Циклдік синхронизация сигналын қабылдау кезіндегі «Нева» ДО жүйесі желілік пункт құрылғыларының жұмысы.

Нева» жүйесінің орталық пост аппаратураларындағы ЛГ-2, ЦГ, ЦС, ЦШ блокторының тағайындалуы.

10.Телесигнализация сигналын қалытастыру және тарату бойынша «Нева» ДО жүйесі желілік пункт аппаратураларының құрылымдық сұлбасы. Желілік пункттің кодалық құрылғылары ДО постының кодалық құрылғыларына қарағанда әлдеқайда қарапайым. Оларды ТБ және ТС құрылғылары деп екі түйінге бөлуге болады, яғни бірі ТС сигналын қалыптастыру және таратуды жүзеге асырса, екіншісі ТБ сигналын қабылдау мен кодадан шығаруды жүзеге асырады. Бірінші түйін түйіспесіз аппаратура негізінде, ал екінші релелі-түйіспелі аппаратура негізінде құрылған. Құрылымдық түрде ТС сигналын қалыптастыру және таратуға қатысатын құрылғылар сұлбасының келесі негізгі элементтері көрсетілген: 4000 Гц жиілік өндіру үшін арналған тактілі жиіліктер генераторы ТЖГ; тактілі жиіліктерді Б1:32 бөлгішіне өтуін қамтамасыз ететін кілт К; тактілі жіктегіш ТЖ20; топтық жіктегіш ТЖ24; алты топтық 1-6 бақылаушы релелерінің түйіспелері; К1-К6 кілттік сұлбалар; желілік генератор модуляторы М; желілік генератор ЖГ; ТБ сигналының жиілігін күшейтуді және демодуляциялауды жүзеге асыратын күшейткіш К және демодулятор ДМ; циклдік синхронизация импульстерін бөлу үшін арналған ЦС құрылғысы; К кілтіне әсер ететін жабушы құрылғы ЖҚ. Цикілдік синхронизация сигналының жоқ кезінде К кілті ашық және ТЖГ генераторынан импульстер К кілті және Б1:32 бөлгіші арқылы жіктегіш қызметімен қатар Б1:28 бөлгішінің де жұмысын атқаратын ТЖ20 тактілі жіктегіш кірісіне келіп түседі. ТЖ20 шығысынан импульстер ТЖ24 топтық жіктегіш кірісіне беріледі. ГЖ24 жіктегішінің алты шығысы К1-К6 кілттерін басқару үшін қолданылады.

Циклдік синхронизация сигналын қабылдау кезіндегі «Нева» ДО жүйесі желілік пункт құрылғыларының жұмысы.

14.«Нева» ДО жүйесінің ТБ және ТС сигналдарын тарату арналары, аппаратуралары және олардың тағайындалуы.ТБ сигналды тарату үшін жиіліктік модуляция қолданылады.Сигналдың жиіліктері 500Гц-актив,600Гц-пассив,700Гц-актив,800Гц-пассив.ТС сигналы барлығы 22 импульстен тұрады.Екі жиілік қолданылады.Сигналдың ұзақтығы 176 мсек.1,22-импульс қызметтік,2,21-импульс жұмытық.ТС сигналы жиілік бойынша бөлінген 4 арнадан тұрады.1)арна жиіліктері-1025-1225Гц.2)арна жиіліктері-1625-1825Гц.3)арна жиіліктері-2225-2425Гц.4)арна жиіліктері-2825-3025Гц,

15.ТС сигналдарын қабылдау бойынша «Нева» ДО жүйесінің орталық пост аппаратуралары. Егер ТС сигналымен берілетін ақпарат алдыңғы циклда осы топқа келіп түскен ақпаратпен салыстырғанда өзгеріске ие болса, онда ол ақпарат қалыптасады. Егер өзгеріс болмаса, онда ақпарат өшеді. ТС сигналын қабылдауда және расшифровкалауда жүзеге асатын түйіннің құрылымдық сұлбасы келесілерден тұрады. ДО постына келіп түсетін әрбір ТС сигналы қабылдаушы құрылғылармен қабылданып кодадан шығарылады. ТС және ТБ сигналын бөлетін ФА сүзгі-жиіліктік амалдарды күшейту, жиіліктік импульстерді тұрақты тоқ импульстеріне түрлендіруді және оларды активті а, пассивті п мәндеріне тәуелді жиіліктің демодулятор ДМ, 1000 Гц жиілік өндіретін тактілі жиіліктер генераторы ГТЧ, Д1:8 бөлгіш, таратқыш Р20: бірінші және екінші деңгейді жадында сақтаушы элементтер 1П жіне 2П; ТС сигналының жоқ кезінде 1П элементін бастапқы жағдайында жабатын және тактілі импульстердің Р20 таратқышына тұсуін тоқтататын К1 және К2 кілттер; атқарушы реле И.

16.«Нева» ДО жүйесінің орталық постындағы ТС сигналдарын іске асыру сұлбасының жұмысы. ДО постына келіп түсетін әрбір ТС сигналы қабылдаушы құрылғылармен қабылданып кодадан шығарылады. ТС және ТБ сигналын бөлетін ФА сүзгі-жиіліктік амалдарды күшейту, жиіліктік импульстерді тұрақты тоқ импульстеріне түрлендіруді және оларды активті а, пассивті п мәндеріне тәуелді жиіліктің демодулятор ДМ, 1000 Гц жиілік өндіретін тактілі жиіліктер генераторы ГТЧ, Д1:8 бөлгіш, таратқыш Р20: бірінші және екінші деңгейді жадында сақтаушы элементтер 1П жіне 2П; ТС сигналының жоқ кезінде 1П элементін бастапқы жағдайында жабатын және тактілі импульстердің Р20 таратқышына тұсуін тоқтататын К1 және К2 кілттер; атқарушы реле И. ТС сигналын демодуляциялауды және тактілі импультерді қалыптастыруды жүзеге асыратын сұлбалар ЦДМ блогында орналасады. Онда екі контурлы күшейткіш транзистор Т1 орналасқан, яғни олардың К1 контуры ТС сигналының активті, ал К2 контуры пассивті жиіліктерін бөледі, жиілік импульстерді тұрақты тоқ импульстеріне түрлендіретін В1 және В2 түзетуші көпірлер; түзеткіштердің екі каскады: бірі Т5, Т6 және Т7 транзисторларынан тұрып пассивті импульстарды күшейтеді және келесі Т2, Т3, Т4, Т10 мен Т11 транзисторларынан тұрып, активті импульстерді күшейтеді. Осы блокта онымен қатар сигналдарды қабылдау триггері ТПС орналасқан, яғни ол ТС сигналының қабылдану үздіксіздігін бақылайды; 1000 Гц-ге арналған тактілі жиіліктер генераторы ГТЧ; кілт рөлін атқаратын транзистор Т2Ч; 1ТР, 2ТР және 3ТР триггерлерінен тұратын бөлгіш Д1:8; ТС сигналының әрбір тактісінің ортасында ұзақтығы 1 м сек импульс қалыптастыратын транзистор Т12.

17.«Нева» ДО жүйесінің орталық пост стативтері, атаулары, тағайындалуы, аппаратуралары.Нева жүйесінде орталық посттағы ТБ сигналының аппаратуралары 1Ц статифтерінде орнатылады.ТС сигналының аппаратуралары 2Ц стативте орнатылады.2Ц стативінің саны ТС арналарының санына тәуелді.Желілік пунктегі ТБ және ТС аппаратураларын Л-Нева стативінде орнатылады.

18.«Л-Нева» стативі, тағайындалуы, аппаратурасы, қорегі. Нева жүйесінде орталық посттағы ТБ сигналының аппаратуралары 1Ц статифтерінде орнатылады.ТС сигналының аппаратуралары 2Ц стативте орнатылады.2Ц стативінің саны ТС арналарының санына тәуелді.Желілік пунктегі ТБ және ТС аппаратураларын Л-Нева стативінде орнатылады.

20.«Луч» ДО жүйесінің техникалық сипаттамалары.«Луч» ДО жүйесі «Нева» ДО жүйесі базасы негізінде пайда болып,1978 жылдан бастап шыға бастаған және бұл жүйеде n-p-n ауысуы бар транзисторлар пайдаланылған. «Луч» диспетчерлік орталықтандыру жүйесі басқарушы және хабарлаушы бұйрықтарды тарату және қабылдау үшін арналған телемеханикалық жүйеден тұрады. Басқарушы бұйрықтар – бұл пойыздар қозғалысы басқарылатын әр түрлі командалар. Мысалы, диспетчерлік кругке кіретін бір бекетда маршрут орнату және бағдаршам ашу үшін арналған диспетчер командасы. Хабарлаушы бұйрықтар – бұл осы немесе келесі бекетдағы осы уақыт моментіндегі электрлік орталықтандыру объектілерінің күйі туралы хабар. «Луч» ДО жүйесінде телемеханика әдісі бес жиіліктік арнаны қолану мен бір желілік тізбек арқылы барлық басқарушы және хабарлаушы бұйрықтарды таратуға негізделген. Бұл үшін диспетчерлік орталықтандырудың орталық постында (ОП) басқарушы бұйрықтар кодалау көмегімен телебасқару (ТБ) сигналдарына түрлендіріледі. Яғни, онда желілік пункте (ЖГ) қабылданатын басқарушы бұйрықтарды қалпына келтіретін декодалаушы құрылғы қарастырылған болуы тиіс. Хабарлаушы бұйрықтар телесигнализация сигналдарына (ТС) түрлендіріледі.

22.«Луч» ДО жүйесі орталық пост ТБ аппаратураларының құрылымдық сұлбасы. Блоктардың тағайындалуы. ТБ сигналын қалыптастыру ДО постының төрт басқару пультінің бірінен команда алғаннан кейін басталады. Мысалы, пойыздық диспетчер жетінші бекетті таңдау батырмасын басады, яғни Н кіру бағдаршамын ашып, I жолға тақ қабылдау маршрутын орнатумен аяқталады (сурет 10.1). Диспетчердің манипуляциясын 1 (РГ1) регистрде орналасқан реленің жинақтаушы тобы тіркейді, яғни мұнда аталған басқарушы бұйрықты кодалау жүзеге асырылады. Маршрут орнату кезінде РГ1 қосылады: алты бекеттік релелердің ішінде үшеуі 1С, 1С3 және 1С6, мұнымен жетінші бекет адресінің коды анықталады; бірінші топ кодын анықтайтын алты топтық реленің үшеуі 1Г4, 1Г5 және 1Г6; бірінші команда кодын анықтайтын сегіз тіркеуші релелердің төртеуі 1Р3, 1Р4, 1Р7 және 1Р8; белгі кодын анықтайтын тақ пойыздық маршрут төрт релелерінің екеуі 1П1 және 1П3. Аталған релелердің қосылу дұрыстығы тексерілгеннен кейін Г1 басты релесін қоса отырып, тарату релесі ПР1 қосылады. Бұл реле өз түйіспесін ажырата отырып, бірінші регистрге КНР РГ1 жинақтаушы релелердің түйіспелерін таратушы аппаратураға қоса отырып, жұмыс орнының коммутаторын I позицияға орнатады. Егер басқарушы бұйрық басқа пульттен берілсе, онда басқа басты реле өз регистрінің жинақтаушы релелерінің түйіспесін таратушы аппаратураға қоса отырып, КРМ түйінін керекті позицияға орнатқан болар еді.

24.«Луч» ДО жүйесінің желілік пунктіндегі ТБ аппаратураларының құрылымдық сұлбасы. Желілік пункттегі ТБ арнасының аппаратурасы телебасқару және циклдік синхронизация сигналдарын қабылдау үшін арналған. Ол желілік күшейткіштен ЛЖК, фаза бөлгіштен ФБ, жиіліктік демодулятордан ЛДМ, ТБ және ЦС сигналдары тактілерінің ұзындығын өлшеу түйіндерінен ТҰӨ, Ж-ДШТБ тактілі жіктегіштен, САБ бекет адресінің баптау ағытпалары және тактілерді санауды бақылау сұлбасымен ТСБ құралған, ТБ сигналының дешифраторынан (ДШ-ЦС), ТБ сигналының дешифраторынан (ДШ-ТБ), ТБ сигналының регистрі (РГ-ТБ) және Г1-Г6, Р1-Р12 шығыс релелерден тұрады. Күшейткіш желілік тізбектегі бар жиіліктің жалпы спектрінен ТБ және ЦС сигналдарын бөлу және осы сигналдарды күшейту мен детектрлеу үшін арналған. Бұдан басқа бұл блокта детекртлеу кезінде қажетті үлгілік сигналдарды қалыптастыру үшін қолданылатын жиілігі 1300 Гц тіректі кернеу генераторы орналасады. Жиілігі 1500 Гц тікбұрышты импульстер ЛЖК 9 шығысы арқылы бір-бірінен 1200 ығысқан А0, В0 және С0 тікбұрышты импульстердің үлгілік тізбектілігін өндіретін ФБ фаза бөлгішінің кірісіне келіп түседі.

27.«Луч» ДО жүйесінің желілік пунктіндегі ТС сигналы аппаратураларының құрылымдық сұлбасы. Желілік пункт ТС арнасының аппаратуралары телесигнализация сигналдарын қалыптастыру үшін арналған. Ол ЛЖГ блогында орналасқан ТЖГ тактілі жиіліктер генераторынан; ТС сигналдарының шифраторының ТЖ-ШТС тактілі жіктегішінен; осы желілік пунктке беруге НГН ағытпасы көмегімен бапталған ЛРГ топтық жіктегіштен ТР – ШТС және ЛРГ жіктегіштерінің шығыстарымен және 1И – 20И логикалық элементтермен пайда болған шифраторынан және ГТС ажыратылуы мен қосылуын басқаратын УЛЭ логикалық элементтерден тұрады. Тактілі жиіліктер генераторы тікбұрышты импульстердің екі тізбегін қалыптастырады: ТБ және ЦС сигналдарының тактілерінің ұзақтықтарын өлшеу сұлбасының жұмысы үшін қажетті жиілігі 500 Гц импульстер және ТР-ШТС тактілі жіктегішті ауыстырып – қосу үшін арналған жиілігі 125 Гц импульстер ұзақтығы.

31.«Луч» ДО жүйесінің орталық постындағы ТС аппаратураларының құрылымдық сұлбасы. ТС сигналы ДО орталық постына бір физикалық тізбек бойынша параллель жұмыс істейтін төрт жиіліктік арна бойынша келіп түседі. Бұл арналардың ТС құрылғыларының құрылымдық сұлбасы бірдей, тек қана күшейткіштің және демодулятордың контурларын баптауымен ерекшеленеді. Әрбір ТС арнасының аппаратурасы орталық күшейткіштен ЛОК, демодулятордан ЛОДМ, ТЖ-ТС тактілі жіктегіштен, РГ-ТС ТС сигналының активті тактілерінің регистрінен, сәйкес келмеу сигналдарының регистрінен РГ-СС, топтық жіктегіштен ОТЖ, сонымен қатар ЛОДМ блогында орналасқан СК бақылаушы релелердің түйіспелерінің жағдайын бақылау және СС салыстыру сұлбаларынан тұратын жаңа ақпаратты әшкерелеу ЖАӘ сұлбасынан тұрады.ТС сигналдары желілік тізбектен Ж1 және Ж2 сымдары бойынша ЛОК күшейткішінің 10 және 11 шығыстарына келіп түседі, ал күшейтілгеннен кейін – ЛОДМ демодуляторының 3 және 4 шығыстарына. ТС сигналының бастапқы тактісінің түсу моментінде 24 сымдағы 1 сигналы 0-ге өзгереді, яғни тактілі жіктегіш пен регистрлердің триггерлерінің ауысып-қосылуына рұқсат береді. Бір мезгілде ЛОДМ блогында тактілі импульстерді қалыптастыру сұлбасының іске қосылуы жүзеге асады. Бұл сұлба жиілікті сегізге бқлгіштен тұрады, яғни ол ЛОГ генераторының 28 сымы бойынша келіп түсетін жиілігі 1000 Гц тікбұрышты импульстердің тізбектілігін 125 Гц жиілікті импульстерге түрлендіреді. Осы тактілі импульстер 20 сымы бойынша ТЖ-ТС жіктегішінің кірісіне келіп түседі. Әрбір тактінің ортасында 1 – 1,5 мс ұзақтыққа ие стробирлеуші импульстерді қалыптастыру сұлбасы іске қосылады. Бұл импульстер 23 сым бойынша тактілі жіктегішке, сәйкессіздік сигналдар регистріне және салыстыру сұлбасына келіп түседі.

38.Микропроцессорлық ДО жүйелерінің тағайындалуы мен қарапайым жүйелерден ерекшелігі. ДО жүйелері есептеуіш техника құралдарын қолданумен және олардың ТЖАТ жүйелерімен және байланыспен үйлестіруін қамтамасыз етумен, сонымен қатар темір жол көлігін басқарудың автоматты жүйесімен ақпарат алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін пойыздар қозғалысының технологиялық процесін басқару және бақылау функциясын автоматтандырудың пайдалану жұмысын басқарудың қазіргі заманғы әдістерін жүзеге асыру үшін арналған. ДО жүйелері келесі мақсаттарда қолданылуы мүмкін: - учаскелерде және теміржол желілерінің бағыттарында пойыздар қозғалысын диспетчерлік басқаруды автоматтандыру; - түйіндерде қозғалысты басқаруды ұйымдастыру: - жақын орналасқан бекеттерде пойыздар қозғалысын басқаруды тіректік бекеттерде концентрациялау. ДО жүйелерін құру келесі мақсаттарға жеуге мүмкіндік береді: - өндірістік-экономикалық (бекет кезекшілерінің санын қысқарту, пойыздар қозғалысын басқаруды ұйымдастыруды жақсарту, тасымалдау процесінде шығынды азайту, автоматика құрылғыларын және жылжымалы құрамды қолдануды интенсификациялау, еңбек өнімділігін арттыру, учаске жұмысының пайдалану көрсеткіштерін жақсарту); - әлеуметтік (еңбек шарты мен мәдениетін жаұсарту, диспетчерлердің жүктемесін төмендету). ДО жүйесін құру мақсатына жетуді бағалау критериі болып табылады: - капиталдық салуларды төмендету (аппаратуралар орын алатын өндірістік аудандарды қысқарту, жобалау, құрылыс-монтаждық жұмыстарды жүргізу көлемдері мен мерзімдерін азайту); - оперативті және күтім көрсетуші персоналдың санын қысқарту; - персонал жүктемесін азайту және осыған сәйкес басқару аймағын арттыру; - пойыздар қозғалысы графигінің орындалу көрсеткішін жақсарту жәнежүктік жұмыстарды қамтамасыз ету; - жылжымалы бірлік жұмысшы паркі мен график жібін қамтамасыз ету арасындағы нормативтер қатысын жақсарту; - құрылғылардың материал және энергосыйымдылығын төмендету;

40.М-ТУ модуляция түйіні, элементтері, тағайындалуы, жұмыс принципі.Модулятор МТБ орталық генератор ЛОГ арқылы өндірілетін жиілігі 500Гц айнымалы тоқтың синусоидалы тербелістерінің фазасын басқаруға арналған.Модулятор 1СТ1, 1СТ2 және 2СТ1 триггерлерінен құрылған реверсивті санауыштар;1ИН1-1ИН6 кіріс элементтерден;1СТ3-1СТ5, 2ИН1-2ИН3 шығыс элементтерден және 1ИФ5, 1ИН1, 1ИН8, 2ИН8, 3ИН2-3ИН4, 1СТ6 және 1ИФ1 басқару элементтерінен тұрады.ТБ және ЦС сигналдарын тарату кезінде ТБ арнасында айнымалы ток фазасының модуляциясы үш позициялы реверсивті санауыштың жаңа жұмыстық позицияға ауысып-қосылуы есебінде жүзеге асырылады.Реверсивті санауыштың мүмкін болып сегіз позициясының жұмыстық позициясы ретінде шартты түрде А,В және С әріптерімен белгіленген үшеуі қолданылады.Осы позициялардағы реверсивті санауыш триггерлерінің және олармен байланысқан шығыс элементтердің күйлері көрсетілген.

42.Ш-ТУ түйіні, элементтері, тағайындалуы, жұмыс принципі.Шифратор ШТБ ТБ сигналының тактілерін өндіреді және оларға жинақтаушы реле түйіспелерінің жағдайына тәуелді белсенді және белсенді емес мән береді.ЖОК сұлбасының шығыс элементтерімен және жинақтаушы реле түйіспелерімен құрылған сапа шиналарында ТБ сигналы параллель код түрінде 2-ші тізбек бойынша МТБ модуляторға береді.Шифратор 0-3 шығыс тізбектеріне ие бірлік санауыштан (4ИН1-4ИН8 шығыс

44.«Луч» ДО жүйесіндегі телебасқару сигналы құрылымының сипаттамасы, ТБ сигналының кестесін құру.ТБ сигналының құрылымы тактілер немесе импульстер саны-31,Сигналдың ұзақтығы-0,5сек,Тактілердің ұзақтығы-16мсек,Модуляция түрі-фазалық,Сигналдың жиілігі-500Гц.Импульстердің жіктелуі:0-сигнал басы,1-12 бекет адресін таңдау,13-18 топ нөмірлерін таңдау,19-26 командалар коды,27-30 команда белгісінің коды. ТБ сигналы спорадикалық түрде берілетін – телебасқару арнасынан ерекшелігі телесигнализация арнасында ТС сигналын таратудың циклдік принципін қолданады. ЖП объектілерінің күйін циклдік бақылаудың жетістігі болып сигналдың кездейсоқ бұрмалануын келесі циклде автоматты түрде дұрыстау табылады. Желілік пунктерден ТС сигналын таратудың әрбір жаңа циклі ОП-дан ТБ арнасы бойынша берілетін циклдік синхронизация (ЦС) деп аталатын арнайы сигнал көмегімен анықталады. «Луч» жүйесінде ТБ арнасы бойынша телемеханикалық ақпаратты дұрыс таратудың үлкен ықтималдығына қол жеткізген. Есептеулер нәтижесі, егер элементар посылканың бірліктен нолге жалған өтудің ықтималдығы 10-4 құрайды, онда жалған ЖП адресін алу ықтималдығы 10-3, топтық жалған адресін алу ықтималдығы 10-7, команданың жалған белгісі 10-13 аспайды, ал бір команданы екіншісіне трансформациялау ықтималдығы 10-6 артық емес шаманы құрайды. Бұл ТБ арнасы бойынша жауапты басқарушы бұйрықтарды таратуға мүмкіндік береді.

48.«Диалог» ДО жүйесінің орталық пост аппаратуралары және олардың қызметі. «Диалог» жүйесі орталық пост (ОП) құрылғыларының және арнатүрлендіруші аппаратуралардан тұрады. ОП аппаратуралары дербес микро ЕЭМ ақпаратты енгізу және кескіндеу құрылғыларынан және ақпаратарды тіркеу құрылғысынан тұрады. Аталған құрылғылар пойыздық диспетчердің автоматтандырылған жұмыс орнын (ДНЦ АЖО) құрайды. Бұдан басқа орталық постқа энергодиспетчердің, локомотивтік диспетчердің, сигнализация, орталықтандыру және блоктау қызметінің кезекші инженерінің автоматтандырылған жұмыс орындары орнатылуы мүмкін. Барлық АЖО ақпараттық желіге қосылады. Бір немес бірнеше желілік пунктердің орталық пост АЖО жиынтығы телімге, регионға, бөлімшеге немес жолға тәуелді диспетчерліік басқарудың автоматандырылған орталығын құрайды. «Диалог» жүйесінің ДНЦ АЖО құрылымдық сұлбасы 14.1 суретте келтірілген, яғни мұнда «Диалог» жүйесінің орталық посттың желілік пункттермен байланысы үшін ақпарат тарату арнасының модемдері пайдаланылады. «Диалог» жүйесі келесі техникалық сипаттамаларға ие: -диспетчерлік басқару теліміндегі желілік пункттердің саны 127 дейін; - бір желілік пункттегі басқару объектілерінің саны 264 дейін (бұлардың ішінде 44 қауіпсіз. Қауіпсіз деп жүйенің техникалық құрылғыларының кез-келген істен шығуы кезінде басқарушы сигнал пайда болмайтын шығысты атайды); - екіпозициялы бақылау объектілерінің саны 14366 дейін; - телімнің желілік пунктерінен сұраныс циклінің орташа уақыты 5с; - бір телебасқару командасын тарату уақыты 0,05 с дейін; - диспетчердің сұранысына жүйенің реакция уақыты 5 с дейін; - кескінделетін пойыздық жағдайды жақсарту уақыты 5 с дейін; - графикті оптимизациялау бойынша ұсыныс өңдеу уақыты және конфликттерді орнату уақыты 60 с дейін; - пойыздар қозғалысының өзгертілген жоспар-графигін өңдеу бойынша оптимизациялық мәселені шешу уақыты 5 мин дейін; - телебасқару және телесигнализация арналарында хабар элементінің бұрмалану ықтималдығы 10-4 артық емес; - телебасқару және телесигнализациядан хабарларын басқа рұқсат етілген орынға трансформациялау ықтималдығы 10-15 артық емес; - телебасқару немес телесигнализация хабарларының табылмайтын шығын ықтималдығы 10-16 артық емес; - телебасқару және телесигнализация сигналдарын тарату әдісі цклдік; - телебасқару арналарының саны – бір; - телесигнализация арналарының саны – бір;

49.БМ-1602- тағайындалуы, қолдану аймағы, функционалдық түйіні сұлбалары. Желілік пункт аппаратуралары арнайыландырылған басқарушы қауіпсіз мкроЭЕМ (БМ-1602), ақпаратты енгізу және кескіндеу құрылғысынан тұратын байланысудың қауіптік интерфейстік элементерінен тұрады. БМ-1602 құрылудың модульдік принципіне ие. МкроЭЕМ корпусында екі қорек блогы, іске қосу және бақылау сұлбасы бар қайталанған процессорлық модульден тұрады. ТБ және ТС командаларының санына тәуелді нақты бекет үшін БМ-1602 корпусында 15 интерфейстік модульге дейін орнатылуы мүмкін. Олардың орнатылу орнын жобалау кезінде анықтайды және адрестік баптау беріледі. Интерфейстік модульдерге тоқтық шығыстар модульдері Т, сонымен қатар дискретті кірістер модульдері I, аналогтық кірістер А және басқарудың дискретті шығыстары 0 жатады . БМ-1602 типті қауіпсіз басқарушы мкроЭЕМ каркасы және оның комплектациясы көрсетілген. Сыртқы бақылау, басқару және қорек құрылғыларын БМ-1602 қосу алдыңғы жағынан жүзеге асырылады. Модульдерді өзара қосу екіжақты баспалық монтажды қосушы плата көмегімен жүзеге асырылады. Бекетте, сонымен қатар, желілік пункт құрылғыларымен байланысқан бекет кезекшісінің АЖО орнатылуы мүмкін. БМ-1602 типті арнайыландырылған басқарушы қауіпсіз мкроЭЕМ екіпозициялы бақылау объектілерінің жағдайы туралы ақпарат жинақтау, оны қңдеу, сонымен қатар екіпозициялы басқару объектілерін басқару үшін және басқару орталығыныі құрылғыларымен ақпарат алмасу үшін арналған. Ерекше қажетті объектілерді басқару қауіпсіздік шарттарын сақтау арқылы жүзеге асырылады, яғни техникалық құрылғылардың істен шығуы кезінде оларға басқарушы сигналдардың әсерін болғызбайды. Барлық шығыстар сыртқы тізбекпен құрылғылар арасындағы гальваникалық байланысқа ие. БМ-1602 пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табылмайтын істен шығулардың пайда болуынан қорғаумен орындалған. Бастапқы іске қосу және қайта іске қосу жалпы синхронизациялы тізбекті тактілі импульсті бір генератордан синхронды жұмыс істейтін екі бірдей комплектілерден тұрады.

50.«Неман» ДО жүйесіндегі автоматтандырылған жұмыс орнының қызметі. «Неман» диспетчерлік орталықтандыру жүйесі. «Неман» ДО жүйесі типтік (модемдер, маршрутизаторлар, коммутаторлар және концентраторлар) және арнайыландырылған (телебасқару, телесигнализация, телеөлшеу блоктары, үйлестіру құрылғылары және т.с.с.) құрылғылар базасы негізіндегі, сонымен қатар арнайы бағдарламалық қамтудан тұратын, объектілерді басқару мен бақыла қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жоғары сенімді жүйе құруға мүмкіндік беретін бағдарламалы-техникалық кешеннен тұрады. Жүйе заманауи, ашық және кеңейтілетін болып табылады және жобалау мен пайдалану кезінде кезінде басқарудың нақты шарттарына жеңіл бейімделеді. «Неман» ДО жүйесі орталық пост (ОП), желілік пункт (ЖП) қондырғыларынан, арнатүрлендіруші аппаратуралардан және бағдарламалық қамтамасыздандырудан тұрады. 15.1 кестеде жүйенің негізгі техникалық сипаттамалары келтірілген. «Неман» ДО жүйесінде келесі жұмыс режимдері қарастырылған:- негізгі, көмекші; - маусымдық басқару; - апаттық режим. «Неман» ДО жүйесінің негізгі жұмыс режимінде тасымалдау процесін басқаруды пойыздық диспетчер жүзеге асырады, бұл кезде қамтамасыз етілуі тиіс: - желілік пункттерді орталықтандырылған бақылау және электрлік орталықтандыру объектілерін басқару; - жеке басқарудағы бекеттерді және ақпарат детализациясының қажет деңгейін сақтай отырып, ірі бекеттердің аймақтарын орталықтандырылған бақылау; - объектілерді орталықтандырылған бақылау және жергілікті басқару; - тіректі басқару.

Наши рекомендации