Сақтандыру тәуекелдерді төмендету әдісі ретінде

Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Қоғамдық-экономикалық қатынастар адам мен табиғаттың объективті қарама-қайшылықтарының болуымен, қоғамдық өндірістің қатерлі сипатымен байланысты, бұл қатынастардың кездейсоқтық, көп жағдайларда бұрын ойда болмаған сипаты болады. Қоғамдық өндіріс үдерісінде белгілі бір қауіп-қатердің болуымен байланысты сақтандыру кезінде ақшалай қайта бөлгіштік қатынастар пайда болады. Қоғамдық өндіріс үздіксіздігінің объективті талаптары, бір жағынан, қорғану, осы тәрізді жағдайлардың ұнамсыз салдарларынан сақтану және басқа жағынан, бұл құбылыстардан болған шығасыларды өтеу қажеттігін тудырады. Қолайсыз табиғи, дүлей күштердің, кездейсоқ жағдайлардың, өндірістік факторларың және ақшалай жарналардың есебінен залал шығасылардан шеккендерді өтеу іс-әрекетімен байланысты экономикалық қатынастар дербес сақтандыру категориясына бөлінеді. Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндірістік үдерістерді қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады. Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді: 1) қатынастардың ықтималдық сипаты;2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымдa мемлекеттік, өңірлік деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде). Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді. Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлгіштік функция ретінде көрінуі. Сақтандыру кезінде қоғамдық өндіріс үдерісінде белгілі бір қауіп-қатердің болуымен байланысты ақшалай қайта бөлгіштік қатынастар пайда болады. Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді. Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақшалай қаражаттардың арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланған және жалпыұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған.Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады. Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістері.Сақтық әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады; жарналардың мөлшері және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады. Сақтық қатынастарының бірінші бөлігінде – қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс пайдаланылады, екінші бөлікте – әлеуметтік сақтандыруда – қос әдіс, үшінші бөлікте – мүліктік және жеке басты сақтандыруда тек сақтық әдісi пайдаланылады. Сақтық қорлары – қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резервтік қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі, материалдық-заттай иелері, сақтық қатынастардың негізі. Сақтық қорларының басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол – табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың бірден-бір бөлігі. Сақтық қорлары ұлттық шаруашылықтағы саналуан көлденең үйлесімсіздікдерді ескертуге арналған қоғамның резервтік қорларының анағұрлым кең жүйесінің қажетті құрамды бөлігі болып табылады. Сақтық қор сақтық төлемдері деп аталатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың жарналары есебінен құрылады. Сақтандырылушылардың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлары белгілі бір уақытта тікелей арналымында – сақтық төлемдерін төлеу үшін пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық қорларының қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін клиенттерді тарту үшін сақтық қызметтерінің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдарының осыған ұқсас операциясы сақтық рыногында пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан қашқысы келетін клиенттерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі. Сақтандыру табыс (пайда) түсіру мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі ретінде болады. Сақтандыру келісімшарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына келісімшарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) келісімшартта белгіленген соманың (сақтық сомасының) шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді. Сақтық қызметі – сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) келісімшарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет. міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті; сақтандыру объектісі бойынша – жеке басты және мүліктік; сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және жинақтаушы емес. Ерікті сақтандыру – тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Міндетті сақтандыру – заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырушымен осы сақтық қатынастарды реттейтін құқықтық актімен белгіленген жағдайларда келісімшарт жасасуы міндетті.

Наши рекомендации