Деудің құрастырылған жүйесі

Кен орнында бір этаждан көп өңдеуде төменнен жоғарыға жүйесін таза күйде қолдану орынсыз. Бұл жағдайда өңдеудің құрастыру жүйесін жобалау қажет. Бұл жүйенің маңызы, ұңғыларды жеке сериямен әрбір этажда бұрғылап өңдейді, әрбір этажда қабаттарды төменнен жоғары жүйесімен міндетті түрде зерттеледі, ал этаждардың өздері кез келген бұрғылау ретін қабылдайды: жоғарыдан төменге, төменнен жоғары немесе бір мезгілде жоғарыдан төменге және төменнен жоғары.

Көп қатарлы ұңғымалармен өңдеу жүйесі

Көп қабатты кен орындарын аса табысты өңдеу үшін 1951 ж соңында Азнефть бірлестігінің бұрынғы инженерлер тобы бір діңді екі үш бағанаға әртүрлі тереңдікте жатқан бірнеше мұнай горизонттарын бір уақытта пайдалануға ұңғыманы бұрғылаудың жаңа тәсілін ұсынды. Бұл өңдеу жүйесінде барлық мұнайлы қабаттарды тіреуіш қабаттардан басқа, үштен кем қайтымды горизонттарды этаждарға бөледі. Ұңғыманың діңін үш немесе төрт қатарлы ұңғымаларды жобалауға байланысты екі немесе үш этажды өңдеп қазуды есептеп жүргізеді. Алдымен діңді (жобаланған бағаналармен енгізу мақсатымен) үлкен диаметрлі қашаумен, ал түсетін бағаналардың санының азаюына байланысты тереңдіктің ұлғаюын азырақ диаметрлі қашаумен бұрғылайды. Кейін төмен түскен бағаналардың құбырды кеңістігіне цементті ерітінді құйып, тіреуіш горизонттарға қарсы саңылауларды атайды. Тіреуіш горизонттарды өңдеуіне қарай оны цементпен құяды және бағанадағы қайтымды горизонттарға қарсы саңылаулар атады.

Бұл әдісті қолдану көп қабатты мұнай кен орнын тез өңдеуге және одан мұнайды ұлғайтып шығаруға аса маңызды. Бірақ көп қатарлы ұңғымалармен кен орнын өңдеуге қимадағы сулы горизонттар, мұнай горизонттарының сулануынан айыру аса үлкен екендігін ескеру қажет. Мұндай жағдайда бағаналардың қатарын екіге дейін азайтып ал кейде толығымен көп қатарлы ұңғымаларды бұрғылаудан бас тарту қажет.

Жеке мұнай горизонтын өңдеу қолданылатын өңдеу жүйесінің әртүрлілігімен анықталатын элементтер кешенімен сипатталады.

Жеке мұнай горизонтының өңдеу жүйесінің негізгі элементтері мыналар: ұңғыма орналасуының тор пішіні және ұңғымалардың ара қашықтығы (жалпы ұңғымалардың орналасуын анықтайды), өңдеудің қарқындылығы мен қабаттарға әсер ету шаралары.

Ымалардың орналасуының тор пішіні

Ұңғымалардың орналасуының торлары біркелкі емес болады. Біркелкі тор үшбұрышты (және сол бір мезгілде алтыбұрышты) және төртбұрышты болуы мүмкін. (7.3-сурет).

Советтік одақтың мұнай кен орындарында сол жағдайда ұңғыманың біркелкі орналасуына қолданғанда, әдетте үшбұрышты тор қолданады. Үшбұрышты тор үшін қоректенудің шарты ауданына байланысты, f(га-мен), ұңғымаға келетін және ұңғымалардың ара қашықтығы (м-мен) ара қатынасын білдіреді.

У = 1,07√f (5,21)

Төртбұрышты торда әдетте АҚШ-та қолданылатын бір ұңғыманың қоректену шартты ауданына байланысты, f(га-да) ұңғыманың ара қашықтығына байланысты у(м-мен) байланысы білдірі мүмкін: у = √f (6.1)

(5.21) және (6.1) арақатынасымен берілген ауданда ұңғымалардың берілген ара қашықтығында, дренаждың есептелген шартты ауданында орналаса алатын ұңғымаға дренаждың берілген шартты ауданын немесе ұңғымалардың санын анықтауа қолданылады.

Іс жүзінде мысалы үшбұрышты торда бізбен таңдалып алынған 300 м ара қашықтықта және 400 га өнімді ауданда орналастырып мынаны аламыз:

1. бір ұңғыма «қоректенудің» шартты ауданын:

300 * 1,07√f f= 8 га

2. берілген аудандағы ұңғымалардың саны:

N = 400/8 = 50 ұңғыма

Сәйкесінше төртбұрышты торда:

300 = √f f = 9 га

Және ұңғымалардың саны

N = 400/9 = 44 ұңғыма

Сонымен, үшбұрышты торда ұңғыманың өнімді ауданы ұңғымалардың үлкен санымен дренаждалады.

Қазіргі уақытта біркелкі торды Советтік Одақта еріген газ режимінде қолданады. Кейбір жағдайда біркелкілікті қалыңдығы өзгергенде және өнімді қабаттың коллекторлық қасиетінде бұзылады. Ұңғыманың қабаттарының қалыңдығының төмендеуінде әдетте бір-бірінен үлкен ара қашықтықта, ал қабаттың өткізгіштігінің төмендеуінде аз арақашықтықта жобалайды.

Әртүрлі мұнайды шоғыр үшін ұңғылардың батарейлі орналасуының үлгілі сұлбасында келітірілген (74-сурет).

Қазіргі таңда ұңғылардың батарейлі орналасу сұлбасы, тек су арынды және газ телпекті тәртіптегі қабатарда қолданылады.

Наши рекомендации