Бұрғылау сораптарының сенімділік көрсеткіштері
Атауы | Сенімділік көрсеткіштері | |||||
Істен шықпағыштығы | Шыдам мерзімі | Жөндеуге жарамды-лығы | ||||
Белгіленген істен шықпай атқарған жұмыс көлемі, кем емес, сағ. | Істен шыққанға дейінгі орташа атқарған жұмыс көлемі, кем емес, сағ. | Күрделі жөндеу-ге дейін белгі-ленген ресур-сы, кем емес, сағ. | Толық орташа ресур-сы, кем емес, ч | Жұмыс қабілетін қалпына келуінің орташа уақыты, артық емес, сағ. | ||
Бұрғылау сорабы | + | - | + | + | - | |
сораптың гидравлика-лық блокгінің құраушы элементтері | Клапанды қорапша Клапан тобы Цилиндр төлкесі Поршень Поршень штогі(* Поршень штогінің тығыздауы-шы(* ПК диафрагма сы (немесе басқа орталарды бөлгіш) | - - - - - - - | - + + + + + + | + - - - - - - | - - - - - - - | - + + + + + + |
Ескерту:(*- тек екі поршенді сорапқа тиесілі негізгі элементтер.
Бұрғылау сорабының белгіленген істен шықпай атқарған жұмыс көлемі гидравликалық блоктың белгіленген істен шықпай атқарған жұмыс көлемінен анықталады және техкникалық-экономикалық есептеулермен белгіленуі және бұрғылау сораптарын жасаушылар мен тұтынушының арасында келісуі керек. Бұл кезде жасаушы тұтынушы регламенттелген техникалық күтім (РТК) мен жөндеуді орындағанда ғана бұрғылау сорабының белгіленген істен шықпай атқаратын жұмыс көлеміне кепілдік береді.
Бұрғылау сорабын жасаушы зауыт пайдалану жөніндегі нұсқауда тозатын бөлшектердің атауларын және оперативтік қорын, сондай-ақ бұрғылау сорабының істен шықпай атқаратын жұмыс көлемінің берілген деңгейін сақтау үшін регламенттелген техникалық күтімді (РТК) жүргізу уақытын анықтауы қажет.
Тозатын бөлшектерді (элементтерді) істен шығу уақыты келгенше пайдаланудан алып тастау және бұрғылау сорабы қндірістік тапсырманы орындамай тұрғанда (яғни, РТК берілген уақыт кезеңінде) қордрыкомплектінің ұқсасымен ауыстыру істен шығу болып есептелмейді. Осының негізінде бұрғылау сорабына РТК берілген уақыт кезеңінде жоспарлы-ескертулік ауыстыру (ЖЕА) жасалуы керек.
Ауыстырудың жоспарлы-ескертулікбағдарламасы гидроабразивтік тозу әсерінен БС бөлшектері ресурсының таусылу уақытын білу негізінде төмендегі алғышарттар ескеріле жасалуы керек:
- тозуға ұшырайтын бөлшектерді ауыстыру оның ресурсы біткенше және шектік күйі келгенше реглементтік техникалық күтімді орындау уақытында, яғни бұрғылау сорабы өзінің тікелей қызметін орындамай тұрғанда жүргізілуі керек;
- операторлар жұмысқа қабілеттіліктің белгілерін білу және бастапқының 7-10 % артық болмау керек, қалдық ресурсты болжай білу керек;
- бұрғылау қондырғысында, бұрғылау сорабының пайдлану бойынша нұсқаумен регламенттелген, ауыстыру бөлшектерінің оперативтік қоры болу керек.
Бұрғылау сорабының және оның құраушы бөліктері мен элементтерінің топтық сенімділік көрсеткіштері:
- істен шыққанға дейінгі орташа атқарған жұмыс көлемі;
- жұмысқабілеттілігін қалпына келудің орташа уақыты;
- толық орташа ресурсы.
Бұрғылау сорабының қалпына келмейтін элементтердің істен шықпағыштығын сипаттайтын істен шыққанға дейінгі орташа атқарған жұмыс көлемін, жұмыстың стандартты шарттарында көрсетеді, яғни ол кезде бұрғылау насосының тығыздығы, тазалаудың үшінші сатысынан кейін, 1,2 ·103 кг/м3 болуы керек.
Жоспарлы-экономикалық есептеуді жүргізу үшін анықтама ретінде толық орташа ресурсы (тізімнен шығарғанға дейінгі) көрсетіледі. Берілген сенімділік көрсеткіші нақты мұнай-газ регионындағы бұрғылау сорабы жұмысының эквиваленттік режимдерімен шарттастырылған.
Жеке сенімділік көрсеткіштері, мысалы күрделі жөндеуге дейінгі белгіленген ресурсы, топтық сенімділік көрсеткіштерінен, атап айтқанда пайдалану ауданына тәуелсіз күрделі жөндеуге дейінгі орташа ресурста, кем болуы керек.
Топтық сенімділк көрсеткіштері тікелей әрбір мұнайгаз регионы үшін пайдалану және статикалық өңдеу нәтижелері бойынша анықталады.
Бұрғылау сораптарын пайдалану тізімінен шығаруды, тұтынушы белгілейтін, шекті күйге жеткеннен кейін ғана жүргізуге болады.
Бұрғылау сорабының және оның құрамдық бөлігі – гидравликалық блоктың берілген істен шығуға орташа атқаратын жұмыс көлемін қамтамасыз ету мақсатында қосымша бөлшектердің атаулары мен көлемін есептеу, сондай-ақ шетелдік аналогтармен салыстыруда ғылыми-техникалық деңгейді бағалау үшін гидравликалвқ блок элементтеріне арналған істен шыққанға дейінгі орташа атқарған жұмыс көлемін қолданады.
Жөндеуге жарамдылығының топтық көрсеткіштерінің нормалары – жұмыс қабілеттілік күйін қалпына келтірудің орташа уақытын регламенттік техникалық күтімді жасау және есептеу кезінде, сондай-ақ пайдалану орындарында нақты ұңғыманы бұрғылау кезінде бұрғылау сорабы гидравликалық блогінің тозатын бөлшектерінің жоспарлы-ескертулік ауыстыру графигін жасау және есептеу кезінде пайдаланады.