Заңсыз кәсіпкерліктің обьективтік және субьективтік белгілері

Қазақстан Республикасындағы алғашқы жылдардағы жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғауға бағытталған қылмыстық құқықыты қабыдауында айтарлықтай қиындықтарды туындатты. Алғашқы 1997 жылғы қабылданған ҚР Қылмыстық кодексі[72] алғаш рет барлық экономика саласындағы қылмыстарды 7-тарауға кіргізді. Бірақ бұл қылмыстық кодекс............Сілтеме табып ескі кодекс неге алынып тасталды, не үшін қала бермеді соған анықтау беріп кету керек.Жаңа кодекстің артықшылықтарын көрсететін сілтеме керек. Мысалыға : Президенттің жолдауы негізінде деген сияқты.

Қылмыстық құқық теориясында кез – келген қылмыстар обьективті және субьективтік белгілерден тұралы. Қылмыс құрамының обьективтік белгілері обьект және обьективтік жағының белгілерін сипаттайды.

Соның ішінде, қылмыстық құқықтың негізгі институттарының бірі болып табылатын, қазіргі таңға дейін түрлі пікірталастарға тақырып болып келе жатқан қылмыс обьектісінзерттеуге тоқталып өтуіміз тиісті. Осы арада професор Е.И. Қайыржанов өте мағыналы, әділетті ой қадырып кеткен: «Обьект мәселесі қазіргі таңға дейін толық зерттелмеген және ең күрделі мәселелердің бірі болып қала беруде»-, деп айтып кеткен[79,б. 88].

Қылмыстық құқықтың обьектісі ретінде қылмыстық құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар танылады[80-83]. А.Н. Трайниннің пайымдауы бойынша: «Кез келген қылмыстың обьектісі ол қоғамдық қатынастар екенін толыққанды жариялау керек»[84, б.124].

Л. Д. Гаухманның ойы бойынша «Қылмыстың обьектісі дегеніміз бағалырық және маңыздырақ қоғамдық қатынастар» [86, б. 53]. Н.И. Коржанскийдің ойы бойынша «маңыздырақ қатынастар деп – бұзылғаннан кейін мемлекетке немесе қоғамға елеулі зиян кетіретін қатынастар, ал бағалырақ қатынастар дегеніміз – әлеуметтік пайдалы қоғамдық қатынастар»-, деген[87, б.77].

Жоғарыдағы ойларға қарап отырып мына нәрсені түсінуге болады: Қылмыстық құқықтың обьектісі дегеніміз - ол мемлекет пен қоғам мүддесі үшін, сонымен қатар азаматтар үшін маңызды, конституциямен бекітілген, қорғалатын қоғамдық қатынастар болып табылады.

Қылмыстық құқықтың теорриясында дәстүрлі түрде обьектіні жалпы, тектік және тікелей деп бөледі. Бұл сияқты үшке бөліп қарастыру үрдісі ескі Қазақ ССР-нің 1959 жылғы кодексі қабылданғанда қалыптасса, кейіннен Қазақстан Республикасының 1997 ж. кодексінде де осы үрдіс сақталып қалды. Демек 2014 жылы қабылданған жаңа Қылмыстық кодекске де осы секілді обьектіні вертикаль бойынша бөліп қарастыру тәсілі тән.

Жалпы обьект ретінде қылмыстық заңмен қорғалатын барлық қоғамдық қатынастар табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 1-бабында заңмен қорғалатын жалпы обьектілерді көрсетеді.

Ал тектік обьектіде болса қылмыстық заңмен қорғалатын белгілі бір қоғамдық қатынастардың бір бөлігі ғана қарастырылады. Жалпы обьектіден айырмашылығы, тектік обьекті жалпылама , кең ауқымда қарастырмайды , белгілі бір саладағы қоғамдық қатынастарды қарастырады. Мысалыға 8-тараудағы «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар»,- дың тектік обектісі экономика саласындағы туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.

Ал Рессей Федерациясының Қылмыстық кодексінде болса обектілерді төртке бөліп қарастырады, олар: жалпы, тектік, түрлік және тікелей. А.П Гореловтың пайымдауы бойынша: «бір бөлікте жиылған қылмыстың құрамы РФ ҚК – де тектік деп аталады. Ал құрамы бір тарауда орналасқан қылмыстарды түрлік обьекті дейді »[96, б.80],- деп айтып кеткен. Көріп тұрғанымыздай Рессей Қымыстық құқығында бізге қарағанда біршама өзгешілікті байқауға болады.

Ал тікелей обьектіге келер болсақ отандық ғаымдардың көзқарастары бір жерден шығып тұр, олардың пайымдаулары бойынша заңсыз кәсіпкерліктің тікелей обьектісі заңды кәсіпкерлік қызметтпен айналысуға негіздеген қоғамдық қатынастар[77,б. 30; 103,б. 24].

Ал Рессейлік ғалымдар арасында әртүрлі ойлар қалыптасқандығы байқалады. Т.Д. Устинаның ойы бойынша жоғарыда аталған саланың обьектісі ретінде кәсіпкерлік қызметтің бақылайтын функционалыдық саласы бойынша қатысатын қоғамдық қатынастар болып табылады[104, с. 10]

Ал С.С. Нестеровтың ойы бойынша, жалған кәсіпкерліктің тікелей обьектісі мемлекеттік тіркелуге байланысты конституциялық құқығын жүзеге асыру саласындағы және арнайы рұқсат алу, заңды кәсіпкерлікпен айналысу секілді салада қалыптасатын қоғамдық қатынастарды қарастырады[99,б.48].

Ал О.Г. Карповичтің ойы бойынша , заңмен және басқа да нормативтік актілермен бектітілген, кәсіпкерлік қызметпен айналысу қызметінің тәртібін реттейтін қоғамдық қатынастар танылады делінген[98,б.59].

Жоғарыда аталған тұжырымдарды оқи отырып мынаны айтуға болады: заңсыз кәсіпкерліктің тікелей обьектісі кәсіпкерлік қызметпен айналысу тәртібі бекітілген заңмен бақыланатын қоғамдық қатынастар.

Келесі толық және жанжақты зерттеуді талап ететін қылмыс құрамының элементі қылмыстың обьективті жағы болып табылады. Қылмысты, қылмыс құрамының элеменнетрінің барлығын түсінуде қылмыстың обьективті жағының алатын орны ерекше.

Қылмыстың обьективті жағы қоғамға қауіпті қастандықтың сыртқы жағы болып табылады. Оны мынандай белгілер сипаттайды: қоғамға қауіпті іс – әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), қоғамға қауіпті зардап(қылмыстың нәтижесі), қоғамға қауіпті іс – әрекет пен қоғамға қауіпті зардап арасындағы себептік байланыс, қылмыс жасаған орын, уақыт, тәсіл жағдай, жасау құралы мен қаруы[1,б.94].

А.В. Наумовтың пайымдауы бойынша: «Қылмыстың обьективті жағы дегеніміз - қылмыстық жауаптылықтың өзіндік ерекше қалыпы, олсыз қылмыстың болуы мүмкін емес»-,деп қылмыстың обьективті жағына өзінше түсінік берген.

Отандық ғаымдарың арасынан осы тақырыпқа толығырақ және анығырақ мәліметті профессор И. И. Рогов пен професор С. М. Рахметов беріп кетті.

Олардың пайымдаулары бойынша: «Адаманың сыртқы мінез құлықын суреттейтін белгілердің жиынтығын қылмыстың обьективті жағы деп айтамыз. Бұл белгілерге тұлғаның қоғамға қауіпті әрекеттері(активті мінез-құлық)және әрекетсіздіктері жатады ( пассивті мінез- құлық). Сонымен қатар обьективті жақтың белгілеріне тұлғаның әрекетінен немесе әрекетсіздігінен туындайтын қоғамға қауіпті зардап пен солардың арасында туындайтын себепті байланыс та жатыды. Қосымша жоғарыдағы бегілермен бірге қылмыстың обьективті жағына орыны, уақыты, тәсілі, жағдайы, жасау құралы мен қаруы да жатады.»[2.б.17]

Менің түйген ойым осы И. И. Рогов пен С. М Рахметовтың ойларымен сәйкес келеді. Осы тақырыпқа толыққанды және жан – жақты анықтаманы осы кісілер көрсетіп кеткен.

Тақырыбыма сәйкес енділікте Қазақстан Республикасының Қымыстық кодексінің 214 – бабында көрсетілген Заңсыз кәсіпкерлікке тоқталып, осы қылмыстың обьективті жағының белгілерін көрсететін боламын. Осы Бапытың диспозициясы заңсыз кәсіпкерліктің обьективті жағының белгілері деп келесі әрекеттерді танылады:

1. Кәсіпкерлік қызметпен тіркеуден өтпей айналысу;

2. Лицензия алу міндетті болған жағдайларда арнайы лицензиясыз айналысу;

3. Рұқсаттар мен хабардамалар туралы заңнаманы бұзып жүзеге асырсу;

4. Кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу;

Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі міндетті түрде мемлекеттік тіркеудекн өтуі тиіс. Мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап азаматтың жеке кәсіпкер ретінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуына құқығы бар. Заңды тұғаларды тіркеу Қазақстан Ресубликасының Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңды тұлғаларды «мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар жарлығы негізінде жүзеге асырылады. Кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар 2006 жылғы 31 қаңтардағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы негізінде тіркеледі.

Заңды тұлға немесе жек тұлға жоғарыдағы негізде мемлекеттік тіркелгеннен кейін , сол тіркелгендігін растайтын құжат беріледі, кәсіпкерләкпен айналысатын тұлғада осы құжат болмаса , мемлекеттік тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан болып есептеледі[3, б. 367]

Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметпен арнайы рұқсатсыз(лицензиясыз) айналысатын болса, сол арнайы рұқсаттың бомауы да заңсыз кәсіпкерлік қылмыстың құрамы болып табылады. Кәсіпкерліктің лицензия алуды қажет ететін қызметпен айналысу құқығы сол лицензияны алған кезден бастап немесе онда көрсетілген мерзімде күшіне енеді, егер заңда, өзге де құқықтық актілерде басқадай көрсетілмеген болса, мерзімі біткеннен соң лицензия күшін жояды. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» негізінде лицензиялау қызметі жүзеге асырылады.

Лицензия ретінде құзырлы мемлекеттік орган тарапынан, белгілі бір қызмет түрімен, немесе белгілі бір саламен айналысу үшін азаматтарға немесе заңды тұлғаға берілетін рұқсат. Б. У. Сейтхожиннің пайымдауы бойынша кәсіпкердің лицензия алу міндетті болған қызметпен айналысу құқығы сол лицензияны алған сәттен басталып және сол жерде көрсетілген мерзім аяқталғаннан соң өз қызметін тоқтатады[78,б.31]. Бұдан түсінуге болатыны лицензия алғанға дейін немесе лицензия өз күшін жойғаннан кейін кәсіпкерлікпен айналысса ол заңсыз кәсіпкерлік болып есептеледі.

Бірақ бұл жерде Б. У. Сейтхожин мәселені тек біржақтама қарастырып отырғаны көрініп тұр. Лицензиясы болып тұрып та өзге қызметпен айналысуы мүмкін немесе лицензияны өзге адамға беру де заңсыз кәсіпкерлік екенін ұмытпауымыз шарт.

З. О. Ашитовтың жазған еңбектерінде «лицензияны қолдануға құқығы жоқ өзге адамға берсе, кәсіпкерлікпен лицензия мерзімі өтіп кеткеннен кейін айналысса немесе лицензия мерзімі күшіне енбей жатып айналысса, лицензияда көрсетілмеген кәсіпкерлі қызметпен айналысса онда бұл лицензиялау ережелерін бұза отырып кәсіпкерлікпен айналысу балып есептелінеді»-,делінген[4, б, 235]

Ал Рессей Федерациясы Қылмыстық құқығында бұл мәселеге сәл өзгешелеу көзқарас бар.

Профессор Л.Д. Гаухман , Профессор Л. М. Колодкин және профессор Максимовтың пайымдауларынша лицензиялау шарттарын бұза отырып кәсіпкерлекпен айналысуға мына негіздер жатады: кәсіпкерлікрен лицензияны рәсімдеу әлі аяқталмай жатып айналысса немесе лицензия мерзімі өтіп кеткенненен кейін айналысса, лицензия талаптарын бұза отырып айналысса және лицензияда көрсетілмеген өзге қызметпен айналысса делінген.[5, б. 472]

Ал А. Лобков кәіпкерлік қызметімен лицензиясыз айналысудың келесі түрлерін көрсеткен:

1. Лицензияны алуға арналған құжаттар уәкілетті органға жөнелтілген, бірақ лицензия әлі берілмеген.;

2. Субьект кәсіпкерлік қызметпен айналыспай жатып лицнезия алу керектігін білмеген немесе біле тұра амаған;

3. Лицензия құқық бұзушылық жүзеге асырылып алынса заңды күші болмайды.;

4. Лицензия заңды түрде алынған, бірақ лицензия мерзімі өтіп кетсе ;

5. Лицензия заңды түрде алынған , мерзімі де өтіп кетпеген , бірақ тәртіп сақталмаса ( лицензия шарттарын сақтамаған) , лицензияның күші тоқтатылған немесе жойылған болса (қатйтарылған) , онда мерзімі аяқталмай өзінің заңды күшін жояды; [110]

Жоғарыда аталған ойларды, тұжырымдарды оқи отырып түйгенім: Лицензиялау уәкілетті орган тарапынан жүзеге асырылады. Кәсіпкерлер өз қызметімен айналысқанда лицензиялау ережелерін бұза алмайды.

Кәсіпкерлік қызметтің обьективты жағының келесі белгісі – Кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу.

АЛЫП ТАСТАУ КЕРЕК.......

Кәсіпкерліктің тыйым салынған түрінің айнаысудың білгілі бір тәртібі жоқ.

................. егер тыйым салынған кісіпкерліктің түрімен айналысу фактісі анықталса онда жауапты адам ҚК нің лайықты бабы бойынша жауап беруі тиіс делінген. Ал егер қылмыстық кодексте арнайы бап болмаса ....РФ заңын қарау керек....................

Қылмыстық кодекстің 21- бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін тек қана жоғарыдағы әрекеттер және әрекетсіздіктердің болуы ғаны жеткілікті емес сонымен қатар сол әркететтерімен мемлекетке, азаматтарға ұйымдарға ірі мөлшерде зардап келтіруі шарт.

Наши рекомендации