Тақырып.Интеграция және диверсификация корпоративтік стратегия бөліктері ретінде

1. Корпорацияның өсу және даму кезеңдері.

2. Вертикалды интеграция түсінігі және түрлері.

3. Интеграцияның артықшылықтары мен кемшіліктері.

4. Диверсификация түрлері және жолдары.

5. Басты офистің атқаратын рольдері.

Корпорацияның өсу және даму кезеңдері

1. бір ұлттық нарықта жеке бизнестке негізделу;

2. өз бизнесінде жетекші орын алу үшін вертикалды интеграцияны немесе жаһандық экспансияны қолдану;

3. бизнестің басқа түрлеріне бос ресурстардар инвестициялау жолымен әртараптандыру

Технологиялық тізбегінің кезеңдері және вертикалды интеграцияның бағыттары

Тақырып.Интеграция және диверсификация корпоративтік стратегия бөліктері ретінде - student2.ru

Вертикалды интеграцияның артықшылықтары мен кемшіліктері

Тақырып.Интеграция және диверсификация корпоративтік стратегия бөліктері ретінде - student2.ru

Диверсификация түрлері

Тақырып.Интеграция және диверсификация корпоративтік стратегия бөліктері ретінде - student2.ru

Диверсификация жолдары

u Ішкі капитал нарығы арқылы.

u Реструктуризация арқылы.

u Ерекше өнерді шаруашылықтың стратегиялық аймақтары арасына тарату арқылы.

u Функцияларды немесе ресурстарды бөлу арқылы.

Басты офистің ішкі капитал нарығында атқаратын рольдері

u Стратегиялық жоспарлау, корпорация портфелін қалыптастыру.

u Қаржылық мақсаттарды көздеп шаруашылықтың стратегиялық аймақтардың қызметін қадағалайды.

u Корпоративтік капиталды аймақтарға салады.

Тақырып.Бостон Консалтинг Тобының матрицасы.

БКГ матрицасы бойынша фирма орнын талдау

´ БКГ матрицасы– стратегиялық анализ бен жоспарлаудың инструменті. Бұл матрица компания тауарының маңыздылығын анықтау үшін Бостон консалтингтік группаның негізін қалаушы Брюс Д. Хендерсенмен құрылды. Бұл инструмент теориялық түрде дәлелденген. Оның негізіне екі концепция салынған: тауардың өмірлік цикліжәне өндіріс масштабыныңнемесеүйрену қисығының әсері.

´ Матрицада ось бойында нарықтың өсімі (вертикальді ось) және нарықтың үлесі (горизантальді ось) бейнеленеді. Тауарды өндіретін немесе сатумен айналысатын компанияларға тауардың төрт мүмкін рөлін белгілеу арқылы, бұл екі көрсеткішпен тауарды классификациялауға мүмкіндік береді.

БКГ матрицасы

Тақырып.Интеграция және диверсификация корпоративтік стратегия бөліктері ретінде - student2.ru

Стратегиялық үй шаруашылығы бөлімдерін классификациялау типтері: «жұлдыздар», «сауын сиырлар», «иттер» және «қиын балалар».

´ Жұлдыздар.Тауар көлемі мен нарықтағы үлесі жоғары. Нарықтағы үлесін сақтау және үлкейту керек. Жұлдыздар өте жоғары табыс әкеледі. Өсу қарқынының жоғарылығын сақтау үшін инвестиция тартады. Нарықтағы салыстырмалы үлестері жоғары және тез өсіп келе жатқан нарықтардағы компаниялар. Олардан түсетін пайда жоғары және олар перспективалы болып келеді.

´ Сауын сиырлар.Салыстырмалы нарықтық үлесі жоғары, бірақ баяу дамып келе жатқан салалардағы компаниялар. Сауын сиырларды сақтау және максималды түрде қадағалау керек. Олар қосымша инвестиция көзін тартуға мұқтаж емес және жоғары ақша кірісімен қамтамасыз етілген. Сатудан түскен игілікті қиын балалардың өсуіне немесе жұлдыздарды қолдауға бағыттауға болады. Бұлардың көпшілігі кешегі жұлдыздар.

´ Иттер.Нарықтағы салыстырмалы үлестері төмен және баяу өсіп келе жатқан салалардағы компаниялар. Бұлардың иттер деп аталуының басты себебі - олардың өсім перспективалары төмен, нарықтағы позициялары да мардымсыз. БКГ-ның ұсынысы бойынша бұл аймақта орналасқан компаниялар өнім жинап, қысқарту шараларын қарастыру қажет.

´ Қиын балалар.Нарықтағы үлесі төмен, бірақ өсу қарқыны жоғары компаниялар. Олар келешекте жұлдыздар, сондай-ақ иттер тобына жатуы мүмкін. Егер жұлдыздар тобына жатуға мүмкіндігі болса, инвестицияны тарту керек. Ал болмаған жағдайда мұндай компаниялардан құтылу жолдарын қарастыру керек.

Бостон Консалтинг групп матрицасы негізінде «РосИнтер Алматы» компаниясының мейрамханалары желісі нарықтағы салыстырмалы үлесі мен сату көлемінің өсу қарқыны бойынша жіктеліп, олардың әр қайсысына қатысты даму стратегиясын әзірлеу мүмкін болды. Матрицадағы ұқсас позицияларда орналасқан мейрамханаларға жиынтық стратегия мен маркетингтік шаралар қолданылады.

´ 1) Мейрамханалар желісіндегі «Планета Суши» және «Мокка Локка» мейрамханалары ағымдағы нарық конъюнктурасының әсерінен орындарын ауыстырды. Осыған орай бүгінгі таңда олардың неғұрлым табысты болуы үшін «Планета Суши» мейрамханасы қазіргі позициясын сақтап, франчайзердің қолдауымен тұтынушыларды тартуы қажет. Ал «Мокка Локка» мейрамханасының жағдайы оның нарыққа жаңадан келуіне байланысты, сондықтан тұтынушылардың сұранысы мен қызығушылығын арттыру үшін ақпараттық жарнама жүргізілуі керек.

´ 2)Нарықтағы орны нақтыланған кәсіпорындар ұзақ мерзімде ғана өзгеріске ұшырауы мүмкін, оған «Ростик’с» мейрамханаларының нарықтағы орнының өзгермегендігі дәлел болады. Бұл мейрамхана қызметінің ауқымы жанұялық сегментте кеңінен таралуда, сол себепті оның балаларға арналған ас мәзіріне қосымша сыйлықтар беру және тұрақты келушілерге жинақтау жүйесі негізіндегі дисконт карталарын ұсыну тиімді болуы мүмкін

´ 3) Ал «IL Патио» және «Амбар» мейрамханаларына нақты маркетингтік шаралар қолдану арқылы нарық үлесінің неғұрлым тұрақты бөлігіне қарай ығысуы қажет. Оған франчайзер жүргізетін мерзімдік жарнама шараларын жандандыру арқылы қол жектізуге мүмкіндік бар.

Тақырып.Интеграция және диверсификация корпоративтік стратегия бөліктері ретінде - student2.ru

Наши рекомендации