Бюджеттің айқындалуы мен атқарылуының түсінігі және принциптері. Секвестр түсінігі

Бюджетті аткару маңында бюджеттік құралдарды жұмылдыру мен оларды пайдалану бойынша Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеттері түсініледі. Бұл әрекеттеріне бюджетке түсімдерді қамтамасыз ету, бюджеттік ақшаларды жұмсау, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, бюджет тапшылығын қаржыландыру немесе профицитті пайдалану және бюджеттік процесті іске асырумен байланысты басқа да операциялар жөніндегі шаралар кешені кіреді.

Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган болып Қазақстан Республикасынын Қаржы министрлігі табылады. Бюджеттік кодекске сәйкес бұл министрлігі республикалың бюджетті атқаруын қамтамасыз етеді және жергілікті бюджеттер атқаруына байланысты іс-әрекетті іске асырады.

Бюджетті атқару кассалық негізде және бюджет аткару принциптерінің талаптарына сәйкес іске асырылады. Бюджеті кассалық атқару деген ол бюджетке түсімдерді есепке алу мен бюджеттен төлемдер төлеу жөніндегі есеп-шоттағы барлық операциялар Қазынашылык (казначейлік) комитет немесе уәкілетті банк арқылы іске асырумен маңыздалады. Біздің елде бюджетті кассалық атқару Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне жүкгелген.

Бюджеттік кодексте бюджетті атқарудың төрт принципі белгіленген - бюджеттік құралдарды максатты және бірқалыпты пайдалану, кассаның өз уакытындалығы мен ынтымақтылығы. Бюджеттік құралдарды мақсатты пайдалану принципі деген ол бюджеттік құралдар тек бюджеттік бағдарламалар паспорттары және мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық келісімдерімен қарастырылған шараларға пайдалануы мүмкін екеніне маңыздалады. Бюджетті бірқалыпты атқару принципі жыл соңында төлемдер көлемі көп болмауына байланысты бюджеттік құралдардың қаржы жылы бойы бірқалыпта бөлінуі тиісті болуын талап етеді. Өз уақытындалық принцип бюджеттік құралдарды есепке алу мен пайдалану бойынша барлық операциялар белгіленген мерзімде іске асырылу тиіс болуын талап етеді. Кассаның ынтымақтылың принципі деген бюджет жүйесінің барлык деңгейлері бойынша барлық түсімдер мен қарастырылған шығындар бойы барлық төлемдерді есепке алу Ұлттық валюта негізінде бірыңғай қазынашынық шоттан іске асыруына маңыздалады.

Бюджеті аткару процесінің барысында биліктің атқарушы органдары бюджеттік комиссиялар жасаған ұсыныстарды есепке ала отырып бюджет көрсеткіштеріне өзгерістер мен түзетулер шгізулері мүмкін. Осындай тиісті қаржы жылғы республикалық бюджет жөніндегі заңға және жергілікті бюджеттер жөніндегі маслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу процесін бюджеттің айқындалу процесі деп аталады. Мұндай бюджеттің айқындалуы ең алдымен бюджеттер құралдары арқылы белгіленген көлемдерден артық қосынша шығындарды іске асыру үшін қажет. Бюджеттің айқындалуы келесі принциптерді сақтау арқылы іске асырылады:

• өз уақытындағы принципін, яғни бюджет сол мерзімде айқындалуы керек, қай мерзімде ол бюджеттік бағдарламаларды тиімді іске асыруына себепші болады;

• дәйектілік принципін, яғни бюджеттің айқьгадалу қажеттілігі тиісті есептемелер және нормативті-құқықтық актілермен расталуы тиіс;

• теңгерушілік принципін, яғни бюджет айқындалуы кандай болмаса да ол белгіленген бюджет тапшылығының мөлшерін езгертпеуге тиіс.

Бюджеттік кодексте бюджет міндетті түрде айқындалуы ка-растырылған - олар: 1)егерде кабылданған немесе өзгертілген заңнамалық актілерге байланысты бюджетке түсімдер көлемі азай-са немесе бюджет шығыстарының көлемі өссе;

2)егерде бюджеті атқару процесінде бюджетке түсімдер көлемі олардың бекітілген жылдық көлемінін 10 пайызынан жоғары сомаға кемісе.

Әрбір бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет айкын-далудың бастамашылары ретінде республикалық және жергілікті бюджеттерге тиісті Үкімет және жергілікті атқарушы органдар болуы мүмкін, егерде бюджеттік құралдарды игеру нәтижелерін талдау осы бағдарламалар бойынша тиісті қаржы жылға карастырылған жоспарлык тағайындамаларға өзгерістер мен қосымшаларды еттізу қажеттілігін көрсетсе.

Республикалык немесе жергілікті бюджеттер айқындалуы келесі шарттарды сақтаған жағдайда жіберіледі: а) бірінші тоқсан корытындысы бойынша жылдық кірістер жослары 30% кем; ә) бірінші жарты жылдық жоспар - 60% кем; б) тоғыз айлық жоспар - 80% кем орындалмауға тиіс. Республикалық бюджетке шгізілетін өзгерістер мен қосымшалар бойынша ұсыныстарды Республикалық бюджеттік комиссия, ал жергілтаі бюджеттерге - тиісті жергілікті бюджеттік комиссиялар қарайды. Осы бюджеттік комиссиялардың қорытындыларының негізінде айқындалынған бюджеттерді Парламент немесе тиісті маслихат қарайды және бекітеді.

Бюджеттерді түзету (корректировка) айқындалуға қарағанда биліктің өкілдік органдарында карастыруды талап етпейді, себебі бұл кезде өзгерістер мен қосымшалар тиісті каржы жылға қабылданған Үкіметтің республикалық бюджет жөніндегі занды іске асыру жөніндегі қаулысына немесе жергілікті атқарушы органның жергілікті бюджетті аткару жөніндегі шешіміне енгізіледі.

Республикалық бюджеті түзетудің негізі ретінде орталық мемлекеттік органдарды және оларға бағынатын мемлекеттік мекемелерді құру, қайта құру, жабу, функцияларын өзгерту, сондай-ақ Үкіметтік қарызды өтеу көлемінін өсуі болуы мүмкін.

Жергілікті бюджеттерді түзету жоғары түрған бюджеттен каржы жылға бөлінген қаржының және жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын өтеудің көлемі өскен жағдайларда жүргізілуі мүмкін.

Бюджеті айқындалу түсінігімен, яғни оның көрсеткіштерін өзгертумен тығыз байланысты секвестрдің түсінігі. Секвестр түсінігі бюджетті атқару барысында бекітілген түсімдер көлемі қысқартылу себебінен бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толығымен қаржыландырылмаған жағдайда бюджеттік құралдарды жүмсауға тыйым салу қажеттілікке маңыздалады. Секвестр механизмін пайдалану Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган шешімдері бойынша іске асырылуы мүмкін, егерде бюджеттік бағдарламалар бойынша секвестр сомасы олардың бекітілген жылдық көлемінің он пайызынан аспаса, ал егерде он пайыздан асса, онда заң немесе маслихат шешімін қабылдау қажет.

Сонымен бірге, тиісті қаржы жылдың бюджеттік бағдармаларының басымдылықтары мен әлеуметтік бағыттылығына байланысты республикалық бюджет жөніндегі заңмен немесе жергілікті бюджет жөніндегі маслихат шешімімен секвестрге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізімі белгіленеді, яғни мүндай бағдарламалар бойынша бекітілген бюджеттік көрсеткіштерді өзгертуге тыйым салынады.

Наши рекомендации