Экономикалық теория және экономикалық саясат.
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» ШЖҚ РМК
СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Мамандығы: (5В130100)«Жалпы медицина»
Пәні: Экономикалық теория негіздері
Кафедра: Қазақстан тарихы және қоғамдық-гуманитарлық пәндер мен психология және педагогика кафедрасы
Курс1
№1 тақырыбы Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері.
Құрастырушылар:
аға оқытушы, э.ғ.м: Алпамысова Г.Қ.
аға оқытушы, т.ғ.м: Мусашева Д.Қ.
_______________________________
(қол қою үшін)
Ақтөбе қ., 2015 ж.
Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді:
Хаттама № _____
____ _________ 20___ ж.
Кафедра жетекшісі,
т.ғ.к., доцент _______________________ Сүлейменов Б.С.
Тақырып 1.Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері.
Мақсаты: Студенттер экономика түсінігінің көп мағыналығын игеруі қажет: біріншіден, «экономика» сөзімен өндірістік және өндірістік емес салалардың жиынтығын түсіндіру, яғни игіліктер мен қызметтердің өндірілуі, ол адамзат қоғамының өмір сүре алмайтындығы; екіншіден, «экономика» сөзімен ғылым саласының экономикалық қатынастардағы қызметтік немесе салалық аспектілерін қарастыра білу; үшіншіден, «экономика» сөзінің астарында шаруашылықты жүргізу ғылымы бар екендігін меңгеру қажет. Сонымен қатар, экономиканың ғылыми зерттеу әдістеріне және экономикалық теорияның қызметтеріне сипаттама беру. Микроэкономикалық теориялар мен мемлекеттің экономикалық саясатын, экономикалық заңдар мен категорияларды қарастыру.
Оқытудың міндеттері:Студенттер экономика ғылымының шығу тарихын, атқаратын қызметтерін, қолданатын әдістерін білулері керек. Өндірістік және өндірістік емес салалардың адам өмірі үшін маңызын, ғылым саласының экономикалық қатынастардағы қызметтік немесе салалық аспектілерін қарастыра білу қажет.
Экономикалық саясаттын мәнін, маңызын түсіну.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Экономикалық теория және экономикалық саясат.
2. Экономикалық заңдар мен категориялар.
Экономикалық теория және экономикалық саясат.
Бұл сұраққа жауап беру үшін экономика ғылымының шығу тарихына қысқаша шолу жасау керек. Ол үшін дәрісте қарастырылған материалдарды қолдануға болады. Одан кейін экономиканың әр түрлі деңгейде талданып,әр деңгейге сай шаруашылық іс-әрекеттерге әр түрлі деңгейде анализ жасалатынын айта кету керек. Микроэкономика, макроэкономика және интерэкономика деп бөліп қарастырып «экономика» ұғымын түсіндіреді.
Микроэкономика- экономикалық ғылымның бөлігі ретінде тұтынушылардың бөлек топтары,фирмалар мен ресурстардың меншік иелерінің экономикалық мінез-құлқын зерттейтін бөлігі ретінде анықталатынын айту керек.
Макроэкономика- экономикалық теорияның бөлігі ретінде-тұтастай алғанда, ұлттық экономикада болып жатқан үдерістерді зерттейтін ілім екені анықталады.
Ал интерэкономика – дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы мен даму заңдылықтарын сипаттайды.
Экономикалық теория шектеулі ресустар әлеміндегі адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру әдістерін зерттейді. Соған сәйкес келетін санаттарды анықтауға тоқталып өту керек.
Тұтынушылық-жеке индивид пен мәдениеттің дамуына сәйкес арнаулы түрге ие болатын, мойындалған қажеттілікпен бекітілген тұтынушылық тауар мен қызметке сұранысты көрсетеді. Экономикалық әдебиетте (Абрахам Маслоу) адамдардың қажеттілігі 5 деңгейге бөлінеді:
1) физиологиялық қажеттіліктер;
2)қауіпсіздік қажеттілігі;
3)қатынас тұтынушылығы, рухани жақындық;
4)қоғамдық танымдағы қажеттілік;
5)өзін көрсетудегі қажеттілік.
2. Экономикалық заңдар мен категориялар.
Қандай да ғылымның басты міндеті-табиғатта немесе қоғамда қолданылатын заңдарды адам мүддесіне қолдану үшін танып білу болып табылады. Экономикалық заңдар обьективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасына бағынбайды.
Экономикалық заңдарды төмендегідей заңдарға айырып қарауға болады:
Ерекше экономикалық заңдар-бұл белгілі бір шаруашылық түрлерінің нақты тарихи дамуының заңдары.
Айрықша экономикалық заңдар-бұл заңдар олардың іс-әрекет жасауына жағдайдың сақталуындағы тарихи дәуірге тән. Мысалы, құн заңы; қорлану заңы; ақша айналым заңы; сұраным мен ұсыным заңы және т.б.
Жалпы экономикалық заңдар-бұл заңдар барлық тарихи дәуірге тән. Мысалы:уақытты үнемдеу заңы, еңбектің үнем заңы, қоғамдық еңбек бөлінісінің заңы, қажеттіліктің жоғарылауы заңы, еңбек өнімділігінің үздіксіз өсу заңы, еңбекті ауыстыру заңы, халық өсуінің заңы, шекті пайдалылық заңы, табыстың төмендеу заңы, өндірістік қатынастардың өндіргіш күштерінің сипаты мен даму дәрежесіне сай келу заңы және т.б.
Экономикалық санат-қандай да бір пайда болудың мәнін сипаттайтын ғылыми түсінік. Бұл-экономикалық өмірдің жалпы мәнін көрсететін логикалық түсінік.
Кез-келген ғылым сияқты жалпы экономикалық теория бірқатар қызметтер атқарады: танып білу, методологиялық, сыншыл және практикалық Жалпы экономикалық теорияның ерекше мән беретіні – адам, оның қажеттілігі мен мүддесі, қоғамдық, табиғаттық, материалдық объектілері мен субъектілері.
Экономикалық теорияның пайдаланатын зерттеу әдістерінің ең маңыздысы – ғылыми абстракция әдісі болып табылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі. «Абстракция» термині жекеше тыс ойлау деген ұғымды білдіреді.
Экономикалық теория |
Пәні | Қызметі | Инструментарий (аспаптары,құралдары) | Таным әдістері |
-адамдардың экономикалық әрекеті -қоғамдық қайта өндірістің заңдылықтары -экономикалық өсудің факторлары | -танымдық -практикалық -идеологиялық -жоспарлы болжамдық | -категориялық аппарат -математикалық аппарат -кибернетика -реформалау | -позитивтік және нормативтік -сараптау және қорыту -индукция және дедукция -ғылыми абстракция |
Сабақ беру және оқыту әдістері: шағын топтар, пікірталас, сұрақ-жауап.
Меңгеруге қажетті терминдер:
Экономикалық категориялар,әлеуметтік-экономикалық қатынастар, экономикалық заңдар, өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну, меркантилизм, маржинализм, институционализм, конвергенция, диалектикалық әдіс, абстрактылы әдіс, анализ және синтез тәсілі, зерттеудің тарихи және логикалық әдістердің бірлігі,жалпы,айрықша және ерекше заңдар, экономикалық мүдделер.
Әдебиеттер:
Әубакиров Я.А. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 1998.
Әкімбеков С, Баймухаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Астана, 2002. 46 бет.
Жүнісов Б.А., Комягин И., Байжомартов Ү., Мәмбетов Ұ. Жалпы экономикалық теория. Алматы, 1994.
Осипова Г. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 2002.
Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. экономикалық теория. Оқу құралы. 1-бөлім. Алматы, Экономика. 2004. 6 бет.
Бақылау сұрақтары:
1. Жалпы экономикалық теория нені зерттейді?
2. Нарық жағдайындағы Қазақстанның экономикалық саясатын қалай түсінесіз?
3. Экономикалық заңдардың қандай түрлері бар?