Бұрғылау сораптарының құрылымы

Бұрғылау сорабы құйып немесе пісіріліп жасалған корпустарда орналасқан жетектік және гидравликалық бөлiктерден тұрады.

Жетектік бөлік, әдетте, тербеліс мойынтiректерiнде орнатылған және де өзара тісиі беріліс көмегімен жалғасқан түптік және трансмиссиялық бiлiктерден, түптік білікпен тербеліс немесе сырғанау мойынтiрегi арқылы қосылғанкрейцкофты бұлғақтардан тұрады. Бұрғылау сораптарында жетек ретiнде көбiнесе, трансмиссиялық білікпен сыналы ремендi немесе шынжырлы берiлiс арқылы қосылған, электр қозғалтқыштары және дизелдер қолданылады.

Гидравликалық бөлiк гидроблокке орнатылған ішінде штогімен поршеньдері бар цилиндрлерден, тарелкалы құрылымды өздiгiнен әрекет ететiн серiппелi клапандардан тұрады. өзара алмаса алатын енгізу және айдау клапандары әдетте вертикаль орналасқан.

бұрғылау сораптарының құрылымы - student2.ru

13.3-сурет. Екi жақты әрекетті екi цилиндрлi бұрғылау сорабы : 1-станина; 2-рама; 3-су блок; 4 8-қабылдау және бастырмалатқыш коллекторлар; 5-клапандар; 6-компенсатор; 7-трансмиссиялық бiлiк; штокпен 9-сырғақ; 10-кривошип - бұлғақты тетiгi; пiскекпен 11-цилиндр  

Әртүрлі құрылымдық сұлбалардың ішінен ұңғымаларды бұрғылауда ең көп қолданылатыны жетекті екi цилиндрлi (13.3-сурет) және үш цилиндрлi (13.4-сурет) сораптар. XX ғасырдың 50-60 жылдарына дейiн мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауда негiзiнен екi жақты әрекетті екi цилиндрлi сораптар («дуплекс» типті сораптар) қолданылды. Сораптар қуатының 900-1500 кВт дейiн, ал айдау қысымының 25-40 МПа-ға дейiн өсуі шток диаметрінің маңызды үлкеюіне келтiрдi. Нәтижесiнде шток камерасының көлемі азайды, және де ол алдыңғы поршеньді камераның 65-70% көлемiн құрады, ал сорап массасы шұғыл қсті. Бұл бiржақты әрекетті үш цилиндрлi сораптарды («триплекс» типті сораптарды) шығаруға келтiрдi.

бұрғылау сораптарының құрылымы - student2.ru

13.4-шi сурет. Үш цилиндрлi бұрғыламасы сорған : сылауды 1-жүйе; 2-айдаушы бөлiк; 3-шток; 4-рама; сууды 5-жүйе; 6-гидравликалық бөлiк; штоктiң 7-тез ажырымалы Қосуы

Отандық сораптардың техникалық сипаттамалары 13.2 және 13.3 кестелерде берілген. 13.2-кестеде сондай-ақ үш цилиндрлі сораптар комплектіленетін қосымша сораптың параметрлері де келтірілген. Кірісінде қосымша сорапты және пневмокомпенсаторды қолдану жолымен үш цилиндрлі сораптардың енгізу қабілеті жақсаруымен қатар, сораптық қондырғының өзіндік массасы және тұтынатын энергиясы азаяды.

Күтім көрсетудiң еңбексыйымдылығы және комплектіленетін түйіндердің жиынтық құны көпбіне көрсетілген түйiндердiң типтеріне және санына тәуелдi болады. Сораптыңістен шыққанға дейінгі атқаратын жұмысы негізінен гидравликалық бөлігі түйіндерінің шыдам мерзімінен, ал массасы мен габариттері құрылымдық кинематикалық сұлбасынан анықталады. 13.4-кестеде сораптың жетектік және гидравликалық бөліктерінің негізгі түйіндерінің типтері мен саны келтірілген.Екі жақты әрекетті екі цилиндрлі сораптармен салыстырғанда үш цилиндрлі сораптың артықшылықтары ауыстырылатын тез тозатын бөлшектерініңқатынас сандары өте жақсы, берудің жоғары бірқалыптылығын қамтамасыз етеді. Поршеньдер мен төлкелерді тез ауыстыру мүмкіндігі оларлы пайдалануды қолайлы етеді, ал массасының 25-30% аз болуы өте жақсы монтаждық қабілетін қамтамасыз етеді, бұл әсіресе қуатты сораптар үшін өте маңызды.

Наши рекомендации