Талайды тамсандырған түркия

Азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Экономика факультеті

Туризм» кафедрасы

Халықаралық тәжірибені өту бойынша

ЕСЕП БЕРУ

Орындаған:Аймуханова Т.Е.

Тур - 41 тобының студенті

Практика жетекшісі:Акишева Е.Қ.

Бағасы:_____________________________

Астана, 2012ж

Жоспар

Кіріспе

1. Талайды тамсандырған Түркия

1.1. «Intersport» қонақ үйі мен ерекше үлгідегі қонақ үйлер

1.2. Қала маңындағы қызыққа толы экскурсиялар

2. Келбетті сарайлар мен ескерткіштер әлеміне саяхат

2.1. Ерекше нышанға бай Стамбұл қаласы

2.2. Әйгілі Паммукале – «Мамық қала»

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Туризм – негізінен адамдардың өздерінің тұрақты жерінен демалу, емделу, сауығу, танымдық, тарихи-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында басқа елді мекенге, басқа жерлерге уақытша кетуі. Туризм – экономиканың басты саласы. Бүкіл әлем бойынша көптеген дамыған және дамушы мемлекеттер туризмнің дамуы үшін туристік рекреациялық көптеген мүмкіндіктерге ие болуда.

Халықаралық туризм – барлық мемлекеттер арасында маңызды рөл атқаратын күрделі құбылыс. Және де халықаралық туризмнің басты ерекшелігі болып ұлттық экономика мен әлем саудасына тигізетін әсері саналады. Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстары алмасудың әр түрлі формалары: банк салымдары, шетелдік салымдар, халықтың көшіп-қонуы, мәдениет аясындағы алмасу, сауда қызметін көрсету және т.б. арқылы іске асады. Дүние жүзілік сауданың дамуы әлем бойынша халықтың қозғалысының өсуіне әсер етеді. Бұл өз ретінде елдердің төлем балансына әсерін тигізетін шетелдік туризмді, яғни халықаралық туризмді одан әрі дамытады.

Қазіргі таңда халықаралық туризм дамуының жай-күйін қарайтын болсақ, өте жоғары деңгейде және даму үстінде. Ерекше атап айтар болсақ, АҚШ, Қытай, Франция Германия, Италия сияқты алпауыт елдер мен біз осы жылы халықаралық практикадан өтіп келген Түркия мемлекеті.

Біздің халықаралық практикамыздың басты мақсаты – түрiк жұрты үшiн пейiштiң төрi секiлдi, табиғатына сұлулықты аямай-ақ берген, көгiлдiр теңiздi көмкерген тау-тасының өзi ерекше әсемдiк беретін әйгілі Түркия мемлекеті мен мәдени-тарихи ескерткіштерін, туристік саланың даму перспективаларын бағалау, Анталия қаласы мен Кемер қаласы туралы, олардағы қонақ үй шаруалығының рөлі, сонымен бірге заңнамалық база, халықаралық ынтымақтастық, мемлекеттік жүйені реттеу сияқты туризмнің даму ерекшеліктерін жетік меңгеріп, алынған мағлұмат арқылы тәжірибе жинақтау.

Талайды тамсандырған Түркия

Түрік Республикасы (қысқаша атауы – Түркия) көп бөлігі Оңтүстік-Батыс Азияда, қалған бөлігі Оңтүстік Еуропада орналасқан туризмі жақсы дамыған мемлекеттердің бірі. Солтүстік бөлігін Қара теңіз, оңтүстігін Жерорта теңізі, ал батысында Эгей мен Мәрмәр теңізі шайып жатыр. Елдің астанасы – Анкара қаласы. Мемлекет шығысында Грузия, Армения, Әзербайжан, Иран елдерімен, оңтүстігінде Ирак, Сирия елдерімен, батысында Грекия, Болгария елдерімен шектеседі (сурет 1) [1].

талайды тамсандырған түркия - student2.ru

Сурет 1. Түркия мемлекеті

Түркияда туристік қызмет көрсету өте жақсы дамыған. Оның барлығы теңіздік курорттар мен әр түрлі көрікті жерлердің көп болуы себепті. Елдің туристер көп баратын маңызды туристік аймақтары төмендегідей:

· Стамбұл – ислам мен византиялық сәулет өнерінің ескерткіштері;

· Каппадокия – күрделі табиғи құрылымдар, жанартау құбылыстары мен қала-үңгірлер;

· Эгей теңізінің жағалауы – антика мәдениетінің ескерткіштері, ескі грек және римдік қалалар, руиналар;

· Жерорта теңізі жағалауы, Мерсин, Анталия – Түркияның оңтүстік бөлігіндегі теңіздік курорттар т.б [2].

Қазіргі таңда көптеген туристік фирмалар Анталия бағыты мен оның жанында орналасқан: Кемер, Алания т.б. қалаларына бағытталып жұмыс атқарады. Сонымен бірге Түркиядағы көптеген турфирмалар қонақ үй ішінде отырып-ақ турға тапсырыс қабылдап, кез келген талғам бойынша орналасуға мүмкіндік береді.

Анталия – түрiк жұрты үшiн пейiштiң төрi секiлдi. Табиғат оған сұлулықты аямай-ақ берген. Көгiлдiр теңiздi көмкерген тау-тасының өзi ерекше әсемдiк бередi. «Алланың нұрын көргiң келсе, тауды көр» демекшi, табиғаттың нұрын көруге, Анталияны аралап қарауға болады. Анталияның сұлулығы, тамаша табиғатымен түрік жұрты талайды тамсантуда (сурет 2).

талайды тамсандырған түркия - student2.ru

Сурет 2. Анталия қаласы

Жыл сайын мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған туристер келіп, демалып қайтады. Анталияға Кумлужада Олимпос жағалауынан қараған жұрт, оның Мұса тауының Жерорта теңізімен табысып жатқанын байқайды. Ежелгі мифологиялық аңыздарға сүйенсек, Олимпос тауы Құдайлардың мекені саналады.

Ежелгі дәуірде Олимпос аталған жерлер саны жиырмаға жеткен. Олимпос-Бейтаулары ұлттық қорығындағы 2374 метр биіктіктегі Тахталы тауының ежелгі дәуірдегі есімі де Олимпос аталған. Олимпос жағалауындағы Жерорта теңізімен табысып жатқан аймақта көне ғасырларға тиесілі байырғы дүниелердің орнын көптеп кездестіруге болады. Көне тарихты көзіңе әкелетін мұражайлар мен ұлттық қорықтар мұнда көптеп саналады. Анталияға келіп демалушылар мұндағы көк аспанмен тірескен қонақ үйлерде демалып қана қоймай, теңіз жағалауында серуендеп, байырғы тарихи дүниелердің орнын тамашалап қайтуына мүмкіндік бар [3].

Халықаралық аэропарты бар бүкіл әлемге танымал курортты мекен саналатын Анталияда бірнеше аквапарктер, көптеген қонақ үйлер, көңіл көтеру индустриясы айтарлықтай дамыған (сурет 3). Анталияның көз тартар сұлу келбеті Еуропа жұртшылығын тәнті етумен келеді. Анталияның келбетін ашатын ежелгі римдік, византиялық және османдық тарихи көне ғимараттар мен байырғы ескерткіштер де әлі күнге өзінің сұлулығын жоғалтпаған.

талайды тамсандырған түркия - student2.ru

Сурет 3. Анталия халықаралық әуежайы

Олимпос жағалауы – Түркияның ең сұлу, табиғаты тамаша жерлерінің бірі. Каретталардың мекені де осы жерде. Олимпос – Бейтаулары жағалау Ұлттық паркі, әсіресе қол тимеген табиғаттың ғажайыптары, көркем жағалаулар және тарих іздегендердің бас тартылмас мекендерінің бірі.

Тыныш құмдықтары, ежелгі қалалары бар, аңызға толы өткені бар Анталия қонақтарды осындай кереметтерімен де қарсы алады.
Бүгінде теңіз жағалай қоныс тепкен әр түрлі санаттағы қонақ үйлер де туризм ошағының көркіне көрік қосады. Қаладан қырық шақырым жерде тау шаңғысы орналасқан. Анталияға келген туристерді қаланың көзтартарлық ғажайып инфроқұрылымы да ерекше қызықтырады. Табиғаттың сұлулығымен астасып жатқан туризм қалашығы заманауи қонақ үйлерімен де ерекшеленеді [4].

Кемер қаласы Анталияның оңтүстік-батыс бөлігінде 42 шақырым жерде Тавр таулары етегінде орналасқан курортты қала. Қала халқының саны 20,1 мың адам, алайда жазғы маусым уақытында туристер мен маусымдық жұмысшылардың көптеп жиналуының арқасында бірнеше есеге ұлғайып отырады. Кемердің курортты аймақтарына Бельдиби, Гейнюк, Чамюва, Кириш, Текиров, Фаселис аудандары кіреді [1].

Кемерде тартымды демалыс үшін барлық жағдай жасалынған: саябақтар, кемежайлар, көптеген дүкендер, қаланың орталық бөлігінен теңізге қарай созылған өте әдемі Лиман көшесінің бойындағы мейрамханалар мен барлар, сонымен қатар алуан түрлі фестиваль мен карнавалдар, басқа да ойын-сауық шаралары. Әсіресе, туристерді кемер базары қатты қызықтырады.

Дүйсенбі сайын азық-түлік базары кең көлемде жеміс-жидек пен көкөніс, ірімшік, өрік, т.б. түрлерін ұсынады. Ал тоқыма базары әрбір сейсенбі сайын ашық алаңда өтеді. Базарлардағы сауда таңертеңнен кешке дейін жүргізіледі.

Қаланың жағалаудағы жерлерінде жоғары сапалы әрі қолайлы қонақ үйлер мен клуб-отельдер т.б. бой түзеген. Олардың әрқайсысының жанында хауыздар, әр түрлі ойын-сауық кешендері, жағажай орындары орналасқан.

Наши рекомендации