АзТрансОйл» AҚ мекемесінің географиялық, админастиациялық жағдайы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «ҚазТрансОйл» AҚ мекемесінің жарақаттануды және өндірістік ауруларды талдау негізінде еңбек жағдайын жақсарту шараларын өңдеу
05073100 – Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Орындаған: Нұрбекова Қаракөз
Жетекші
техн.ғыл.канд., доцент
____________Ф.Қ.Батесова
«____»_________2016 ж.
Норма бақылаушы
инженер
____________
«____»_________2016 ж.
Алматы 2016
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты
Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «ҚазТрансОйл» AҚ мекемесінің жарақаттануды және өндірістік ауруларды талдау негізінде еңбек жағдайын жақсарту шараларын өңдеу
Курстық жұмыстың орындалуын бағалау
Жұмыстардың орындалу сапасы | Баға диапазоны | Алынған |
1 Орындалмады Сабақтарда себепсіз болмау | 0% | |
2 Білім алушының орындауы және белсенділігі | 0-50% | |
3 Жұмысты рәсімдеу | 0-20% | |
4 Анықтамаларды, техникалық әдебиеттерді, оқу- әдістемелік кешенді, дәрістерді пайдалану шеберлігі | 0-5% | |
5 Техникалық құралдарды пайдалану шеберлігі | 0-5% | |
6 Курстық жұмысты қорғау | 0-20% | |
Жалпы | 0-100% |
Білім алушы Т.А.Ә. Нұрбекова Қаракөз Мамандық шифры 5В073100 Оқытушы Т.А.Ә. Батесова Ф.Қ. |
Алматы 2016
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты
Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы
5В073100 – Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Курстық жұмысты орындауға
ТАПСЫРМА
Білім алушы Нұрбекова Қаракөз Нұрбекқызы_____________________________
Жоба (жұмыс) тақырыбы: «ҚазТрансОйл» AҚ мекемесінің жарақаттануды және өндірістік ауруларды талдау негізінде еңбек жағдайын жақсарту шараларын өңдеу_____________________
Аяқталған жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі «___» ___________2016ж
Есептік-түсініктемелік жазба мазмұны (қарастырылатын мәселелер тізімі): «ҚазТрансОйл» AҚ мекемесінің географиялық, админастиациялық жағдайы, Жарақаттануды және өндірістік ауруларды талдау негізінде еңбек жағдайын жақсарту шараларын өңдеу__________________________________________
Сызбалық материалдар тізімі (міндетті сызбалар дәл көрсетілуі тиіс)
Ұсынылатын негізгі әдебиет:
1. «Мұнай операцияларына байланысты жер үсті және теңіз өндірістік объектілерін салу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламент 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1335__________________________________
2. Мұнай операцияларына байланысты жерүсті және теңіз өндірістік объектілерін салу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті, 2008 жылғы 31 желтоқсан _______________________________
3. Қазақстан Республикасының « Магистральды құбыр туралы» Заңы, 2012 жыл____________________________________________________________
4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі, Астана, 2013 жыл_____________________________________________
Курстық жұмысты дайындау
ГРАФИГІ
Бөлімдер атауы, қарастырылатын мәселелер тізімі | Ғылыми жетекшіге көрсету мерзімдері | Ескерту |
«ҚазТрансОйл» AҚ мекемесінің географиялық, админастиациялық жағдайы | 30.09.2016 | Жоқ |
Жарақаттануды және өндірістік ауруларды талдау негізінде еңбек жағдайын жақсарту шараларын өңдеу | 02.11.2016 | Жоқ |
Кафедра меңгерушісі _______________________ Н.Б.Утепов
Жұмыс жетекшісі ____________________ Ф.Қ.Батесова
Тапсырманы орындауға алған білім алушы__________________ Қ.Н.Нұрбекова
Күні «____»_______________2016 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ | ||
«ҚазТрансОйл» AҚ мекемесінің географиялық, админастиациялық жағдайы | ||
Жарақаттануды және өндірістік ауруларды талдау негізінде еңбек жағдайын жақсарту шараларын өңдеу | ||
2.1 | Кәсіби аурулар мен өндірістік жарақаттануларға және олардың себептеріне талдау | |
2.2 | Еңбек жағдайын жақсарту шараларын өңдеу | |
ҚОРЫТЫНДЫ | ||
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
КІРІСПЕ
Техниканың, технологияның, өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды дамытудың заманауи деңгейіне тиісті еңбекті нормалау өндірістік қуатты оңтайлы пайдалану, еңбек әлеуеті мен еңбек өнімділігін өсіру резервтері сияқты әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде маңызды рөл атқарады.
Еңбек қорғаумен еңбек процесіндегі адамның жұмыс қабілетін және денсаулығын сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін емдеудің алдын-алу шаралары және гигиеналық, техникалық ұйымдық, социалды экономикалық шараларын, заңды акттердің жүйесі берілді.
Еңбек қорғаудың маңызды бөлігі қауіпсіздік нормаларының шарттары болып табылады. Нормативті құжат еңбек қорғау аумағында нормалау принциптерінен көрсетіледі. Еңбекті қорғау жұмысында еңбектік процесте қолданылатын техника және техникалық құралдар маңызды мағынаға ие. Қауіпті өндірістік факторларда жұмыс істеушілерге әсер ететін техникалық құрал және ұйымдық шаралар жүйесі техника қауіпсіздігі деп аталады. Кәсіптік ауруларды алдын-алатын техникалық құралдар зиянды факторлар әсерінен жұмысшыларды қорғайтын, техникалық орта және ұйымдық шаралар жүйесімен түсіндірілетін өндірістік санитарияның маңызды элементі болып табылады.
азТрансОйл» AҚ мекемесінің географиялық, админастиациялық жағдайы
Мұнай тасымалдау, мұнай және мұнай өнімдерінің экспорты мен импорты мәселелерінде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі №461 қаулысымен мемлекет жарғылық қорына 100 пайыз қатысатын «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы («ҚазТрансОйл» МТҰК» ЖАҚ) құрылды.
2001 жылы «ҚазТрансОйл» МТҰК» ЖАҚ («ҚазТрансОйл» ЖАҚболып қайта аталды) акцияларының мемлекеттік пакеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 мамырдағы №591 қаулысына сәйкес құрылған «Мұнай және Газ көлігі» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жарғылық қорына берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы №811 Жарлығымен «ҚазақОйл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» мен «Мұнай және Газ көлігі» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамдарының бірігу жолымен қайта құрылуы негізінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы құрылды, ол «ҚазТрансОйл» ЖАҚ-тың бірден-бір акционері болды. «ҚазТрансОйл» ЖАҚ 2004 жылғы 31 мамырда «ҚазТрансОйл» АҚ болып қайта аталды.
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың дамуы туралы. Өткен кезеңде ҚазТрансОйлдың негізгі күш-жігері Қазақстанның магистральды мұнай құбырлары жүйесін дамытуға және кіріктіруге, мұнай тасымалдау және ауыстырып құю жөніндегі жұмыс істеп тұрған қуаттардың сенімділігін арттыруға және жаңаларын салуға, қызметтердің бәсекеге қабілетін көтеруге, сондай-ақ өткізуші мемлекеттер аумағымен мұнай тасымалдауды қамтамасыз ету үшін қажетті шарттық негізді жасауға бағытталды.
Жүк айналымы 2000 жылғы 19,1 млрд. т. км-ден 2011 жылы 42,2 млрд. т. км-ге дейін өсті. Тасымалдау көлемі 2000 жылғы 27,8 млн.тоннадан 2011жылы 66,9 млн.тоннаға дейін көбейді.Жиынтық пайда 2000 жылғы 5,7 млрд. теңгеден 2011 жылы 25,9 млрд. теңгеге дейін молайды. «ҚазТрансОйл» магистральды мұнай құбырлары жүйесінің 1 000 км-ден астамы ауыстырылып, сұйыққойма паркі 60% жаңарды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы №1273 қаулысымен «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырының ұлттық операторы болып белгіленді.
Ұлттық оператордың қызметі Қазақстан Республикасында магистральды мұнай құбырлары жүйесін дамытуға және оларды тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.
1.1-кесте – Өндірістің негізгі мәліметтері
Негізгі мәліметтер | |||||
Мұнай тасымалдау көлемі*, мың тонна | 64 187 | 65 825 | 66 873 | 65 795 | 67 220 |
Мұнай жүк айналымы, км | 38 709 | 41 351 | 42 244 | 42 163 | 45 493 |
Су беру, мың текше. м. | 18 926 | 21 361 | 21 192 | 22 799 | 23 390 |
Қызметшілер саны, адам | 9 993 | 10 034 | 9 992 | 9 264 | 9 140 |
Ескерту – *Мұнай тасымалдау көлемі «Batumi Industrial Holdings Limited» компаниясының мұнай өнімдерін ауыстырып құю деректерін қамтиды. |
Қайта ұйымдастыру нәтижесінде «ҚазТрансОйл» АҚ «Batumi Terminals Limited» (Кипр) компаниясының 100% акцияларының иеленушісі болып табылады. Ол арқылы Грузиядағы өндірістік активтерді – «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ-на тікелей иелік ету және басқару жүзеге асырылады, сонымен қоса «Батуми теңіз кемежайы» ЖШҚ акцияларының 100% үлесін басқаруға арнайы құқығы бар.