Аржылық - экономикалық дағдарыс және оның Қазахстанның қаржылық және экономикалық жүйесіне әсері 5 страница

ABC-талдау кәсіпорында басқарушылық мәселелер, процестер, материалдар, жеткізушілер, өнім топтары, өткізу нарықтары, клиенттер категориялары аймағындағы басымдылықтары және шешуші мезетін анықтау үшін қолданылады[18,201б].

Қорлар қозғалысын бақылау жүйесінде қорлардың барлық түрі олардың шығындалу жиілігі, мөлшері және құнына, сондай-ақ олардың жетіспеушілігі жағдайындағы кері зардаптарына байланысты үш топқа бөлінеді:

А категориясы – тапсырыстың жалғаспалы циклі бар ең қымбат тұратын қорлар түрлері. Олар жетіспеушілік жағдайында күрделі қаржылық зардабын туғызатындығына байланысты тұрақты мониторингтің жүргізілуін талап етеді. Бұнда олардың қозғалысына күнделікті бақылау қажет.

В категориясы – ақырғы қаржылық нәтижелерді қалыптастыру мен үздіксіз операциялық процесті қамтамасыз етуде төменірек мәнге ие тауарлы-материалдық қорлар жатады. Бұл топтың қорлары айына бір рет бақыланады.

С категориясы – төмен бағалы барлық қалған тауарлы-материалдық қорлар. Олар ақырғы қаржылық нәтижелерді қалыптастыруда маңызды рөлге ие болмайды. Олардың қозғалысын бақылау бір тоқсанда бір рет жүргізіледі.

Банкроттылық туралы заңының негізгі түсініктері. Қазақстан Респупликасының Президенті 1997 жылы 21 қаңтарда дәрменсіз борышкерді ақтауға бағытталған арнаулы жөн-жосықтарды жүргізудің шарттары мен тәртібін айқындайтын, «Банкроттық туралы» Заң күші бар нормативтік-құқықтық актіге қол қойды.

Аталған заң Азаматтық кодекстің 44-бабына (2-бөлім) сәйкес қазыналық кәсіпорын мен мекемеде ақша қаражаты жетіспеген жағдайда олардың міндеттемелері бойынша тиісті мүлік иесі субсидиялық жауап беретін болғандықтан қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерден басқа заңды тұлғалардың банкроттығы туралы істерге қолданылады. Азаматтық кодекстің аталған ережесі осындай заңды тұлғаларға қатысты банкроттық жөн – жосықтарды қолданудың практикалық мәнін жоққа шығарады. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына қатысты (олардың ұйымдық – құқықтық түріне тәуелсіз) банкроттық жөн-жосықты қолдану ерекшеліктері арнайы заңдарда көзделуі керек.

Заң актілерінде банктерге, сақтандыру компанияларына, кейбір заңды тұлғалардың зейнеткерлік қорларына қатысты банкроттық жөн – жосықтың ерекшеліктері белгіленуі мүмкін. Заң, сондай-ақ Азаматтық кодекстің 21-бабымен және арнайы заңдармен реттелетін жеке кәсіпкерлерге қолданылмайды.

209Банкроттық туралы заңдағы сауықтыру рәсімі

Қазақстан Республикасының банкроттық туралы қолданыстағы заңнамасы, елдің экономикалық дамуы және бизнес сұранысы үшін қажет жағдайларға сәйкес емес, халықаралық стандарттар мен озық тәжірибенің дамуымен қатар жүрмейді.

«Банкроттық туралы» 1997 жылғы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) банкроттық рәсімдерді реттеу саласындағы үшінші заңнамалық акт болып табылады (бірінші Заң 1992 жылы, содан соң 1995 жылы қабылданды). Өткен кезеңде Заңға, дәрменсіздікті реттеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған көптеген (40тан аса) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, яғни ұлттық құқықтық база тұрақты болмады, бұл отандық жағдайлар ерекшеліктерін ескере отырып, өз тәжірибесін алуға мүмкіндік берді. Жаңа Заң жасау тұжырымдамасы банкроттық саласында алынған тәжірибені, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы шеңберінде алынған әлемдік тәжірибені ескере отырып әзірленді.

Осылайша банкроттық жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында, қолданыстағы заңнаманы барынша жүйелендіру, оны ескірген және қайталанатын нормалардан арылту, құқықтық реттеудегі кемшіліктерді толықтыру, қолданыстағы құқықтағы ішкі қарама- қайшылықтарды жою қажет. Оңалту және банкроттық рәсімдерімен борышкер немесе кейбір кредит берушілер тарапынан теріс пайдаланушылықты болдырмау мақсатында, борышкердің оңалту және банкроттық туралы іс бойынша қатысушыларға қажетті ақпаратты беру міндеті көзделетін болады. Мәселен, кредит беруші жеке атқарушылық іс жүргізудің орнына банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді пайдаланып, төлемге қабілетті борышкерді тарату туралы өтінішті қозғауы мүмкін. Өз кезегінде борышкер, кейбір жекелеген кредит берушілердің пайдасына және басқалардың нұқсанына сауықтыру рәсімін теріс пайдалануға талаптануы немесе барлық активтерді шығарғаннан кейін кәсіпорынды тарату туралы өтініш беруі мүмкін. Жаңа жүйе мұндай теріс пайдаланулардан қорғауды қамтамасыз етеді, өйткені ол қажетті ережелерді (ақпаратты беру міндеті туралы, сотта банкроттық туралы істі қарастыру сатысында қаржы-шаруашылық қызметті міндетті талдау жүргізу туралы және т.б.) көздейтін болады, бұл ретте мұндай ақпаратты беруден жалтарғаны үшін борышкердің лауазымды тұлғаларына қатысты жауапкершілік көзделетін болады. Жоғарыда аталған ережелерді «Оңалту және банкроттық туралы» Заңға енгізу банкроттық жүйесіне қоғам сенімінің төмендеуін болдырмауға мүмкіндік береді Бүгінгі күнде, Заңмен үш ықтимал рәсім көзделген: сырттай байқау рәсімі, оңалту рәсімі, конкурстық іс жүргізу (тарату) рәсімі.

ҚР бюджет жүйесі және бюқұрылым. Бюджет жүйесі дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлтық қорын кіріктірумен түсіндіріледі.Бюджет құрылысы – бұл бюджет жүйесін құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара байланысының ұйымдық нысандары.Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та –штаттардың, ГФР-да – жерлердің (ландтардың), Канадада – провинциялардың, Ресейде – федерация субъектілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер. Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан – федералдық емес, басқарудың Президенттік-парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет; республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады.Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі және осы мерзім ішінде қолданыста болады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердегі жергілікті органдардың бюджеттері туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылысымен республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау жүргізіледі.Қазақстан Республикасында талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттер, облыс бюджеті жасалады. Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады.Бюджеттік практикада «шоғырландырылған бюджет» ұғымы қолданылады.Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті,облыстардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Шоғырландырылған бюджет те мемлекеттік бюджет сияқты талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын бюджеттік түсімдерден құралған бюджет болып табылады.Облыс бюджеті–өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен,облыстық бюджетті,аудандар(облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерін біріктіретін ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры.Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін.Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез келген басқа мемлекеттер дегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады.

ҚР Бюджеттік кодексі және оның бюджеттік қатынастарды заңнамалық реттеудегі рөліБюджет процесінде республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады.Бюджет процесінде республикалық бюджеттің аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерімен және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің бір-бірімен өзара қатынастарына жол берілмейді.Әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған реттерде, облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің өтініштері бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен жалпы республикалық не халықаралық маңызы бар іс-шаралар өткізілген жағдайларда, бюджет процесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің басқа облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерімен өзара қатынастарына жол беріледі.Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктердің аражігінің айқын ажыратылуына, республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында түсімдер мен шығыстардың біркелкі бөлінуіне, сондай-ақ бюджетаралық трансферттерді айқындау әдістерінің біртұтастығына және ашықтығына негізделген.Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының, тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет процесіне араласуына жол берілмейді.Кодекстен басқа, Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерінде, есебінен шығыстар қаржыландырылуға тиіс және түсімдер есептелуге тиіс болатын бюджет деңгейін белгілеуге жол берілмейді.Тек Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде ғана шығыстарды немесе түсімдердің жекелеген түрлерін бюджеттің бір деңгейінен басқасына беру жүзеге асырылады.Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылу кезеңінде шығыстардың ұлғаюына және (немесе) кірістердің азаюына әкеп соғатын жоғары тұрған органдардың нормативтік құқықтық актілерді қабылдауынан туындайтын, темен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеу міндетті түрде жоғары тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргізіледі.Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне беруге байланысты шығыстардың ұлғаюына әкеп соғатын заңнамалық актілер қабылдануынан туындайтын шығындарын өтеу міндетті түрде төмен тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргізіледі.1.Бюджетаралық қатынастар:1) республикалық және облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің арасында: трансферттермен;бюджеттік кредиттермен;2)облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында: трансферттермен;бюджеттік кредиттермен; кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі.Бюджет деңгейлері арасындағы трансферттер жалпы сипаттағы трансферттерге, ағымдағы нысаналы трансферттерге, дамудың нысаналы трансферттеріне бөлінеді.Нысаналы трансферттерді және бюджеттік кредиттерді жергілікті атқарушы органдар тиісті бюджеттік бағдарламаларда айқындалған олардың тек қана нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланады.Нысаналы трансферттер мен кредиттердің нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары мемлекеттік қаржылық бақылау органының актісіне сәйкес осы трансферттер мен кредиттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бақылау актісіне қол қойылғаннан кейін бір ай ішінде қайтарылуға тиіс.Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінгендерін қоспағанда, қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесі қаржы жылында пайдаланылуы (түгел пайдаланылуы) мүмкін.Облыстың жергілікті атқарушы органының резервінен бөлінгендерін қоспағанда, облыстық бюджеттен бөлінген, қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасы облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша олардың нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесі қаржы жылында пайдаланылуы (түгел пайдаланылуы) мүмкін.Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша пайдалануға (түгел пайдалануға) рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомасы ағымдағы қаржы жылының соңына дейін, оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.Нысаналы даму трансферттерін пайдалану кезінде үнем жасалған жағдайда жергілікті атқарушы органдар үнемделген тиісті соманы жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен жергілікті инвестициялық жобаларды іске асыру жүргізілген бюджеттік бағдарламалар бойынша олардың нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға пайдалануға құқылы.

ҚР-дағы міндетті сақтандыру. Оның ерекшеліктері. Міндетті сақтандыру – заң негізінде сақтандыру қорлары ресурстарының құрылуы және пайдалануымен байланысты. Яғни, азаматтық, құқықтық байланыстарды білдіреді. Міндетті сақтандырудың инициаторы болып мемлекет табылады. Яғни, заңды және жеке тұлғалардың қоғамдық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында заң арқылы міндеттейді. 1997 жылы ҚР міндетті сақтандыру ауыл шаруашылық өндірісін жаңартуға қолданған. Негізінде міндетті сақтандыру, сақтандыру төлеміне тәуелсіз және белгіленген мерзімде ғана әрекет етеді. Міндетті түрде – заңдық актілердің талап ету күшіне сай жүзеге асырылатын сақтандыру. Азаматтың өмірін немесе денсаулығын ешқандай заңдық актілермен, келіс-сөздермен сақтандыруға күштеп мәжбүр етуге жол жоқ. Міндетті түрдегі сақтандыру ерікті түрдегі сияқты келісім негізінде жүзеге асырылады. Міндетті түрдегі сақтандыру келісімі сақтандырушымен сақтандырудың нақты осы түрін жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда ғана жасалады. ҚР міндетті сақтандыру ерекшеленіп отыр. Біздің еліміздегі «Сақтандыру қызметі туралы» заңға сәйкес міндетті сақтандырудың сыныптары айтылмайды. Бұл ретте әрбір түр сақтандырудың жеке тобы болып табылады. Сақтандырудың міндетті түріндегі әрбір сыныптың мазмұны және оны өткізу шарты жөніндегі қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттеуші заң актілерімен бекітіледі. Бүгінгі күнге дейін міндетті түрде сақтандырудың төмендегідей 5 қаулысы бар: автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі (АҚЖ) (1996 ж. 31-қазанынан); тасымалдаушының жолаушылар алдындағы АҚЖ-сы (1996 жылдың 14-қазанынан); ауыл шаруашылығы өндірісін міндетті түрде сақтандыру (1996 жылдың 10-желтоқсанынан, енгізілген өзгерістер мен қосымшалар 1997 жылдың 2-сәуірінен); жеке нотариустардың АҚЖ-сы (1998 жылдың 29-мамырынан); соттар мен олардың мүліктерін, медициналық қызмет пен санаторий-курорттық елдерді міндетті түрде мемлекеттік сақтандыру (1997 жылдың 19-наурызынан).

ҚР-ның бюджет жүйесінің даму кезеңдері. Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды тендестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетгі құрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс істейді:республикалық бюджет;облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті;ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін.1991 жылы Қазақстан Рсспубликасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды.

Қысқа мерзімді қаржыландырудың көздері. Тауарларға кредиторлық міндеттеме ол тауарлық несие. Ол қысқа мерзіді міндеттеме болып есептелінеді немесе жай тауарлық несие. Ол кәсіпорындардың жиі қолданатын қаржыланыру көзінің бірі. Бұл жедел қаржыланыдыру көзі болып есептелінеді.Қысқа мерзімді банк несиелері екінші ұысқа мерзімді қаржыланыдыру көзі болып табылады. Қысқа мерзімді банктік несиелер тауарлық несиеден кейінгі қысқа мерзімді қаржыландыру көзінің бірі. Несиелік келісімшарт жай вексель стяқты немесе несиелік келісім шарт негізінде рәсімделеді. Міндеттемеге қол қойылысынмен екі жақ келісімге келіп, кәсіпорынның балансындағы ақша қаражаттары бөлімі мен пассиві бірдеі соммаға өзгереді.

Қысқа мерзімді қаржылық жоспарлауды анықтау және түсінігі. Ақшалай қаражаттың айналымдылығы.Қысқа мерзімді сипаттағы қаржылық шешімдер жақын уақытта күтілетін ақша ағымдарын басқаруды қарастырады. Ақша ағымдарының пайда болуы айналым қаражаттары мен қысқа мерзімді пассивтерге қатысты мәмлелермен байланысты болғандықтан, мұндай шешімдер негізгі қорларды сатып алу, акциялар мен облигацияларды сату, дивидендтерді төлеу сияқты ұзақ мерзімді активтер мен міндеттермен түсіндірілетін ақша ағымдарын қарастырылуды қамтиды. Қысқа мерзімді қаржылық жоспарының негізгі міндеті – фирманың өтімділігін қамтамасыз ету және ұстап тұру. Өтімділік – фирманың келісімшарттарда қарастырылған ақшалай төлемдерін белгілі бір көлемде және мерзімінде жүргізу өтімді болып табылатын фирманың қызметкерлермен жабдықтаушылармен, инвесторлармен есептесуге, салықтарды төлеуге қаражат жеткілікті болады.Мұндағы, негізгі түсініктер: Айналым капиталы (ағымдағы активтер); Таза айналым капиталы (айналым қаражаттар - қысқамерзімді пассивтер); Ағымдағы өтімділік (айналым қаражаттар/қысқамерзімді пассивтер); Тез өтімді (айналым қаражат – ТМҚ/ қысқамерзімді пассивтер); өтімді активтер қамтамасыз етілу (неғұрлым өтімді айналым қаражат/болжанатын күнделікті ақша шығындары); абсолютты өтімді активтер қамтамасыз етілуі (ақша қаражат+өтімді бағалы қағаздар/ операциялық шығындар); Ақша қаражаттардың бюджеті; Өтімділікті талдау кезінде қысқа мерзімді пассивтердің 2 түрі қарастырылады: 1.Қысқа мерзімді кредиторлық қарыз; 2.Ағымдағы міндеттемелер.Ақша айналымдылығы тұжырымдамасы қысқамерзімді қаржылық жоспарлау мақсаты үшін маңызды. Мысалы, компьютерлік шығаратын компания 100 компьютер шығарады қажетті материалдарға тапсырыс береді. Ол материалдарды несиеге алып, кредиторлық қарызы көбейеді. Осы өндіріске сондай-ақ еңбек күші қажет. Компанияның шығарған компьютерлер несиеге сатылып, дебиторлық қарызы көбейеді. Осындай ақша қаражаттардың айналымдылығы дебиторлық қарыз сомасы алынғанда аяқталады. Осы кезде компания қарыздарын қайтарып, табыс алады. Осы цикл қайталануы мүмкін.Ақша қаражаттардың айналымдылық үлгісінде төмендегілер қолданылады:1) ТМҚ айналым кезеңі – шикізаттың дайын өнімге айналуына қажет және өткізіліміне қажетт уақыттың орташа ұзақтығы:Қорлардың айналу кезеңі=360/(өткізілген өнімнің өзіндік құны/қорлар)2) дебиторлық қарыздың айналыс кезеңі – дебиторлық қарыздың ақшаға айналу қажет күнінің орташа көлемі. Аржылық - экономикалық дағдарыс және оның Қазахстанның қаржылық және экономикалық жүйесіне әсері 5 страница - student2.ru дебиторлық қарыз/ (сатудан түскен түсім/360)Кредиторлық қарыздың айналымдылық кезеңі – материалдарды сатып алу мен жалақыны есептеу бойынша шығындардың орташа кезеңі.Ақша қаражатыының айналым кезеңі – жоғарыда аталған 3 кезеңді қамтиды, ол фирманың өндірістік ресурстарға шығындары мен өнімді сатудан табысты алу арасындағы уақыт аралығы.Ақша қаражатының айналымдылық кезеңі=қорлардың айналым кезеңі+дебиторлық айналымның кезең – кредиторлық айналымның кезеңіӘрбір фирма ақша қаражаттарыыыының анйалымын қысқартуы керек. Егер қысқартса, онда фирма қаржының сыртқы көздерін іздемейді, пайда жоғарылайды.Ақша қаражаттарының айналымдылық кезеңі келесілер арқылы қысқартылуы мүмкін:неғұрлым тез өндіріс және тез өткізу есебінен ТМҚ айналымның кезеңін қысқарту;есептесулерді жеделдету арқылы дебиторлық қарыздың айналыс кезеңін қысқарту;Кредиторлық қарыз кезеңін ұзарту.Осы цикл келесі формуламен есептелуі мүмкін:Ақша қаражатының айналым кезеңі = 360/(запас/өнімнің өзіндік құны)+(дебиторлық қарыз/сатудан түскен түсім)-(шикізатты төлеу бойынша кредиторлық қарыз+жалақы төлеу бойынша аударым)/ақшалай операциялар шығыны)

Наши рекомендации