Дәріс тақырыбы: Жарықтандыру және сәулелендіру жабдықтарын монтаждау

Дәрістің мақсаты: Жарықтандыру электрқондырғылардың монтаждауы. Жарықтандыру электрқондырғылардың шырақтары мен аспаптары, электрлік сәуле қөздері. Шырақтардың шартты белгілерінің құрылымдары. Шырақтарды монтаждау

6.1.Электр жарықтандыру және сәулелендіру жабдықтарды монтаждау тәртібі.
Жарықтандыру және сәулелендіру жабдықтары жарық және сәуле көздерінен және оларды бекітуге, электр желісіне қосуға, жарық не сәуле ағындарын бағыттап бөлуге, көз шағылыстыратын әрекетті тежеуге, механикалық зақымданудан және агрессивті орта әсерінен қорғауға арналған құрылғылардан тұрады.
Электр жарықтандырғыштары аспалы, төбеге не қабырғаға қондырылатын, стол үстіне қойылатын және кірімді болып бөлінеді. Олар құрылмалық орындалуына орай ашық, жабық, ылғалдан қорғалған, шаң өтпейтін және қопарылыстан қорғалған болып дайындалады.
Жарықтандырғыштар мен сәулелендіргіштерді монтаждағанда оларды төбеге, қабырғаға, арқалықтарға, фермаға сенімді етіп бекітеді. Оларды ілуге металл шынжырлар, диаметрі 1,5 ... 2 мм мырышталған болат сымдар мен түтіктер не тіреуіштер қолданылады. Кірме сымдарды түтіктер мен тіреуіштердің ішінде жалғауға болмайды.
Шаң-тозаңды және дымқыл үй-жайларда жарықтандырғыштар мен сәулелендіргіштерге сымдарды енгізу тығыздалып орындалады. Сонымен қатар, ол кезде енгізілген сымдардың жарықтандырғыштар қалқандарына не қақпақшаларына қысылып қалмауын қадағалау қажетті. Монтаждау кезінде жарықтандырғыштар мен сәулелендіргіштердің тура қатарларға дұрыс орналасуын тексереді, қатар сызықтарынан көзге байқалатындай ауытқу болмауы керек.

6.2 Сәуле қөздері.
Шамның негізгі құрылғы элементі ретінде: шамды бекіту жабдығы, жарық көзі, электр кернеуін жүргізу жабдығы, сәулендіргіш, сейілткіш.
Өндірісте шамдары әр түрлі жарық көзі үшін шығарады: қыздырғыш шамдары, газ разрядты шамдар, люминесцентті шамдар және т.б. газ разрядты шамдар қосуды реттейтін аппаратардың (ПРА) жиынтығында болады. Бекіту түрі бойынша шамдар салбранды, төбеге бекітілетін, қабырға шамы, еденге қойылатын шам үстел шамы және т.б. болып бөлінеді.
Шамдарды жайларда құру үшін қоршаған ортасының жағдайына байланысты қоршаған ортаның әсерінен жарық көзін қорғау үшін қорғаныс деңгейіне қарай әр түрлі болып орындалады.
Жарылудан қорғау деңгейіне қарай шамдар жарылыстан қорғалған (В) және жарлысқа қарсы сенімділігі жоғары (Н) болып бөлінеді.
Шамдар арнайы: өнеркәсіп жайлар үшін,қоғамдық ғимараттар үшін, қөшелерді жарықтандыру үшін, тұрмыстық жайлар үшін жасалады.
МЕСТ 13677-82 сәйкес әр шамға шифр беріледі (шартты белгісі), 1-әріпі барлары жарық көзі дегенді білдіреді (Н- жалпы қыздыруға арналған, И-кварцты галогенді қыздыру шамы, Л – труба тәрізді люменесцентті лампалар, Р- ДРЛ типті сынапты шамдар, Г- ДРИ типті сынаптышамдар, Ж-натрилі шамдар, Б-бактерицидті шамдар, К-ксенонды трубка тәрізді шамдар және т.б.) 2- әрпі бар шамдар құру түрін анықтайды (С-салбыранқы, П-төбеге, Б-қабырғаға, Т-еденге, В-қондырылатын, К-консольды, Р-желіні қолға ұстайтын, Ф-аккумуляторлы қолға ұстайтын және т.б.) 3-әрпі бар шамдар, ол шамдардың негізінде қолдану болып анакталады. (П-өндірістік кәсіпорындарға, Р-кен орындары мен шахталарға, О- қоғамдық ғимараттарға, Б- тұрғын үйлерге, У- даланы жарықтандыруға) 4 – екі таңбалы сан (01-39) серия нөмерін көрсетеді; 5-сан шамдардың санын шырақта көрсетеді; 6- сан шамның қуаттын қорсетеді, Вт; 7- сан (000-999) модификация нөмерін көрсетеді; 8 - әріп және сан климаттық орындалуын қөрсетеді (У – бір қалымты климатты, Т – тропикалық, Х- сууық аудандар үшін) және шамдардың орналасу категориясы. (1-ашық ауада, 2-шатырда және басқа жартылай ашық жерлерде, 3 – жабық жылу берілмейтін жайларда, 4 – жабық жылу берілетін жерлерде).
Әр серия қандай материалдан жасалғандығы және формасы сейілтетін және экрандау элементтері қолданылған, қызметіне, бекіту амалы (түттіке, іілгекке, арқанға және т.б.), қоректендіргіш желіге қосу амалы шамдарды біріктіреді. Көпшілік шамдардың құрылғысы бекітілген штепсельді алынуға қарастырылған.

6.3Шамдардың тандап алу тәртібі.
Шамдарды таңдағанда: қоршаған орта жағдайын, жарықтың түсу талаптарын, электр қауіпсіздігі мен электр үнемдеуін ескерту қажет. Төмен төбелі пәтерлер мен бөлмелерге шамдар құру, қысқа және реттелетін штангалы, баулы люстрлар; жалпақ сейілткіштері бар салбыраңқы, декоративтік түске таңдалған, тұрғын үй жайлары қабырғаларынын түсіне сәйкес құру ұсынылады. Декоративті жасалған төбе және плафонды шамдар құруға болады.
Биік төбелі пәтерлер мен бөлмелер, кен жайлар үшін көп мүйізді люстралар, көп сейілткіштері бар салбыраңқы декоративті шамдар қолданылады.
Еңбек күнінен сон, сабақтан кейін демалуға арналған, әдеби кітаптарды оқуға, жайлылық пен жағдай жасау үшін жергілікті жерді ғана жарықтандыратын шамдар қолданылады. Жергілікті жерді ғана жарықтандыратын қолданулы түрі өте көп. Олар: үстел үстіне қоятын, төбеге, қабырғаға құрылатын, жерге қоятын болып бөлінеді.
Электр энергиясын үнемдеуге, жарықтың әлсіз шығып тұруына, біркелікті жарық түсіне және жарық болуына люминесценті шам қолданылады. Өндіріс әр түрлі конфигурация және сейілтетін декоративті суреттері бар люменесцентті шамдардың көп модификациясын шығарады.
Жататын бөлме – жалпы жарықтандырғыштан басқа үстеліндің жанына шам қоюға болады. Жарық көзі үстел үстінде отырған адам басының деңгейінде, ақ немесе қызғылт түс беретін жұмсақ жарық болуы тиіс. Жоғарыдан түскен жарық адам бетіне көлеңқе түсіреді.
Ауыз бөлме – жарық көп түсіп тұру керек: салбырап тұрған шам немесе плафон, сондай- ақ бра, айнаның екі жағынан бастың деңгейінде түсіп тұрған жарық өте жақсы көрінеді.
Балалар бөлмесі – жалпы жарықтандырғыш болғаны дұрыс, арнайы (жұмыс үстелінің үстінде және ойнайтын жерде) және түнгі шам. Мектепке дейінгі жастағы баланың бөлмесіне шамдарды, қосылғыларды, штепсельді розеткаларды қолы жетпейтін жерге орналастырады. Сымдар жабық тартылу керек. Балалар бөлмесіне үстелдің үстіне қоятың шамдарды қоюға болмайды, өйткені құлап кетуі мүмкін. Баланың жұмыс орнына топса тіреуштерге бекітілген қабырға шамның үстелдің сол жағына беітілген жөн. Салбыраңқы шамдардың абажуры жұмыс орнына бағытталған жарықтын жінішке сызығын беріп тұруы керек. Бөлменінің жарығы жап-жарық болуы қажет, бірақ жарықтан қатты көленке түспеуі қажет.
Ас бөлмеде – жалпы және жергіліті жарықтандыру қолданылады, жергілікті жарықтандыру бибінің жұмыс жасау жерде және пештің үстіне жарық түсіріп қоюға болады. Ас бөлме үстелінің, ыдыс жұғыштың, пештің үстіне күндізгі шамды қойған ығайлы: олар төзімді келеді, әрі энергия көзін төрт есе үнемдеуге болады. Ас ішетін үстелдің үстіне люминесценті шамдарды қолдануға болмайды.
Жунатын бөлме – барлық бөмені жарықтандырып тұратын жоғарыға плафон орнатуға болады. Осы жерге қыздыратын және люминесцентті шамды қолдануға болады.
Құрғақ қойма бөлмелерде - шамның шыны сауты (колба) түсіп кетпеу үшін шыны шамдар қою керек. (ПСХ-60, НСП-03, НСП-01)
Жер қоймаларда, дәлсіздерде, ауыз бөлмелерде, кірме бөлмелерде дымқылдығы жоғары жайларға арналған шамдарды немесе салбыраңқы патрондары бар, фарфордан (НБО-60, ПСХ-60, ПСХ-75) жасалынған шамдар қолданылады.
Мал, құс ұстайтын қоймаларда химиялық активті ортаға арналған шамдар қолданылады. Оларға “Астра-1”,“Астра-2”,“Астра-11”,“Астра-12” және т.б. жатады.
Тұрғын үйлердің бөлмелеріне қойылатын шамдардың күатты меншікті қүаттаң алынады, яғни аумақтың бір квадрат метріне 10 Вт таяу есеплелінеді. Пәтердің кісі тұрмайтын жеріне меншікті қуатты 6Вт / м? қарастырылған.

6.4 Шамдардың бекіту әдісі.
Дайындау жұмыстары кезінде шамды орнататын жерге тесік
жасайды, өткізгіш, бекіту, бөлшектерін қондыру үшін ұяшықтар жасайды. Осы кезде, егер төбе бүтін болса, онда тесік жасап, ол арқылы ілгек өткізіп, жоғары жағынан гайкамен бекітеді.
Салбыраңқы шамдарды ілгек арқылы бекітеді. Зауыта көп
плиталарға, монолитті құралдарға арнап ілгектердің неше түрлісін жасайды У623Б ілнетін 15 кг шамдарға арнап жасалынған. У625, У629 түрлі ілгектерді 155 және 215 мм-ге сәйкес металл жабыны бар болаттан дайындалған, оны 7 кг салбыраңқы шамдарға арнап, бүтін плиталарға арнап жасалынған.

6.5Патронды бекіту әдісі.
Шамдарға әр түрлі құрылыс патрондар қолданылады. Қыздыру және
ДКЛ шамдар үшін оймалы патрондар қолданылады: қуаты 60 Вт, ойма диаметрі 14 және 27 мм патрон (немесе Ц14-кіші цоколь және Ц27-орташа цоколб оймлары), күштілігі 200 Вт Ц27 оймалы патрондар қолданылады.
Құрылмам бойынша орындалуы патронды ниппельді салбыраңқы, ілуге арналған құлақшасы бар, төбеге және қабырғаға деп ажыратуға болады. Көбінесе пластмасса және фарфорлы корпусты патрондар кең таралған. Сымдарды қосуға арналған түйіспесі және түйіспелі қысқыштар фарфорлы салмаға бұралған.
Патрондардың тұйықталу қысқыштарына мыс сымдардың қилысы 0,5; 0,75; 1; 1,5; 2,5 мм? және алюминді 2,5 мм? қосуға болады.
Патронды зарядтау кезінде нөльдік сымды патронның винтті гильзасына бекітеді, ал фазалы сымды патронның жоғары түйіспесіне бекітеді.
Люмесценнтті шамдар үшін пластмасс корпус түзу, домалақ және жауып тұратын патрондар жасайды.
Түзеткіш диодтар мен кондесаторлы кіші габаритті және дрюссель тұрған жерге женіл орналасады, Қыздыру шамның патроның стартердің құруға арналған тсанылауға бекітіледі. Жағу доғасының көлемі 50 мм болатын фольгадан жасалады және шамның баллонына БФ-2 желімен желімдейді. Сол сызба арқылы ЛДЦ-20 шамдарын қосуға болады, сол кезде шамның қызуы өзгереді.

Наши рекомендации