Тақырып. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: әлеуметтік-экономкалық негіздерінің жасалуы.

1. Ф.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы. Тап күресі мәселесі.

2. Қазақстандағы аграрлық реформалар (тәркілеу, ұжымдастыру, ортырықшыландыру): мақсаты, барысы, салдары.

Ф.Голощекин 1926-1927 жылдарындағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын «кіші Қазан» деп атады. 1925 жылы Қазақстанға келген соң, мұнда Қазан төңкерісі болмаған, сондықтан «Кіші Қазанмен» желпіп өту керек деген тұжырым жасады. Ф.Голощекин бастаған Қазақстан өкіметі мен үкіметі бұл әлеуметтік-саяси науқанды жерге жаппай орналастыру реформасына апаратын алғашқы баспалдақ ретінде қабылдады.

Қазақстанның егіншілік Халық Комиссариатына арнайы тапсырмалар берілді. Губерниялық, уездік және округтік атқару комитеттері жанынан ерекше жедел «бестіктер», ал облыстық атқару комитеттері жанынан ерекше жедел «үштіктер» ұйымдастырылды. Оның құрамын сол аймақтардағы атқару комитеттері мен ауылдық кеңестер бекітетін болды. Алайда, шабындық және егістік жерлерді бөлу шарасы ауылдан қолдау таба қойған жоқ. Шабындық және егістік жерлерді бөлуді өткізуде бірқатар қиыншылықтар кездесті:

Ÿ жерлерді есепке алу жүргізілмеді;

Ÿ байларыдың қарсылығына кездесті;

Ÿ Қосшы одағы белсенділік көрсетпеді;

Ÿ кедейлердің бай үшін кезекке тұрған жағдайдһлары да кездесті;

Ÿ жергілікті атқару комитеттері мен ауылдық кеңестер партия науқанына бірден белсенді кіріскен жоқ.

Шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу 1927 жылы кең көлемде жүргізіліп, байлардан көп жер, мысалы, бұрынғы Орал губернияснда – 84 605 дес., ал бұрынғы Жетісу губерниясында – 31 961 дес., бұрынғы Семей губерниясында – 17 365 дес., шабындық, егістік алқаптары тартып алынды, кедейлерге берілді. Қалыптасқан кемшіліктерге ерік берген Ф.Голошекиннің «Кіші Қазаны» - шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу сәтсіз аяқталды.

Қазақ ауылының дәстүрлі табиғатымен әлі толық таныса қоймаған Қазақстанның жаңа басшысы қазақ ауылының негізі шаруалар бұқарасын өз соңынан ертіп кетуі үшін терең әлеуметтік өзгерістер қажет екенін, ал, ол 1926-1927 жылдардағы шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу реформасы мұндай терең өзгерістерге барар жолдағы алғашқы қадам ғана екенін ұғына қоймады. Егер Ф.Голощекин айтқандай, 1926-1927 жылдарындағы шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу қазақ ауылында кеңес өкіметінің жеңісіп қамтамасыз еткен болса, онда 1928 жылғы ірі қазақ байларын тәркілеу де, 1929 жылдан басталған күштеп ұжымдастыру да қажет болмайтын еді.

Сонымен «Кіші Қазан» қалыптасып келе жатқан тоталитарлық мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық негізін жасады. Ф.Голощекин ауылды кеңестендіру жұмысының әлсіздігін жергілікті партия органдарынан емес, қазақ байынан және рулық қатынста көрінді. Ф.Голощекин өзінің ауылды кеңестендіру. яғни «Кіші Қазан» жасауға бағытталған төңкерістік бағытына бүкпесіз ашық қарсылық білдірген С.Сәдуақасовты ең басты қарсылысы ретінде таныды. «сәдуақасовшылдықты» Қазақстан партия ұйымы үшін аса қауіпті идеялық бағыт етіп көрсетті. кейінгі кезеңдерде олардың қатары көбейіп әр түрлі «шылдықтар» айыптау науқандарына ұласты.

Елдегі дүрлігудің алдын алу мақсатымен 1928 жылы 21 маусымда ҚазОАК «қазақстанның барлық еңбекшілеріне» үндеу жариялады. Онда тәркілеу туралы заң 1928 жылғы 1 сәуірден мыңдаған малы бар, Кеңес өкіметіне «анық жау» ірі бай қожалықтары дүниелерін тәркілеу және оларды жер аудару бағытында жасалып жатқандығы; алғашқы кезекте бұл бұрынғы хан, сұлтан тұқымдарынан шыққан ірі байларға қатысты жүргізілетіні атап көрсетілді.

Қазақ байларын тәркілеу Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру саясатының алғашқы баспалдағы іспетті болды. Байларды тәркілеуден материалдық жағынан да, рухани жағынан да қазақ кедейлері ешнәрсе ұтқан жоқ. Дәстүрлі мал шаруашылығының табиғи ортаға бейімделген түрі – ірі бай қожалықтарын күйрету – қазақстандағы мал шаруашылығының даму қарқынының тежелуіне, тауарлығының күрт төмендеуіне негіз жасады. 1927 жылы желтоқсанда өткен ВКП(б)-ның ХҮ съезі ұжымдастыру бағытын ұсынды. Партия шешімі бойынша өте қысқа мерзім ішінде, 1932 жылдың көктеміне дейін елдің ауыл шаруашылығы ұжымдасқан колхоздарға айналы тиіс болды. Ұжымдастыру барысында жергіліті халық ерекшеліктері ескерілмей, кұштеу әдістері қолданылды.

Қазақстандағы ұжымдастыру да 4 4 кезеңмен жүзеге асырылуы тиіс болды: 1) 1929 ж. мамыр – 1930ж. наурыз ұжымдастыруды жеделдете жүргізу; 2) 1930 ж. наурыз – 1932 ж. тамыз ұжымдасқан шаруашылықтарға әр түрлі тәжірбиелік шаралар жасауды аяқтау; 3) 1932 ж. қыркүйек – 1934 ж. қараша шаруалықта ТОЗ – ын пайдалану; 4) 1934 ж. желтоқсан – 1938 ж. желтоқсан ТОЗ-ын қайта құру, ауыл шрушылық артельдеріне айналдыру. Ұжымдастыру басталғанда халық алдына мынадай екі жауапты міндет қойыды: бірінші – ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, екінші – көшпелілерді отырықшыландыру. Өнім дайындау мөлшерін жоғарыдан бегіледі. Әр аймақтың өзіндік ерекшеліктері, қолда бар мүмкіндіктер ескерілмегендіктен өнім дайындау мөлшерін орындау қиын болды. Ауқаттының малын еріксіз алып болып, енді халықтың қолында күн көрісі үшін қалған малға, астыққа қол сала бастады. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасы» ұрандары тарады.

Отырықшыландыру екі жолмен жүргізілді:

Ÿ жүздеген шаруашылықты бір жерге шоғарландырып, малын өнім дайындау қорына өткізу;

Ÿ көп халықтың киіз үйлерін көше секілдендіріп тігіп, поселкелер құру, солардан колхоз жасау.

Мұндай әдіс Ресей секілді егіншілікпен айналысатын өңірлердің колхоздастыру түрі болатын. Өкінішке орай бір партиялық өктем саясат көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын өңірлерге де осы әдісті енгізбек болды. Қазақстандағы аграрлық реформалар негізінен әкімшілдік әдістермен жүргізілді. қазақ байларын тәркілеу – Коммунистік партия мен Кеңес өкіметінің дөрекі де қате саясатының бірі болды. Қазқ зиялыларынң, ауыл шаруашылығы мамандарының байлар қожалықтарын күшпен тәркілемей-ақ оларды салықпен және басқа да экономикалық әдістермен тежеп ұстау бағытын қабылдамады. ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және отырықшыландыру науқандарының зардаптары «ақтабан шұбырындыдан» асқан нәубет әкелді.

Негізгі әдебиет: [2, 5, 7].

Қосымша әдебиет: [20, 22, 24, 30, 31, 32].

Наши рекомендации