Тақырып. Қазақстандағы тоталитарлық жүйе: саяси негіздерінің орнықтырылуы.

1. Алашорда зиялыларының тағдары.

2. «Шахта ісі», «Өнеркәсіп партиясы ісі» және оның Қазақстанға әсері, әр түрлі «саяси ауытқушылыққа» айыптау науқандары: барысы, салдарлары.

3. Тоталитарлық жүйе жағдайындағы бір партиялық басқару.

Елдің болашағын ойлаған ұлт зиялылары қазақ мемлекеттігі мәселесіне ерекше мән берді. Әлихан Бөкейханов бастаған ұлт зиялылары Алаш автономиясын құрып, қазақ елі өз алдына отаутігіп отыруын мақсат етті.

«Заманына қарай амалы» демекші ұлт зиялылары заманның түріне қарап іс істеуге көшті. Ұлтына қызмет етуге ниет етті. 1917 жылы шілде айында өткен Бірінші Бүкілқазақтық құрылтайға қазақ зиялылары бауырлас түркі халықтарының зиялы қауым өкілдерін шақырыпы, түркі халықтарына ортақ мәселелер жөніндегі ортақ ойды ортаға салды.

1917 жылы желтоқсан айында екінші Бүкілқазақтық құрылтайда Алаш автономиясы, барлық саяси қозғалыстар мен партиялардың бүкілтүркістандық конгресінде Түркістан автономиясы құрылғаны жария етілді. Ғасыр басында Ресей мемлекетінің құрамында болған түркі халықтары, оның ішінде қазақ халқы да Қазан төңкерісін теңдекке қолымыз жетер деген бір үміт, бір күдікпен қарсы алғаны белгілі. Большевиктік отаршыл саясаттың бет пердесі ашылып, болмыс-бітімі айқындалған сайын, түркі халықтары өз аты жоғалмай тарихи тегі мен ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалу жолында ұмтылыс жасады. Қазақ зиялылары отаршылдықтың шығудың жолы – түркі халықтарының тұтастығында деп соның бірлігін тіледі. Алаш зиялылары түркі халықтарымен достық, татулықты сақтай отырып Еуропалық өркениеттен қол үзбеу жағында болғанын да баса айту керек.

Тәуелсіздік пен еркіндікке ұмтылған Алаш автономиясы мен Түркістан автономиясы мен Түркістан автономиясын большевиктер қарулы күш қолданып жойды. 1919 жылы қарашаның 4-де Түркістан майданының революциялық соғыс кеңесі Кеңес үкіметіне тікелей жанама түрде қарсы күресіп барлық қазақтарға тиісті шарттар орындалған жағдайда толық кешірім жасау туралы қаулы қабалдады.

Қазақ автономиясы мәселесін тңғыш көтеріп, оны өзі іске асырған Әлихан Бөкейханов «Найзаның ұшымен, айбалтаның күшімен, жүзімен болған үкіметке» қызмет етуден бас тартты. Осы оппозициялық қылығы үшін 1920-1922 жылдары оған «буржуазыиялық ұлтшыл» деген жала жабылып қуғындалды.

Тұтас бір халықты құртып жіберу үшін жасалған саясатқа қазақ зиялылары қарсы тұрды. Ресейдің КСРО деп аталған жаңа отаршыл мемлекетінің және В.Ленин бастаған жаңа коммунистік партиясының әкімшілік, идеологиялық езгісінде қалған түрік халықтарын орыстандыру саясаты мен халық ретінде жойылып кету қаупінен қорғау ісін ұлт коммунистері татар Мірсаид Сұлтанғалиев, өзбектер Ф.Ходжаев, Акмал Икрамов, қазақтар Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Сәдуақасов, Т.Рысқұлов, С.Қожанов сынды қайраткерлер өз қолдарына алуға күш салды. 1923 жылы 17-25 сәуір аралығында Мәскеу қаласында өткен РК(б)П он екінші съезінде ұлт саясаты туралы мәселеге баса назар аударылды.

1925 жылы 1-7 желтоқсан аралығында Қазақстанның бесінші Өлкелік партия конференциясы өтті. Осы конференцияда Ф.Голощекин орыс ұлтшылдығы мен жерглікті ұлтшылдық туралы және қазақ коммунистері арасындағы «жершілдік» туралы сөз сөйледі. Ф.Голощекиннің алғашқы күндерден бастап алға қойған мақсаты – ұлттық мүддені, елдің экономикалық ерекшелігін ескере отырып жұмыс жасауды ұсынған ұлт коммунистерінің белсенді бөлігін биліктен ығыстыру болса, екінші бір көздегені Алашорда құрамында болған қазақ оқығандарын партия басшылығындағы жауапты қызметтерден қуу болатын. Оның бұл ойын жүзеге асыруына қазақ зиялыларының бетке ұстарларын, Алаш қозғалысының құрамында болған белсенділерін «сенімсіз әлеуметтік саяси элементтер» ретінде сипаттап, оларды алдымен қоғамдық саяси жұмыстардан аластатып, одан соң тікелей қуғындаға 1925 жылдың 29 мамырында Қазақстан партия басшылығына жолданған И.Сталиннің «Ақжол» газеті туралы хат Алаш қозғалысына белсене қатысқан қазақ зиялыларын Кеңес үкіметімен ықтиярсыз болса да, бірлесе отырып, туған халқының мүддесі мен мақсаты, болашағы үшін қайткен күнде де қызмет ету мүмкіндігінен айырды.

20-30 жылдары Сталин мемлекеттік және партиялық органдарда өзінің жеке дара билігінорнықтыру үшін күрес жүргізді. Ол өзінің іс-әрекетін «ленинизмді қорғау», «партияның бірлігі», «фракциямен күрес» тәрізді ұрандармен бүркемелеп отырды, оның бұл әрекеті оған бұқара халықтың қолдауын қамтамасыз етті. 1928-1932 жылдары КСРО-да, оның ішінде Қазақстан да елді индустриаландыру мен ұжымдастыруда жіберілген қателіктер мен асыра сілтеулер экономикалық қиыншылықтар туғызды. Сталин экономика саласында жіберілген қателіктерден сабақ алудың орнына қайта кінәліні іздей бастады.

20 жылдардың соңы мен 30-жылдардың басында саяси сот процестері жүргізіле бастады. Солардың бірі – 1928 жылғы «Шахта ісі». Осы жылы Донбасстың Шахтинскауданында буржуазиялық бағыт ұстанған маман инженерлер мен техниктердің ірі «зиянкестік» ұйымы анықталды. Шахтинск «зиянкестері» бұрынғы орыс және шетел өнеркәсіп иелерімен, шетелдік әскери барлаушылармен байланыста болған деген жорамалдар жасалды. Оларды шахтада жарылыстар жасап, машина, желдеткіш тағы басқа мүліктерді бұзды және заводтарды, электростанцияларды өртемекші болды, техника қауіпсіздігін сақтамады деп айыптады.

1928 жылы жазда Мәскеу қаласында «Шахта ісіне» орай КСРО Жоғары Кеңесінің сот процесі өтті. Партияның Орталық Комитеті «шахта ісінен» сабақ алуға шақырды. «шахта ісі» ВКП(б) ОК-нің екі пленумында талқыланды. Сталин ескі бурзауазиялық мамандардың алдауы мен зиянкестік әрекеттерінен сақтануы үшін шаруашылық саласында жұмыс істейтін большевиктерді өнеркәсіп техникасы шеберлері болуға шақырды.Сталин «Шахта ісіне» ұқсас «қылмысты» әрекеттерді кеңестік шаруашылық аппараттырының бәрінен іздестіруді міндеттеді.

1930 жылы көктемде Украинада «Украинаны құтқрау одағы» («Союз вызволнения Украины») деген жалған ұйымға қатысты жаңа саяси процесс басталды. Олар бурзуазиялық-помещиктік Польшамен Украинаны КСРО-дан бөліп әкету туралы құпия одақ жасасты деп айыпталды.

1930 жылы қараша айының соңы мен желтоқсан айының басында Мәскеу қаласында жаңа саяси сот процесі басталды. Сот процесі «Өнеркәсіп партиясына» қатысты болды. Іс барысы мен өту ретін Сталиннің тапсырмасымен ГПУ және прокуратура органдары дайындады. Сот процесінің төрағасы сол баяғы А.В.Вышинский болды, мемлекеттік айыптаушы Н.К.Крыленко. Кейіннен өзі де сталиндік қуғын-сүргін құрбаны болды. Айыптау қорытындысында «Өнеркәсіп партиясы» басшылары өнеркәсіп және сауда министрі орынына бұрынғы ірі капиталист П.П.Рябушинскийдің отыруын қолдады, 1928 жылдың қазан айында П.П.Рябушинский мен Л.К.Рамзин кездесті деп жазылды.

Мәскеу процестері 1937 жылы Қазақстанда «халық жауларына» арналған сот процестерін ұйымдастыруға түрткі болды. Олар – Қарағандыда, Үржарда және Солтүстік Қазақстанның Преснов ауданында болған сот процестері еді. Бұл процестерідің соңы жаппай қуғын-сүргінге ұласты. Тоталитарлық жүйе қалыптасқан елдерде билік басындағы партия мемлекеттің негізгі ядросы болып табылады. Қалыптасқан келе жатқан тоталитарлық жүйе жеке тұлғалардың құқығы мен еріктілігін сақтауға талпыныс та жасаған жоқ. Жекелеген адамдар партияның мақсатқа жету жолындағы құралына айналды.

Мемлекеттің күштеу мен зорлық-зомбылықтарға бару себебінің бірі – орнығып келе жатқан қоғамдық-саяси жүйенің қажеттілігіне адамдардың көзін жеткізер дәлелдердің жеткіліксіздігінен болды.

Негізгі әдебиет: [2, 5, 7].

Қосымша әдебиет: [20, 22, 24, 30, 31, 32].

Наши рекомендации