Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесінің Қазақстандағы қайшылықты салдары.

Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесіндегі Хрущевтің реформасы және оның тиянақсыздығы. Ұлт мәселесіндегі шектеулердің күшейе түсуі. Одақтық билік пен Қазақстан үкіметі арасындағы қатынастардың күрделілігі. Теміртау оқиғасы. Реформаторлық бағыттағы шаралардың жартыкештігі. КСРО мен ҚазКСР арасындағы территориялық мәселелерді шешудегі қайшылықтар – Мәскеудің ұлттық мүддені ескермейтіндігінің айқын көрінісі.

Ауыл шаруашылығын әміршіл-әкімшіл әдістермен көтеруге бағытталған шаралар. Әкімшілік әдістерден экономикалық әдістерге көшуге талпыныс. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, табыстары, экологиялық және демографиялық зардаптары. МТС-ті қайта құру ауылшаруашылығын техникалық жабдықтаудағы қиыншылықтарды жоюды іздестіру жолы. Колхоздарды ірілендіру және совхоз құрылысы. 1955, 1962 жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуы.

Экономиканы басқару саласындағы тиянақсыз реформалар. Салалық министрліктердің таратылып, совнархоздардың құрылуы. Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық сипатының тереңдей түсуі.

Кеңес Одағының ыдырауының саяси, әлеуметтік-экономикалық алғышарттары. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы.

X ғасырдың 80 жылдары соңы мен 90 жылдары басында орталыққа бағынбау әрекеттері өрши түсті. Бұл кезеңде одақтас республикалар өзінің тәуелсіздігін жариялай бастады. 1990-1991 жылдары басты мәселе жаңа одақтас келісімшартқа қол қою болды. Келісімшарт жобасы жарияланды.

1991 жылы 17 наурызда КСРО-ның өмір сүру мәселесі бойынша референдум өтті. Референдумға қатысушылардың басым көпшілігі КСРО сақталуы үшін дауыс берді. Референдумға Балтық бойы елдері, Молдова, Грузия, Армения қатыспады.

Ұлтаралық қайшылықтар өршіп, ашық жанжалдарға әкелді. (1989 жылы Сумгаитиде және 1990 жылы Бакуда армян елді мекенін талқандау, таулы Қарабақ мәселесі, Ош облысындағы қырғыздар мен өзбектердің қақтығысы, Грузия мен Оңтүстік Осетияның 1991 жылғы қарулы қақтығысы).

Ұлттық жанжалдар нәтижесінде 1991 жылы КСРО-да 1 млн-нан аса түрлі ұлттардан құралған босқындар болды.

КСРО-ның құлдырау қаупі төнді.

1991 жылдың көктемі мен жазында КСРО Президентінің Мәскеу түбіндегі Ново-Огарево резиденциясында республика басшыларының жиыны өтті. Ұзақ және қиын келіссөздер нәтижесінде 9+1 келісіміне қол жеткізілді. Орталықтың 9 республикасы (Латвия, Литва, Эстония, Грузия, Армения, Молдовадан басқа) одақтық келісімшартқа қол қоюға шешім қабылдады.

Келісім шартқа қол қою 1991 жылдың тамызында болады деп ұйғарылды.

1991 жылы 19 тамызда ерге таңнан бастап Кеңес Одағының радиостанциялары В.И.Янаев, Павлов, О.Д.Баклановтың қол қойған мәлімдемесін жариялады. Мұнда М.С.Горбачевтың денсаулығына байланысты КСРО Президенті міндетін атқара алмайтындығы айтылды (М.С.Горбачев Қырымдағы Фороста демалыста болатын, 1991 жылы 19тамыздаМәскеугеқайтуытиіс еді). 1991 жылы 18тамызда М.С. Горбачевке Форосқа мемлекеттік, партиялық құрылымдардың кейбір жоғары шенді тұлғалары келіп, Бүкіл КСРО аумағында төтенше жағдай енгізуге арналған санкцияны талап етті. Президент бұл талапты орындаудан бас тартады, сөйтіп КСРО Конституциясының 127 бабына сәйкес КСРО Президенті міндеттері Янаев Геннадий Ивановичке өтеді.

Елді басқару және төтенше жағдайлар тәртібін нәтижелі іске асыру үшін, КСРО-да Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет келесі құрамда құрылады:

1. Бакланов О.Д. - КСРО Қорғаныс Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары;

2. Крючков В. А. - КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы;

3. Павлов В.С. - КСРО Премьер-министрі;

4. Пуго Б.М. - КСРО Ішкі Істер министрі;

5. Стародубцев В.А. - КСРО Шаруалар Одағының төрағасы;

6. Тизяков А.И. - Мемлекеттік кәсіпорындар мен өнеркәсіп, құрылыс, көлік және байланыс нысандары ассоциациясының президенті.

7. Язов Д.А. - КСРО Қорғаныс министрі;

8. Янаев Г.И. - КСРО Президенті міндетін атқарушы.

1991 жылы 19 тамыз күні таңғы сағат 4-тен бастап 6 айға дейін КСРО аумағында төтенше жағдайлар енгізілді.

1991 жылы 20 тамызда ТЖМК-нің «Кеңес халқына жолдауы» манифесті жарияланды. Мұнда қайта құру тықырыққа тірелгені, Отандық бірлік туралы жалпы ұлттық референдум нәтижелері аяққа тапталғандығы, мыңдаған Кеңес адамдарының өмір қуанышын жоғалтқандығы айтылады. Жолдаудың екінші бөлімі ТЖМК уәдесінен құралады:

1. Жаңа одақ келісімшарты жобасын бүкілхалықтық талқылау;

2. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті орнына келтіру;

3. Жеке кәсіпкерлікке қолдау көрсету;

4. Азық-түлік және тұрғын үй мәселесін шешу.

Сол күні-ақ ТЖМК-ның №1 қаулысы жарияланды, мұнда КСРО заңдары мен Конституциясына қайшы келетін билік пен басқару органдарының заңдары мен шешімдерінің күші жоқ деп есептелуі, митингілер мен демонстрацияларға тыйым салу, бұқаралық ақпарат құралдарына бақылау орнату айтылды. Бағаны төмендетуге, тілек білдірушілерге 0,15 га жер беру, еңбекақыны көбейтуге уәде етілді.

Қазақстанда барлық республикалық газеттер мен радио және телевидение халыққа ТЖМК құжаттарын жеткізді. КСРО Мемтелерадиосы төрағасы Л.Кравченконың куәлік етуінше, Н.Ә.Назарбаев ТЖМК-ны қолдау және мойындау туралы арнайы бейне ролик дайындайды. Н.Ә.Назарбаевтың тележолдауы Мәскеуге жөнелтілгенімен, бірінші арнадан көрсетілмеді.

1991 жылы 19 тамызда Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде халықты ұстамдылық пен сабырлылыққа шақырды. Қазақстан аумағында төтенше жағдайдың енгізілмейтіндігі айтылды.

19 тамызда «Азат», «Азамат», «Алаш», «Единство», «Невада-Семей», КДПО сияқты демократиялық партиялар мен қозғалыстар өкілдері митинг ашып, үнқағаз шығарды. Болған оқиғаны мемлекеттік төңкеріс ретінде бағалап, қазақстандықтарды оған қатыспауға шақырды. Төңкерісті ұйымдастырушыларды сотқа беруді талап етеді.

Бүлік жеңіліске ұшыраған соң, Президент пен Қазақстан Парламенті бірнеше акциялар жүргізді.

1991 жылы 24 тамызда Н.Ә.Назарбаевтың КОКП ОК саяси бюросы атына өзінің оның құрамынан шығатындығы жөнінде мәлімдеді. Оның себебі КОКГТ ОК өз әрекеттері арқылы бүлік кезінде әлсіздігін корсетті деп түсіндірді.

Сол күні Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылдың 22 тамызындағы «Қазақ КСР прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер органдарында, мемлекеттік арбитраж, соттарда және кеденде саяси партиялардың ұйымдық құрылымдарының, басқа да қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық қоғамдық қозғалыстардың қызметінің тоқтатылуы туралы» Жарлығы жарияланды.

1991 жылы 25 тамызда Президенттің «Қазақ КСР аумағындағы КОКП мүлкі туралы Жарлығы шығып, соған сәйкес Қазақстан аумағындағы КПСС мүлкі мемлекет меншігі» деп жарияланды.

1991 жылы 28 тамызда Қазақстан Компартиясы ОК Пленумы болып, Н.Ә.Назарбаев өзін ҚазКП ОК бірінші хатшысы міндетінен босатты.

Пленум екі қаулы қабылдады:

1. Қаз КП ОК қызметінің тоқтатылуы туралы;

2. 1991 жылы қыркүйекте «КОКП пен елдегі саяси жағдайға байланысты Қазақстан компартиясы туралы» күн тәртібіндегі Қазақстан компартиясы XVIII (төтенше) съезін шақыру туралы.

1991 жылы 28 тамызда Н.Ә.Назарбаев «Семей ядролық полигонын жабу туралы» жарлыққа қол қойды.

1991 жылы 30 тамызда Президенттің 28 тамыздағы «Мемлекеттік билік және басқару орғандарында, саяси партиялар мен басқа да қоғамдық-саяси бірлестіктерде лауазымды қызмет атқаратындарды басшылық лауазымдарда қызмет атқаруына жон бермеу туралы» жарлығы жарияланды.

Сонымен қатар Н.Ә.Назарбаев келесі жарлықтар шығарды:

 «Қаз КСР қауіпсіздік кеңесін құру туралы»;

 «Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды Қаз КСР үкіметі қарамағына өтуі туралы»;

 «Қаз КСР алтын қоры мен алмас қорын құру туралы»;

 «Қаз КСР сыртқы экономикалық қызметінің өз бетінше қамтамасыз етілуі туралы».

1991 жылы қыркүйекте Мәскеуде КСРО халық депутаттарының V (Төтенше) съезі өтті. М.С.Горбачевтың ұсынысымен Н.Ә.Назарбаев КСРО Президенті және одақтас республика басшыларының мәлімдемесін жариялады. Мұндағы ұсыныстар:

 біріншіден, республикалар арасында тез арада экономикалық одақ құру;

 екіншіден, өтпелі кезең жағдайында КСРО жоғары билік органы ретінде мемлекеттік кеңес құру;

1991 жылы 5 қыркүйекте съезд өтпелі кезеңдегі билік туралы Конституциялық заң қабылдады, сөйтіп Мемлекеттік Кеңес алдында өзінің өкілеттілігін жойды. М.С.Горбачевтың бүл қадамы сәтті бола қоймады. Көпшілік республикалар оз өкілдерін мемлекеттік кеңеске жіберген жоқ.

КСРО жоғары лауазымды тұлғаларынан құралған Мемлекеттік Кеңес 1991 жылы 9 тамызда өз жұмысын бастады. Балтық бойы республикаларының тәуелсіздігі танылды. КСРО ресми түрде 12 республикаға дейін қысқарды.

Қазан айында 8 одақтас республика экономикалық қауымынан туралы келісімшартқа қол қойды, бірақ ол сақтала қоймады.

1991 жылы қарашада Ново-Огаревода 7 республика (Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан) жаңа мемлекетаралық құрылым - Егемен елдер одағын (ЕЕО) құру туралы ниетін мәлімдеді. «Жетілік» лидерлері 1991 жылдың соңына дейін жаңа одақтың келісімшартқа қол қою шешімін қабылдады. 1991 жылы 25 қарашада оның парафинделуі белгіленді.

Парафиндеу - өкілетті тұлғалардың аты-жөндерімен бүкіл келісімшартқа немесе оның жеке бөлімдеріне алдын-ала қол қою.

Мұның өзі бола қойған жоқ. М.С.Горбачев оз қолын қойды, жоба 7 республиканың парламентіне бекітуге жолданды.

Мұның бәрі сылтау еді. Негізінен барлығы 1991 жылы 1 желтоқсанда Украинаның тәуелсіздігі туралы референдумды күтті.

1991 жылы наурызда Украина халқы КСРО сақталуына дауыс берген болса, 1991 жылы желтоқсанда Украинаның толық тәуелсіздігі туралы дауыс берді. Сөйтіп, КСРО-ны сақтау туралы М.С.Горбачевтың үмітін үзді.

Орталықтың әлсіздігі мынаған алып келді, 1991 жылы 8 желтоқсанда Беловежье орманында, Брест түбінде Белорусь, Ресей және Украина басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге қол қойды. Бүл келісімде Кеңес Одағы халықаралық құқық субъекті ретінде өмір сүруін тоқтатты деп жарияланды.

1991 жылы 13 желтоқсанда Ашхабад кездесуінде Орта Азия мен Қазақстан республикалары лидерлері Беловежье келісімін, оның құқықтық аспектілерін талқылады. Жаңа достастық құруға қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Мұның өзі бұрынғы КСРО республикаларының Алматыда кездесуін ұйымдастыруына мүмкіндік берді.

1991 жылы 20 желтоқсанда Әзірбайжан, Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, РСФСР, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина және Өзбекстан басшылары ТМД құруға байланысты мәселелер талқылау үшін Алматыда жиналды. Грузия бақылаушы ретінде қатысты.

1991 жылы 21 желтоқсанда жергілікті уақытпен он бір сағат отыз минутта тәуелсіз мемлекеттер басшылары Қазақстан Президенті резиденциясында жиналды. М.С.Горбачев жиынға шақырылған жоқ. Сағат 15-ке қарай алдын-ала дайындалған құжаттарды талқылау аяқталды. Жергілікті уақытпен 17 сағатта Алматыда 11 республиканың басшылары жиынның қорытынды құжаттарынан қол қойды. Осы уақыттан бастап Кеңес Одағы өмір сүруін тоқтатып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы дүниеге келді, оған кірген республикалардың барлысы тең құқылы құрылтайшылар атанды.

Алматы кездесуінде қабылданған құжаттарға сәйкес:

 мемлекеттер достастығына енген республикалардың

 территориялық тұтастығы бекітілді;

 әскери - стратегиялық күштерді бірыңғай басқару және ядролық қаруға бірыңғай бақылау орнату сақталды;

 ТМД жоғары билік органдары «Мемлекет басшылары Кеңесі» мен «Үкімет басшылары Кеңесі» құрылды.

 Достастықтың ашық сипаты жарияланды.

Алматы кездесуіндегі маңызды келісімдердің бірі ядролық қаруға қатысты біріккен шаралар туралы келісім болды. Оған Белорусь, Қазақстан, Ресей және Украина, яғни ядролық қаруға ие республикалар қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша қатысушылар ядролық мәселелер саясатын бірге жүргізуі, барлық тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушылардың ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс болды.

1991 жылы 25 желтоқсанда М.С.Горбачев өзін Жоғары қолбасшы қызметінен босату туралы Жарлыққа қол қойып, КСРО Президенті қызметінен кететіндігін мәлімдеді.

1991 жылы 26 желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесі екі палатасының бірі Республикалар кеңесін жинап, КСРО өмір сүруінің тоқтатылуы туралы ресми Декларация қабылдады.

Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде КСРО-ның құлауын XX ғасырдың соңындағы ғаламдық қайғылы оқиға деп атап көрсетеді.

Н.Ә.Назарбаевтың пікірінше, КСРО құлауының іргелі себептері мынадай:

- экономикалық дамып бара жатқан технологияның артта қалуы, қоғамның артта қалуы;

- жарыса қарулану Кеңес Одағы құлауының бір себебі болды. Кеңес Одағының экономикалық кешен құрылымын өндіруші салалардың сұранысын қанағаттандыруға бағытталды. КСРО-да әскери негізде 9 министрлік жұмыс істеді, олар шексіз қамтамасыз етілді;

- ұлттық мәселе де елдің құлауына себеп болды. Ұлттық қатынастар басқаруға келмейтін жағдайға жетіп, ушықты.

Ел басшылары ұлт мәселесі жөнінде теориялық әлсіздік көрсетті. Жоғары биліктегілер ұлт мәселесімен айналысқысы келмеді.

Н.Ә.Назарбаев ұлттық қатынастар дағдарысының басты себептерінің бірі ретінде ел басшылығының теориялық әлсіздігін атап көрсетеді. Жоғарыдағылардың ешбірі мұнымен маңызды түрде айналысқысы келген жоқ.

Бүлік (путч) - шағын қастандық жасаушылар тобының жасаған мемлекеттік төңкерісі, осындай реттегі авантюристік әрекеті.

2. Республика егемендігін нығайту шарасы бойынша Республика Президентін бүкілхалықтық сайлау қажеттілігі туындады.

1991 жылы 16 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 1 желтоқсанда сайлау өткізуді қаулы етті. Бұл мемлекет басшысының тұңғыш рет бүкілхалықтық сайлауы еді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі кезектен тыс сессиясында «Президентті сайлау туралы» заң қабылданды. Бұл лауазымға Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылды. Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны Қазақстан халқына жақсы таныс еді. Ол 1940 жылы Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шымалған ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары. Мамандығы - инженер-металлург. Экономика ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1960 жылы Қарағанды облысы, Теміртау қаласында «Қазақметаллургқұрылыс» тресті құрылыс басқармасында жұмысшы болып бастады. Кейіннен шойыншы, диспетчер, газшы, Қарағанды металлургия комбинатының домна пешінің аға газшысы болып жұмыс істеді. 1969 жылы Теміртау қалалық партия комитетінің партиялық - көліктік бөліміне ауысты.

1969-1971 ж.ж. Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1971 жылы Теміртау қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. 1973-1977 жылдары - Қарағанды металлургия комбинатының партия комитетінде бірінші хатшы. 1977-1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы. 1979-1984 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК хатшысы. 1984 жылдан бастап Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді.

1989 жылдың маусымынан - Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы. 1990 жылы сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н.Ә.Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті етіп сайлады.

Хасен Қожахметов - «Желтоқсан» ұлттық-демократиялық партиясының торағасы 100.000 дауыс жинай алмағандықтан, кандидат ретінде тіркелмеді. Сондықтан Н.Ә.Назарбаевтың кандидатурасы өтті.

Сайлауға 8788726 адам, яғни сайлау құқығына ие адамдардың 88,23% қатысты. Н.Ә.Назарбаевқа 8681276 сайлаушы немесе сайлауға қатысқандардың 98,78% дауыс берді.

1991 жылы 10 желтоқсанда жергілікті уақытпен 15-00-де Алматыдағы Республика Сарайында Президенттің инаугурациясы өтті.

Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің антын қабылдады. Қазақ дәстүріне сай ол ұлттық киім киді, ақсақалдар бата беріп, игі тілектер тіледі.

Әкімшілік жүйеден босаған көпшілік республикалар «Кеңес» және «социалистік» анықтамалардан бас тартты. 1991 жылы 10 желтоқсанда республика Жоғары Кеңесінің сессиясы Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Қазақстан Республикасы деп өзгертілсін деген шешім қабылдады.

Идеологиялық тұрғыдағы бұрынғы атауы басқаша рең алды.

Сонымен бір уақытта бұрынғы тарихи атауларын қайтару мақсатында қалалар мен көшелердің атауы да өзгертілді. Ұзақ түсіндіру жұмыстарынан соң, оған халықтың көзі жеткізілді. 1989-1992 жылдары Гурьев қаласы - Атырау болып, Целиноград - Ақмола болып, Шевченко - Ақтау болып өзгертілді.

Республика картасынан «Коммунистік», «Социалистік», «Октябрь» атаулары жоғалды.

1991 жылы 12 желтоқсанда Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанда 1986 жылы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқандығы үшін жауапкершілікке тартылғандарды ақтау туралы» Жарлық шығарды. Желтоқсан оқиғаларына қатысқандығы үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғалар ақталды.

Бірақ, Жарлық қасақана қайшылық әрекеттер жасап сотталғандарға тиісті болмады. Республика Жоғары Кеңесіне Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының жоғарыда көрсетілген оқиғаларға байланысты әскери қызметкерлерді, құқық қорғау органдары қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен наградтау туралы Жарлығын қате қабылданған ретінде қайта қарау ұсынылды. Сонымен қатар КСРО Жоғарғы Кеңесіне осы оқиға бойынша наградаға ұсынылған барлық лауазымды тұлғаларды орден және медальдармен наградтау туралы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлықтарын жою туралы өтініш жасауға ұйғарылды.

1991 жылы 16 желтоқсанда Республика Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды.

1-бапта Қазақстан Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет болып жарияланды. Қазақстан территориясы біртұтас, бөлінбейтін деп көрсетілді.

Заңның 2-бабына сәйкес республиканың барлық ұлтының азаматтары қазақ ұлтының тарихи ортақ тағдырымен біріге отырып, біртұтас Қазақстан халқын құрайды, ол егемендік пен мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады. Мәжбүрлі түрде республика аумағын тастап кетіп, басқа.республикаларда өмір сүріп жатқан барлық қазақтар басқа мемлекеттердің азаматтылығымен қатар Қазақстан азаматтығын алуы танылды.

3-бап. Мемлекеттік билік органдарының құрылымын анықтады. Мемлекеттік билік келесі қағидалар мен бөліністерге орай заңды іске асырады:

1. заңнамалық;

2. атқарушылық;

3. соттық.

Қазақстан Республикасы мен оның атқарушы билігінің басшысы Президент болып жарияланды.

4-бап. Мемлекеттің экономикалық негіздерін анықтады. Заңда Қазақстан өз бетінше жеке экономикалық жүйеге ие болып, барлық меншік формаларының алуан түрлілігі және теңдігімен негізделеді делінген.

Жер мен оның табиғи байлықтары, суы, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігі болып жарияланды.

Қазақстан Республикасы халықаралық құқық субъекті болып табылады, ол сыртқы экономикалық қызмет мәселелерін оз бетінше шешеді. Арнайы бапта бүл заң Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын әзірлеуге негіз болады деп айтылған.

Осы күннен бастап, Қазақстан заңды тұрғыдан егемен мемлекет болып өмір сүре бастады.

1992 жылдың қаңтарының ортасына қарай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде әлемнің 30-дан астам мемлекеті таныды. Олардың қатарында АҚШ, Түркия, Қытай, Иран, Пәкістан, Швейцария, Канада елдері бар. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болды. Республика Ұйым Жарғысын сөзсіз орындау міндеттемесін қабылдады.

Қазақстан адам құқықтарының Жалпы Декларациясында бекітілген жеке адамның құқықтары мен бостандықтары басымдылығын тани отырып, әлемдік қауымдыққа лайықты түрде кіруге талпынатынын мәлімдеді.

3. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып, жан-жақты даму жағдайына ие болды.

Мемлекет экономикалық және саяси тұрғыдан өзінің ішкі және сыртқы саясатын өркениетті түрде өз бетінше дербес жүргізе алса ғана, тәуелсіздік мәртебесіне ие болады. Ол үшін Қазақстан қоғамының нақты даму тұжырымдамасы қажет. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» атты еңбегінде Тәуелсіз Қазақстанның негізгі даму бағытын мазмұндап берді. Мұнда Қазақстан үшін кез келген перспектива тән деп айтылған.

1992 жылы маусымда қалыптастырылған стратегиялық мақсаттар келесі тұрғыда болып келді:

Саясат саласында:

 жас тәуелсіз мемлекетті күшті президенттік республика етіп қалыптастыру бағытында дамыту;

 көппартиялы жүйе құру;

 басты саяси мақсат ретінде тұрақтылықты қамтамасыз ету;

 Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін қамтамасыз ететін жан-жақты және түрді нұсқалы әскери саяси, экономикалық Одақтарды бекіту;

 адамның демократиялық бостандықтары мен құқықтарын сақтай отырып, әлемдік қауымдастықтаҚазақстанның саяси беделін арттыру, әлемдік экономикада Қазақстанның жеке әрі лайықты орнын іздестіру;

 әлемдік шаруашылық байланысқа ену технологиясында Қазақстанның ұтымды геосаяси жағдайын пайдалану. Экономика саласында:

 әлеуметтік нарықтық экономиканы құру;

 адамның экономикалық өзін-өзі анықтауын іске асыру үшін, құқықтық және басқа да жағдайлар құру;

 Қазақстанның табиғи ресурстары негізінде әлемдік тауар рыногында өзіндік жеке орынды жеңіп алу;

 тұтынушы рыногын толтыру;

 Қазақстанды дамыту үшін, шетел инвестицияларын тарту және пайдалану. Әлеуметтік салада:

 барлық адамдардың игілік жағдайы қамтамасыз етілетін қоғам құру;

 әрбір қалаған адамға кәсіпкерлік бостандығын қамтамасыз ету;

 Қазақстанның этникалық өзіндік ерекшелігін дамыту және ұлттық-мәдени алуан түрлілігін сақтау;

 Экономиканың өсуі мен тұрақтануына, оның әлемдік шаруашылық байланыстарға интеграциялануына орай еңбек кірістерін, зейнетақыны және жәрдемақыны арттыру, заңсыз баюға жол бермеу.

Сөйтіп, Қазақстанның концептілік даму моделі ашық типтегі демократиялық, бейбітсүйгіш мемлекет құруды қарастырады:

а) күшті президенттік республика болып табылатын, адамның құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін, тұрақты азаматтық әлемді және ұлттық келісімді, сенімді қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, халықаралық қауымдастықта лайықты орын алатын мемлекет;

ә) түрлі меншік формалары бар және әлеуметтік жауапкершілікті кәсіпкерлікке, салауатты бәсекелестікке, шетелдік инвесторлардың саналы қатысуына ие, дамыған нарықтық экономикаға сүйенетін мемлекет.

б) өзінің қабілетін пайдалану мен жақсы өмір сүруі үшін барлығына тең жағдай жасайтын, әр халықтың ұлттық ерекшеліктерін сақтайтын, тұрақты даму ретінде ұлттық консенсус саясатын жүргізетін айқын бағыты бар мемлекет.

Қазақстанда либералдық немесе халықтық капитализм, жаңартылған социализм емес, жай ғана нарықтың экономикаға ие қалыпты демократиялық қоғам болады. Ол әрбір адамға өзін-өзі анықтауға, өзінің экономикалық, әлеуметтік, ұлттық және саяси мүдделерін іске асыруға мүмкіндіктер береді. Қоғамда заң және салауатты ой үстемдік құрады. Алғыр және еңбексүйгіш адамдар ауқатты азаматтарға айналды.

Осы міндеттердің шешімі табылуына үкіметтің бүкіл қызметі бағытталды.

Наши рекомендации