Тақырып. Қазақстан Республикасы еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі.

Мақсаты: еңбек құқығының құқық салалары арасындағы алатын орнын анықтау

Жоспар:

1. Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру ұғымы.

2. Еңбек құқығы пәні.

3. Еңбек құқығының әдісі.

4. Еңбек құқығының жүйесі

1.Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру ұғымын терең түсіну үшін кейбір бастапқы ережелерді карастыру қажет. Бұл, ең алдымен, материалдық және рухани игіліктерді жасауға бағытталған адамның мақсаты қызметі ретіндегі еңбектің сипаттамасы. Бұл жағдайда әңгіме еңбек процесінің өзі туралы, адам мен табиғат арасындағы қатынастар туралы болып отыр. Адамның мақсатты қызметі, еңбектің мәні (бұл қызметтің неге бағытталғаны) және өндірістің заттай элементтері, яғни еңбек құрал-жабдықтары ретінде еңбекті біріктіру еңбектің ұйымдық-техникалық сипаты туралы түсінік береді. Екінші жағынан, кез келген қоғамдық өндіріс адамдардың бірлескен, ұжымдық қызметін көздейді. Бұл ретте әңгіме өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы қатынастар туралы болып отыр. Адамдардың бірлескен еңбек процесіндегі олардың еңбегін пайдалану жөніндегі адамдар арасында қалыптасқан барлық қатынастардың жиынтығы еңбекті коғамдық ұйымдастыру (қоғамның немесе жеке кәсіпорын ауқымында) ұғымы туралы түсінік береді. Бұл орайда өндірістің техникалық жарақтануына адамдардың бірлескен қызметінің тиімділігі байланысты болады.

Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру элементтері қатарына мыналар жатады: қоғамның еңбек ресурстарының болуы мен олардың жай-күйі, еңбекті бөлу мен кооперациялау, еңбек тәртібін қамтамасыз ету және бірлескен еңбек процесін басқару, еңбек шараларын және өндірістің басқа да жағдайларын белгілеу, өндірілген өнімді бөлу тәртібі мен осы процеске өндірушілердің өздерінің қатысу деңгейі, жұмыс күшін ұдайы ұлғайту (кәсіби даярлық).

2.Құқықтың әрбір саласы қоғамдық қатынастардың, өзінің мазмұнымен және ерекшеліктерімен басқалардан бөлекше болып келетін белгілі бір, біршама дербес тобын реттейді. Шындығында, құқық жүйесін құру, оның салаларға, институтгарға бөлінуі қоғамдық қатынастардың кейбір топтарының бірлігімен және дербестігімен байланысты. Басқаша айтқанда, құқық салалары мен институтын ажыратып бөлудің негізгі критерийлерінің бірі құкықтық реттеу пәні, яғни кейбір құқық салаларын нормалары тарапынан реттеудің нысаны бола алатын қоғамдық қатынастар болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда оған еңбек құқығының пәнін де жатқызуға болады.

Еңбек құқығының пәнін ашу үшін ең алдымен құқықтың осы саласының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін анықтау қажет. Мәселе мынада - еңбек, адамдардың материалдық және рухани игіліктерді өндірудегі мақсатты қызметі ретінде тектік түсінікті білдіреді. Адамның кез-келген қызметінің негізінде еңбек бар. Кең мағынада алғанда ол — адамның өзінің еңбек ету қабілетін жүзеге асыруы. Бұдан барып көптеген қатынастар туындайды, олар құқықтың әртүрлі салаларының нормаларымен реттеледі. Еңбек құқығының пәніне қоғамдық қатынастардың еңбектің қолданылуымен, өзінің мәндік белгілерімен және құкықтық реттеудің жалпы шегімен өзгешеленіп келетін қатаң белгілі бір тобы жатады. Жалпы қоғамдық қатынастардың бұл тобы еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың элементтеріне негізделген. Нарықтық экономика жағдайында еңбек қатынастары қандай меншікте (мемлекетгік немесе жеке) және шаруашылық жүргізудің қандай ұйымдық-құқықтық формасында туындағанына байланысты өзіне тән ерекшелік алады.

Еңбек құқығынын пәні құрылымдық жағынан мыналарды қамтиды:

а) жеке және ұжымдық еңбек шарттары негізінде тараптардың белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруына байланысты олардың арасында қалыптасатын өзара міндеттеме бойынша жұмыскер мен жұмыс беруші ортасында туындайтын еңбектік құқық қатынастары;

б) азаматтардың өз қабілеті мен кәсіби дайындығына сәйкес, жеке мүддесі мен мемлекет мұқтаждығын ескеріп жұмыс алу мақсатында мемлекеттік өкілетті органдарға жүгінгенде туындайтын қатынастар;

в) бірлескен еңбек қызметі процесінде өндірісті ұйымдастыруға және ұжымды басқаруға байланысты әкімшілік пен кәсіпорын (мекеме, ұйым) ұжымы арасында туындайтын ұйымдастыру-басқару қатынастары;

г) дамыған нарықтық қатынастар жағдайында білікті жұмысшыларды тікелей өндірісте дайындауға; жұмыссыздарды еңбек ететін жаңа салаларға дайындауға байланысты туындайтын жұмыскерлерді кәсіби оқыту бойынша қатынастар;

д) бас келісім, облыстық және салалық (тарифтік) келісімдер, ұжымдық шарттар мен келісімдер негізінде жұмыскерлердің еңбек жағдайын, еңбекті төлеу шарты мен әлеуметтік кепілдіктерді белгілеуге байланысты туындайтын әлеуметтік-экономикалық қатынастар;

е) еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария мен еңбек қауіпсіздігінің басқа да жағдайлары жөніндегі заңнамалардың және басқа нормативтік құқық актілерінің сақталуын, тиісті өкілетті органдарды қатыстыра отырып жалпты және мамандандырылған мемлекеттік қадағалау және бақылау жасағанда туындайтын еңбекті қорғау және еңбек заңнамасын сақтау жағын қадағалау бойынша қатынастар;

ж) еңбек жағдайын белгілеу және еңбек заңнамасының нормаларын қолдану мәселесі бойынша қайшылықтарды шешуге байланысты туындайтын еңбек дауларын қарау жөніндегі қатынастар. Мұндай қатынастардың субъектілері жұмыскер мен жұмыс беруші (жеке еңбек даулары) не жұмыс ұжымы мен жұмыс беруші (ұжымдық еңбек даулары) болуы мүмкін.

Сонымен, жұмыс күшін қоғамдык, өндіріске тартумен, еңбекті ұйымдастырумен және оның жағдайын белгілеумен байланысты туындайтын еңбек қатынастары еңбек құқығының пәні болады. Еңбек қатынастарының өзіне тән ерекшеліктері дегеніміз - жеке еңбегімен өзіне тапсырылған еңбек функциясын ішкі тәртіпке бағындыра отырып орындау үшін жұмыскерді кәсіпорынның (мекеменің, ұйымның) еңбек ұжымына кіргізу. Еңбек құқығының пәні өзінің құрылымы мен мазмұны жағынан күрделі. Еңбек қатынастары еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың кейбір элементтеріне тікелей сүйенеді.

3.Құқықтық реттеудің пәнінен басқа құқықтың әрбір саласы өзінің әдісімен де сипатталады. Әңгіме құқықтың бұл саласының қоғамдық қатынастың тиісті тобына ықпал жасау тәсілі жайында болып отыр. Егер пән құқықтың қандай саласының, қоғамдық қатынастың қай тобын реттейтіндігі туралы түсінік берсе, әдіс осы реттеу қандай заң тәсілімен қамтамасыз етілетіндігін анықтайды.

Еңбек құқығының әдісі, сонымен қатар, реттеу пәнінің ерекшеліктеріне, еңбек қатынастары субъектілерінің құқықтық жағдайына, тараптардың міндеттемелерін қамтамасыз ету тетігіне байланысты. Әдіс, еңбек қатынастарына ықпал етудің заңдық тәсілдерінің жиынтығы ретінде қозғалысты, өзгермелі санат (категория) болып табылады, ол көптеген факторларға, бәрінен бұрын қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық және нақты-тарихи жағдайларына жалпыға бірдей еңбекке жұмылдыру шарасын енгізу, жұмыстан өз бетімен кетіп қалғандық үшін қылмыстық жауаптылық белгілеу, т.б.). Керісінше, қазіргі нарықтық қатынастарға кешу жағдайында еңбек қатынастарын реттеудің басқа тәсілдерін қолдану қажет (кәсіпкерлік кьізметке бостандық, шаруашылық жүргізудің жаңа ұйымдық-құқықтық формалары, әлеуметгік серіктестік жүйесі, еңбектің шарттық жағдайын белгілеу, т.б.) Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық қайта құру жағдайында еңбек қатынастарын құқықтық реттеу әдісі жаңа кескінге ие болып бұрынғы кейіптен арылды. Ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған "Қазақстан -2030" Жолдамасында мемлекет экономикада елеулі, бірақ шектеулі рөл атқаруы, рыноктың заңды аукымын белгілеуі тиіс, онда жеке сектор көш бастауы керек делінген. Жеке меншік институты жерді меншіктену, сондай-ақ меншікке құқықты қорғайтын заң жүйесін жасау және келісім-шарттардың орындалуы есебінен нығаяды.

Басқаша айтканда, әңгіме экономикаға басшылық етудің әміршілдік-әкімшілдік әдісінен бас тарту, еңбек қатынастары жақтарының экономикалық мүдделеріне негізделген жаңа әдістерге көшу және оларды қамтамасыз етудің заңдық кепілдік жайында болып отыр. Экономикалық реформа еңбек ақы мөлшерін кәсіпорынның шаруашылық қызметінің ақтық нәтижелеріне тікелей байланысты етуге, әлеуметтік серіктестік, шарттық қатынастар жүйесі арқылы жұмыс беруші мен жалданбалы жұмыскерлердің ұжымдық (жеке) тең құқылығын, олардың мүдделерінің үйлесімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Еңбек құқығы әдісінің салалық ерекшеліктерін оған тән мына белгілердің талдамасы ашады:

а) еңбектегі құқықтық қатынастардың туындау, өзгеру және тоқтау тәртібі;

б) еңбек құқығы субъектілерінін құқықтық жағдайы;

в) еңбектегі құқықтық қатынастар тараптарының құқықтары мен міндеттерін белгілеудің сипаты;

г) тараптардың міндеттерін қамтамасыз етудің заңдық құралдары. Бұларды толығырақ қарастырайық.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Наши рекомендации