Меншікті қуат әдісімен жарықтандыру жүктемесін есептеу.
Меншікті қуат әдісі ұзындығы енінен 2,5 есе асатын орынды жалпы біртекті жарықтандыруды есептеу үшін жарамды. Бұл есептеу әдісін келесідей жағдайларда қолданады: жарықтандыру қондырғысының орныққан қуатын алдын ала анықтау үшін; жарықтехникалық есепті жүргізу дұрыстығын жуықтап бағалау үшін; дәлдік жұмысты қажет етпейтін үлкен емес және орташа орындарды проекциялау кезінде.
Шамның қуаты мен санын ұсынылатын меншікті қуаттар кестесінен анықтайды. Бұл әдісті I және II классты қиын көру тапсырмасы бар өндіріс орындарының ОУ-сын проекциялау кезінде, сонымен қатар дұрыс түс берілісті және жарықтандырудың қажет ететін ОУ үшін қолдануға болмайды. Сонымен қатар, локалданған орындарды жарықтандыруды, гардеробтар мен сантүйіндерді есептеу қажет емес.
Жарықтандыру қондырғысының меншікті қуаты:
Руд = Рлn/F,
мұнда РЛ — бір шамның қуаты, Вт; п — шамдар саны; F— бөлме ауданы, м2.
Бұл әдіс арқылы есептеу жүргізген кезде, әуелі шамдал түрін және оның подвесінің есептік биіктігін таңдайды; ЛН немесе ДРЛ бар шамдалдар кезінде ең тиімді N шамдалдар санын белгілейді. Етin, Fжәне h көлеміне байланысты анықтама бойынша Руд табамыз. Кейін бір шамның қуатын анықтаймыз:
.
Люминесцентті шамдалдар үшін әуелі N қатар санын белгілейді және жалпы Рл.р қатарының барлық шамдарының жалпы қажетті қуатын:
,
кейін шамдалдар санын анықтайды.
Жарықтандырудың есептік қуатын Рро келесідей анықтайды:
,
мұндағы -жарықтандыру торабының номиналды (орныққан) қуаты (N- шам саны; Рномi - бір шамның номиналды қуаты); кПРА — (ПРА) іске қосылуды реттейтін аппараттағы қуат шығынын ескеретін коэффициент. ДРЛ мен ДРИ түрдегі шамдар үшін кПРА = 1,1; қосылудың стартерлі сұлбасы бар ЛЛ үшін кПРА= 1,2; қосылудың стартерсіз сұлбасы бар ЛЛ үшін кПРА = 1,3-1,35.
Көптеген анықтамаларда Рро-ді сұраныс коэффициентін ксо енгізу арқылы анықтайды.
Рро = КсоРуо, кВт, Qро = Рро tg о, квар,
мұнда Ксо - жарықтандыру жүктемесінің активті қуаты бойынша сұраныс коэффициенті; tg о – реактивті қуат коэффициенті, ол берілген сos -мен анықталады; Руо – цех бойынша жарықтандыру қабылдағыштарының орныққан қуаты:
Руо = оF ,
мұнда F - өндіріс орнының ауданы, м2; o – меншікті қуат, кВт/м2.
Өткізгіштік материалдың ең төменгі шығыны шарты бойынша жарықтандыру торабының қимасын есептеу үшін тәжірибеде жеңілдетілген әдісті қолданады:
мұнда S – аймақ сымының қимасы, мм2; Мприв — келтірілген қуат моменті, кВтм; С – қоректендіру сұлбасына (үш-,екі немесе бірфазалық) және өткізгіш материалының маркасына тәуелді коэффициент; Uдon(%) – жарықтандыру торабындағы ИП-дан ең өшірілуге жақын шамына дейінгі кернеудің рұқсат етілген шығыны ( Uдon=2,5%).
мұнда ΣМ — желі сымдарының саны берілген аймақтағыдай болып келетін аймақтардың энергияны беру бағыты бойынша барлық келесідей және берілген моменттер қосындысы; ∑αm — берілген аймаққа қарағанда желідегі сымдар саны өзгеше болатын барлық шығу жолдарының моменттер қосындысы (α – аймақтың және шығу жолдары сымдарының санына тәуелді болатын келтіру моментінің коэффициенті).
Бұл мәнді жақын ИП-дан бастап, барлық торап аймағына келесідей қолданады. Тораптың бірінші аймағы үшін сымның қимасын таңдаған кезде жақын стандартты қиманы Sст таңдаған жөн. Таңдалған аймақтың стандартты қимасы Sic.c және оның фактылық моменті Мi арқылы фактылық кернеу шығындарын анықтаймыз:
Келесі аймақтар олардағы кернеудің қалдық (немесе біртекті келтірілген) шығындарын есепке алу арқылы аналогты есептеп шығырады:
Аймақ қимасын анықтағаннан кейін қызуға тексереді:
Ipi < Iдопi
мұнда Ipi — і аймағының есептік тогы; Iдоп i; — таңдалған i-лі аймақ қимасының рұқсат етілген тогы.
Бірфазалы (екісымды) жарықтандыру торабы үшін: | |
Шамды фазалық кернеуге қосуы кезінде екіфазалы (үшсымды) торап үшін: | |
Үшфазалы (төртсымды) торап үшін: |
мұнда Рp — есептік қуат, кВт; cos φ = 1 – ЛН бар торап үшін; 0,95 - ЛЛ және компенсацияланған ПРА бар; 0,6 - ДРЛ бар.