Халықаралық экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу.
Халықаралық экономикалық құқық ұғымы. Халықаралық экономикалық құқықты халықаралық құқытың субъектілері арасындағы экономикалық қатынастарды реттейтін қағидаттар мен нормалар жиынтығымен сипатталалатын саласы деп анықтауға болады.
Халықаралық экономикалық құқытың пәні – халықаралық құықтың субъектілері арасындағы екі жақты және көп жақты халықаралық экономикалық қатынастар. Экономикалық сауда қатынастарына, сондай-ақ өнер кәсіп, ғылыми- техника, көлік, байланыс, энергетика аясындағы комерциялық қатынастарды жатқызуға болады.
Бүгінгі ХЭҚ тұжырымдамаларының негізі болып табвылатын көптеген нормативтік актілерді дайындалуымен бекітілуіне ҚСРО мол үлес қосты. ҚСРО, сонымен қатар Женевадағы халықаралық мекемеге дейін қөрсетілген БҰҰ сауда және даму бойынша 1964 жылы конференция шақырушыларының бірі болды. (ЮНКТАД)
Халықаралық экономикалық құқықтық қайнар көздері ретінде халықаралық құқықтық қайнар көздері қабылданады.
Қайнар көздері халықаралық ұйымдардың шешімдері болып саналатын нұсқамалық нормалардың көптігі халықаралық экономикалық құқыққа тән сипат. Бұл нормалардың ерекшелігі-олар имперетивті емес. Олар нұсқау беріп қана қоймайды, әсіресе осы нұсқаулық нормалар болмаған кезде заңсыз болып саналатын әрекеттердің заңдылығын жариялайды. Мысалы, 1964 ж. БҰҰ сауда және даму туралы конференциясы кеіннен жалпыға танымал болған Женева қағидаттарын қабылдады. Олардың ішінде дамушы елдерге ең көп жеңілдік беру қағидатына сәйкес кедендік преференциялық жеңілдік жасауға нұсқама бар. Егер осы қағидаттар болмаса, бұл жеңілдіктер заңсыз болған болар еді.
Халықаралық шарттар. Халықаралық экономикалық құқық нормаларын дайындау тұрғысынан келсек, көпжақиы халықаралық шарттар жасау аса маңызды. Дәл осы көпжақты шарттар халықаралық құқықтың өзегін құрайды.
Әмбебап Халықаралық экономикалық шарттарға мысал ретінде, 1947 ж. Тарифтер мен сауда бойынша бас келісімді және ГААТ модификациясымен, сондай-ақ Бүкіләлемдік сауда ұйымының құрылуына байланысты 1994 ж. Маркештік келісімді, сонымен қатар кең таралған көпжақты шикізат тауарлары бойынша келісімдерді, халықаралық сауда құқығының бір ізге келтірілуі санаткерлік меншікті қорғау, көлік және байланыс бойынша конвенцияларды алуға болады.
Көпжақты келісімдердің маңыздылығына қарамастан, экономика аясындағы қызметтестіктің көп бөлігі екіжақты шарт негізінде жүзеге асырылады.
Екі жақты экономикалық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттардың ішінен бас, шекті, саяси сипаттағы шарттарды, әсіресе, достық, қауымдастық, өзара көмек туралы шарттардың негізгі міндеттемелерімен қатар, экономикалық қауымдастықты кеңейту бойынша, коммерциялық мәмілердің жасалуына жәрдемдесу бойынша міндеттемелер бекітілген.
Халықаралық экономикалық құқық нормалардың қалыптасуында халықаралық шарттардың кейбір түрлерінің маңызы зор.
Оларға сауда және теңізде жүзу туралы шарттар деп аталатын сауда шарттарын жатқызуға болады. Осы шарттардағы басты нәрсе- мемлекеттер мен олардың жеке және заңды тұлғаларының өзара қатынасындағы сауда –экономикалық режимінің бекітілуі. Бұл – ең қолайлы жағдай жасау режимі, ұлттық режим, екіжақты пайда режимі және т.б.
Клирингтік келісімдерде қарама –қарсы сауда, экономикалық операциялардағы түсімдер мен шығындар екі жақтың есебінен жүретіні көрсетіледі. Клирингтік келісімдер әдетте басқа валютаға еркін ауыспайтын валюта қолданнатын мемлекеттерде қолданылады және ол қолма –қол емес түрде есеп айырысу арқылы жүзеге асырылады.
Несиелік келісімдер бір мемлекеттің келесіге ақшалай, тауарлай немесе аралас нысанда қайтарымды негізде қарыз беруі сияқты таза күйде бола алады. Бірақ бүгінгі күні мақсатты немесе шартты несиелер кеңінен қолданысқа еніп жүр. Бұл несиелер несие беруші мемлекеттне белгілі бір тауарды саиып алу үшін беріледі, яғни шикізат, азық –түлік, индустриялық, сонымен бірге қару –жарақ т.б. бұл жердегі несиелер борышқор мемлекеттің несие несие беруші мемлекетке белгілі жеңілдіктерді жасауымен, бақылау құқығын беруі мен қиыстырылып кетеді.
Екі рет салық салуды болдырмау туралы және шетел инвестицияссын өзара қолдау және қорғау туралы конвенциялар. Бүгінгі таңда ҚР көптеген мемлекеттермен осындай шарттарды жасаған. Бұл шаттардың негізгі маңызы – екі жақтың тұлғаларына ең көп жеңілдік жасау режимін беру. Бұл режим мемлекеттердің кәсіпкерлеріне өз қызметтерін еркін жүргізуге және одан түскен пайданы кедергісіз алуына, сондай-ақ мемлекетке инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Себебі олардың құқықтары мемлекет ішіндегі шарттармен ғана емес, сонымен қатар екіжақты халықаралық шарттармен де қорғалады.
әрине, экономикалық қызметтестікті жүзеге асырудың жаңа амал-тәсілдері пайда болып, толассыз күрделеніп жатқандықтан, жоғарыдағы келтірілген екіжақты келісімдер түрінің тізімі осымен шекиелмейді.
Халықаралық ұйымдардың шешімдері (нұсқамалары, қаулылары). БҰҰ органдарымен (БА, ЮНКТАД, ЭКОСОС), сонымен қатар, БҰҰ-ның мамандырылған мекемелерімен (ВОИС, ЮНИДО) экономикалық қауымдастық мәселелері бойынша біршама нұсқамалар қабылданды. Бұл органдар мен мекемелердің шешімдердің міндетті заңды сипаты болмағанмен, нұсқамалық күші бар.
Мәселен, БҰҰ БА мемлекеттердің экономикалық құқықтырымен міндеттері Хартиясы; Жаңа Халықаралық экономикалық тәртіп туралы Декларациясы және Жаңа Халықаралық экономикалық тәртіпті орнықтыру бойынша әрекеттер бағдарламасы сияқты негізгі актілерді қабылдады. Бұл құжаттарда экономикалық қауымдастықтың алалмаушылық, екіжақты пайда қағидаттары жарияланған.
БҰҰ БА маңызды құжаттары болып “ Халықаралық экономикалық қатынастарда сенімді нығайту туралы” және “ халықаралық қауіпсіздікті туралы” қарарлары саналады.
Аймақтық экономикалық мекемелердің, оның ішінде Еуропалық одақтың қаулылары нұсқамалық сипатқа ғана емес, міндетті заңды күшке де ие.
Халықаралық экономикалық конференциялардың шешімдері. Бұл шешімдер, әсіресе негізгі конференциялардың қорытынды актілері түрінде толтырылғандары теорияда халықаралық көпжақты шарттардың ерекше бір түрі ретінде қарастырылады, сонымен қатар нұсқамалық және міндетті заңды күшке ие. Халықаралық конференциялардың Халықаралық экономикалық құқықтың қалыптасуында елеулі үлесі бар құжаттарының ішінде 1964 ж. сауда және даму бойынша БҰҰ Женева конференциясының қорытынды актісіндегі қағидаттары, 1975 ж. Еуропадағы қауіпсіздік және қауымдастық бойынша мәслихаттың қорытынды актісінің “ Экономика, ғылым және техника, қоршаған орта аясындағы қауымдастық” тарауы және 1990 ж. ЕҚҚМ шегіндегі кездесуде қабылданған Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясының “экономикалық қауымдастық ” тарауы аса маңызды болып саналады.
Халықаралық әдет –ғұрыптар. Халықаралық экономикалық құқық тарихында, жалпы халықаралық құқықта да маңызды қайнар көз рөлін әдет –ғұрыптар атқарады.
әйткенмен де, Халықаралық экономикалық экономикалық қатынастарды реттеуде әдет –ғұрыптың рөлі шектеулі дейтін көзқараспен де келіспей болмайды. Өйткені, мемлекеттер өзара қатынастарында ұстанатын қалыптарды сақтау әдет –ғұрып тұрғысынан келгенде шешілетін мәселе емес.
Ертеден орнығып қалғандай мемлекттің егемендігіне, мемлекеттің тәуелсіздігіне құрмет, халықаралық шарттарды міндетті түрде сақтау сияқты халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарын мемлекеттер күні бүгінге дейін екіжақты, сондай-ақ көпжақты шарттарында қайта бекітіп отыруға тырысады.
Халықаралық экономикалық құқық қағидаттары
Халықаралық экономикалық экономикалық қатынастарға халықаралық құқықтың көпшілік таныған тиісті қағидаттары қолданылатыны сөзсіз.
Халықаралық экономикалық қатынастарда көбінесе халықаралық жария құқықтың негізгі қағидаттарымен қатар, белгілі сауда –саяси режимді пайдалануды қамтамасыз ететін арнайы қағидаттарқолданылады.
Өзара түсіністік қағидаты. Бұл қағидат құқықтық ұғымында бір мемлекет келесі бір мемлекетке белгілі жағдайлар жасап, талаптар қойса, үшінші мемлекетке де нақ сол талаптарды қойып, жағадйларды жасауы тиістігін білдіреді. Яғни әрбір мемлекет серіктес мемлекеттің өзге мемлекетке жасаған жағдайы, яғни жеңілдігіі өзіне де жасалынуын талап етуге құқылы. Бұл құқық заңды негіздерде жасалып жатқан жеңілдіктерге таралмайды.
Ең қолайлы жағдай жасау қағидаты. Бұл қағидат мемлекеттің әріптес мемлекетке үшінші кез келген жасауы мүмкін жеңілдіктерін жасауға заңды міндеттілігі.
Ең қолайлы жағдай жасау режимінің қолданылатын аясы әдетте бір халықаралық шартта ең қолайлы жағдай жасау керектігі туралы нақты ескертпеде айтылады. Бұл ескертпе жалпы нысанда сауда қатынасының барлық аясына немесе жекелеген қатынас түрлеріне таралады; кедендік баждар, транзиттік, сандық, өзге де шектеулер мен тыйым саулар; көліктік режимге, жеке және заңды тұлғалардың салықтық , т.б. құқықтарына.
Дегенмен тараптардың келісімі бойынша ең қолайлы жағдай жасау режимінен ауытқуға жол беріледі: көршілес мемлекттерге ерекше жеңілдіктер, т.б. беріледі. Бұл режимнен ауытқу көбінесе преференциялдық кеден қатынастарында қолданылады.
Ұлттық режим. Бұл режим бойынша шетелдік жеке және заңды тұлғалардың құқықтары отандық жеке және заңды тұлғалардың құқықтарымен теңестіріледі. Ол көбінесе біржақты жасалады немесе кейбір сауда келісімдерінде көрсетіледі. әдетте, бүл сот өндірісін қоса алғанда, азаматтық құқықтық қабілеттілікке қатысты болады.
Екіжақты пайда қағидаты. Бұл қағидаты мемлекеттердің арасындағы екіжақты тиімсіз, қулықпен, жанама, тікелей мәжбүрлеумен жасалған қарым –қатынастарды болдырмауды көздейді, яғни табыс бөлу, міндеттемелер жүктеу әділетті түрде, салыстырмалы негізде болуы керек.
Преференциалдық режим. Бұл нақты бір мемлекеттер немесе мемлекеттер топтары арасында арасында әрекет ететін, кедендік баждарға қатысты жеңілдіктер. Мысалға, БҰҰ сауда және даму бойынша конференциясының нұсқамасы негізінде дамыған мемлекеттер дамушы мемлекеттерге қатысты, сондай –ақ дамушы мемлекеттердің өздерінің арасында қолданылатын преференциялар жүйесін алуға болады. Және жасалатын преференциялар ең қолайлы жағадай жасау қағидатын қолданбайтын мемлекеттерге таралмайды. ҚР преференциялары таралатын дамушы елдердің тізіміне 104 мемлекет кіреді. Олрдың қатарында: Албания, Алжир, Бразилия, Қытай, Түркия сияқты мемлекеттер бар.
Халықаралық экономикалық құқықтың субъектілері. Егер халықаралық экономикалық құқықтың субъектілері халықаралық жария құқықтың саласы деген ойды өрбітсек, онда ХЭҚ субьектілері нақ сол халықаралық құқық субьектілерінің өзі дегеніміз жөн болар еді. Осыған орай, сөз жоқ, мемлекет сыртқы экономикалық, азаматтық – құқықтық , коммерциялық қызметке тікелей араласуға құқылы. «Саудаласушы мемлекет» халықаралық құқықтың субьектісі бола отырып, мемлекеттің ұлттық құқығының да субьектісі бола алады, мысалы, шетелдік контрагентті мемлекеттің ішкі юрисдикциясымен бағындырып, онымен мәмілеге отыру.
Халықаралық функционалдық құқық субьектілікке меелекетаралық экономикалық және өзге де үйымдар өз құрылтай құжаттарының негізінде ие бола алады.
БҰҰ-ның дербес органы ретінде, 1964 ж. БҰҰ-ның сауда және даму бойынша конференциясы құрылды (ЮНКТАД). ЮНКТАД-тың негізгі мақсаты – халықаралық саудаға, соның ішінде, шикізат, өнерксіп тауарлары саудасына, сонымен қатар саудамен байланысты қаржыландыру аясында жәрдемдесу. Бұнда дамушы елдерге жасалатын сауда преференциялар мен өзге де жеңілдіктерге баса назар аударылады.
Халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ Комиссиясы (ЮНИСТРАЛ) – БҰҰ БА-ның көмекші органы. Ол 1966 ж. мына мақсатта құрылды: халықаралық конвенциялардың және өзге де құжаттардың жобаларын дайындау жолымен халықаралық сауда құқығының дамуына жәрдемдесу.
ЮНИСТРАЛ негізгі актілердің ішінде 1974 ж. Халықаралық тауарлардың сауда-саттығындағы талаптың ескіру мерзімі туралы Конвенцияеы және 1980 ж. оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Хаттамасын, 1974 ж. БҰҰ Халықаралық тауарларды сату-сатып алу шарттары туралы Конвенциясын дайындады.
Жекелеген шикізат тауарларының халықаралық саудасын реттеу үшін, импорттаушы және экспорттаушы (бидай, қант, кофе, какао, мақта және т.б.).не тек экспорттаушы мемлекеттердің (мұнай) қатысуымен көпжақты келісімдер жасалды және бірқатар халықаралық ұйымдар құрылды.
Экспорттаушы және импорттаушы мемлекеттердің қатысуымен құрылған ұйымдардың мақсаты - әлемдік бағаның күрт толқуын жеңілдету, экспорттаушы елдерге квоталар белгілеу арқылы сұраныс пен ұсыныстың реттелген қатынасын және импорттаушылардың тауарларды сатып алуы бойынша міндеттемесін бекіту, тауарлардың ең жоғарғы және ең төменгі құнын бекіту және “буферлік” қорларының жүйесін құру.
Экспорттаушы елдердің ұйымдарына айқын мысал ретінде мұнай экспорттаушы елдердің ұйымын алуға болады (ОПЕК). Бұл ұйым мұнайдың рұқсат етілетін құнын сәйкестендіру және осы мақсатта әр елге белгіленген квотамен мұнай өндіруді шектеу арқылы мұнай өндіруші елдердің мүддесін қорғау міндетіне ие.
1946 ж. НАТО шегінде АҚШ бастамасымен экпорттық бақылау бойынша үйлестіру комитеті құрылды (КОКОМ). Бұл комитет батыс елдерінің социалистік елдермен экспорттық саудасын шектеу бойынша орган ретінде жұмыс істейді. КОКОМ-ға НАТО-ның елдері ғана емес, сонымен қоса Жапония және Австралия мүше.
Мемлекетаралық өнеркәсіптік қауымдастық . Соңғы 10 жылдың ішінде саудаға сіңіріліп кететін халықаралық өнеркәсіптік қауымдастық қарқынды өсіп келеді. Халықаралық өнеркәсіптік қауымдастық астарында өндіріс саласындағы тікелей кооперациялық байланысты, бірлескен өнеркәсіптік қызметі, сонымен бірге өнеркәсіптік шегінде шетелдік инвестициясы, технологиялық көмегі түсініледі. Дамушы елдерге техникалық көмек көрсету және индустрияландыруға жәрдемдесу, сонымен қатар өнеркәсіптің дамуы саласындағы БҰҰ қызметін үйлестіру мақсатында1966 ж. БҰҰ өнеркәсіптік даму туралы ұйымы құрылды. 1985 ж. ол БҰҰ-ның мамандырылған мекемесіне айналды.
Валюта-қаржы шегіндегі мемелекетаралық қызметтестік. Екіжақты есептесуді, төлемді, нисиелендіруді, өзге де қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында валюталық-қаржылық шегіндегі қызметтестік халықаралық экономикалық байланыстың дамуы айрықша мәнге ие. Бұл (екіжақты есептесу т.б.) Ғылымға ХЭҚ саласы ретінде ерекше халықаралық валюталық-қаржылық құқықтың бөлінуі үшін негіз болды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы. 1991 ж. 8 желтоқсанда Беларусь, Ресей және Украина қол қойған ТМД құру туралы келісімде тараптардың бірлескен қызметін көбінесе жалпы экономикалық кеңестіктің қалыптасуына мен дамуына, кеден және көшіп-қону саясатына, көлік және байланыс жүйесінің дамуына бағыттау туралы айтылды. 1991 ж. 21 желтоқсандағы Алматы Декларациясының арқасында ТМД-ға Әзірбайжан, Армения, Қазақстан, Қырғыстан, Молдова, Тәкжікстан, Түркмен, Өзбекстан, кенірек – Грузия кірді. Қазір Грузия оның мүшесі емес. ТМД-ның ұйымдастырылуының жүргізілуі 1993 ж. 22 қаңтарда қабылданған Жарғыда айтылған. Жарғыда экономикалық әлеуметтік және құқықтық шегіндегі қызметтестік туралы арнайы тарау бар.1992-1994 жж. экономикалық қызметтестікке ТМД елдері арасында бірнеше көп жақты келісімдер арналды.
Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық 2000 ж. 10 қазанда Астанада Кедендік одаққа мүше мемлекеттер арасында Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық құру туралы шартқа қол қоюдың нәтижесінде құрылды. Бұл шартты барлық мүше мемлекеттердің заң шығарушы органдары бекітуі қажет. Бүгінгі танда бұл орган тек құрылуы сатысында. Оның жоғарғы органы-Мемлекетаралық Кеңес. Құзыретіне ықпалдасудың бағыттарын, болашағын, стратегия мәселелерін аңықтау жатады.
8 тақырып Дипломатиялық құқық