Азақстан-2020» ҚР Жастар саясаты туралы мемлекеттік бағдарлама.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жас ұрпақтың ойдағыдай әлеуметтенуі
мемлекет назарында болды және қала береді. 1994 жылы Қазақстан Бала құқықтары
туралы конвенцияны ратификациялады. Қазақстан Республикасы Президентінің
1999 жылғы 28 тамыздағы ӛкімімен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
Жастар саясатының тұжырымдамасы мақұлданды. Кейіннен аталған құжатты
үкімет қабылдаған соң 2001 жылдан бастап бірқатар бағдарламалар, оның
ішінде «Қазақстан жастары», «Жастар саясатының 2003–2004 жылдарға арналған
бағдарламасы», «Жастар саясатының 2005–2007 жылдарға арналған бағдарламасы»,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық тәрбиелеудің
2006–2008 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылды. Аталған бағдарламалардың
Бәрі жастардың білім, еңбек және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау саласындағы
Әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, шығармашылық әлеуетін дамытуға,
Жастарды ауқымды әлеуметтендіру және патриотизм құндылықтарын қалыптастыру
Үшін жағдай жасауға бағытталған. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
Жастар саясаты туралы» 2004жылғы 7шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының
Қабылдануы жастар саясатын одан әрі іске асырудың институционалдық негізіне
айналды. 2010жылдан бастап жастар саясаты Білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде іске асырылуда.
2008 жылы «Нұр - Отан» халықтық – демократиялық партиясының (бұдан әрі
– «Нұр - Отан» ХДП) «Жас Отан» Жастар қанаты I съезінің қорытындысы бойынша
Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Жастар саясаты жӛніндегі кеңес
құрылды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастар ұйымдарының
бастамаларын қолдау мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі
болып табылды, өткен 7 жылда оның көлемі 10 еседен астам өсті. Білім және ғылым министрлігінің құрылымынан Жастар Ісі комитеті мен Астана, Алматы қалаларының және облыстардың жастар саясаты Мәселелері бойынша басқармаларының құрылуы мемлекет пен жастардың өзара Іс – қимыл жасау процестерін жетілдірудің келесі кезеңіне айналды. Жалпы алғанда, Қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жақсартуға, болашақ Ұрпақтың қалыптасуы мен жан – жақты дамуына тек арнайы жастар бағдарламалары Ғана емес, бүгінде елімізде іске асырылып жатқан білім беруді, денсаулық сақтауды, Тілдерді дамытудың, үдемелі индустриялық – инновациялық дамудың ауқымды Мемлекеттік бағдарламалары; «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан», «Жұмыспен Қамту – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Қол жетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламалары бағытталған. Демографиялық ахуал Ел тұрғындарының 26% -дан астамын 14 – 29 жас аралығындағы Қазақстан жастары
құрайды. 2012 жылы олардың саны 4,4 млн. Адамға жақындады. Облыс, сондай-ақ
республикалық маңызы бар қала тұрғындарының жалпы санынан жастардың ең қомақты үлес
салмағы Астана және Алматы қалаларына, сондай-ақ Ақтөбе облысына тиесілі, мұнда 14–29жас
аралығындағы жастар 29%-ды құрайды. Тұрғындардың жалпы санынан жастардың ең аз
үлес салмағы Солтүстік Қазақстан облысына – 22%, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды
және Павлодар облыстарына – 24% келеді. Қазақстан жастарына білім деңгейінің жоғары
болуы тән. Жоғары білімі бар жастардың саны соңғы онжылдықта 3 есе, арнаулы орта білімі
бар жастардың саны 2 есе дерлік өсті. Жоғары білімі бар ауыл жастарының саны 6 есе,
қала жастарының саны 4 есе өсті. Тұтастай алғанда, Қазақстан жастарының 40 % -ының
жоғары, аяқталмаған жоғары және арнаулы орта білімі бар. Жастар ұйымдары Соңғы онжылдықта елімізде олардың саны 7 еседен астам өсті. Қазақстан жастар конгресі (2002)
және «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты (2008) сияқты бұқаралық ұйымдарға жастардың шоғырлану процесі жалғасуда. 2005 жылы «Қазақстан студенттерінің
альянсы» студент жастардың қоғамдық бірлестігі құрылды. 2011 жылдан бастап «Қазақстан
жас депутаттарының қауымдастығы», ал республиканың бүкіл өңірлерінде– жастар
мәслихаттары жұмыс істейді. 2011 жылы «Жас Қыран» және «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа ұйымдар пайда болды, олардың басым міндеті патриоттық
тәрбиелеу болып табылады. Бірқатар жастар бағдарламалары мен бастамалары:
«Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға!», «Жастар кадрлық резерві»,
«Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар - Отанға!» іске асырылуда, олар мол қоғамдық
Оң резона нсқа ие. Жұмыспен қамту Еңбек Және жұмыспен қамту саласында мемлекеттік жастар саясаты жастарды жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарды дамыту және жастарды кәсіптік даярлық пен біліктілікті жоғарылату курстарында оқыту бағдарламаларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады. 2011 Жылы 15 жастағы және одан үлкен экономикалық белсенді тұрғындардың саны 8,8млн. Адамға жетті. Жұмыспен Қамтылғандар құрылымының (8,3 млн. адам) шамамен үштен бір бөлігін (30,5 %) 25– 34 Жастағы адамдар және 14,5% -Ын 15–24 Жас аралығындағы жастар құраqды. Жұмыспен Қамту құрылымында жалдамалы еңбек қала жастарында 78,3% Ға басым, ауыл жастарында 40,9%. Орта Мерзімді кезеңде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (2005 Жылдан бастап) 13,4–4,6% Шегінде (жұмыссыздықтың Жалпы деңгейі 8,1–5,4%)болды. 2012 жылы жастарарасындағы жұмыссыздық деңгейі (4,6%) Көп жылдардан бері алғаш рет жұмыссыздықтың жалпы деңгейінен (5,4%) төмендеді. Жастар Жұмыссыздығының деңгейі қалаларда жоғары. 2011 Жылы ол 5,6%, Ал ауылда мемлекеттік жастар саясаты қоғам өмірінде тұрақтандырушы рөл атқарды, жастарға көп кездесетін өмір ағымының қиындықтарын жеңілдетуге мүмкіндік берді, жастардың әлеуметтенуіне жағдай жасады.
Европаға жол» атты Қазақстанның мемлекеттік бағдарламасы. ЕҚЫҰ - құрамына кіруі, төрағалық қызметі және оның нәтижелері.
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) (ағылш. Organization for Security and Co-operation in Europe) — саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты — жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік. 3500 астам қызметкерлерінің басым бөлігі жерлердегі істермен айналысып, ал оның 10 %-ға жуығы бас пәтерде отырады.
ЕҚЫҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымы астындағы ад хок (Ad hoc) ұйым (VIII тарау), алдын ала ескерту, шиеленістерді тоқтату, тоқырау-менеджментіне және пост-конфликттік реабилитация істеріне аса назар аударады. Ұйым Еуропа, Кавказ, Орталық Азия, Солтүстік Американың 56 мемлекеттерін, яғни солтүстік жарты шардың көп елін қамтиды. Ұйым қырғи-қабақ Соғыс кезінде Батыс — Шығыс форумы ретінде құрылған.
Қазақстан бұл ұйымға 1992 ж. қаңтардың 30-ы мүше болып Хелсинкидегі Соңғы Актіне шілденің 8-де қол қойды. 2009 жылы осы Ұйымды басқару үшін ниет еткен Қазақстан негізінен тек екі ел — АҚШ пен Құрама Патшалық қарсылығына тап болды. Осы елдердің ойынша Қазақстан адам құқығын, демократиялық құндылықтарды қорғау жөнінде әлі де көп еңбек ету керектігі айтылған. Қазақстан кандидатурысын ТМД елдерімен қатар Батыс Еуропа елдерінің көбісі (Германия, Италия, Нидерланд және Франция) қолдауда. Қарашаның 29—30 Мадридте ЕҚЫҰ мүше-елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 15-ші отырысында компромисс ретінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқысы болып ЕҚЫҰ төрағалығына 2009-да емес, 2010 жылы ие болатындығы хақында шешім қабылданды.
20 ғасырдың 70-жылдары Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес негізінде құрылды. 1994 жылы Будапештте өткен мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесуінде аталған кеңесті Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым деп атау жөнінде шешім қабылданды. Бұл — Еуропа, Азия және Солтүстік Америка құрлығының 55 мемлекетімен консенсус (бір ауыздылық) негізінде келіссөздер, кеңесулер өткізіп, саяси шешімдер қабылдауға арналған көп тарапты құрылым. Мүше мемлекеттер басшыларының кездесулерінде ұйым қызметінің басты бағыттарын айқындайтын негізгі құжаттар қабылдайды. Мұндай кездесу 2 жылда 1 рет өткізіледі. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Министрлер кеңесі мән-маңызы жағынан екінші басшылық органы болып саналады. Оның мәжілісі мемлекеттер басшылары кездесуінің аралық кезеңінде жылына 1 рет өтеді. Басшылық кеңесі саяси және жалпы бюджеттік сипаттағы мәселелерді талқылап, нақтылайды, оның мәжілісі Прага қаласында өтеді. Сондай-ақ, ол Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның экономикалық форумы ретінде де шақырылады. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Тұрақты кеңесі — ағымдағы саяси шешімдерді қабылдайтын негізгі жұмысшы орган. Мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдерінен құралады. Оның апталық мәжілістері Венада өтеді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым органы — Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумы шеңберінде қарулану мен қарусыздануға бақылау орнату, өзара сенім мен қауіпсіздікті нығайту жөнінде келіссөздер жүргізеді. Ұйымның лауазымды басшысы — бас хатшы, оны Министрлер Кеңесі 3 жыл мерзімге тағайындайды. Сондай-ақ, ұйымның құрамында Аз ұлттардың ісі жөніндегі 9 жоғарғы комиссар, Демократиялық институттар мен адам құқылары жөніндегі бюро және Парламенттік ассамблея бар.