Логикалық және физикалық модельдеудің аспаптық жабдықтары. Деректер сұлбасы және түсінігі, бүтіндігі.

Erwin – МҚ модельдеуге арналған мықты және қарапайым құрал. Ол МҚ-ның құрылымы мен негізі элементтерін бейнелеуге мүмкіндік береді және МҚ жобалауды жеңілдетеді. Басқа инструменталдық құралдармен салыстырғанда Erwin логикалық және физикалық схемалар арасындағы байланысты қолдайды және логикалық конструкцияларды физикалық сатыдағы жүзеге асырыуын орындайды. Erwin модель мен МҚ арасында динамикалық байланыс орнатады, яғни тікелей де кері де байланыс орната алады.

BPwin – семантикалық жағын ескере отырып, модель құру процессінің есебін автоматтандырады. BPwin ұйымның жұмыс барысы туралы ақпарат жинап және сол ақпараттың бүтін үлгі ретіндегі графикалық суретін ұсынады.

BPwin үш методологияны қолдайды: бизнесті үш көзқарас тұрғысынан саралайтын IDEF0, DFD және IDEF3.

Жүйенің функционалдылығы тұрғысынан. IDEF0(Integration Definition for Function Modeling) методологиясының тұрғысынан бизнес-процесс өзара әрекеттесетін жұмыс-элементтер ретінде, сонымен қатар ақпараттық, адами және әр жұмыста қолданылатын ресурстар жиыны ретінде бейнеленеді.

Ақпарат ағымы көзқарасы тұрғысынан. DFD(Data Flow Diagramming) диаграммалар IDEF3 модельде көрсетілген ақпаратты тек қана толықтыра алады, себебі ол ақпарат ағымын бақылауға мүмкіндік береді. Бірақ DFD диаграммалар бизнес функциялар арасындағы әрекеттесуді елемейді.

Орындалатын жұмыстар реттілігі көзқарасы тұрғысынан. IDEF3 диаграммаларының көмегімен дәл суреттеме алуға болады. Бұл әдіс әрекеттердің орындалу ретіне көңіл бөледі. IDEF3-те бизнес-процесстердің даму барысын талдауға мүмкіндік беретін логикалық элементтер қосылған.

Rational Rose – нарықта объектіге-бағытталған анализ бен модельдеу, жобалау жағынан алдыңғы қатарда. Бизнес-процесстерді таладаудан бастап, кодты генерациялауға дейін орындайды. Жоғарғы күрделілікті және төмен күрделілікті модельдерді құра алады. Оның артықшылықтары келесідей:

• Программалаудың көптеген тілдерін қолдайды

• Модельдеудің кең мүмкіндігі

• Бір уақытта бірнеше жобаны жүргізу мүмкіндігі

• UML стандартын қолдайды

Нарықта бұлардан өзге ARIS, PowerDesigner, RE-Think, IthinkAnalyst және де т.б. инструменталдық құралдар бар.

Жалпы алғанда жобалаудың келесі кезеңдерін бөліп көрсетуге болады:

1. Пәндік аймақтың ақпараттық объектілерін жүйелік талдау;

2. Пәндік аймақтың инфологиялық моделін жобалау — пәндік аймақтың объектілерін қандай да бір семантикалық модельдің терминдерімен формалды түрде сипаттау, мысалы, Е-модельдің терминдері арқылы;

3. МҚ-ын даталогиялық немесе логикалық жобалау, яғни МҚ-н, объектілерін жалпы қабылданған терминдермен сипаттау;

4. МҚ-н физикалық жобалау, яғни МҚ-н қосымшалардың тиімді жұмысын қамтамасыз ететін қандай да бір сыртқы жинақтауыштарда орналастыру.

Егер екінші және үшінші кезеңдердің арасында жобадағы МҚ-ы қандай МҚБЖ-мен орындалатыны жайлы шешім қабылдауды қажет ететіндігін ескерсек, онда МҚ-н жобалауды шартты түрде бес кезеңнен тұратын схемамен көрсетуге болады.

Деректер схемасы МҚ-ын құруға және қолдауға арналған анықтамалық, құрылым мен бүтіндік шектеулерден тұрады. Реляциялық МҚ-да схема әр кестелерді, кестелердегі жолдарды және олардың арасындағы байланысты анықтайды. Схема корректілі деп аталды, егер ондағы қатынастардың атрибуттары арасында қажетсіз тәуелділіктер болмаса. Қатынастық МҚ-ның корректілі схемасын құру процесін МҚ-н логикалық жобалау деп атаймыз.

МҚ-ның схемасын жобалау екі жолмен орындалуы мүмкін:

• декомпозиция (бөлу, бөлшектеу), берілген қатынастардың жиыны басқа жиынмен (үлкен) ауыстырылады және ол жиын бастапқы жиынның проекциясы болып табылады;

• синтез, берілген МҚ-ның схемасындағы пәндік аймақтың бастапқы элементарлы объектілерінің тәуелділіктерін топтастыру арқылы жаңа тәуелділіктер алу.

Деректердің бүтіндігі дегеніміз, қорды жүктегенде, оған мәліметтерді қосқанда

немесе алып тастағанда кестелер арасындағы байланыстарды сақтау, “Деректерді жаңарту ” және “Жазбаларды жою” әрекеттерін қамтамасыз ететін, мәліметтер қорында орнатылған тәртіп.

Ол келесілерді тұжырымдайды:

1) дәл емес енгiзiлген мәлiметтердiң жоқтығын немесе бiр айғақ туралы екi бiрдей жазуларды;

2) ДҚ жаңартуда қателіктерден қорғануды;

3) әртүрлi кестелердегі байланысты мәлiметтерді алып тастаудың мүмкiн еместiгін (немесе каскадты алып тастау);

4) деректер қорларын үлестіру және көп қолданушы режимінде жұмыс iстегенде мәлiметтердiң бұрмаламануын;

Наши рекомендации