Тақырып. Мен және қоғам. 1. Дін қоғам және тұлғаның рухани байлығының бөлігі ретінде.

Дәріс жоспары (1 сағат)

1. Дін қоғам және тұлғаның рухани байлығының бөлігі ретінде.

Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп,шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша дін қырық – елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарларкульті мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері – сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерден ислам, христиан, иудаизм діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары бар. Дүние жүзі халқының дені, негізінен, әлемдік үш дінді (ислам, христиандық, будда) ұстанады. Сонымен қатар, маркстік атеизм және бүкіл дін атаулыны теріске шығаратын басқа да көзқарастар жүйесі ғылымда кейде шартты түрде теріс таңбалы діндер деп аталынады. Әрбір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында білімдер жинақтайды, ара – арасында ол заттар мен құбылыстар неге олай , дүние неге бұлай құрылған , адамның тууы мен өлімнің , бақыты мен қайғы – қасіретінің себебі неде деген сияқты мың- сан сұрақтар қояды өзі-өзіне. Сөйтіп, әрбір адамның санасында біртіндеп ол сұрақтар жайында трлеше ой – пікіррлер, көзқаратар қалыптаса бастайды. Адамның дүниетанымы дамып, тереңдеген сайын ақиқат айыруға болады, ар, намыс, борыш, жауапкершілік, әділеттілік пен әділетсіздік, зұлымдық пен қайырымдылқ дегеніміз не деген сияқты әлеуметтік сұрақтар да қалыптаса бастайды.

Бұл сияқты сұрақтар ға жауап беру үшін олар жайында дұрыс ұғым , дүниенің өзгерісі мен дамуы туралы кең көлемді көзқарас, ой – пікір керек. Дүние және адамның ондағы орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниеге көзқарас деп аталады.

Діни тұрғыдан, дін — бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды, болмысты толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Діннің шығуы қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша 40 — 50 мың жыл бұрынғы палеолит (тас дәуірі), яғни алғашқы қауымдық қоғамның салыстырмалы түрде жоғары деңгейдегі даму кезеңіне жатқызылып отыр

Антик заманының философиясы біздің эрамызға дейінгі VII – VI ғасырлар аралығында Кіші Азияның батыс жағалауындағы гректер салған балаларда өмірге келді.

Алғашқы материалистік ілімдер Кіші Азиядағы сол кездегі ең ірі қала – Милетте туды. Б. э. дейінгі VII ғасырдың аяғынан VI ғасырдың аяғына дейін мұнда үш ірі ойшыл – Фалес, Анаксимандр және Анаксимен өмір сүрді. Фалес (625-547 жж. шамасы) дүниедегінің бәрі судан пайда болады және суға айналады деген пікірді ұсынды. Су, оның ойынша , барлық заттардың табиғи негізі, барлық өзгерістер мен құбылыстардың иесі болып табылады. Суды дүниедегі барлық нәрселердің «алғашқы мәні», «бастамасы» деп құрастыру, Фалестің шәкірті Анаксимандр ( б. э. дейінгі 610-547 жж. шамасы) өзінің көп жылдық ізденістерінің нәтижесін « Табиғат туралы » шығармасында баяндап берді.

Ертедегі гректің тағы бір материалисі Анаксимен (б. э. дейінгі 585-525 жж. шамасы ) дүниеде бар нәрсенің бәрінің бастапқы біртұтас материалдық негізгі ауа деп санай отырып, өзінен б ұрынғылардың материалістік көзқарасын ілгері дамытты. Дүниенің бастапқы ауа болатын себебі, деді Анаксимен, ауаға тән қасиет – сүйылу мен қоюланудың арқасында балық заттар пайда болады. Ауа, Анаксименнінің түсінігінше, сондай-ақ тіршілік пен психикалық құбылыстардың да көзі, бастамасы болып табылады.

Дүниеге көзқарас ұғымы және оның тарихи типтері: миф (аңыз), дін, философия.Әрбір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында білімдер жинақтайды, ара – арасында ол заттар мен құбылыстар неге олай , дүние неге бұлай құрылған , адамның тууы мен өлімнің , бақыты мен қайғы – қасіретінің себебі неде деген сияқты мың- сан сұрақтар қояды өзі-өзіне. Сөйтіп, әрбір адамның санасында біртіндеп ол сұрақтар жайында трлеше ой – пікіррлер, көзқаратар қалыптаса бастайды. Адамның дүниетанымы дамып, тереңдеген сайын ақиқат айыруға болады, ар, намыс, борыш, жауапкершілік, әділеттілік пен әділетсіздік, зұлымдық пен қайырымдылқ дегеніміз не деген сияқты әлеуметтік сұрақтар да қалыптаса бастайды.

Бұл сияқты сұрақтар ға жауап беру үшін олар жайында дұрыс ұғым , дүниенің өзгерісі мен дамуы туралы кең көлемді көзқарас, ой – пікір керек. Дүние және адамның ондағы орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниеге көзқарас деп аталады.

Дүниегекөзқарас адамзат санасының , дүниетанымының қажетті бөлігі. Білім мен сенімнің , ой мен сезімнің , көңіл – күй мен мақсат – мүдденің , үміт пен ниеттің т.б. түрлі жақтарының бірігуі болып табылатын

дүниегекөзқарас адамдардың дүние және өзі туралы біртұтас ұғымдарының жиынтығы деуге болады. Дүниегекөзқарас дегеніміз шындық дүние және адам туралы, адамның мінез – құлқы мен іс — әрекеттері туралы ең жалпы ұғымдарды айқындап беретін пікірлер мен тұжырымдардың жиынтығы екен.

Дүниегекөзқарастың философиядан бұрынғы әлеуметтік – тарихи типтеріне мифология мен дін жатады.

Мифология – адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Онда бастамасы, діни сенімнің бастамасы, өнер мен адамгершілік қатынастар бейнеленді. Миф ( аңыз , ертегілер ) сананың әлі жіктелмеген біртұтас формасы болды

Мифология ( гректің mifos — аңыз , ертегі және logos — ілім, ұғым деген сөздерінен шыққан ) қоғам дамуының бастапқы сатыларына тән қоғамдық сананың формасы.

Эпос , ертегі , аңыздар, тарихи әңгімелер арқылы мифологиялық кейіпкерлер түрлі халықтардың рухани мәдениетіне — әдебиетіне, музыкасына, сурет – мүсін өнеріне енді. Олар қазақтың ауыз әдебиетінде, эпостық жырларында бар. Мифология қойып кеткен бұл дүниегекөзқарасты сұрақтарға жауап іздеудің барысында дін мен философияның жолы екіге айырылды.

Дін — дүниегекөзқарастың шындық дүниені бұрмалап бейнелендіруші формасы. Философия мен діннің жақындығы сол, ол екеуі де дүниегекөзқарастың қоғамдық тарихи формалары ретінде дүниені түсіндірудің және адамдардың санасы мен мінез құлқына ықпал жасаудың ұқсас міндеттерін шешеді. Алайда олардың бір – бірінен айырмашылықтары да орасан зор. Мыңдаған жылдар бойы терең діни сенімдегі адамдардың ішінде философиялық пайымдауы бар адамдардың саны болмашы ғана болды.

Философиялық пайымдауға ақыл – ой бостандығы тән. Діни көзқарас үстем болған ол жылдарда өздігінше еркін пайымдау жасауға тек тиісті білімі бар, ақыл – ойы жетік, рухани жағынан табанды адамдар ғана адамдар қабілетті болды. Ал адамдардың басым көпшілігінің дүниеге көзқарасы дін мен мешіт, шіркеу тағайындаған түсініктерден, адмгершілік мінез – құлық талаптарынан тыс шыға алмады. Тек білім мен мәдениет өскен , ғылыми прогресс іске асқан соңғы екі – үш ғасырда ғана философиялық көзқарас, зерттеулур кеңінен тарай бастады.

Діни соқыр сенімге негізделген, жақсылық пен жамандықты құдайдан ғана күтетін ол дүние туралы көзқараспен салыстарғанда, философия бірінші орынға бұл дүниені және ондағы адамның орнын білім мен ақыл – ой тұрғысынан түсіндіретін теориялық көзқарасты ұсынды. Сөйтіп, нақты бақылауға, логикалық талдау мен жалпылауға, дәлелдеу арқылы тұжырымдауға негізделген философиялық ой – пікір қияли мифологиялық бейнелер мен шындықты бұрмалаушы діни жалған сенімдерді біндеп ығыстыра берді. Алуан түрлі күнделікті тәжірибеге негізделген дүниегекөзқарастық ой – пікірлер мен тұжырымдамалар ғасырлар бойы және бүгінгі таңда үлкен рөл атқарып келеді.

Дін — адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы, адамзат танымының дүние мен жаратылысқа деген көзқарасты айқындайтын мифология, философия және ғылымнан ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеум. құбылыс. Діннің басты белгісі — адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабыл-дай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау. Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз — әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие — Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшегі екенін адам өз жүрегі арқылы сезетін болады. Діннің басты мақсаты — адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдаймен байланысын орнату болса, ислам тұжы-рымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп, шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және кінәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім — оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді (қ. Ислам). Діни тұрғыдан, дін — бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды, болмысты толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Діннің шығуы қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша 40 — 50 мың жыл бұрынғы палеолит (тас дәуірі), яғни алғашқы қауымдық қоғамның салыстырмалы түрде жоғары деңгейдегі даму кезеңіне жатқызылып отыр

Антик заманының философиясы біздің эрамызға дейінгі VII – VI ғасырлар аралығында Кіші Азияның батыс жағалауындағы гректер салған балаларда өмірге келді.

Алғашқы материалистік ілімдер Кіші Азиядағы сол кездегі ең ірі қала – Милетте туды. Б. э. дейінгі VII ғасырдың аяғынан VI ғасырдың аяғына дейін мұнда үш ірі ойшыл – Фалес, Анаксимандр және Анаксимен өмір сүрді. Фалес (625-547 жж. шамасы) дүниедегінің бәрі судан пайда болады және суға айналады деген пікірді ұсынды. Су, оның ойынша , барлық заттардың табиғи негізі, барлық өзгерістер мен құбылыстардың иесі болып табылады. Суды дүниедегі барлық нәрселердің «алғашқы мәні», «бастамасы» деп құрастыру, Фалестің шәкірті Анаксимандр ( б. э. дейінгі 610-547 жж. шамасы) өзінің көп жылдық ізденістерінің нәтижесін « Табиғат туралы » шығармасында баяндап берді.

Ертедегі гректің тағы бір материалисі Анаксимен (б. э. дейінгі 585-525 жж. шамасы ) дүниеде бар нәрсенің бәрінің бастапқы біртұтас материалдық негізгі ауа деп санай отырып, өзінен б ұрынғылардың материалістік көзқарасын ілгері дамытты. Дүниенің бастапқы ауа болатын себебі, деді Анаксимен, ауаға тән қасиет – сүйылу мен қоюланудың арқасында балық заттар пайда болады. Ауа, Анаксименнінің түсінігінше, сондай-ақ тіршілік пен психикалық құбылыстардың да көзі, бастамасы болып табылады.

Милет қаласы ( б. э. дейінгі V ғғ. басында ) саяси дербестікпен айырылуға байланысты ондағы философия күлдырап, оның дамуы тоқтады. Бірақ Милет материалистерінің ілімі Грецияның басқа қалаларындағы философтарға эор әсерін тигізіп, өз ізбасарларын тапты. Солардың бірі Эфес қаласынан шыққан Гераклит ( б. э. дейінгі 530-470 жж. шамасы) болды.

Гераклиттің ілімі бойынша, дүниеде бар нәрселердің бәрінің материалдық негізі от болып саналады: барлық нәрсе оттан жаратылады және ақыр соңында отқа айналады.Жан да отттан пайда болады.

Ертедегі Грецияда сонымен қатар айтарлықтай дамыған идеялистік бағыт та болды. Идеализмнің ең алғашқы негізін салған Пифагор ( б. э. дейінгі 580-500 жж. шамасы) болды. Оның пікірінше, барлық заттардың мәні – олардың санында , сандық қатынастарында, өйткені бүкіл әлем соларға тәуелді. Пифагор өз ілімін негіздеу үшін Милет мектебінің материалистік көзқарасын сынға алды.

Ертедегі Грецияда материализмнің одан әрі дамуы Демокриттің ( б. э. дейінгі Ү ғ.) есімімен, ол тұжырымдаған материяның атомдық теориясымен тығыз байланысты. Бұл теория бойынша, барлық дүниедегінің негізі – сансыз көп атомдарда. Атомистер дүниені әрі қарай бөлінбейтін бөлшектер – көзге көрінбейтін аса ұсақ атомдардан тұратын біртұтас дүние деп түсіндірді.

Материяның мәңгі қозғалысының ішкі себептерін ашып беретін Демокриттің атомистік теориясынан одан әрі дамытқан Эпикур ( б. э. дейінгі 341-270 жж.) болды. Атомдар қозғалысының себебі, деді ол, олардың ішкі қасиеті – ауырлығы. Атомдар түзу сызық бойымен қозғалғанда одан өздігінше ауытқуға қабілеттілігі жайындағы Эпикур пікірінің ерекше зор маңызы болды, өйткені атомдардың өздігінше қозғалуы жайындағыоның бұл идеясы материализмнің дамуына қосылған үлкен үлес болып табылады.

Демокрит пен Эпикурдың материалистік идеяларын кейіннен ілгері дамытқан ертедегі Рим философы Тит Лукреций Кар ( б. э. дейінгі 95-55 жж.) болды. Лукрецийдің ойынша, әлем уақыт пен кеңістік жағынан шексіз, ал оған енетін дүниелер, оның ішінде Жер де, оның құратын барлық бөлшектер де уақытша өмір сүреді, өткінші.

Материалистік көзқарасқа қарсы идеализм қалыптасты. Объективтік идеализм ілімдерінің пайда болуына әсерін тигізген алғашқы ірі ойшыл афиндік Сократ ( б.э. дейнгі 469-399 жж.) еді. Мүсіншілік кәсіппен айналысқан Сократ өзі жазбаша түрде ештеңе қалдырған жоқ – ол өз ілімін әңгімелесу және пікір таластыру түрінде ауызша баяндады. Сондықтан оның

ілімінің мазмұнын шәкірттері мен замандастарының , әсіресе шәкірті Платонның т.б. ол жайында қалдырған пікірлер салыстыру арқылы анықтауға болады. Сократ философияның негізгі мәселесін идеалистік тұрғыдан шешті.

Сократттың философияның ілгері дамытқан аса ірі идеалист Платон

( б.э. дейнгі 427-347 жж.). Ертедегі грек идеализмі Платонның философиясында тұңғыш рет материализмге қарама – қарсы дүниегекөзқарас формасында көрінеді.

Оңдаған ғасырларға созылған феодалдық қоғам өмірінің соңына қарай

( ХV-XVI ғ.) Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде өнеркәсіп, сауда – саттық, теңізде жүзу ісі т.б. дами бастады, ол техниканың, жаратылыстанудың, математика мен механиканың дамуын тудырды. Қолөнер өндірісінен машина өндірісіне өту басталды. Капиталистік өндірістік қатынастардың одан әрі дамуы ХV ғ. аяғы мен XVI ғ. басында ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуына алып келді. Бұл бағытты Қайта өрлеу дәуірінің аса ірі ойшылдары Н. Кузанский (1401-1464), Н. Коперник (1473-1543), Дж. Бруно (1548-1600), Г. Галилей (1564-1642) және т.б. жақтады.

Бұл дәірде жаңа мәдениет – гуманизм пайда болды. Мәселен, Николай Кузанский адамның дүниетану қабілетінің шексіздігін атап көрсетті, адамды ақыл – ойының жасампаздық қабілеті жағынан құдайға ұқсатты.

Коперниктің теориясы дүниеге материалистік көзқарастың айтырлақтай тереңдей түсуіне көмектесті . Әлемнің қозғалмайтын орталығы Жер, ал жұлдыздар мен Ай , Күннің бәрі Жерді айналып жүреді деген Аристотель — Птолемейдің геоцентрлік теориясын, оны жақтаған діни көзқарастың жалғандығын дәлелдеп берген поляктың ұлы ғалымы Николай Коперниктің гелиоцентрлік теориясы ғылымдағы ірі революциялық төңкеріс болды.

Қайта өрлеу дәуірінің қажеті тудырған алыптарының аса бір көрнектісі Дж. Бруно философиялық танымның мақсаты құдайды емес, табиғатты танып- білу деп есептеді, мұнымен қатар ол табиғаттын шексіздігін және әлемдік дүниенің шексіз көптігі жайында идеялар айтты. Таным теориясында Бруно адамды табиғатын ажырамас бөлігі ретінде қарастыра отырып , ол сырықты дүниені, табиғаты бейнелейді деп есептеді. Бірақ ол сезіммен ақыл- ойды бір — біріне қарама — қарсы қойды: сезімдік қабылдау – танымның сенімсіз негізі, тек ақыл – ой ғана нағыз білімнің көзі деп есептеді.

Классикалық механиканың негізі болған эксперименттік – теорилық жаратылыстанудың бастамасын салған Г. Галилейдің ғылыми – философиялық қызметі Еуропада филисофиялық ойдың дамуының жаңа кезеңінің бастамасын – механистік және метафизикалық материализмнің іргетасын қалады. Галилей ашқан астрономиялық жаңалықтар, ең алдымен Юпитердің спутниктерін ашуы, Коперниктің гелиоцентрлік теориясының ақиқаттығын көрнекі түрде дәлелдеді . Таным процессінде ол екі тәсілді: анализді ( талдау ) және одан кейін жүретін синтезді ( біріктіру ) пайдалану қажет деп есептеді. Ақиқат білім – синтездеу мен анализдеудің, сезімдік пен абстрактылықтың бірлігінің нәтижесі. Сондықтан табиғатты таным – білуде адам тек өзінің ақыл – ойын ғана басшылыққа алуы тиіс, оған дін араласпауы керек , өйткені ғылымның объектісі – табиғат пен адам,

ал дінннің қарастыратыны « дінге бой ұсыну мен тіл алғыштық», діни адамгершілік нормалары. Радикалды ағымдардың шығуына және таралуына жергілікті әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелердің шешілмеуіде әсерін тигізетінін естен шығармау керек. Барлығын «ислам экстремизміне» итере салуға болмайды. Экстремизмнің саяси, ұлттық түрлері бар екенін ұмытпағанымыз жөн.

Әдебиетте, әсіресе ақпарат құралдарында діни экстремистік ұйымдардың әрекетіне тиым салу керектігін көп ұсынады. Шындығында, елімізге әлемнің әр түпкірінен келген миссионерлер жаңа ағымдардың артықшылығын үгіттеуде. Әрине, оларға тиым салу керек, сонымен бірге жастарға ислам туралы түсінігін тереңдету мақсатында діни және зайырлы мекемелердің бірлескен насихат қызметі өнімді нәтиже берген болар еді.

2. Әртүрлі діндердің ізгілікті негіздері

Дүние жүзінің діни жүйесінде анағұрлым кең таралған дін түрі - христиандық, біздің дәуірімізге дейін I ғасырда пайда болады Иудейде – Рим империясының шығыс провинциясында. Христиандық негізінде - құдай-адам Иисус Христ туралы ілім, оның ұлы Құдаймен, яғни адамдарға мейірімді әрекеттерімен келіп, өмір сүрудің қағидаларын алға тартады. Ол адамдардың күнәларын кешіріп, дін жолымен олардың көрген қорлықтары мен қиындықтарын крест арқылы жеңілдету шараларын жолға қояды . Христиандардың Қасиетті Жазбасы - Библия өз алдына мынадай әңгімелер жиынтығын құрайды, яғни Құдай адамды іздеген, бұл Құдайдың адамдарға қарата айтылған пікірі.

Христиандық – күнә идеясы мен адамдарды құтқару. Адамдар құдайдың алдында күнәһар, бұл нақты айтқанда оларды тепе-тең қалыпқа түсіреді. Христиандық адамдарды әлемнің бүлінуі мен қатыгездіктен қорғап, әділдік пен қайырымдылыққа шақырды. Қатыгездік әрдайым жазаланады, ал мейірімділік әрекеттер марапатталады, жоғарғы сот жүзеге асады және әр тұлға өзінің іс-әрекетіне қарай лайықты жазасын алады [3].

1054 жылы христиандық шіркеудің негізгі алғышарттары жүзеге асады, ыдырау сипат алады Шығыс (православ орталығымен Константинопольдегі (қазір Стамбул) және Батыс (католиктік) Ватикандағы орталығымен. Анағұрлым берік ұстаным христиандық Еуропа, Америка және Австралия елдерінде сақталады. Православ негізінен шығыс Еуропа мен Жақын Шығыс халықтарыныңі арасында нақты орын алады. Православ өкілдерінің ішінде анағұрлым сандық көлемі жағынан көп ұлттар — орыстар, украиндықтар, белорустар, гректер, румындар, сербтер, македондықтар, молдавандар, грузиндер, карелдер, коми, сол сияқты Поволжья халықтары (мари, мордва, удмурттар, чуваштар). Православтардың ошағы АҚШ-та, Канадада, Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде орын алады. Католиктік Солтүстік және Оңтүстік Америкада кең таралған. Католиктерге итальяндықтар, испандықтар, португалдықтар, француздардың бір бөлігі, белгиялықтардың көп бөлігі, австриялықтар мен немістердің бір бөлігі енеді (ГФР оңтүстік өңірі), поляктар, литвалықтар, хорваттар, словендіктер, венгерлердің көп бөлігі, ирландықтар, украиндықтардың кейбір бөліктері ( униаттық немесе грек-католиктік негізде). Азиядағы католиктіктің ірі ошағы болып Филиппиндер саналады (испандық отарлаушылардың ықпалы). Көпшілік католиктер Африка, Австралия, Океания елдерінде [4].

Әлемдік діндердің ішіндегі ең жасы - ислам, б.э.д. VII ғасырда бастау алып, Арабия жартылай аралының араб тайпаларының арасында негізі қаланады. Исламның ізбасарлары - 1 млрд-тан астам адам. Негізін қалаушы – Мұхаммед, тарихи тұлға, 570 жылы Мекке қаласында дүниеге келеді. Меккеде аса құрметті деп саналатын орын болды, араб тілінде — Қағба. Мұхаммедтің анасы оған алты жас толғанда қайтыс болады, әкесі ұлы туғанша қайтыс болады. Мұхаммед атасының қолында тәрбиеленеді, көпке қадірлі, бірақ кедей тұрады. 25 жаста ол күйеуі қайтыс болған бай әйел Хадиджаның шаруашылығын басқарушы болады, біраз уақыттан кейін оған үйленеді. 40 жасында Мұхаммед діни уағыздаушы ретінде халықтың алдына шығады. Ол өзін Құдайдың (Алла) пайғамбары етіп тағайындағанын түсіндіреді. Уағыз Меккенің басында отырғандарға ұнамайды, Мұхаммедке 622 жылы Ясриб қаласына қоныс аударуға тура келеді, кейінірек Медине атауына өзгертіледі. 622 жылы мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша жыл басы, ал Мекке — мұсылман дінінің орталығы болып саналады. Мұсылмандардың қасиетті кітабы Құран өз алдына Мұхаммед пайғамбардың уағыздарының өңделген жазбасын құрайды. Мұсылмандардың аят-хадистерінде Суннаның рөлі ерекше – Мұхаммед пен Шариаттың өмірлері туралы өсиет әңгімелерден тұрады — мұсылмандар үшін міндетті болып саналатын ережелер мен принциптердің жиынтығы. Мұсылмандар үшін ең үлкен күнәнің бірі -өсім алушылық, араққа салынушылық, құмар ойындары мен ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген адалдықтарының болмауы. Адамдар мен жануарларды бейнелеуге тыйым салынды, сол үшін мұсылмандардың мәдени ғимараттары – мешіттер – тек қана ою-өрнекпен көмкеріліп, безендіріледі. Исламда руханилықтың қағидалары басшылыққа алынады. Молда (дін қызметкері) кез келген мұсылман болып саналады, ол Құранды жақсы білуі қажет, сол сияқты мұсылмандық заңдар мен құдайға сыйынудың ережелері мен қағидаларын меңгеруі шарт. Мұсылманның ислам шарты бойынша негізгі міндеттері бесеу –ғибадат ету, құлшылық, дұға оқу, садақа беру және қажылық [5].

VII ғасырдың екінші жартысында негізі қаланған ислам екі тармаққа жіктелген: суннизм мен шиизм. Сунниттер мұсылмандардың 80% -ға жуығын құрайды. Шиизм Иран мен Оңтүстік Иракта бар. Бахрейнде, Йеменде, Азербайжанда және Тәжікстанның тұрғындарының жартысы — шииттер.

Суннизм мен шиизм бірқатар секталардан тұрады. Суннизмнен ваххабизм шықты, ол Сауда Аравиясында күшіне енген, шешендер мен Дағыстанның кейбір халықтарының арасында кең таралған. Негізгі шииттік секталар - зейдизм мен исмаилизм, атеизм мен буддизмнің ықпалы басым [4].

Әлемдік діндердің ішінде ең ежелгісі - буддизм, яғни Үндістанда б.э.д. І мыңжылдықтың ортасында туындаған. Одан кейін Үндістанда 15 ғасыр бойы билік еткен буддизм орнын индуизмге береді. Алайда буддизм широко Азияның Оңтүстік-Шығыс елдерінде кең таралады, сол сияқты Шри-Ланкаға, Қытайға, Кореяға, Жапонияға, Тибетке, Монголияға таралады. Буддизм жақтастарының саны жуық шамамен - 500 млн. адам. Негізін салушы - Сиддхартха Гаутама Шакъямуни, халық арасында – Будда атауына ие, бұның мағынасы – көңілі көтеріңкі, шаттанған, ол княз отбасынан болады. Ол өте ауқатты отбасында өмір сүреді және 29 жасқа келгенше сарайдың маңынан шықпайды. Жан-дүниесінің түрткісі жас сұлтан үшін төрт кездесу болып саналады. Ең басында ол қартайған шалды көреді, әрі қарай қиналыстары мен өлу сәтіндег жағдайларды елестетеді. Осылайша Гаутама кәрілікті, сырқаттылық пен өлімді біледі — бұл барлық адамдарға лайықты екендігін аңғарады. Содан кейін ол кедейліктің күйін кешкен шалды көреді, оған бұл өмірден еш нәрсенің керегі жоқ. Бұның барлығы жас сұлтанды қатты ойға батырады, адамдардың тағдырлары туралы терең ойға батырады. 29 жасында ол тақуа жанға айналып, өмірдің сырын ұғынғысы келеді. Терең ойлау мен пайымдаудың нәтижесінде ол 35 жасында Будда атанады — кемеңгер тұлғаға айналады. Буддизмнің негізгі идеясы – 4 ізгілікті, игі шынайылық болып саналады: өмір – бейнет, азап шегу; бейнет, азап шегу себептері - адамдардың ынта-жігері мен ұмтылыс-құштарлықтары; азаптардан құтылуға болады, яғни лайықты жолдары мен амал-тәсілдері бар.

Христиандық пен исламнан айырмашылығы буддизмде Құдайды әлемнің жаратушысы және оның басқарушысы деген идея орын алмайды. Буддизм ілімінің мәні әр адамды ішкі еркіндікті іздеу жолына шақырады, өмірде ізгі жолдарды серік етуге жұмылдырады [5].

Бірінші мыңжылдықтың басында буддизм екі тармаққа ажырады. Олардың біріншісі- тхеравада, немесе хинаяна, — сенушілерден тақуалық жолдан өтуге шақырады. Олардың ізбасарлары — тхеравадиндер —Мьянмде, Лаоста, Камбоджада және Таиландта өмір сүреді (бұл елдердің 90%-ға жуық тұрғындары ), сол сияқты Шри-Ланка тұрғындары ( 60%).

Буддизмнің тағы да бір тармағы — махаян — миряндықтардың да қорғануға дәрмені бар екендіктерін айғақтайды. Махаян ізбасарлары көбінесе Қытайда (оның ішінде Тибетте), Жапонияда, Кореяда, Непалда. Буддистердің кейбіреулері Пакистанда, Үндістанда, сол сияқты Солтүстік және Оңтүстік Американың қытайлық және жапондық иммигранттарының ортасынан да табылады.

Буддизм діні және оның саясаты

Буддизм - [санскритше - buddha күнәдан арылған, әулие] - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрд-қа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т. Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Даналардың үш қат қауашағы") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекешеліктері бар.Буддизмде дүниені жаратушы қүдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет:

1. өмір - азап;

2. азап нәпсіден туады;

3. нәпсіні ауыздықтаса, азаптан құтылады;

4. нәпсіден құтылудың төрт сатысы бар:

1. жүректің оянуы;

2. ниет, ақыл, ойды түзету;

3. мінез-құлықты түзету;

4. адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа, махаб- батқа жету (аһимса - адамға, тіршілік иесіне жамандық жасамау, соның бірі көрінісі).

Аһимсаны жүзеге асыру үшін Буддизм Веданы жоққа шығарады. Будда ілімінде этика мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Буддизмнің негізіне қоршаған ортадан бөлінбей қарастырылатын жеке адамды дәріптеу және болмысты бүкіл дүниемен байланысып жатқан ерекше психологиялық процесс ретінде қабылдау принциптері алынған. Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар - хинаяна және махаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу ай- налымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. V ғ. - б.з. басы); екінші, бодхисаттава - құтқару- шы көмегімен қүтылу; үшінші, махая- на (б.з. V ғ.-ына дейін) кезі. Махаяна не- гізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ.-дан кейін). Ол ваджраяна деп аталады. Азияның көптеген елдерінде Буддизм қазіргі кездің өзінде қоғамдық және жалпы мемл. өмірге елеулі ықпал етіп отыр. Бүл елдердің бірқатарында Буддизм мемлекеттік дін болып есептеледі. Империалистер Буддизмнің ықпалын ескере отырып, бүл дінді өзінің реакцияшыл саяси мақ- саттарына пайдалануға тырысады. Соңғы он жылдықта необуддизм неме- се метабуддизмнің бірқатар жаңа ба- ғыттары пайда болды. Қазіргі уақытта будда үйымдары Азия елдерінде эр түрлі әлеуметтік рөл атқарады. Олардың кейбіреулері отаршылдыққа қарсы, үлттық тәуелсіздік үшін күреске белсене қатысуда. Біздің елімізде будда ламаиттердің ізін қуушылардың шағын топтары Қалмақ, Бурят, Тува АССР-лерінде түрады. Буддизмң көзқарасына дүниеден безушілік, жеке даралық тән. Қанаушы қоғамда байлық, күш, өкімет кімнің қолында болса, соған жалбыры- ну жер бетіндегі азап шеккені үшін күнәдан қүтқарады деп түсіндіреді. Сондықтан адам өткінші, жалған өмір сүретін мысал денесін ойламай, мәңгі өмір сүретін жанын қүтқарудың қамын ойлауы керек. Бүл - қанаушылармен келісуді уағыздайтын Буддизм діннің реакциялық жақтарынан бірі. Ол дінді қабылдаған елдердің өміріне едәуір ықпал жасады. Буддизмң таралуы синкретикалық мәдени комплекстердің қүрылуына эсер етті. Бүлардың жиынтығы будда үйымы - 1950 ж. қүрылған буддашылардың дүниежүзілік бауырластығы.

2.2. Ислам діні және оның тарихы, негізгі кағидалары мен әдет-ғұрпы.

Құран

Ислам (арабтың – Аллаға тәуап ету, мойынсұну сөзі) – әлемдік діндердің бірі. ҮІІ ғасырда таптық араб мемлекеттері орныға бастаған тұста Батыс Аравияда пайда болған. Исламның діни уағыздары Құранда баяндалады. Бұл кітап Жаратушы Алладан Мұхаммед пайғамбарға түскен. Исламның негізгі ұстанған жолы – жалғыз құдайды – Алланы ғана мойындау. Ислам ақиқат және ең ақырғы дін. Қазақ өзін «мұсылманмын» деп санағанымен, исламнан бұрынғы діндердің де дәстүрлерін ұстанады.

Қазақтар әулие-әнбиелердің бейiттерiне барады, құран оқиды, сыйынады. Қиын жағдайға душар болғанда, әулиелердің мазарына барып құрбандық шалып, көмек сұрап жалбарынады. Мұндай қасиетті жерлер Қазақстанда көп. Халық оларға қазір де сенеді. Атақтысы – Қожа Ахмет Яссауидың кесенесі, ел аузында «Мәдинеде – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет» деген сөз бекер сақталмаған.Түркістанда Арыстан бабтың кесенесі бар. Арыстан баб – Қожа Ахмет Яссауидың рухани ұстазы болған. «Түркiстанда – түмен Баб, ең үлкенi – Арыс-тан Баб» деген де сөз бар. Ақтау қаласынан үш жүз шақырымдай жерде Бекет ата мазары, Қызылордада Оқшы ата мазары орналасқан.

Негізгі қағидалары

Исламда бес парыз бар:

1. Аллаһтан басқа тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммед (с.ғ.с) (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) Аллаһтың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беру;

2. Бес уақыт намаз оқу;

3. Зекет беру;

4. Шамасы жетсе, қажылыққа бару;

5. Рамазан айы бойы ораза тұту;

Ол парыздар мұсылманның мойнына бойжеткеннен бастап жүктеледі.

Наши рекомендации