Положение об экспертной комиссии и состав экспертной комиссии
Семинары
Іс жүргізу және мемлекеттік тілді дамыту мен оның қолданылу аясын кеңейту саласындағы нормативтік құқықтық база
1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы (7-бап);
2. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңы;
3. «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы (нормативтік құқықтық актілерді ресімдеуге қойылатын талаптарға және хат тіліне қарай оған жауап беру тіліне қатысты);
4. «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы (Регламент пен мемлекеттік орган туралы ережеге қатысты);
5. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы (құжаттарды өңдеу мен сақтауға қатысты);
6. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 мамырдағы № 127 Жарлығы (күшінен жойылды);
7. «Нормативтiк құқықтық актілерді ресiмдеу және келiсу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысы;
8. «Іс жүргізу және мұрағат ісі. Терминдер мен анықтамалар» Қазастан Республикасының Мемлекеттік стандарты (ҚР МемСТ 1037 – 2001);
9. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары (бұрынғы Іс жүргізу нұсқаулығы - қазіргі Ұйымда (мекемеде, кәсіпорында, серіктестікте, акционерлік қоғамда және т.б.) құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың қағидалары;
10. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығымен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі (іс номенклатурасын дайындауға арналған);
11. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 146 бұйрығымен бекітілген Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы және пайдалануы қағидалары (мұрағат қызметін ұйымдастыруға қатысты).
В каждой организации, предприятии и учреждении, независимо от формы собственности, в обязательном порядке должны быть четыре основных документа, регулирующих ведение делопроизводства. К ним относятся:
1. Правила документирования и управления документацией в организации (раньше они назывались Инструкцией по делопроизводству), разработанные на основе вышеназванных Типовых правил;
2. Номенклатура дел, разработанная на основе вышеназванного Перечня типовых документов;
3. Положение о ведомственном архиве;
Положение об экспертной комиссии и состав экспертной комиссии.
Все четыре вышеназванных документа утверждаются руководителяем.
Делопроизводство подразделяется на три стадии:
§ Создание документов (документирование);
§ Организация движения и учёта документов (документооборот);
§ Хранение документов (архивное дело).
1. Порядок документирования включает в себя:
- правила подготовки и оформления документов;
- требования, предъявляемые к оформлению реквизитов документов;
- особенности подготовки и оформления отдельных видов документов, чаще всего к которым относятся: приказ, протокол, акт, справка и письмо.
2. Порядок управления документацией подразумевает:
- общие требования, предъявляемые к организации документооборота;
- порядок обработки входящих документов;
- порядок обработки исходящих документов;
- порядок прохождения внутренних документов;
- порядок регистрации документов;
- контроль исполнения документов;
- учет и хранение печатей, штампов и бланков;
3. Порядок составления номенклатуры дел включает в себя:
- оформление номенклатуры дел;
- формирование дел;
- оформление дел;
- оперативное хранение дел;
- передача дел в архив.
«Астана қаласының Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы» ММ | герб | ГУ «Управление архивов и документации города Астаны» |
Астана қаласы, Т. Бигелдинов көшесі, 8 тел.: 50 15 04, факс: 50 15 05 www.uad.astana.kz, uad_astana.mail.ru | г. Астана, ул. Т. Бигельдинова, 8 тел.: 50 15 04, факс: 50 15 05 www.uad.astana.kz, uad_astana.mail.ru | |
20 _____ жылғы ___ ________ № __________ |
Астана қаласы
Қаржы басқармасының
басшысы Қ. Омаровқа
Құрметті Қайрат Серікұлы!
Астана қаласының Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) 2016 жылғы 18 ақпаннан бастап Достық көшесі, 13-үй мекенжайындағы ғимаратқа («Нұрсая» тұрғын үй кешені, 5-кіреберіс) көшкенін хабарлайды. Қазіргі уақытта Басқарма алып отырған орынжай аудандары «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС иелігінде, тиісінше ол аудандарды Басқармаға жалға беруде. Төленетін жалға алу сомасына коммуналдық қызметтер үшін (сумен, электр энергиясымен, жылумен қамтамасыз ету, кәріз), орынжайды күтіп ұстау, байланыс сияқты қызметтердің ақысы кіреді.
Алайда, осы күні Басқарма алдында бір ғимараттан екіншісіне көшу салдарынан екі күрделі мәселе шешімін таппауда, атап айтсақ:
1) бұрынғы ғимаратта (Сауран көшесі, 7) орналасу кезінде жасалған шарттарды бұзуға мүмкіндік болмай тұр, себебі - жасалған шарттардың екінші тараптары оны бұзуға қала билігінің нормативтік құжаты болуы тиіс деп, шарттарды бұзудан бас тартуда;
2) бірнеше шарттың сәуір айына дейін күшінде болуына байланысты, көшіп кеткен ғимараттағы коммуналдық қызметтер үшін Басқарма ақы төледі (мысалы, бұрынғы ғимаратқа осы жылдың 19 ақпанынан бастап «Елорда асханасы» ЖШС қоныстады, бірақ төлемді Басқарма жүргізді).
Жоғарыда жазылғанға байланысты, Сізден Қаржы басқармасының осы мәселеге қатысты өкілеттілігі мен құзыретін ескере отырып, өз тарапыңыздан шешім қабылдап, аталған мәселелерді оң және жедел шешуге ықпал етуіңізді сұраймыз.
Басқарма басшысы Ү. Оспанова
Орынд.: Ә. Ахметова
Тел.: 703 276
«Астана қаласының Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы» ММ | герб | ГУ «Управление архивов и документации города Астаны» |
Астана қаласы, Т. Бигелдинов көшесі, 8 тел.: 50 15 04, факс: 50 15 05 www.uad.astana.kz, uad_astana.mail.ru | г. Астана, ул. Т. Бигельдинова, 8 тел.: 50 15 04, факс: 50 15 05 www.uad.astana.kz, uad_astana.mail.ru | |
20 _____ жылғы ___ ________ № __________ |
Астана қаласының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы
2016 жылғы 8 сәуірдегі
№ 3633 хатқа
«Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына және Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 193-826 қаулысына сәйкес «Астана қаласының Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) елорда аумағында халыққа «Мұрағат аңықтамасын беру» мемлекеттік қызметін көрсетуді жүзеге асыруда.
Аталған қызмет түрін жедел және сапалы көрсету мақсатында Басқарма Астана қаласы әкімдігінің ведомстволық бағынысты мекемелерінде «Әкімдіқтің электрондық мұрағаты» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - Жүйе) енгізуде. Бүгінгі күні Жүйенің бірінші бөлімі ойдағыдай іске асырылып, нәтижесінде әкімдік құрамындағы 3 аудан мен 25 мемлекеттік мекемеде электрондық мұрағат қалыптасуда. Осы бағыттағы жұмысты жетілдіріп, одан әрі іске асыру үшін тиісті білімі (ақпараттық технологиялар) және осы салада кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар мамандар қажет. Бұл ретте, «Әкімдіқтің электрондық мұрағаты» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қалалық «Е-әкімдік» электрондық бағдарламасының бір бөлігі болып табылатынын атап өту қажет.
Жоғарыда жазылғанның негізінде, сондай-ақ мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің көзқарасы мен ұсынысын ескере отырып, Басқарманың штат кестесін 4 бірлікпен толықтыру мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз. Тиісті талдамалық ақпарат пен есептеулер қоса беріліп отыр.
Қосымша: 5 п.
Басқарма басшысы Ү. Оспанова
Орынд.: Ә. Ахметова
Тел.: 703 276
«Астана қаласының Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы» ММ | герб | ГУ «Управление архивов и документации города Астаны» |
БҰЙРЫҚ | ПРИКАЗ | |
20 _____ жылғы ___ ________ № __________ Астана қаласы город Астана |
Басқарманың 2016 жылға арналған
мемлекеттік сатып алу өткізу
жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 157 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Басқарманың 2016 жылға арналған мемлекеттік сатып алу өткізу жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі Жоспардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тиісті шара қабылдасын.
3. Әкімшілік бөлімі Жоспарды тиісті интернет-ресурстарда орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Басқарма басшысы Ү. Оспанова
Ескертпе: бұйрық атауы «туралы» деген сөзбен аяқталуы тиіс, орыс тілінде «О, Об» деп басталады
«Астана қаласының Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы» ММ | герб | ГУ «Управление архивов и документации города Астаны» |
БҰЙРЫҚ | ПРИКАЗ | |
20 _____ жылғы ___ ________ № __________ Астана қаласы город Астана |
С.Б. Әбдірахмановты
тағайындау туралы
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Әбдірахманов Саян Берікұлы 2015 жылғы 19 желтоқсаннан бастап Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау бөлімі бас маманының міндетін атқарушы лауазымына тағайындалсын.
2. Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің басшысы Ә. Ахметова С.Б. Әбдірахмановқа еңбекақы төлеу жөнінде тиісті жұмыс жүргізсін.
Негіз: 1. С.Б. Әбдірахмановтың өтініші;
2. 2015 жылғы 19 желтоқсанда жасалған еңбек шарты.
Басқарма басшысы Ү. Оспанова
Ісқағаздарында жиі кездесетін сөздер мен сөз тіркестері
сәйкес
в соответствии
согласно (употребляется в дательном падеже, отвечает на вопрос «чему?»), например, выражение «согласно плана (протокола, Закона, правил и т.д)» следует излагать «согласно плану (протоколу, Закону, правилам и т.д)»;
тиісінше - соответственно
тиісті - соответственный
белгіленген - установлено, определено, предусмотрено
если эти слова встречаются в одном предложении, то при переводе на казахский язык можно воспользоваться глаголом «көзделген», например:
В Правилах исчисления стажа определены несколько требований к квалификации, но не предусмотрены вопросы социальной защиты.
перевод:
Еңбек өтілін есептеу қағидасында біліктілікке қойылатын бірнеше талап белгіленген, бірақ әлеуметтік қорғау мәселелері көзделмеген.
Анықталған - выявлено, обнаружено
Ақпарат, жабдық деген сөздерді тек жекеше түрде қолданғаны дұрыс.
Соңғы басылып шыққан Қазақ тілінің орфографиялық сөздігіне сәйкес (авторы Р. Сыздықова) «әуежай, мекенжай, орынжай, жылыжай, саяжай» сияқты екі түбірден тұратын сөздер бірге жазылады.
Бекітемін, Келісілді деген сөздер тырнақшасыз жазылады.
Басшының міндетін атқарушы - (И.о. руководителя) толығымен жазылады, Басшының м.а. деп жазу қате.
Выражение «в течение» с пространственным значением, т.е. с обозначением определенных сроков, в конце всегда пишется через букву «е».
Пример: 1. Необходимо в течение первого полугодия разработать и утвердить отраслевую программу.
2. В этом году в течении реки Есиль будут проведены дноуглубительные работы.
Приказ - документ издаваемый и подписываемый должностным лицом, поэтому правильно писать приказ Министра финансов Республики Казахстана не приказ Министерства финансов Республики Казахстан
Наименование госоргана на русском языке:
Комитет науки Министерства образования и науки Республики Казахстан - первые слова в наименовании центральных госорганов и их ведомств пишутся с заглавной буквы
При переводе на казахский язык следует обратить внимание на порядок слов в наименовании:
Қазақстан Республикасы Білімжәне ғылым министрлігінің Ғылым комитеті
изменение - өзгеріс
дополнение - толықтыру
корректировка - түзету
сообщает следующее - төмендегіні (келесіні, мынаны емес) хабарлайды
на основании вышеизложенного - жоғарыда жазылғанның (айтылғанның, баяндалғанның емес) негізінде
государственные закупки (во множ. числе) - при переводе будет «мемлекеттік сатып алу» а не «мемлекеттік сатып алулар»
жеке немесе лауазымды тұлғаның әкесінің атын жазуда «ұлы» және «қызы» деген сөздер тек ұлты қазақ тұлғаларға қатысты қолданылады және де бірге жазылады
ФИО деген қысқартылған сөзді аударғанда «ТАӘа» дегеннің орнына «Аты-жөні» деп жазу дұрыс болады
(далее - Положение) деген сөз тіркесіндегі «далее» деген сөз тек «бұдан әрі» деп қана аударылады
(далее - АО, ТОО, ГУ, ГКП, ГКП на ПХВ, РГП, ДГП, КГУ, ЧУ, ПК, СП, ОО и т.д.) деген сөз тіркесін аударғанда (бұдан әрі - АҚ, ЖШС, ММ, МКК, ШЖҚ МКК, РМК, ЕМК, КММ, ЖММ, ӨК, БК, ҚБ және т.б.) аударылған қысқартылған айтуға күрделі және түсінуге қиын аббревитураларды дұрыс түсіну үшін бір сөзбен аудару дұрыс болады,
мысалы: бұдан әрі - Қоғам, Серіктестік, Мекеме, Кәсіпорын, Кооператив, Бірлестік
орыс тіліндегі хаттардың «Настоящим доводим до вашего сведения» деген сөздермен басталуы кездеседі, қазақ тіліне аударғанда «...... туралы жеткіземіз (хабарлаймыз)» деп жазу дұрыс болады
құжатта сан есімі пайдаланатын болса, көпше жалғаулары қолданылмайды, мысалы: мамандар - 9 маман, құжаттар - 57 құжат
в целях - мақсатында
во исполнение - орындау үшін (орындау барысында емес)
по - 1) жөнінде (жөніндегі)
2) бойынша
«Абзац», «индекс», «функция» және кейбір жағдайларда «процесс» деген сөздер аударылмайды
совершенствование - жетілдіру
модернизация - жаңғырту
реконструкция - қайта құру
ликвидация (предприятия) - тарату (жою емес)
список - тізім
перечень - тізбе
реестр - тізілім
регистр - тіркелім
займ - заем
потенциал - әлеует
состояние (делопроизводства) - іс жүргізудің жай-күйі (жағдайы емес)
обстоятельства (происшествия) - оқиғаның мән-жайы
содержание (здания) - ғимаратты күтіп ұстау
содержание (госоргана) - мемлекеттік органды ұстау
І квартал – І тоқсан (рим цифрымен жазылады және сан мен сөз арасында сызықша қойылмайды).
«мырза, ханым» деген сөздер үш жағдайда қолданылады, олар:
1) шетелдік ұйым басшысының (өкілінің) атына құжат дайындалғанда, мысалы
«Microsoft» компаниясының
президенті
Билл Гейтс мырзаға
2) төтенше және өкілетті елшілер атына хат жазылғанда, мысалы
Қазақстан Республикасындағы
Бельгия корольдігінің
Төтенше және Өкілетті елшісі
Густав Майер мырзаға
3) қорғаныс, ішкі істер министрліктері және басқа да әскери ұйымдарда «полковник мырза», «капитан мырза»деген арнайы бекітілген сөз тіркестері бар
Мәселе көтеріледі
Сұрақ қойылады
Төлқұжат - тұлғаның (адамның) жеке құжаты
Паспорт (ғимарат паспорты, мұрағат паспорты, объект паспорты)
Мәселе - «вопрос», «проблема»
Сұрақ - тек «вопрос»
«По» - 1) информации, результатам, сведениям, данным - «бойынша»
2) делам, проблемам, подготовке, реализации и т.д. - «жөнінде(жөніндегі)»
Осуществление - жүзеге асыру
Реализация - іске асыру