Аржылық ресурстар мен қорлар қаржылық қатынастардың объекті ретінде

Қаржы ғылымы қаржыны тек экономикалық категория, яғни айрықшалықты өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге мақсатты ақшалай қорлар түріндегі олардың материалдық іске асуын баса көрсетеді. Бұл қорлар қаржылық қатынастардың тұрақты иелері болып келеді. Олардың қалыптасу көздері және қорлардың өздері (бұл көздерді біріктіруші) ұлттық шаруашылықтың тиісті буындарының қаржылық ресурстары болып табылады. Демек, қаржылық ресурстар – бұл Аржылық ресурстар мен қорлар қаржылық қатынастардың объекті ретінде - student2.ru жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу және қайта бөлу үдерісінде жасалынатын экономикалық субъектілердің және мемлекеттің қаржылық әдістердің көмегімен құратын ақшалай қорланымдарымен ақшалай қорлары.

Қаржылық ресурстарда негізгі орынды құнның мына элементтері: таза табыс (пайда), қосылған құн салығы, ақциздер, кедендік төлемдер, әлеуметтік мұқтаждарға төленетін жарналар және амортизациялық аударымдар алады.

Қаржылық ресурстардың қаржылық қорлардан айырмашылығы бар. Қаржылық қор (қорланым, босалқы қор) – қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақшалай қаражаттары, ал қаржылық ресурстар болса, ол – мемлекеттің (оның органдары арқылы) және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстары мен түсімдері. Біріншіден, қаржылық ресурстар деп ақшалай қаражаттардың көздерін, шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді. Екіншіден, қаржылық ресурстар – бұл қорлардағы, яғни ақшалай қаражаттардың мақсатты босалқы қорларындағы «байланған» қаражаттар, сондай-ақ әлі мақсатты белгілі бір бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақшалай қаражаттар. Мысалы, ақшалай қаражаттардың бір бөлігінің алғашқыда қор сипаты болмайды – бұлар шаруашылық органдарының олардың шаруашылық әріптестері тарапынан келісімшарттарды, өзара шарттарды және шаруашылық жүргізудің басқа шарттарын бұзғаны үшін алатын айыппұлдары, өсімпұлдары, тұрақсыздық төлемдері. Мұндай қаражаттардың түсуін күні бұрын есепке алу мүмкін емес.

Қаржы мен қаржылық ресурстар – бара-бар ұғымдар емес. Қаржылық ресурстар өзінше қаржының мәнін анықтамайды, оның ішкі мазмұны мен қоғамдық арналымын ашпайды. Қаржы ғылымы тап мұндай ресурстарды жасау, бөлу және пайдалану негізінде туындайтын қоғамдық қатынастарды зерделейді; ол қаржылық қатынастар дамуының заңдылықтарын зерттейді.

Қаржылық ресурстар жалпы қоғамдық өнімнің 60 %- ға жуығын құра отырып, мемлекеттің қаржылық қуатының көрсеткіші болып табылады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу үдерісінде қалыптаса отырып, олар түпкілікті пайдалануға, яғни негізгі құрал-жабдықтарды толтыруға, ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге және жалпымемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қоғам жұмсайтын материалдық ресурстардың бір бөлігінің ақша көрінісі болып табылады. Қоғамдық өндіріс үдерісінде қаржылық ресурстар неғұрлым көп жасалса, соғұрлым ол тиімдірек болады. Сонымен бірге бүкіл ұдайы өндірістің тиімділігін арттыру проблемасын шешу және экономикалық өсудің қарқынын тездету ұлттық шаруашылықта қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға байланысты.

«Қаржылық ресурстар» ұғымындағы оның екі жағын ажырата білген жөн.

1.Шаруашылық жүргізу практикасында «қаржылық ресурстардың» ұғымы деп мемлекеттің, кәсіпорындардың қарамағындағы белгілі бір кезеңдегі барлық ақшалай кірістер мен қорланымдардың жиынтығын, яғни ақшалай қорларды, кредиттік ресурстарды, ақшалай резервтерді айтады. Бұл шаруашылық жүргізудің шаруашылық есеп практикасы тұрғысынан туындаған практикалық тәсілдеме. Расында, кәсіпорынның банктегі оның шотындағы белгілі бір күндегі ақшалары олар кәсіпорынның меншікті немесе қарыз қаражаттары болып келетіндігіне қарамастан оның барлық нақтылы қаржылық ресурстарды құрайды. Сол секілді мемлекеттік бюджетте шоғырланған кірістер, қорланымдар олар жасалынған құнды алғашқы немесе кейінгі бөлудің нәтижесі болып табылатындығына қарамастан мемлекеттің әрбір нақты күндегі қаржылық ресурстары болып саналады.

2.Егер жиынтық өнімнің (C+V+m) материалдық-заттай және құндық құрылымына, оның бөлінісіне және бұл үдерістегі орнына сүйенсек, онда қаржылық ресурстардың ұғымы басқаша көрінеді. Егер қайталама есептің элементін шығарып тастасақ, онда «қаржылық ресуртардың» ұғымы тікелей мемлекет пен кәсіпорындарда оларға жүктелінген функцияларды орындау үшін шоғырланатын құндық (ақша) нысанындағы жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігін білдіреді.

Қаржылық ресурстарды мынадай нысандарда қарастыруға болады: қолдағы, жинақталған, әлуетті. Қолдағы ресурстар – қызметін жүзеге асыру кезінде экономикалық агенттердің жедел қалыптастырып, пайдаланатындары. Жинақталған ресурстар қорлар мен резевтерде байланған. Әлуетті ресурстар келешекте белгілі бір уақытта немесе кезеңде алуға жоспарланған ресурстар. Көрсетілген нысандардағы қаржылық ресурстар өзара түрленеді: мысалы, экономиканың нақты секторының өнімін өткізуден алынған табыстан айналым қаражаттарының қорлары – қолдағы қаржылық ресурстар қалыптасады, олар сонан-соң өндірістік қорлардың толық айналымында қала отырып істің шын мәнінде жинақталған ресурстарға айналады. Жинақталған ресурстар қолдағы ресурстарға түрлене алады (мысалы, дамудың инвестициялық бағдарламасын қаржыландыруға бағытталатын ұлттық банктегі берілетін кепілдікті трансферт).

Қаржылық ресурстар экономикалық және әлеуметтік қызметті қамту ауқым-дары тұрғысынан мемлекеттің қаржылық ресурстары, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық ресурстары (қызметтер түрлері бойынша), халықтың қаржылық ресурстары болып бөлінеді; жиынтық түрде ұдайы өндірістің барлық қатысушыларының ресурстары қоғамның (елдің) қаржылық ресурстары ретінде елестетіледі.

«Инвестициялық ресурстар» ұғымы қолданылады, инвестициялық үдерісте негізгі және айналым капиталы үшін түрлене отырып олар ақшалай ресурстар – қаржылық, кредиттік ресурстар есебінен де, сол сияқты материалдық, материалдық емес ресурстар есебінен де біріктірілген түрде қалыптасады. Инвестициялар – нәтижесінде пайда (табыс) жасалатын немесе әлеуметтік нәтижеге қол жеткізілетін кәсіпкерлік және қызметтің басқа түрлерінің объектілеріне салынатын мүліктік және зияткерлік құндылықтардың барлық түрлері.

Ақша нысанындағы қаржылық ресурстардың басқа ресурстардан айырмашылығы болады. Қаржылық ресурстар өзінің функцияларында біршама оқшауланған, сондықтан қаржылық ресурстарды басқа ресурстармен үйлестіруді қамтамасыз етудің қажеттігі болады.

Қаржылық ресурстардың көздері қоғамдық өнім құнының барлық үш элементі: «С», «V», «m» болып табылады (1.4 сызбаны қараңыз), бірақ олардың әрқайсысының қатысу дәрежесі әр түрлі. Мысалы,«С» элементінен амортизациялық аударымдар, айналым қаражаттары, табиғи орта мен минералдық-шикізат базасын толықтыруға аударылатын аударымдар, кәсіпорын өнімінің өзіндік құнында материалдық шығындардың құрамына кіретін төлемдер құрылады. «V» элементі халықтан алынатын мемлекеттік салықтар, әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдар (салықтар), қарыздар мен лотереялар бойынша түсімдер сияқты қаржылық ресурстардың көзі болып табылады. «m» элементі таза табысты (пайданы), жанама салықтарды, сыртқы экономикалық қызметтен түсетін табыстар мен түсімдерді (кеден баждары, кедендік рәсімдер үшін төлемақы) кіріктіреді.

Қаржылық ресурстардың бір бөлігі қоғамдық өнімнің бірнеше элементтерінің құрамында кешенді түрде қалыптасады. Мәселен, шаруашылық органдар деңгейінде өнім, жұмыстар немесе қызметтер өндіруге және оларды өткізуге жұмсалатын шығындарға тура келетін «С» және «V» элементтерінен салықтар, алымдар және арнаулы қорларға аударылатын аударымдар, жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері – роялти, бонустар, көлік құралдары салығы, мемлекеттік баж, ластандыратын заттардың шығарылуы мен тасталынуы және қалдықтарды орналастыру үшін төлемдер және басқалар түрінде ресурстар қалыптасады. Жекешелендіруден түсетін түсімдер сияқты түрінің көзі ұлттық байлық, яғни қорланған ұлттық табыс (V+m) болып табылады.

Наши рекомендации