Мемлекеттің қаржылық функцияларды орындауы

Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам да-муының таңдап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптас-қан дәстүрлерге, сыртқы факторларға байланысты экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдағы экономика-лық қызметі оның мына функцияларында көрінеді: 1) экономикалық дамудың қалыпты барысына мүмкіндік ту-ғызатын құқықтық базаны анықтау; 2) монополиялық қызметті шектеу және бәсекені қорғау; 3) табыстар мен байлықты қайта бөлу; 4) экономиканы тұрақтандыру; 5) ресурстарды қайта бөлу. Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде «қаржы» категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлықтай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің үшін­ші, төр­тін­ші және бе­сін­ші­ функцияларында көрінеді. Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылы экономикалық конъюнктураның ауытқулары туғызатын жұмыспен қамтылу және инфляция деңгейін бақылауды, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды кіріктіреді. Экономикалық ресурстарды қайта бөлу екі­ жағ­даят­та ры-ноктық жүйенің жетілмегендігінен барып туады: 1) бірқатар тауарларды өндірудің тепе-теңдік көлемінің олардың оңтайлы көлемінен ауытқуы; 2) ресурстарды бөлуден рыноктың бас тартуы немесе қоғам-дық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді ұлғайту мен өндіру үшін оларды жеткілікті бөлмеу. Мемлекет қаржысының экономикалық мазмұны бірыңғай емес: оның құрамында жеке оқшауланған буын­дар бөлінеді, олардың әрқайсысы өзгеше функцияларды орындайды. Мемлекеттің қаржысы республикалық және жергілікті деңгейлерде іс-әрекет етеді және мем­ле­кет­тік­ бюд­жет­ті,­бюд­жет­тен­ тыс­ қор­лар­ды, ­мем­ле­кет­тік­ кре­дит­ті,­ мем­ле­кет­тік жә­не­ му­ни­ци­пал­дық ­кә­сі­по­рын­дар ­мен ­ұйым­дар­дың ­қар­жы­ла­рын ­кіріктіреді. Аталған буындардың түрлі функциялық арналымының арқасында мемлекет экономикалық, әлеуметтік, саяси үдерістердің үлкен спектріне, салалық және аумақтық проблемаларды шешуге ықпал етеді. Экономикалық және әлеуметтік сфераға мемлекеттік басшылықтың деңгейіне қарай мемлекеттің қаржысы жал­пы ­мем­ле­кет­тік­ (рес­пуб­ли­ка­лық)­жә­не ­жер­гі­лік­ті­ (му­ни­ци­пал­дық)­қар­жы­лар болып бөлінеді.

. Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функциларын орындау үшін оны қажетті ақшалай ресурстармен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен байланысты.
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржылық ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін жасаумен, бөлумен және қайта бөлумен байланысты болатын ақшалай қатынастарды білдіреді. Мемлекет (өзінің билік пен басқару органдары арқылы), бір жағынан, және кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл сферадағы ақшалай қатынастардың субъектілері болып табылады.
Ішкі ұлттык өнімнің өсуімен салыстырғанда мемлекеттің шығыстары көлемінің өзыңқы қарқынмен өсуі мемлекеттін қаржыларына тән сипат болып табылады.
Мемлекет қаржысы үшін көп дәрежеде бөлгіштік тұжырымдаманың іс-әрекеті колайлы, сондықтан ол бөлгіштік және бақылау функцияларын орындайды. Сонымен бірге экономиканың мемлекеттік секторында нақтылы өндіріспен байланысты (мемлекеттік кәсіпорындар, ұлттық холдингтер мен компаниялар) қаржылық қатынастар әрекеті жағдайларында мемлекет каржысының ұдайыөндірістік функциясы іс-әрекет етеді. Жалпы кеңейтілген түсінікте бұл буын қоғамды құдайы өндіріске оның «адамның өсіп-өнуіне», оның материалдык,әлеуметтік, табиғи және моралдык игіліктеріне жәрдемдесу бөлігіне жұмыс істейді. Бұл мағынада қаржыда ұдайы өндірістік функцияның ғаламдық әрекеті және жарым-жартылай бөлгіштік туралы айтуға болады.
Алайда бөлгіштік функциядағы мемлекеттің қаржысын неғұрлым толық сипаттау үшін мемлекеттің реттеуші іс-қимылдарының қажеттігінен туындайтын құрамдас қосалқы функцияларды бөліп көрсеткен жөн бұл:
1) орналастыру;2) кайта бөлгіштік;3) тұрактандыру косалқы функциялары.
Орналастыру қосалқы функциясы қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер көрсету рыноктық жүйе арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін еместігінде, мемлекеттің оларды өндіру және халықты қамтамасыз ету үшін ресурстарды бөлуі және орналастыруы қажет екендігінде көрінеді. Мәселе шектеулі экономикалык ресурстарды «жекеше» және «қоғамдық» тауарлар арасында оңтайлы бөлуде және олардың құрылымы мен мөлшерін таңдауда болып отыр. Қоғамдық тауарлардың ресурстары көбінесе салықтардың есебінен қалыптасатындықтан, жекеше, рыноктық тауарларды өндірудің мүмкіндіктері шектелінеді, оңтайландыру проблемалары фискалдық саясат үшін қиын болып көрінуі мүмкін.
Түрлі фискалдық құралдар арасында қаііта бөлгііитік қосалқы функцыя көбінесе тікелей мыналар арқылы орындалады:
1) табысы төмен үй шаруашылығын қаражаттандыруды жоғары табыстарға үдемелі салық салумен үйлестіретін салықтық трансферттік тэсім арқылы;
2) баламалы түрде қайта бөлу жалдаушылардан төмен табыс болатын тұрғын үй сықылды коғамдық шаруашылықты қаржыландыру үшін пайдаланылатын прогрессивті салықтар арқылы орындалуы мүмкін;
3) ақырында, қайта бөлуге табысы төмен тұтынушылар пайдаланатын басқа тауарларды қаражаттандыруды көбінесе жоғары табысты тұтынушылар сатып алатын тауарларға салынатын салықтармен үйлестіру арқылы жету мүмкін.
Мемлекеттің каржысы бұл буынға имманенттік түрде тән ретінде бұрын баяндалған түсініктердегі бақылау функциясын орындайды (1.5 параграфты караңыз). Мемлекет қаржысының экономикалық мазмұны бірыңғай емес: оның құрамында жеке оқшауланған буындар бөлінеді, олардың әрқайсысы өзгеше фукцияларды орындайды.

Билет

Наши рекомендации