Азақстанда аудитті п/б

АХС 200 Қаржылық есептілік аудитін реттейтін принциптер.

ҚР Аудиторлық қызмет туралы Заңында мынадай анықтама берілген: «А. ҚР-ң заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады».

А.-бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілірдің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Аудит бақылаудың шығармашылық дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады.

Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты – белгіленген талаптарға сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық есеп берулердің жасалғаны немесе жасалмағаны туралы аудиторға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру.

А-ң объектісіне барлық шаруашылық қызметтері кіретін болса, онда мақсат – осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығынды барынша кемітудің ықтимал жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылығы мен еңбек өнімділігін арттыру, жұмыстың аса жоғары түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу.

Аудит мақсатының консалтингтік қызмет жүзеге асыру барысында клиенттің коммерциялық қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі.

Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде оның бақылаушылық және сараптамалық, талдамалық, кеңес берушілік және өндірістік функциялары бар.

Бақылаушылық және сараптамалық функциясы – қаржылық есепті тексеру мен бағалау.

Талдамалық функциясы – талдау, реттеу, болжау, үйлестіру, әр түрлі көрсеткіштерді есептеу, ұсынысты жасау.

Кеңес берушілік функциясы – есеп, менеджмент, салық салу, маркетинг, құқық, қаржы және тағы басқа сұрақтарға жауап беру.

Өндірістік функциясы – есептің қойылуы, персоналды оқыту, салық декларацияны және есеп берулерді жасау.

азақстанда аудитті п/б

Біздің елімізде аудит дамуы 1987жылы "Инаудит" акционерлік қоғамы пайда болуынан басталады. Ол КСРО Министрлер Кеңесінің арнайы қаулысына сай құрылған. Оның құрылуы елімізде аудитты ары қарай дамытуға зор ықпал етті.1989-1993 жылдары КСРО-дағы аудиторлық қызмет туралы заң актілерін қабылдауға ұмтылыс жасалды. Бүл кезеңде елде көптеген коммерциялық ұйымдар, оның ішінде аудиторлық фирмалар пайда болды. Соңғылары жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ретінде тіркелді. 1989 жылы ҚазССР-ының Қаржы министрлігінің бақылау-ревизиялық басқармасы жанында шаруашылық есептегі ревизиялық топ құрылды. Содан соң оның базасында 1990 жылы үкімет шешімімен алғашқы "Шаруашылық есептегі аудиторлық орталық" аудиторлық фирмасы мен оның аумақтық бөлімшелері ұйымдастырылды. Жинақғалган тәжірибе, тұрақгы түрде өскен аудиторлық қызмет көрсету, қандай да бір дәрежеде әлемдік аудиторлық практика ұсынымы 1992 жылы шаруашылық есептегі орталықты "Қазақстан-аудит" тәуелсіз акционерлік аудиторлық компаниясына айналдыруға мүмкіндік берді. Ол республикадағы аудиторлық қызмет көрсету жөніндегі, меншіктің жеке нысанына негізделген және аудитты үкімет атынан жүргізу құқығы бар лицензияға ие бірінші тәуелсіз кәсіби компания болып табылады.

Қазақстанда аудиттың қалыптасуы мен оның кең танымал болуына "Қазақстан-аудиттың" сіңірген еңбегі зор. Ол республикамызда аудиторлық қызмет туралы заң жобасын жасаудың негізгі дайыңдаушысы және оның министрліктерде, үкімет деңгейінде және парламент комитеттерінде талқылануында бас кеңесші, сонымен қатар Қазақстан аудиторлары Палатасы жарғысының жобасының авторы болды.

1990 жылдан бастап рынокта "Эрнест энд Янг Сыртқы аудит" БК пайда болды. Ол орналаскдн жері және иелігіне қарамастан олардың өтініштері бірлескен кәсіпорындарға аудиторлық тексерулер жүргізді. Бұл сол кезде "Үлкен алтылыққа" енген ірі континент аралық аудиторлық фирма еді.

Қазір Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсететін ірі халықаралық аудиторлық ұйымдар мен жергілікті аудиторлық фирмалар өз қызметтерін дамытуда. Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 05.04.2001 жылғы №173 "Аудиторлық ұйымдар мен кредиттік рейтингтік агенттіктер тізімін бекіту туралы" бұйрығымен жыл сайын ұйымдар аудитін жүргізу және кредиттік рейтингті ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 28-ақпанындағы №290 "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (үлттық компаниялар) қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес дәлелдеу мақсатында "ПрайсуотерхаусКуперс" ЖШС, "КПМГ Жанат" ЖШС, "ЭрнстЭндЯнг" ЖШС, "ВДО Қазақстан-аудит" ЖШС (соңғы аудиторлық фирма ҚР Қаржы министірінің 2004 жылғы 19-шілдедегі №294 бұйрығымен бекітілген) сияқты аудиторлық ұйымдар тізімі бекітілген.

Наши рекомендации