Францияның этникалық құрылымы
2014 жылдың соныңда Франция халқының саңы 66 миллион адамды құрғаң, ал континентальды бөлігінде 64 миллион. Халық саны бойынша Франция әлемде 21-ші орынды алып тұр.
Францияда халық тығыздығы 1 шаршы километрге 117 адамды құрайды.
2011 жылы францияда иммигранттар саңы 5,5 миллион адамды құраған, ал дәлрек келетін болсақ INSEE-нің мәліметі бойынша 3,8 миллион Франциядан тыс жерде туылған шетелдіктер ал 2,8 миллион адам Франция азамттығын алған иммигранттар.
2004 жылы өткізілген сауалнаиа нәтижесі бойынша халықтың 64,3 % өздерін католиктарға жатқызады, 27% өздерін ешқандайда дінге жатқызбайды, 4,3% өздерін мұсылмандар қатарына жатқызады, 1,9% өздерің протестант ағымына жатқызады ал 0,6% өздерің иудейлер қатарына кіргізеді.
Францияның сыртқы істер министірлігінің есебі бойынша елде 5 миллионнан астам мұсылмандар бар.
Туылу көрсеткіші бойынша Франция еуропада алдыңғы орындардың біріне ие, бір әйелге 2,1 бала келеді.
Францияда туылымдардың 13% эммигранттар отбасына келеді ал 15% ерлі зайыптылардың біреуі эммигрант отбасыларына келеді.
Франция халқының жастық және жыныстық құрылымына келетің болсақ ол келесідей:
- 0 - 14 жасқа деиіңгі жеткіншектер халықтың 18,6% құрайды, оның ішінде 6 125 629 ердамдар және 5 838 925 әйел адамдар.
- 15 – 64 жасқа деиінгі орта жастылар халықтың 65% құрайды, оның ішінде 20 963 124 ерлер және 20 929 280 әйеладамдар.
- 65 жас және одан жоғары халықтың 16,4% құрайды, оның ішінде 4 403 248 ерлер және 6 155 767 әйелдер.
Халық динамикасы бойынша көрсеткіштер келесідей болып келеді:
- Туылым – 1000 адамға 12,73% келеді.
- Өлім – 1000 адамға 8,48% келеді.
- Халық санының өсуі 0,674% құрайды, яғни жылына дүниеге 346 000 нәресте келеді.
Статистика және экономикалық зерттеулердің ұлттық институтының көрсеткіші бойынша бүгінгі тенденцияларды сақтап қалғанда Франция аудандарының халық динмикасы келесідей болады:
- Халық континентальды Францияның онтүстік және батыс аудандарында көп шоғырланады.
- Кейбір солтүстік-шығыс аудандарының халық саны төмендейді.
- Франция аудандарының жартысында өлім саңы туылу саңынан озып кетеді.
- Халық саңы азайғандықтан иммиграция демографияның дамуына үлкен әсерің тигізеді.
- «Беби-Бум» кезенінің өкілдерінің қартайуы мен бүкіл жерде орта жас көрсеткіші өседі.
- Иль-де-Франс ауданына бұл қартайудың әсері ең аз тиетің болады.
Қала мен ауыл халқы жәйлі айтатың болсақ, қала деп халық саңы 1000 адамнан асатың елді мекендерді атайды. Халықтың 23% ауылды жерлерде тұрады, ал 77% қалада тұрады.
Халық саңы 1 миллионнан 3 миллионға баратың қалалар саңы бесеу болып келеді, олар: Париж – 2,2 миллион, Марсель – 1,6 миллион, Лион – 1,4 миллион, Лилль – 1,3 миллион, Тулуза – 1,1 миллион.
Сонымен қатар елдең тыс 1 326 087 адам тұрады, бұл көрсеткіш 2006 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өте төмен, яғни этникалық француздар өз отанына оралуда.
Франция халқының діни құрылымына келетің болсақ, елде халықтың басым бөлігі елде тарихи қалыптасқан христиан дінінің котолицизм ағымың ұстанады, бірақ қәзіргі таңда солтүстік Африкадан келген эммигранттар саңы көбейгеннен ислам дініде кең таралуда.
Халықтың 88% котолик, 8% мұсылман, 2% протестанттар және 1% иудейлер болып келеді. Financial Times баспасының сауалнама нәтижесі бойынша халықтың 32% өздерің агностиктерге жатқызады.
Сөздің шындығына келетің болсақ елде миграция үлкен мәселелердің бірі болып келеді, миграция ХХ ғасырда колониялдық саясатты ұстанған барлық елдердің мәселесі.
Франция Республикасының мигранттарға деген қарым қатынасы тұрақсыз, мигранттарға деген жақсы көзқарас кезендері оларға деген заңдарды қатайту кезендерімен алмакезек ауысып тұрды.
1940 жылыдың екінші жартысында шетелдіктерді жұмыс күші ретінде елге тарту шешімі қабылданды, соның нәтижесінде Ұлттық иммиграциялық басқармасы пайда болды.
Ұлттық иммиграциялық басқармаға иммиграциялық ағымды қадағалау және оларды жұмыскер ретінде жалдауға манаполиялық құқық берілді, сонымен қатар иммиграциялық басқарма жұмысшы иммигранттармен бірге олардың отбасыларында елге кіргізіп отырды және иммиграциялық басқарма жұмысшының кәсіби мамандылығың бағалап, азаматтық беру не бермеу шешімің қабылдап отырды [4].
Иммигранттарға деген жақсы карым қатынас 1975 жылдың 1 шілдесінде шыққан жарық бойынша қатан бақылауға алмасты, осы жарық бойынша елге иммигранттар ағымы тоқтатылды.
Кәмелеттік жасқа толғаннан кеиін иммигранттардың балалары қайтадаң елдеріне қайтарылып отырды, ал Франция билігі болса иммигранттармен жергілікті тұрғындар арасындағы некеге барынша тосқауыл қойып отырды, сонымен қатар занда политикалық пана беруде қарастырылған болатың.
Ал 1981 жылы иммигранттарға отбасымен жераударуға рұқсат беретің заң қабылданды және заңсыз иммииграцияға қарсы шаралар қабылданды. 1981 жылдың қазаныңда эммигранттарды жергілікті халықпен бірдей құқықтық статусқа қою үшін үш заң қабылданды.
Олар жұмыспен қамтамасыз ету, білім алу, мәдениет және үймен қамтамасыз ету мәселелеріне бағытталған.
1984 жылдың қазанында заңсыз жұмыспен қамтамасыздыандыруға қарсы шаралар қолданылды, соның нәтижесінде депортация күшіне енді, жұмысберуші мен жұмысшыларды қадағалау қатаңдатылды (әсіресе солтүстік африка елдерінен шыққан иммигранттар), сонымен қатар иммигранттардың отбасылары келуіне байланысты ережелер қабылданды (келуге рұқсат алу үшін иммигранттар өз отбасын қамтамасыз ететің табыс көзіне ие болу керек, қанағаттандырылатың тұрғың үйлеру болуы тиіс), иммигранттар отбасыларының ішінде қоғамға немесе адамдар денсаулығына қауіп төндіретіңдерді елге кіруге болмайды.
Орта ғасырларда Франция феодалды бөлшектенген кезінде халық өзінің мекендейтің аймағы бойынша бөлінген мысалы пикардылықтар және гаскондықтар.
Бірінші бөлімді қорытындылай келе, Францияның пайдалы қазабалары тез сарқылып және флорасымен фаунасы кедейленіп жатқанымен үкімет тарапынан бұл факторлерге тосқауыл қоюға барлық шаралар қолданылып жатыр. Ал Франция орналасуы елге басқаларымен салыстырғанда экономикалық басымшылық алып келеді.