLAB 6.5 SP1/7.06 Simulink 5/6 в математике и моделировании. – М7: СОЛОН-Пресс, 2005.

7. www.exponenta.ru

8. www.matlab.ru

2014 ж. жалпы жоспары, реті 110

Лида Куандыковна Ибраева

БАСҚАРУ ОБЪЕКТТЕРДІ МОДЕЛДЕУ
ЖӘНЕ ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАУ
5В070200 – Автоматтандыру және басқару мамандығының студенттері үшін
зертханалық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

Редакторы Б.С.Қасымжанова
Стандарттау бойынша маман Н.Қ.Молдабекова

__. __. __. басуға қол қойылды
Пішімі 60х84 1/ 16
Таралымы 100 дана.
№1 типографиялық қағаз
Көлемі 2,4 оқу-бас. ә.
Тапсырыс ___ Бағасы 1200 т .

«Алматы энергетика және байланыс университеті»
Коммерциялық емес акционерлік қоғамының
көшірмелі-көбейткіш бюросы
050013, Алматы, Байтұрсынұлы көшесі, 126

Наши рекомендации